электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Классика и современность

 

   

Архив статей 2014г.

 

Жүсіпбек Аймауытов шығармалары – интеллектуалды ұлт құраудың тірек көзі

№ 9 (140) ноябрь  2014г.

ЖҰМАТАЕВА Е. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Ж. Аймауытов атындағы этнопедагогика және білімденудің инновациялық технологиялары ғылыми-практикалық орталығының директоры

 

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім. Білім – ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. Мемлекет басшысы халыққа Жолдау- ында XXІ ғасырдың алғашқы онжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық белестерімізге қорытынды жасап, 2020 жылға дейінгі дамуымыздың бағдарын айқындап бергенде білімге көп назар аударды.

Жаhандану заманында интеллектуалды ұлт қалыптастыру, мемлекет басшысы нұсқағандай, қатал бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға ғана қатысты емес, оларды ел экономикасын алға тартатын күш ретінде орнықтыруға байланысты. Отандық білім жүйесі өз қызметін «Білім беруге салынған бүгінгі инвестиция – мемлекеттің ертеңіне жасалған қамқорлық» деген қағидаға сүйене отырып жүзеге асыруы көзделеді.

Жоғарыдағы айтылып өткен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың интеллектуалды ұлт құрау бағдарламалық еңбектерінен ұғарымыз білім беру жүйесін инновациялық технология- лармен жабдықтайтын, білімнің халықаралық мүддесіне унификациялайтын, қоғам сұрамына жауап беретін, өз ұлтының рухани құндылығын меңгерген және оны жалпы адамзат игілігіне үлес ретінде қосатын инклюзивті тұлға даярлау бүгінгі педагог қауымның макроміндеті. Бұл орайда, Жүсіпбек Аймауытовтың біздерге қалдырған Асыл Мұрасы тірек көз болмақ.

«Технология» ұғымы тұлғаның ойлау шеберлігі дегенді білдіретініне бүгінде әлі де бол- сын жете мән берілмеуде. Міне, шешімін таппай отырған осындай көкейкесті мәселелерді

Ж. Аймауытов өз еңбектерінде жан-жақты ашып берген. Нақтылап айтсақ, 1926 «Психология» және «Жан жүйесі мен өнер таңдау» деген еңбектері Ташкентте жарық көрген. Алғашқы еңбегінің беташарында зерттеуші: «Психология – терең ойдың білімі» Құрғақ пәлсапа бос сөз екен деп. Бір нәрсені керекті жеріне кіргізіп, көбінесе өмірге керекті, пайдалы сөздерді тердік... Қарапайым кісіге нені білу пайдалы? – деген сұрауларды есімізден тастағымыз келмеді, әрине, кейде, лажсыз ол сұраудан шетірек кетуге тура келді... Өйткені үнемі оңай бола бермей, адамның бір қабат ойландырарлық миын дағдыландырарлық дерексіз нәрселер де керек. Сайыз жүзіп, сайқалдар қапы қалмасын дедік». Үйрену мен оқу, білім алу сияқты әрекеттер адам баласының танымына тәуелді. Философиялық тұжырым кез келген адамға тән құбылыс емес. Бірақ, әр адам ондай тұжырымды меншіктей алады. Алдымен адамдар бір бірімен қарым-қатынас жасау арқылы білім арнасына түседі» – деп тұжырымдайды. Қорыта келгенде, « Психология» пәнін Ж. Аймауытов терең ойға қам жасайтын пән дегенді білдіретінін дәлелдеген. Ж. Аймауытов «жанды зерттейтін ғылым» демей, «Психология» іліміне анықтама бермей, форматты одан жоғары алып отыр. Ойдың күн сайын ілгерілеген біліммен тезаурустық- ғылыми негізде тереңдеу қарқынына мән бергені байқалады.

Ойлау шеберлігінің шыңдалу кульминациясына жетуіне білім беретін педагогтардың әдіснамалық, методологиялық әзірліктері мол болуының үлгісін ұсынған. Оны мына бір екі түрлі зерттеушінің тұжырымдарын саралау арқылы алғашқы еңбегін жазар алдындағы Ж. Руссоның 150 жыл бұрын айтқан идеясына басымдық беретінінен байқаймыз.

