электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


Инклюзивное образование

     

 

Архив статей 2015 г.

 

Біліктілікті арттыру үдерісінде мұғалімнің инклюзивті құзыреттілігін дамыту

№ 10 (151) декабрь 2015

ДАУТОВА Қ. А., АҚ «Өрлеу» БАҰО Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ кафедрасының аға оқытушысы

 

Әлемде болып жатқан үдерістер жаһандану, экономикалық жүйедегі бәсекелестіктің артуы, интеграциялау қоғамды дамытудың негізгі факторы түрінде білім беру саласының жүйелі түрде өзгеруіне себеп болады. Аталмыш мәселе заманауи білім беруді дамыту парадигмасы болып, ерекше білім беру қажеттіліктері мен дара мүмкіндіктерді есепке ала отыра білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ететін инклюзивті білім беруді қарастыруға болады. Инклюзивті білім беру жағдайында мұғалімдердің өмірде қиын жағдайға тап болған, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалармен өзара қарым-қатынас орнатуына даярлық жасауға ерекше көңіл бөлінуі шарт. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамға неғұрлым кеңірек кіріктірілуі қажеттіліктерімен байланысты педагогикалық теория мен практика мұғалімдердің инклюзивтік біліктілігін қалыптастыратын мәселелерді өзектендіреді. Инклюзивті білім беруді практикалық тұрғыда жүзеге асыру барысында көптеген мәселелер орын алады, ол тек қана материалдық база тұрғысында ғана емес, сонымен қатар қоғам мүшелерінің түрлі көзқарастары, ең алдымен мұғалімдердің кәсіби қызметтерін жаңа жағдайда жүзеге асыруға даяр еместігін атап көрсетуге болады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар не олардың заңды өкілдерінің білім беру мекемесін таңдауға құқылы екендігін ескерсек, әрбір мұғалім инклюзивті біліктілігін өзінің кәсіби біліктілігінің құрамдас бір бөлігі ретінде қарап, жетілдіруі қажет. Біліктілікті арттыру барысында жасалған зерттеулердің бәрі заманауи адамға қажетті түйінді біліктілік құрамының негізін құрайды. Құзыреттілік пен біліктіліктің түрлерін қатарластыру үшін біліктіліктің мазмұндық және функционалдық түрлерін олардың қызметтерінің мазмұны мен жүзеге асыру тәсілдерін ажырата білу қажет. Біліктілік маманның дайындық деңгейіне әлеуметтік- байланыс талаптары ретінде танылады, білікті маман болу үшін біліктіліктің анықталып көрсетілген мазмұнын меңгеру шарт, ал біліктілік дегеніміз – тұлғаның интегративтік қасиеті. Мұғалімнің инклюзивті біліктілігі оның кәсіби біліктілігінің құрамы болып табылады және функционалдық біліктіліктерді қамтиды. Біліктіліктің толық құрылымын жалпы, базалық, арнайы және жеке біліктіліктің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Педагогтың кәсіби біліктілігі маманның белгілі бір салада базалық кәсіби біліктілігін құрайды, бұл мәселе өмірде қиын жағдайға тап болған не мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс жасайтын мұғалім, тәрбиеші, дефектолог-педагогқа да қатысты. Педагогикалық әрекеттің орындалуын қамтамасыз ететін педагогтың жеке кәсіби біліктілігі нақты педагогикалық мәселенің шешімі болып табылады. Мұғалімнің инклюзивті біліктілігі арнайы кәсіби біліктілік деңгейіне жатады. Бұл қатысушылардың білім берудегі түрлі қажеттіліктерін ескере отыра және мүмкіндігі шектеулі балалардың білім беру ұйымдарына енуі, қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ететін мұғалімдердің инклюзивті білім беруде өздерінің кәсіби қызметтерін жүзеге асыруын қамтитын интегративті білім беруін қамтамасыз етеді. Мұғалімнің инклюзивті біліктілігінің дәлелдік компоненті мүмкіндігі шектеулі балалардың өздерімен қатар денсаулық жағдайында ақауы жоқ балалармен бірге білім алып, әлеуметтік, танымдық, кәсіби тұрғыдан және тұлға ретінде даму жағдайларында педагогикалық қызметті жүзеге асыру дұрыс бағытталу, қызығуды сипаттайтын уәждену біліктілігін құрайды.

