электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


Инклюзивное образование

     

 
Фонд СОРОС Казахстан.

Рубрика "Инклюзивное образование" в журнале "Открытая школа" выходила при поддержке
Фонда Сорос Казахстан

Архив статей 2013 г.

 

Инклюзивті жалпы білім беруші мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілінің жағдайы

№ 7(128) сентябрь 2013


АБДИКАРИМОВА С. А., №27 ЖББОМ дефектолог-мұғалім, Караганды қ.

 

Қазақстан Республикасының Елбасы Жолдауында әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлді. Қазақстанда әлеуметтік келісім мен толеранттылық идеялары кеңінен таралуда. Бұл мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекеттік қарым-қатынастарды да өзгертіп, олардың білім алуға деген жалпыға бірдей тең құқығын мойындатты. Қазақстан Республикасының білім беру ісін дамыту жөніндегі 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында аса маңызды міндеттердің бірі «мектепте инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру» екендігі атап көрсетілген. Мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі – мүмкіндігі шектеулі балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз ету болып табылады.

Осы заң аясында жалпы білім беруші мектеп оқушыларының жазуында кездесетін қателер түрлерін анықтау мақсатымен Қарағанды қаласындағы инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын № 27 ЖББОМ 2 – 3 сыныптарында анықтаушы (констатациялық) эксперимент жүргізілді. Тексеруге жалпы 2 қазақ сыныбы қатысты. Барлық оқушылар саны – 40. Әр сыныптың бағдарламасына сай мәтіндер іріктеліп, балаларға диктант жазғыздық. Оқушыларға берілген мәтінде кездесетін қиын сөздер екі-үш рет қайталанып оқылды. Сөздердің жазылуы мен айтылуы сәйкес келетін болды және талдауында қиындық туды- ратын сөздерді жазуына сәйкес анық айтып отырдық. Балалардың жазбаша жұмыстарын тексеру кезінде қателер түрлеріне және олардың сипатына көңіл бөлінді.

Арнайы әдебиеттердегі мағлұматтарды, Левина Р.Е., Садовникова И.Н., Корнев А.Н., Лалаева Р.И. т. б. авторлардың қате түрлерін топтастыруларын басшылыққа ала отырып зерттеу барысында жинақталған жазу жұмыстарында кездескен кателерді келесідей бөлдік:

1 топ – әріптерді шатастыру. Ә ріптерді шатастыру түрлері кинетикалық, оптикалық және артикуляциялық ұқсастығы бойынша топтастырылды.
2 топ – әріптер мен буындарды тастап кету.
3 топ – артық әріп пен буынды қосып жазу.
4 топ – әріптер мен буындардың орнын алмастырып жазу.
5 топ – сөздерді бірге жазу.

Инклюзивті жалпы білім беруші мектебінің бастауыш сынып оқушыларының жұмыстарын талдау барысында әр түрлі қателердің жиі кездесетіні байқалды. Әр топтағы қателерге толығырақ тоқталайық. Жазу жұмыстарының ішіндегі ең көп кездесетін қате түрлеріне сөзде дыбыстарды шатастыру, яғни дыбыстық құрамының бұзылуы, соның ішінде әріпті акустикалық-артикуляциялық ұқсастығы (айтылуы) бойынша шатастыру бастапқы орынды алды. Әсіресе оқушылар к-қ, н-ң, з-с, б-п, д-т, г-к, і-ы әріптерді шатастыруы жиі байқалды. Мысалы, бақдаршан – бағдаршам, таспақа – тасбақа, гөбелек – көбелек, бұгын – бүгін, дәпдер – дәптер, ілгш – ілгіш, қарндаш – қарындаш (ы, і дыбыстарының түсіп қалғанын көреміз).

Акустикалық-артикуляциялық ұқсастығы (айтылуы) бойынша фонемаларды жиі шатастыру балалардың фонематикалық естіп қабылдау, ажырату дағдыларының толық денгейде жетілмеуінің салдары деп қарастыруға болады.

Арнайы әдебиеттерде кинетикалық ұқсастығы бойынша әріптерді шатастыру сөйлеу тілінің дыбыс айту жағымен де, орфографиямен де байланысты емес деп қарастырады. Ондай қателердің бірден-бір себебі оқушыларда дыбыс пен әріп арасында байланыстың толық қалыптаспауы. Бір жағынан фонема мен артикулеманың, екінші жағынан графема мен кинеманың байланыстарының жеткіліксіздігі деп есептейді.

Кинетикалық ұқсастығы бойынша жіберетін қателер саны да аз емес: Мысалы, ошіргіш – өшіргіш, дайаң – дайын, орналыста – орналасты, тырғойға – торғайға, кітопқа – кітапқа.

Оптикалық ұқсастық бойынша шатастыру жазуда с – е, о – с, у – д – з, л – п, м – ш, в – д, э – ә, е-ә, и – м, і – у әріптерді ажырата алмауымен сипатталады.