Руссо еш уақытта бір баланы басқа балалармен салыстырма. Егер оның ой тоқтатқаны байқала бастаса, оны тіпті балалармен жүгіртіп те жарыстырма. Қызғаушылық пен көреалмаушылыққа, мақтаншақтыққа үйренгеннен гөрі түк те үйретпеген жүз есе артық деген ой-түйеді.

Өйткенше, мен оның жылдағы істегендерін жазып отырар (аналитика, сараптама) едім. Сөйтіп өткен жылдағы істегендерімен биылғысын салыстырып отырар едім. Мен оған «Сен енді былтырғыдан пәлен дүйім артылдың ... Бұрынғыдан қалай болдың екен? Енді байқайық дер едім... Сонда оған өзімнен-өзім артылам деген тілек пайда болар еді. Міне, осындай өзінің бұрынғы «Менімен» бақталас субъектіде ешбір жамандық болмайтынын дәйектеген.

Джеймс айтады: «Мен психологияны білсем, бәсекенің терең мағыналы, зор пайдасы бар деп айтуға міндеттімін. Сондықтан ол құралдан мүлде безеді деуге шегім бар» – деген тұжырымын Руссо пікіріне қайшылық ретінде келтіреді.

Біреудің істеген ерлігін естігенде намысымызды қоздырып, сол іске итеретін сезім – тентектік баланың қытығына тиіп, тентектік қоздыру дұрыс Мүриттей дүние жинамайтын, он екі мүшесінен басқа түгі болмауды шарт қылған сопылар қауымы риясыздыққа зорлап, адамның жүрегін бақытсыз қылмау керек деп, ережелерін имектеніп, жұмсартып отыр, соны еркектің өзіне тән қымбаты, соны әйелдің өзіне тән бақтасы, бөлмесінде болуға рұқсат беріп отыр. Бұдан біздер әр тұлғаның өз мүмкіндігі бар екеніне көңіл аудартып тұр.

Әдіснама негізі ретінде Ж. Аймауытов, Ж. Руссо мен Джеймстің еңбектерін ғана зерттемеген. Бүкіл әлемдік философия – педагогика іліміне матеметодика пайымымен зерделенген Аристотельден бастап Локка, Лейбницке дейін қамтыған, аталған зерттеушілердің еңбектеріне талдау жасалған.

«Ойлау шеберлігін» әдіснамасын құрып берген Ж. Аймауытов алгоритммен екінші ойлау іс-әрекетін тұлғаның «ой сандығы» сапасында бүгінгі компьютер желісінде қарастырады.

«Ой сандығын» екі түрлі: бүгінгіше екі файлға, екі жүйеге бөліп береді: 1) Жұлма жад; 2) Философиялық жад.

Егер бүікіләлемдік, Ресей, ТМД елдерінің психология нысанын бағамдаған зерттеушілердің еңбектерін сараптасақ, бұл пәнді ойлау тереңдігін қамтитыннан гөрі тұлғаның жанын зерттейді деген қортындыны аңғарамыз.

Ал Ж. Аймауытов психологияны ойлау тереңдігін қамтамасыз ететін пән деуі, жанды екінші орынға қоюы бүгінгіге де көкейкесті.Үшінші жаңалығы ретінде сезім түйсіктерін жүйелеп, «соқыр сезім», «саңылау сезім» ұғымдарын құрған.

