электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


Даты. События.

 

   

Архив статей 2017г.

 

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің «Бірлік – біздің қасиетті туымыз» тақырыбындағы көрмесі

№ 3 (164) март 2017г.

А. СӘЛМЕНБАЕВА, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің бас сарапшысы

 

2017 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Алғыс айту күніне орай «Бірлік – біздің қасиетті туымыз» тақырыбында тарихи-құжаттық көрменің ашылуы және дөңгелек үстел өткізілді.

Бүгінгі күні Қазақстан – этносаралық келісім, татулық пен бірауыздылық тән мемлекет. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев ұсынған этносаралық және конфессияаралық келісім моделі Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінен көрініс тауып, өміршеңдігін дәлелдеді, қазақстандық тәжірибе әлемдік саяси қауымдастық тарапынан қызығушылық тудырды.

1 наурыз – тоталитарлық тәртіп саясаты салдарынан Қазақстанға қоныс аударған мыңдаған этнос өкілдерін жатсынбастан бауырына басқан қазақ жері мен халқына ақ жүрек алғыс айту күні.

Сталиндік репрессиялар кезінде Қазақстанға этностардың миллиондаған өкілдері қоныс аударылды. Партиялық органдардың мәлімет, тізбе, баяндау хаттары қоныс аударылғандарды жайғастыру, шаруашылық орнала- стыру туралы, Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанға эвакуацияланғандардың келуі және оларды жайғастыру туралы баяндайды. Мысалы, көрмеде 1939 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының колхоздарында қоныс аударылған корейлік шаруашылықтардың жайғасуы туралы мәліметтер, 1942 жылы Ақтөбе облысында арнайы қоныс аударылған неміс, молдаван, поляктардың саны туралы анықтама, т.б. құжаттар бар.

Қазақстанның тәуелсіздік кезеңі Қазақстан халқы Ассамблеясының құжаттарымен: Қазақстан Республикасы Президентінің «1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы» Жарлығын орындау туралы, Қазақстан халқы Ассамблеясының бірлік пен келісімді нығайту бойынша жұмысы туралы және басқа да құжаттармен көрсетілген.

Дөңгелек үстелді аша келе, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Борис Әлікенұлы Жапаров Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында ұсынған мереке 1 наурыз – Алғыс айту күнінің тарихи және қоғамдық маңызын атап өтті. Елбасының этносаралық келісім мен толеранттықты қолдау бойынша саясаты Алғыс айту күнін мерекелеуден көрініс тапты. Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясымен ынтымақтастықта жұмыс істейді. «Из истории депортаций. Казахстан» (1930–1935 жж., 1935–1939 жж.) құжаттар жинағының 2 томы жарық көрді және 1940–1945 жж. қамтитын жинақтың үшінші томы баспаға дайындалып жатыр. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві «Қазақстан халқы Ассамблеясы: алғашқы қадамдар (1995–1997 жж.)» құжаттар және материалдар жинағын басып шығарды.

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы өзінің баяндамасында Қазақстан тұрғындарының этникалық құрамының өзгеруі туралы тарихи және статистикалық мәліметтерді атады.

Қазақстан поляктары одағының төрағасы Червинский Олег Чеславович Қазақстанға сол жылдары қоныс аударған өзінің отбасының тарихын айтты. Сонымен қатар, ол Қазақстан поляктары одағының қызметі туралы баяндап, Қазақстан және Польша арасындағы қарым- қатынастарға жоғары түсіністік пен қарқынды даму тән екендігін атап өтті. Өткен жылы Польша ЭКСПО-2017 қатысу туралы келісімге қол қойды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан халқы қиын-қыстау және қуаныш кездерін бірге кешкенін есте сақтау қажеттігін айтып, осы күнгі жеткен жетістіктер және болашаққа деген сенім туралы, кең пейілділік, мейірімділік пен жомарттық тән қазақ халқына алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Алматы қаласындағы дипломатиялық қызмет өкілдері, ұлттық мәдени орталықтардың, мемлекеттік архив мекемелерінің өкілдері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

 

 

 

Даты. События.



 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10