электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Классика и современность

 

   

Архив статей 2016г.

 

Қ.Б. Балахметовтың өнегелі өмірі

№ 4 (155) апрель 2016г.

Шағырбаева М.Д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушысы

 

Балахметов Қожахмет Балахметович 1926 жылы 26 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылында дүниеге келген.

Ұлы Отан соғысы жылдары түрлі ауыл шаруашылық жұмыстар жасаған. 1945 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Айыртау ауданындағы Володар орта мектебін аяқтаған. Облыстық әскери комиссариаттың ұсынысы бойынша Чкалов әскери комитетінің ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы қызметіне жіберілген, онда 1945-1948 жж. аралығында жұмыс істейді. 1948 жылы ҚазМУ-дың тарих факультетінің бірінші курсын аяқтайды (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті).

1949 жылы Петропавл мұғалімдер институтын, ал 1955 жылы Семей педагогикалық институтын «орта мектептің тарих пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша аяқтайды (қазіргі Семей Мемлекеттік университеті).

Еңбек қызметін 1948 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Айыртау ауданындағы Казгородской орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі, Володар балалар үйінде мұғалімдік қызметтен бастайды.

1952 жылы Балахметов Қожахмет Балахметович Көкшетау облысының халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалады, 1953- 1956 жылдары Көкшетеу облысы, Еңбекшілер ауданы, Макин орта мектебінің директоры қызметін атқарады. Одан кейін 1956 жылы Еңбекшілер ауданы, Степняк № 1 орта мектебінің директоры болып тағайындалып, осы жылы Макин селосы, Степняк, Көкшетау қалалық, Көкшетау облыстық халықтық депутаттар Кеңесіне бірнеше рет депутат болып сайланды.

Осылай бірнеше қызметтер атқарып жүріп, 1974 жылдың 14 тамызындағы Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Президиумының Жарғысымен республикамыздың ағарту министрі болып тағайындалады.

Зейнетке шыққанша 1987 жылға дейін қызмет етті. 1987 жылы В.И. Ленин атындағы Кеңестік Балалар Қоры құрылып, оның бөлімдері барлық республикалар мен облыстарда ұйымдастырылады. 1988 жылы Қордың республикалық конференциясында Қожахметов Б.Қ. алдымен бірінші орынбасар, бір жылдан кейін Қазақстан Балалар Қорының төрағасы болып сайланады. Қазақстанның Балалар Қоры қайырымдылық ұйым ретінде тоғыз бағдарлама бойынша мынандай бағыттарда жұмыс жасайды: жетім балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау, республикамыздың экономикалық жағдайы төмен аймақтардағы аз қамтылған және көп балалы отбасылармен жұмыс.

Балахметов Қ.Б үш рет Жоғары Қазақ ССР Кеңесінің депутаты, үш рет Қ азақстан Компартиясының Орталық комитетінің депутаты болып сайланады. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған. Еңбек ері, «Парасат» Ордені, сонымен қатар, көптеген Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің құрмет грамоталарымен, Ы. Алтынсарин, Н. Крупская медальдарымен, СССР ағарту озаты, Қазақ ССР халықтық ағарту озаты т.б. белгілерімен, Қазақстан Республикасы білім берудің құрметті қызметкері төсбелгісімен марапатталған, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері атағы берілген.

Білім беру мәселелеріне қатысты 70 жуық еңбектер жариялаған. Балахметов Қ.Б. өз еңбектерінде білім беру қызметкерлері мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселелелеріне ерекше көңіл бөлген.

Қ.Б. Балахметовтың республикамыздың ағарту министрі қызметі кезеңінде қазақстан мектептерінің ілгерілегендігі байқалады. Ол өзінің «Мектеп жаңару жолында» атты еңбегінде жалпы білім беретін мектептердің жетістіктері, мектепке қойылатын жаңаша талаптар және оны жетілдірудің жолдары, оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыру, материалдық базалық жағдайды жақсарту және алты жастан балаларды мектепке қабылдаудағы орта білім берудің құрылымы сияқты мәселелерғе тоқталып, халыққа білім беру мекемелерінің басты алдына қойған міндеттері оқушылардың білім сапасын арттыру және деңгейін көтеру мәселесін алдына қойғандығын айтады. Әрбір білім берудің бөлімдері, әрбір мектеп сабақтың тиімділігін арттыруға, әр пән бойынша білім алушының алған білім, білік, бағдарын қалыптастыру, сабақтың тиімді әдістері мен формаларын қолдану туралы жоспарлар бекітіледі.

Республикада оқу бағдарламалары, оқулықтардың сапасын пәнаралық байланыстың міндеттілігін қарайтын құрылымдарды жетілдіру ол білім сапасын көтеруге және тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіндігі туралы айтады.

Сонымен қатар, Балахметов Қ.Б. жалпыға міндетті орта білімді жүзеге асыру үшін жағдайлар жасап, барлық қолхоз, совхоз орталықтарына орта мектеп интернаттар ашылды. Мектептер, мектепке дейінгі, мектептен тыс, оқу мекемелерінің ғимараттарының құрылыстары қарқынды жүргізілді. Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету, мектепке дейінгі тәрбие дамытылып, балаларға арналған балабақшалар көбейді. Интернаттық, соның ішінде ауру және жетім балалар ерекше назарға алынды.

Балахметов Қожахмет Балахметович табиғатынан талантты, табанды, мақсаттар мен белестерге жету барысында аянбай еңбек еткен және еңбек жолын абыроймен атқарған тұлға десек қателеспейміз.

Балахметов Қожахмет көптеген кітаптардың авторы. Оның өмірі келер ұрпаққа мол тәжірибе екені даусыз.

Әдебиеттер:

1. Балахметов К.Б. Школа на пути обновления. – Алма-Ата, 1985

2. Балахметов К.Б. Расцвет народного образования в Казахстане. – Алма-Ата, 1980

 

 

 

 

Классики и современность





 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10