Адамның танымына ықпалын тигізер сезімнің бір түрін Жүсіпбек Аймауытов саңылау сезімдер деп алған. Мұны автор зерделі қылық нысанасы тұрғысында да қарастырған. Оған Жүсіпбек Аймауытов мынандай анықтама береді: «Қылық дегеніміз күрделі қызметтерді бөлшектеп, ең әдемі құрандысын тапсақ, соны сезім саңылау деп айтады ... Адамға бір нәрсе сүрең бермесе, саңлау болмас еді». Саңылау сезімдерінің алғашқы бөліктеріне түсініктеме береді. Қуат – адам бойындағы әсердің ізі. Есіңдегіні жаңғыртсаң, берне (представление), мұрат (идея) пайда болады. Жаңғыртушы қуатты жад дейміз. Мұның бәрі мидың қызметіне бағынышты. Мидың қасиеті әркімде әр түрлі. Кейбіреудің миындағы көру кіндігі көбірек қозады, көбірек қызмет істейді; кейбіреулерде есту кіндігі көбірек қозады; құйма құлақ дейміз; үшіншіде сөйлеу кіндігі көбірек қызмет етеді. Төртіншіде, қол кіндігі көбірек қызмет етеді. Амалға (упражнение) әсерді орнықтыру деп, тәжірибеде қайталама деп анықтама берген. Саңылау сезімдердің алгоритмі:
- саңылау сезімнің бір түрі – әдет, әдет – адамның екінші табиғаты;
- берне іліктестігі (ассоциациясы). «Икем» дейтініміз көбінесе іліктестікте болады.
- белгілі берне дәйім өзіндей не өзіне тете белгілі берне туғызады. Ол соңғы белгіні талдап, белгілі мақұлдау, терістеу, көну, я көнбеу сезімін туғызады;
- ынта, мүдде (интерес). Тума ынта мен жасанды ынтаның қатынасын көрсететін жабайы заң бар. Екі берне қосылса, біріне бірі сезімді ынта жұқтырады. Ынта – керектілік пен қажеттіліктен туатын қасиет. Жаңаны ескімен қабыстыратын оңтайыңыз сондай оңай болсын. Ынта бір орыннан екінші орынға ауып, аяқтап келгенде, ойдың бір аймағын шармап әкетсін;
- ілтипат (назар). Ең күшті ілтипаттың жүрісін бейнелеп айтсақ, екі жақты, ішті-тысты ықпалға ұшыраған ми шілтері деп ұқсастыруға соңғы екінші жақтың жад пен қиялдан келетін ағындармен күшейеді. Табанды ілтипатқа қабілеті барлық – игіліктің алды деп ұғу керек. Ондай ілтипаты бар адам жігерін аз жұмсап, жұмысты тез істейді;
- Жад (память). Жад – іліктестің ең жабайы, қолма-қол салдарының бірі. Жад – өткенді сақтайтын қуат. Жад – бір жағынан, неше түрлі еске алуларды жинап қойған қойма, екінші жақтан, белгілі нәрсені еске түсіретін қуат (қабілет). Жад ақылға бағынышты... Керекті болмыстарды (факті) реттеп, жіктеп шығады. Сонан соң, ол мағлұматтар ботқа болмайды. Қисынсыз, мысал ретінде еске сақтаған болмыстардың қосындысын жұлма жад, ал тәжірибенің қисындық ережелерінен құралатын тұжырымды философиялық жад деп, Ж. Аймауытов екі топқа бөлген. Бұл ойды айқындау үшін автордың өз сөзін келтіріп өтейік. «Бір кісіде әрі күшті жад, әрі пәлсепеге икемдік болса, ол адамның шығарғыштық күші жоғары дәрежеге жеткен көп қасиетті меңгерген деп санау керек. Вальтер Скот, Лейбниц, Гете сынды адамзаттың сырттаны сондай кейіпкерге кіреді. Анығында нағыз зор жаратқыштық күш жасалуы үшін ондай жад болу қажет.

Жад қабілеттері бір-біріне үндестікпен келіп, өзара маталуы заңды құбылыс. Маталуы нәрселердің (білім нысаналарының ұсақ бөліктері) жүйесі қанша болса, жадымыз да сонша деп айтуға болады. Бір жаңа нәрсе өз жүйесіндегі басқа нәрселермен іліктесіп барып, жадқа сақталады. Мұның бәрі дерлік қадағалаумен, үйретумен, пысықтаумен жүзеге аспақ.

Жүсіпбек Аймауытовтың бұл ілімінің бүгінгі XXI ғасырдың ақпараттық жүйесіне де ықпалы зор. Тура компьютерге білім көлемін сақтауға әзірлеп бергендей сипатта қабылдаймыз. Адамның білім жию қоймасын «ой сандығы» деуінің өзі компьютердің шығатынын, кибернетика ілімінің орнығатынын сонау XX ғасырдың басында көрегендікпен айтып кеткен. Осындай педагогикалының, психологияның, этнопсихологиялық аспектісін жан-жақты ашып берген, оның әрбір салаларының заңдылықтарын прагматикалық, философиялық жұпта алып қарастырған.

Мұнымен бірге ой сандығының әрекетін толық талдап, оқырмандарының жұлма жад пен философиялық жадты қосақтап ұстауына, оны саналы дамыта алу іскерлігіне конструктивті ой түйеді.

