электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


Инклюзивное образование

     

 

Архив статей 2015 г.

 

Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру үдерісінің заңнамалық негіздері қандай?

№ 9 (150) ноябрь 2015

СЕЙСЕНОВА А.Д. Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми- практикалық орталығының Әлеуметтік бейімделу және еңбекпен оңалту зертханасының аға ғылыми қызметкері, филол.ғ.к., доцент, заңгер

 

2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты ретінде білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын жақсы білім беру қорлары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда әлеуметтік тұрғыдан осал топ өкілдерінің балаларына білім беру және оларды кәсіби тұрғыдан белгілеу мәселелері өзекті болып отыр. Ондай балалардың арасында ауылды жерде тұратын тілдік тұрғыдан осал және этникалық аз топ, АИТВ инфекциясы және ЖИТБ-ға шалдыққан, сонымен қатар мүгедектігі бар балалар мен оқу барысында қиындыққа тап болған балалар жатады. Еліміздің мемлекеттік саясатының басты міндеттерінің бірі – мүмкіндігі шектеулі баланың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім алу құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз ету болып табылады.

Білім б еру с аласындағы х алықаралық қ ұжаттар н егізінде қ ұралған Қ азақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық балалардың білім алуда тең құқықтылығы қағидалары қарастырылады. Балалардың білім алуға қатысты құқықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституцияда, «Қазақстан Республикасында бала құқықтары туралы», «Білім туралы», «Кемтар балаларға әлеуметтік, медициналық, педагогикалық және психологиялық түзете көмек көрсету арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» т.б. Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген.

Республика Үкіметі барлық балалардың білім алудағы тең құқықтарынан тең мүмкіндіктеріне қағидасына негізделе отыра білім беру саласын 2011-2020 жылдарға дамыту бойынша Мемлекеттік бағдарламада негізгі міндеттердің бірі ретінде инклюзивті білім беруді дамытуды анықтайды. Бағдарламада барлық балалардың, оның ішінде дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы білім беру кеңістігіне кіріктірудегі нормативті- құқықтық негіздерді құру қажеттілігі анықталып, күтілетін нәтижелер белгіленді.

Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуға құқықтарын жүзеге асырудың басты мақсаты ретінде оның дене және психологиялық ерекшеліктерін ескере отыра баланың білім алуы үшін қажетті жағдайларды жасау қарастырылған.

Инклюзивті білім беру дегеніміз – жынысы, жасы, тегі, діни көзқарасы, дамуында арта қалушылығы немесе тұрмыстық жағдайына қарамастан, барлық балаларды жалпы білім беру үдерісіне толықтай енгізу және әлеуметтік бейімдеу барысында кездесетін кедергілерді жоюға бағытталған мемлекеттің саясаты. Демек, бұл үдерістің нәтижесінде білім беру жүйесін толықтай өзгеріске ұшырататын тұжырымдама жасалып, жалпы білім беретін мектеп мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдап, оқыту және тәрбиелеуге дайын болуы қажет.

Білім берудегі инклюзивті көзқарастардың негізінде халықаралық құқықтық актілер жатыр. Олардың арасында адам құқықтары мен кез келген себеппен кемсітушілікке жол бермейтін мәселелерге қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым мен мәдениет мәселелері бойынша ұйымының (ЮНЕСКО) басшылығымен қол қойылатын декларациялар мен конвенциялар бар. Олардың арасында Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы (БҰҰ, 1948 ж.), Бала құқықтарының декларациясы (БҰҰ, 1959), БҰҰ-ның «Білім беру саласында кемсітушілікпен күрес туралы» Конвенциясы (1960 ж.), БҰҰ-ның «Ақыл-ойы кешеуілдеген тұлғалардың құқықтары туралы» Декларациясы (1971 ж.), ҚР-ның Үкіметі 1994 жылы ратифицикациялаған БҰҰ- ның «Бала құқықтары туралы» Конвенциясы (1989 ж.), Жалпыға бір білім беру туралы дүниежүзілік декларация, Джомтьен, Тайланд (1990 ж.), Дели декларациясы (1993 ж.), БҰҰ-ның мүгедектерге тең құқықтарды қамтамасыз ету бойынша стандартты ережелері (1993 ж.), Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру саласында қағидалар, саясат пен практикалық әрекеттер және ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру бойынша қызметтердің шеңбері т уралы Саламан декларациясы (Саламанка, Испания, 1994 ж.), ҚР 20.02.2015 ж. ратифицикациялаған БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясы (2006 ж.) бар.