Тұлғаның гуманистік бағытты ғана емес, сондай-ақ білім беруде түрлі қажеттіліктерге мұқтаж балаларға инклюзивті білім беру жағдайларында кәсіби қызметін атқару, осы балалар үшін инклюзивті білім берудің маңыздылығын түсіну, оның гуманистік әлеуетін терең түсіну болып табылады. Мұғалімнің инклюзивті және танымдық біліктілігі инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын, инклюзивті білім берудің теориялық және практикалық тапсырмаларын шешуге қажетті мәліметтерді есте сақтау, қажет уақытта беру қабілетін жүзеге асыруға қажетті білім мен таным жүйесі негізінде педагогикалық ойлау қабілеті деп анықтама берілетін танымдық біліктілікті құрайды. Осы біліктілік негізінде арнайы білім беру қызметі саласында жаңашыл әрі интеграциялық үдерістердің ғылыми кәсіби- педагогикалық білімдері, оқу мен тәрбиенің педагогикалық-психологиялық негіздері, қоғам мен дамуында бұзушылық бар адамның араласуының заңды негіздері астарланып жатыр. Мұғалімнің инклюзивті білім беруінің шартты компоненті инклюзивті білім беруге даярлық пен оны жүзеге асыру жағдайларында атқарылатын қызметте байқалатын шартты біліктілігін құрайды. Мұғалімнің инклюзивті білім беруінің құрамдас бөліктері педагогикалық қызмет барысында нақты кәсіби тапсырмаларды орындайтын, инклюзивті білім беруді табысты жүзеге асыру үшін қажетті тәсілдер мен тәжірибелерді ұсынатын, туындаған педагогикалық мәселелерді шешетін, педагогикалық тапсырмаларды шешу үшін жеке және дара, нақты әрі тез шешімдер қабылдау, ізденіс пен зерттеу қызметтерін жүзеге асыру деген анықтама берілетін операциялық құзыреттілік құрайды. Инклюзивтік біліктіліктің функционалдық саласы операциялық түйінді біліктілік жүйесімен ұсынылған және әрбір операциялық біліктілік өзінің құрамында түйінді мазмұндық біліктіліктің толық шеңберін құрайды: Олардың арасында төмендегілер бар:
- диагностикалық – оқушылар ұжымының даму деңгейіне дұрыс диагноз қою, әрбір оқушының тұлға ретінде олардың оқуы мен тәрбиесін дамыту, инклюзивті білім беру жағдайларында педагогикалық үдерісті жалпы алғанда және оның жекелеген кезеңдерінің жағдайлары;
- болжамдау – инклюзивті білім беру жағдайында педагогикалық іс-әрекеттердің нәтижесін көре білу;
- конструктивті-инклюзивті білім беру жағдайында нақты диагностикалық қорытындыға сүйене отырып, жалпы және жеке түрде жүргізілетін жұмыстарды сауатты, вариативті түрде жоспарлау, әдіс және амалдарын нақтылау;
- ұйымдастырушылық-жеке әрі дара тіл табысуда шығармашылық қасиеттерін қолдана отыра инклюзивті білім беру жағдайында педагогикалық іс-әрекеттерді ұйымдастыру;
- коммуникативті-педагогикалық үдерісте субьектілермен конструктивті қарым-қатынасты орната білу қабілеттілігі;
- технологиялық-ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға бағытталған инклюзивті білім беруде әдістер мен технологияларды қолдана білу;
- түзете-аралық және қорытынды диагностиканың нәтижесі бойынша педагогикалық үдеріске түзетулер енгізе алу қабілеттілігі;
- зерттеушілік-педагогикалық көріністерді саралау, зерделеу, тәжірибелік жұмысты жүргізе алу.

Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырып, өткізіп отырған «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға кіріктіруде психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау», «Жалпы білім беретін мектепте психикалық да- муы тежелген балаларды түзете-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру», «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау технологиялары» тақырыбындағы курстар мен курсаралық жұмыстар педагогтардың инклюзивті құзыреттілігін дамытуға бағытталады. Курс мазмұны төмендегі сұрақтарды қарастырады: арнайы білім берудің мәні; білім ерекше алуда қажеттіліктері бар балалардың заманауи жағдайы; шет елдердегі арнайы білім беру тәжірибесі; инклюзивті білім берудің мәні, сонымен қатар инклюзивті білім беруді іске асыруда жағдайында педагогикалық іс-әрекеттердің мақсаты мен міндеттерінің ерекшелігі; Қазақстанда инклюзивті білім беруді іске асыру жағдайындағы мәселелер мен олардың болашағы; әртүрлі бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу; мұғалімдердің инклюзивті құзыреттілігі; инклюзивті білім беру жағдайында кездесетін педагогикалық жағдаяттарды анықтау мен шешу мәселелері бар. Курс бағдарламаларын іске асыруда дәріс, семинар, пікірталас, белсенді практикалық сабақтар, нақты жағдаятты талқылау, педагогикалық міндеттерді шешу, іскерлік ойындар кең тұрғыдан қолданылады. Курс соңында педагогтардың инклюзивті құзыреттілігінің динамикасы анықталады. Курс бағдарламасына сәйкестендірілген өзгерістерді енгізу, соның ішінде оқытудың технологиясы, белсенді және репродуктивті оқытуды тиімді біріктіру тыңдаушылардың кәсіби іс-тәжірибесінде ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, әлеуметтендіру мәселелері бойынша қажетті түйінді құзыреттілікті қалыптастырады. Жоғары деңгейдегі инклюзивті құзыреттілік педагогтардың жалпы білім б еру о ртасына д аму м үмкіндігі шектеулі балалар ғана емес, сонымен қатар әртүрлі санаттағы балаларды т иімді е нгізуде п едагогикалық і с-әрекеттерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.


Қолданылған әдебиеттер:

1. Интегрированное обучение детей с ограниченными воз- можностями в обществе здоровых детей / Ф.Л.Ратнер, А.Ю.Юсупов. – М.: Гуманитар. изд. центр ВЛАДОС. – 2006.

2. Инклюзивное образование в России. – ЮНИСЕФ. – М., 2011.

3. Малофеев Н.Н. Специальное образование в меняющемся мире. Европа. Уч. пос. для студентов пед. вузов. – М.: Просвещение. – 2009.

4. Ярская-Смирнова Е.Р., Лошакова И.И. Инклюзивное образование детей-инвалидов// Социологические исследования. – 2003. – № 5. – С. 100-106.

5. Материалы по инклюзивному образованию сайты http:// school.msk.ort.ru/integration/index.php?p=teor_mpio.

 

 

 


Инклюзивное образование







 

 


 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях

 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no
 
 
 

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел.8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10