Тағы да автордың өз сөзіне үңілейік. Жұлма жадтың ойлау (оқыту) әрекеті:
- бір нәрсені ақылға тоқып алудың ең жақсы жолы ақылды жүйе, басқаша айтқанда «білім» жүйесіне тізбелеуі; (Оны біздер Блум таксономия деп жүрміз);
- жиған «білім» жүйесін өз тобының ішінде тиісті орынға орналастыруы (компьютерлік жүйе, память);
- оның себебін ойға қаттап салып түсіндіруін табуы;
- одан керекті салдарын қорытып шығаруы;
- ол қорытынды – тұжырым табиғаттың қандай заңына келетінін білуі;
- білім қоймасы – еңбек жолының ең тиімдісі деген түсінікке келуі;
- толып жатқан ұсақ-түйек ойларды білім жүйесінің қууы
– жабайы ұғымның орнына меңзес іліктестіктің пайда болуы;
- заңды білу арқылы жадты толып жатқан жеке мысалдардан құтқаруы; заң арқылы керекті нәрсені дәйім еске түсіруі.

Философиялық әрекет:
- барлық нәрселердің ақылға тірелуі;
- түсіндіріліп, себеп-салдар есебінде бірімен бірі байланы- суы, жүйе жаттау шарттарының ең жақсы болуы;
- оның сілемімен көп нәтиже қаражатпен қолға түседі;
- кімде-кімнің жұлма жады кем болса, ол кемшілікті философиялық ойлауды күшейту арқылы толықтыруы;
- бір нәрсені үнемі бір түрмен жаттаудан сақтануы;
- сөз ойдың табылмайтын құралы екенін елеуі;
- егделенген сайын адамның көру арқылы білім жиюы кеміп, сөз арқылы көп ұғынуы;
- миындағы ығы-жығы бернелерді реттеуі;
- нобайлап айтудан арылып, дәл қып айта алуы (заңы, алаңы);
- өрнекті, философиялық ойды аудырмай айтуы;
- мақсатқа жетудің жолын талдай, тексеру, ойлай білу екенін ұғуы;
- оны қайталауы, қорытуы, жинақтауы, пысықтауы, толықтыруы (Ж. Аймауытов сол кездің өзінде жаңа сабақ пен өткен материалды қайталаудың жүйесін шығарып берген);
- оны үнемі жаңа мағлұматтармен толықтырып отыруы;
- адам – текті, күрделі зат; оның бірілі – жарымды қабілетін өзіне сипаттарын бөліп алып, өлшеу арқылы нағыз рұқ (рух)
– (эзотерика) қабілеттерін шамалауға ұмтылып, қабілеттілік рухын дамытуға бағыттауы;
- тәжірибе ретінде сынағанда, мағынасыз буындар, сөздер, әйтпесе шын өмірде жолықпайтын нәрселерді бермеуі;
- жадымыз бір мүддеге, мақсатқа қызмет қылып, бір өзімізге керегі болуы;
- алған білім өмірде басқа бернелермен жанастырылып, жадының дамып отыруы;
- ынталану мен әдістенуді білім аумағына өмірмен жанастыруы;
- рух қабілеттілігін өлшеудің мүмкін еместігінің басты себептері көңіл, адамгершілік жігері, табандылығының сипатын шығара алуы;
- бір қабілетті сынаумен білуге мүмкін еместігі, ұзақ амалдарының түпкі нәтижесіне қарап шамалануы, жадтың ұшқырлығы ақыл зеректігіне қатысының жоқтығы;
- бақылампаз оқытушының сыны, шәкірттің жадын, іліктестік қуатын, ілтипатын тәжірибе арқылы ғана өлшегеннен анағұрлым бағалы болуы;
- баланың қылығын байқап жүргенде, қосаметкей мағлұмат үшін істегені пайдалы, көретін көзі бар, сара ақылы бар, адамның табиғатын ұғарлық оқытушының сыны жай тәжірибеден артық екенін түсінуі;
- кімде-кімнің ақыл жүзіндегі жабайы қабілетінің, не жұлма жадының бірі шалағай болса, ол үшін қынжылудың жөнінің жоқтығы;
- көз бернесінің қабілеті болмай-ақ, кісі суретші бола алуы, жады жаман бола тұра, атақты ғалым бола алуы;
- қай уақытта болмасын нәрсеге елігуі, ынтық болу (қозғаушы күш) адамды алысқа сүйреуі;
- бір мақсатқа бағыттасаңыз, сөз жоқ, оған жетуі;
- бай болуға ынтықсаңыз, бай болуы; оқымысты адам болам десеңіз, оқымысты болуы; тек сол нәрсеге ғана ынтығу керек, одан басқаға көңіл бөліп, алаңдамауы.