Жоғарыда аты аталған халықаралық құқықтық актілер адамның жынысы, нәсілі, діни, мәдени-этникалық немесе тілдік белгілері, денсаулық жағдайы, әлеуметтік шығу тегі, қашқын мәртебесі болуы және т.б. сипаттары бойынша кемсітушілікті болдырмайтын білім алуға құқықтарын белгілейді. Осыдан ЮНЕСКО-ның әдістемелік материалдарында көрсетілген инклюзивті білім берудің анықтамасы туындайды: инклюзивті (кіріктіре) білім беру дегеніміз – барлық балалар дене, психикалық, зерде, мәдениэтникалық және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жалпы білім беру жүйесіне қосылып, тұрғылықты жері бойынша өз құрбыларымен қатар бір жалпы білім беру мектебінде білім алуын көздейтін білім беру үдерісін ұйымдастыру. Бұл жағдайда мектептер білім алудағы ерекше қажеттіліктерді ескеріп, өз оқушыларына қажетті арнайы қолдауды жүзеге асырады [1].

Білім алудағы ерекше қажеттіліктер балаларды оқыту барысында жалпыға бір әлеуметтік жағдайлар, жетістікке ж етудің б ілім а лу н ормалары, қ оғамда қалыптасқан мінез-құлық пен қарым-қатынас нормаларына балалардың мүмкіндіктері сәйкес келмегенде пайда болады. Білім алудағы ерекше қажеттіліктер әлеуметтік-мәдени факторлармен қоса балалардың дене және психикалық дамуының ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін. Баланың білім алудағы ерекше қажеттіліктері қоғам мен мектептен қосымша қызметтер немесе ерекше материалдар, бағдарламалар т.с.с., мысалға ана тілінде білім беру, шалғай ауылда тұратын балаларды мектепке апаруды қамтамасыз ету т.б. талап етеді. Бұл санатқа туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған не зақымданулардың нәтижесінде туындаған тіршілік етуде шектеулері бар дене және/немесе психикалық ауытқулары бар 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар жатады. Осы санаттағы балалар мен жасөспірімдер білім беру жүйесі мен жалпы қоғамдағы орны тұрғысынан жайсыз жағдайда болады.

Көп жағдайда мүгедек-балалар мен дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар негізгі білім беру жүйесі мен өз құрбылары және педагогтар тарапынан туындайтын қатарға қоспау, кемсітушілік және сегрегациядан жапа шегеді. Кейбір балалар арнайы сыныптарға барып, не арнайы мектептерде оқиды. Білім алуға жағдайлар жасалмаған балалар да бар. Инклюзивті білім берудің дамуы елімізде білім беру саласында шешім қабылдауға жауапты тұлғалардан білім беру жүйесі аумағында кедергілерді жою бойынша шараларды іске асыруды талап етеді. Аталған кедергілерге төмендегілер жатады:
- ба ла лардың тү рлі мүмкіндіктері ескерілмей құрастырылған оқу бағдарламалары;
- білім алуда кеңейтілген қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауға мұғалімдердің дайындығының болмауы;
- оқытуға қажет құралдардың болмауы;
- оқу ғимараттарының қол жетімді болмауы [2].

Дамуында мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға (олардың арасында мүгедектігі бар балалар да отыр) инклюзивті білім беру ондай адамдарға қоғамның көзқарасын өзгертуге негізделген. Бұл жағдайда мүгедектікті медициналық модель түрінде емес, әлеуметтік модель ретінде түсіну қажет.

Әлеуметтік модель мүгедектікті адамның денсаулық жағдайы тұрғысынан емес, қоғамда қалыптасқан әлеуметтік (жалған пікір, стереотиптер) және сәулет-құрылыс кедергілерінің болуы тарапынан қарастырады. Мүгедектікті әлеуметтік тұрғыдан түсіну БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясында (2006) былайша бекітілген: «Мүгедектік денсаулығында бұзылыстары бар адамдар мен қарым-қатынас және қоршаған ортадағы кедергілер арасында болатын өзара әрекеттің нәтижесі болып табылады. Ол бұндай тұлғалардың өзгелермен қатар қоғам өміріне толықтай және тиімді түрде қатысуына кедергі болады».