Тексеру барысында шатастыруға байланысты қателер көбінесе ауызша сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларда (фонетикалық жетіспеушілігінің салдарынан дыбыс айтуы бұзылған) жиі кездесті.

Сөзде әріптердің түсіп қалуы бойынша, артық әріпті (буынды) қосу қателері кездесті. Балалардың жазуында дауысты да, дауыссыз да әріптерді сөзде жазбай кетуі байқалады. Оқушылардың жұмыстарында сөздің соңғы әріпі немесе бірінші әрпі жиі жазылмай қалады. Мы- салы, кемейтін – келмейтін, ұнады – ұнатады, таспқ – тасбақа, етк – етік, телдида – теледидар, қыыл – қызыл, тарады- тартады, женебіп – небір, бөгет – бөгеттер т. б.

Әріптер мен буындардың орнын алмастыру балаларда сирек кездесетіні анықталды. Сөйлем ішінде сөздерді бірге жазу дисграфияға тән қателердің ішінде жиі кездесетінің байқадық. Мысалы, (орланасып – орналасып, алменен – ал менің, қыс тау – қыстау, кей бір – кейбір, шана мен – шанамен, ағашараларында т. б.).

Тексеру барысында персеверациялар, антиципациялар орын алды. Жазбаша сөйлеу тілін зерттеуге арналған арнайы әдебиеттерде қателердің осы түрі көп таралғаны жайында мәліметтер аз. О. А. Величенкованың зерттеулері бойынша персеверациялар ерекшеленген қателердің соның ішінде әріптердің қайталануы жиі кездеседі [4]. Балалардың жұмыстарынан бір әріпті бірнеше рет жазғандарын байқауға болады (аайнала, теледадаар, келдді- келеді). Мұндай қателер бірінші сыныпта сауат ашу кезеңіндегі балалардың графо-моторикалық дағдыларын механикалық бекіту нәтижесінде байқалуы мүмкін және әріптерді дауыстап айтып отыру нәтижесінде, фонематикалық есту қабілетінің жеткіліксіз даму салдарынан болады. Антиципация – алдын алу (келесі сөзде кездесетін әріпті, буынды алдын ала жазу). Мысалы, жаңбыр жауды – жабдыр жауды; балапан – бапапан. Бұл аталған екі түрлі қателер қозу процесінің әлсіз дифференциялауының әсерінен болады

Зерттеу кезінде жалпы инклюзивті білім беруші қазақ мектебінің бастауыш сыныптарында дисграфиясы бар оқушылар жиі кездесетіні анықталды. Жалпы инклюзивті білім беруші қазақ мектебінің бастауыш сынып оқушыларының жазу жұмыстарында сөздің дыбыстық құрамын сақтамауы: әріптерді айтуы және жазуы бойын- ша шатастыру, персеверациялар, лексика- грамматикалық қателері кездесті. Көптеген авторлардың пікірі бойынша жоғарыда аталған қателердің жиі болу себебі ретінде балалардың мектеп жасына дейін жазудың функционалды базисін (бейнелі-графо- моторлы, сукцессивті, конструктивті және кеңістіктік түсініктерінің) дамытуға арналған арнайы жұмыс ойдағыдай жүргізілмегендіктен осы процестердің толық дамымауы танылды. Осы процестерді дамыту үшін жеке түзету бағдарламасы әзірленді, сол бағдарламаға байланысты жазбаша сөйлеу тілінде кездесетін қателерді түзетуге арналған көмекші құрал ретінде жұмыс дәптерін дайындау үстіндемін. Әрбір тақырып ережеден, жаттығу жұмыстарынан тұрады. Оқушының қызығушылығын арттыру мақсатында тапсырмалар түрлі-түсті болып келеді. Мысалы: Дауысты дыбыстар. Оның түрлері тақырыбына арналған ережедегі тапсырма оптикалық дисграфияны түзетуге арналған. Тапсырмада дауысты дыбыстар берілген, оқушыларға дыбыстарды бояуы керек. Әріпті бояу арқылы көзбен қабылдауын, есте сақтауын (түсті, пішінді, өлшемін, көлемін) дамытуға болады. 1-тапсырманы орындау арқылы жуан дауысты дыбыстарды ажырата алуын анықтауға болады, ұсақ қол моторикасын дамытуға болады. 2-тапсырма арқылы жіңішке дыбыстарды меңгеруін бекітуге болады. 3-тапсырма акустикалық дисграфия түрін түзетуге арналған. Жуан, жіңішке дауыстыларды ажырата алуын бекітуге арналған. Осылай әрбір сабаққа жазбаша сөйлеу тілін түзетуге арналған тапсырмалар дайындап отырамын.


Инклюзивное образование


Список статей, опубликованных в рубрике «Инклюзивное образование» журнала «Открытая школа» c 2012г.








 

 


 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях

 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no
 
 
 

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел.8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10