Ж. Аймауытов Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Үш рет сөз» шығармасымен үндестігін мына бір көріністен анық бағамдаймыз:

«Әр адамның көз бернесі айқын, толық, белгілі, кең, тарлығы мейлінше алуан-алуан. Кей адамның көз бернесі тамаша кәміл. Кейбіреулердікі бар деуге де күдікті. Құлақ бернесі, тағы басқа қабілеттер туралы да осыны айтпауға дәл келеді. Бұған қарағанда, оқытушылар шәкірттерін қиял кейіпкеріне қарай жіктеп, бөліп-бөліп оқыту тиіс деп мәслихат беруге жарайды (дифференциалды оқыту) ... Жалғыз ғана қолайлы ереже мынау: оқытушы шәкірттерінің барлық сезімдеріне әсер бергендей қылып оқыту керек: сөйле, жаз, тақтаға сурет сал, балалардың өзін сөйлет, жазғыз, сурет, кесте, сызық көрсет, салғыз, түрлі бояумен боя. Сондай толып жатқан әсерден әр бала өзінің оңтайлы жағымен ұғып қалады».

Бүгінгі оқытудың мазмұнындағы парадигманың мәні де осында. Әр процеске, жүйеге, қызметке, ғылым-білігіне жаңа философиялық көзқарасы (парадигма) «тақыр жерден» пайда болмай, ол бір кезде көрініс бергенін, айтылған, іске асқан ой-тұжырымдардың қайталанымы екеніне ілтипат аударғанымыз дұрыс деп ой түйеді.

Сонда XX ғасырдың басында айтылған ой XXI ғасырда көкейкесті мәселе болып отыр. Бұл – классикалық ғылымның өшпейтіндігіне бір дәлел.

Көзіміздің бернесінің көмескілігімен, құлағымыздың мүкістігінен аталған Ж. Аймауытовтың еңбегі 1995 жылы жарық көрсе де, біздің республикамызда өзіміздің тамаша педагогикалық, білімденудің инновациялық технологияларымызды құндамай, басқа жұрттың ілімін жұлып алып келіп оқыту күн тәртібінен түспей келе жатқан тауқымет екені бәрімізге белгілі. Ж.Аймауытов әлемдік иерархия деңгейіне көтерілген, ағылшын тілін меңгерген, Америка Құрама Штаттарының, Англияның, Германияның, Шотландияның ең озық үлгісіндегі педагогтік іс-тәжірибелерінің тағылымдық діңгектерін ұлттық рухқа бейімдеп, қазақтың өз мүмкіндігіне лайықтап берген. «Оқытудың дидактикасының негізі философиялық тұжырымы – психология ілімінсіз тұл», – деген қорытынды жасауға Ж. Аймауытовтың еңбегінің ықпалы зор.

Зердеге ынталандыру үдерісінде менталитетті сақтау үшін ұлттық рухтың сипатын біле отырып, сырттан озықтық сипаттағыны санатына қосып, іліктетіп отырғанда ғана әлемдік деңгейге жол ашылады.

Төртінші жаңалағы ретінде бүкіләлемдік деңгейге өзінің болмысын бейімдей алған, ол ағылшынша, шатланд , орыс, түркі жұртының тілдерін меңгерген.

Бесінші жаңалығы ретінде, бүкіл әлемдік психология- философия іліміндегі ұғым –терминдерді қазақ халқының лексикалық қорына айналдыруға үлес қосқаны.

Нақтылап айтсақ, перцептив, силлогизм, феномен, индукция, дедукция, эмпирика, эвристика және т. б. ( ұғымдарды төл нұсқасында келтірген) Жуырда Парламент мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев шет тілінен енген терминдерді сол нұсқада алуға болатынын айтқан еді.

Міне, бұл ой тұжырымның бір көзі Ж. Аймауытов еңбектерінде екені байқалып отыр.

Қорыта келгенде, ойлау шеберлігін өркендетуде Ж. Аймауытов ілімінің атқарар рөлі зор. Интеллектуалды ұлт құрауға Ж. Аймауытов еңбектері ғылыми-классикалық өшпес құңдылық.

 

 

Классики и современность







 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10