Әлеуметтік модель тұрғысынан мүгедектігі бар не дамуында өзге де ерекшеліктері бар бала «мәселе туындатушы» тұлға болып табылмайды. Бұндай баланы оқыту барысында мәселелер мен кедергілерді қоғам мен жалпы білім беру мектептері жағдайында оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін қоғамдық білім беру жүйесінің жеткіліксіз дамымауы туындатады. Білім алудағы ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне кіріктіру және әлеуметтік көзқарасты жүзеге асыру білім беру жүйесін өзгертуді талап етеді. Жалпы білім беру жүйесі барлық балаларды кемсітушіліктің кез келген түрін болдырмай, оларды оқытуда құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін түрде кез келген үдеріске икемді әрі қабілетті болуы тиіс.

Инклюзивті білім беру мынадай нақты құндылықтар мен ұстанымдарға негізделеді:
- әр адам білім алуға құқылы;
- білім беру туылғаннан басталады. Ерте жаста білім беру ерекше қажет, бірақ ол ересек жаста аяқталмайды, себебі бұл үдеріс өмір бойы жалғасады;
- барлық балалар білім алуы керек;
- әр адам белгілі бір сала бойынша не белгілі бір уақытта оқыту бойынша қиындықтарға тап болуы мүмкін;
- әр адам білім алу барысында көмекке мұқтаж;
- мектеп, мұғалім, отбасы бала ғана емес, өзге тұлғаларды да оқытуға ықпал етуге жауапты;
- әр түрлі болу табиғи жағдай, ол өте бағалы және қоғамды толықтырып отырады;
- біреуді кемсіте қарым-қатынас құру әрі бұндай мінез-құлық таныту сынға түсу керек. Балаларды толеранттылық тән және әртүрлілікті қалыпты жағдайда қабылдайтын инклюзивті қоғамда өмір сүруге дайындау керек;
- мұғалімдер өздерімен өздері өмір сүрмеу керек, олар да үнемі қолдауға мұқтаж. Кіріктіре оқыту сегіз қағидаға негізделеді:
- адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес;
- әр адам сезіну мен ойлауға қабілетті;
- әр адам қарым-қатынасқа әрі сөзінің тыңдалуына құқылы;
- адамдардың барлығы бір-біріне мұқтаж;
- білім алу нақты өзара қарым-қатынас мазмұнында болуы мүмкін;
- барлық адамдар құрбыларының қолдауы мен достығына мұқтаж;
- білім алып отырған тұлғаларға жетістік ретінде өздері жасай алмайтын емес, жасауға қабілетті әрекеттер саналады;
- әртүрлілік адам өмірінің барлық жақтарын күшейте түседі [3].

Инклюзивті білім берудің қағидалары мен құндылықтарын терең түсіну және қабылдау Қазақстанның педагогтары қауымдастығы мен жалпы қоғамнан тұжырымдарды және мінез-құлық рөлдерін едәуір қайта бағалау үшін белгілі бір уақыт пен күшті талап етеді.

Сонымен инклюзивті білім берудің даму жолымен жүретін болсақ, біздің мемлекетімізге төмендегідей үш үлкен мәселені шешу қажет:
- мүгедектігі бар тұлғалардың ауыл мен қалада сәулет пен көлік мәселелері тұрғысынан кез келген нәрсеге қолжетімділігін ұйымдастыру;
- білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыны арнайы қолдауды қамтамасыз ету үшін қаржыландыруды ойластыру;
- әлеуметтік кедергілерді жоя отыра біртіндеп әрі нақты мақсат аясында жалпы білім беру мектептерінің мәдениеті, саясаты мен тәжірибесін өзгерту.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2015 жылдың ақпан айының 20-нда БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясы (2006) ратификациялағаннан кейін Қазақстан «инклюзивті білім беру» ұғымы және қатысушы мемлекеттердің «инклюзивті білім беруді барлық деңгейлерде және оқытуды өмір бойы» қамтамасыз ету міндеттері белгіленген «Білім беру» атты 24-бапқа негізделе отыра әрекеттенуі керек болады.

Білім беруде инклюзивті көзқарасты жүзеге асыру мүмкіндігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген. Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституцияда барлық азаматтардың тегін орта білім алу құқығы көрсетілген (30-бап). Қолданыста бар Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы баланың қалауы, жеке қабілеттері мен ерекшеліктерін ескере отыра ата-ананың білім беру ұйымын таңдау құқығын; сонымен қоса өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық-медициналық- педагогикалық консультацияларда кеңес алу құқығын (49-бап) белгілейді. Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы (2002 ж.) психологиялық-медициналық- педагогикалық кеңес қорытындысына сәйкес арнайы білім беру ұйымдары немесе мемлекеттік жалпы білім беру мекемелерінде тегін білім алу құқығын бекіткен.

Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды кіріктіру нұсқалары (түрлері) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларының 18-тармақшасында былайша көрсетілген: «Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптары (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында көрсетілген толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бой- ынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн».

Қазіргі кезде елімізде мүмкіндіктері шектеулі балаларға дамуындағы бұзылыс түріне қарай (есту, көру, сөйлеу тілі, зердесі, тірек-қимыл аппараты) сегіз түрдегі арнайы жалпы білім беру мектептері қызмет ететін психологиялық- педагогикалық қолдауды қоса отыра олардың дамуы мен оқуына қажетті жағдайлар арнайы білім беру жүйесінде жасалды. Бұл мектептерде дамуында өзіндегі сияқты мәселелері бар балалардың ортасында болып, қажетті көмекті алады. Мектептер арнайы жабдықтар, техникалық құралдар, медициналық қолдау, арнайы дайындықтан өткен кадрлар, оқу-әдістемелік материалдар және бағдарлмалармен қамтамасыз етілген. Сегіз түрдегі мектептің жетісінде (зердесінде бұзылыстары бар балаларға арналған мектептерден өзге) балалар мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алады. Арнайы білім берудің осындай ерекшелігі арнайы білім берудің кеңестік жүйесінің мұрасы ретінде сақталды. КСРО – мемлекеттік стандартқа сәйкес дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнайы мектептерде білім берген әлемдегі жалғыз мемлекет болды.

Еліміздің арнайы мектептерінде дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың 13,9%-ы оқиды (Республикалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің мәліметтері бойынша). Қарастырылып отырған балалардың көпшілігі табысты түрде білім алуға қажетті жағдайлар жасалмаған жалпы білім беру жүйесіне қосылған. Құрамына дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар енген жалпы білім беру мектептерінде арнайы мектептердегідей қолдау түрлеріне барлығын ұйымдастыру қажет. Дамуында м үмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жасау тәжірибесі арнайы білім беру жүйесінен жалпы білім беру жүйесіне өткені дұрыс. Бұл жұмыс елімізде инклюзивті білім беруді дамытудың бағыттарының бірі болуы тиіс. Ол әдетте бөлек қызмет етіп жүрген арнайы және жалпы білім беру жүйелерінің жақындасуын, жалпы білім беру жүйесінің педагогтары мен дефектологтардың ынтымақтастығы, арнайы білім беру ұйымдарына жалпы білім беру жүйесінде инклюзивті үдерістерді дамыту бойынша ресурс орталықтарының қызметін жүктеу сияқты жағдайларды белгілейді.

Дамуында ауытқулары не мүгедектігі бар баланың барлық баламен біріге отыра білім алуы қ ұқықтарының жүзеге асырылуы барысында қажетті нормативті-құқықтық база, психологиялық-педагогикалық қолдау, дайындалған педагогтар, қажетті қаржыландыру қамтамасыз етілмеген. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қатысты педагогтар мен ата-аналардың көзқарастарының селқостығы, стереотиптер мен жаңылыстардың болуы елімізде инклюзивті білім берудің дамуына кедергі болып отыр. Дегенмен өткен ғасырдың 90-ншы жылдарының соңында дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру ортасына қосу тәжірибесі пайда болады. Әдетте бұндай жағдайлардың бастамасында ата-аналар не өмірде белсенді түрде көзқарастары басым және кәсіби тұрғыдан ой өрісі кең білім беру ұйымдарының басшылары болады.

Қорытындылай келе, 2011-2020 жылдарға арналған білім б еруді д амыту м емлекеттік б ағдарламасын і с жүзіне асырудың басты тұғырлары тек инклюзиті білім беру жүйесін жемісті дамыту ғана емес, сонымен қатар жоспарланған барлық бағдарламалық іс-шараларды жүзеге асыруға сенімділік тудыртады.

Қолданылған және ұсынылатын қайнаркөздер:

1. Руководящие принципы политики в области инклюзивного образования. – ЮНЕСКО, 2009.

2. Открытое досье по инклюзивному образованию. Материалы в помощь менеджерам и администрации. – ЮНЕСКО, 2003.

3. www.obrazovanie.perspektiva-inva.ru

4. www.inclusion.kz

 

 

 


Инклюзивное образование







 

 


 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях

 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no
 
 
 

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел.8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10