электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


Инклюзивное образование

     

 

Архив статей 2017 г.

 

Қарағанды облысы Приозерск қаласы «Айналайын» бөбекжайындағы инклюзивті білім берудегі тәжірибесінің сипаттамасы

№ 10 (171) декабрь 2017

КҰЛМАҒАНБЕТОВА А.Ж., Қарағанды облысы, Приозерск қаласы «Айналайын» бөбекжайы» КМҚК директоры

 

ҚР білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген. Инклюзивтік білімнің идеясы – денсаулық мүмкіндігі шектеулі баланы «тең әріптестік» жағдайында қалыпты дамыған құрдастары мен ересектер ұжымына «қосу».

Біздің «Айналайын» бөбекжайы «Мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті тәрбиені дамыту» бағдарламасы бойынша 2013 жылдың қазан айынан бастап инклюзивті білім берумен айналысады. Білім басқармасының 2013 жылғы 29 қазан айының № 469 бұйрығы негізінде тәжірибелік-эскперименттік алаң ашылған. Осы эксперименттік жұмыстарды жүргізу барысында «Айналайын» бөбекжайында: монтессори даму бөлмесі, 8 зертхана ашылды және 2015/2016 оқу жылының қыркүйек айынан бастап екі І кіші топтарында қосымша сенсорлық бағдарлама кіріктірілді. Бөбекжайда дефектолог, логопед, педагог-психолог, монтессори-педагог, инклюзивті білім беру бойынша үйлестіруші (координатор) мамандары бар.

Жұмысты жүргізу үшін педагог-мамандар арнайы біліктілікті көтеру курстарынан өтті. Астана, Алматы, Тараз, Қарағанды қалаларында өткен инклюзивті білім беру тақырыбындағы семинар, конференцияларға қатысып, іс-тәжірибе алмасып отырады.

Жалпы бөбекжайда тәрбиеленетін бүлдіршіндердің саны – 140. Барлығы 6 топ бар. Мұнда қалыпты дамып келе жатқан балалармен бірге ерекше қажеттілікті қажет ететін балалар да қамтылған. Олар жас ерекшеліктеріне сәйкес жалпы топтарда тәрбиеленуде. Инклюзивті білім берумен қамтылған балалардың облыстық ПМПК –дан берілген қорытындылары бар. Жыл сайын қазан айында облыстық ПМПК бөбекжайда болып, зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қорытындылар береді. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны -20. Логопедиялық сабақтарға қатынайтын балалар саны -26. Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен басқа балалардың ара қатынасы жақсы. Қалыпты дамып келе жатқан балалар ерекше балаларға қамқор болып жүреді.

Балабақшада жергілікті әкімшіліктің колдауымен қажетті материалдық жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, 2013 жылы шілде айында Монтессори даму кабинеті ашылды.

Бұл бөлмеде монтессори педагог балалармен жұмыс жасайды. 2015/2016 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап 0,5 жүктемемен монтессори-педагог лауазымы және 2017/2018 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап инклюзивті білім беру бойынша үйлестіруші (координатор) маманы штатқа енгізілді. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған монтессори бөлмесі бес аймаққа бөлінген: күнделікті өмір жаттығулары, математика аймағы, сенсорика аймағы, тіл дамыту және ғарыш аймағы. Қай аймақта жұмыс жасау бала қалауында.

Педагог-логопед мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қабілеті бұзылуының және ауызекі тілінің дамуындағы ауытқулардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізеді.

Зертханаларда балалар жан-жақты дамытылады. Балабақшада зертханалар 2014 жылдың қантар айынан бастап жұмыс жасайды. Бөбекжайдың әдістемелік кеңесінде әр зертхананың ережелері, мақсат, міндеттері қаралып, бекітілді. Зертхана жұмыстары балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқу материалдарын дайындайды. Зертхана оқу бағдарламасының бес білім беру саласында даму деңгейін қадағалайды, баланың қай білім саласында даму деңгейі жоғары әлде төмен екенін бақылап, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта жұмыс жоспарын құрады. Әр зертханада балалардың білім деңгейлері мониторинг түрінде жүргізіліп, диаграмма арқылы көрсетіледі. Мониторинг жылына үш рет жасалып отырады. Әр зертханада балалар кіші, ересек топ болып бөлінеді. Кіші топта сабақ 15-20 минут болса, ал ересек топта 20-30 минуттан өтеді. Зертханалардың жетекшісі және мүшелері бар. Зертхана жетекшісі зертхананың жұмыстары туралы балабақша кеңестерінде есеп беріп отырады. Балабақша қабырғасында тәрбиешілердің балалармен жүргізген зертхана жұмыстары 5 білім саласын қамтиды және толықтыра түседі.

2015 жылғы 30 сәуірде бөбекжайда «Мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті тәрбиені дамыту және Монтессори технологиясын енгізу» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылып, өткізілді.

Семинарға Ақтоғай , Ұлытау, Шет, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Жаңарқа аудандарының және Балқаш, Приозерск қалаларының мектепке дейінгі мекеме басшылары мен әдіскерлері білім бөлімінің әдіскерлері және Қарағанды облысының білім беруді дамыту орталығының әдіскерлері жоба бойынша жетекшіміз С.С. Контаев, мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдіскері А.Д. Бугубаева қатысты.

Зертханалар жұмысын тәрбиешілер 9 шеберлік сыныбы арқылы көрсетті. Семинар соңында талдау, қорытындылау жұмысы жүргізілді. Әдістемелік тұрғыда семинар өте жоғары деңгейде өтті.

2016 жылдан бастап «Айналайын» бөбекжайы республикалық жоба: «Инклюзивті балабақша, мектеп, колледж» атты пилоттық жобаға енгізілді.

2016 жылдың тамыз айында Қарағанды қаласында өткен білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесі «Инклюзивті білім беру» атты секция отырысында бөбекжай директоры «Мектепке дейінгі ұйымдарда арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ерте түзеу-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында баяндама жасап, іс-тәжірибемен бөлісті, бөбекжай педагог-психологы секция қатысушыларымен тренинг жүргізді.

2016 жылдың 23 қыркүйегінде Қарағандыда өткен «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жағдайында инкюзивті білім беру тәжірибесі» республикалық семинарында бөбекжай директоры іс –тәжірибемен бөлісіп баяндама жасады, бөбекжайдың монтессори-педагогы Монтессори даму бөлмесінің тіл дамыту аймағы бойынша «Белсенді әріптер» атты шеберлік сыныбын көрсетті.

2017 жылдың 27 сәуірінде бөбекжайда «Балабақшадағы инклюзивті білім берудің маңыздылығы және жүргізілу әдісі» тақырыбындағы кәсіби қауымдастық бойынша Приозерск қаласының «Айналайын», Жезқазған қаласының «Айсұлу», Қарағанды қаласының «Алмагүл» бөбекжайлары арасында тәжірибе алмасу мақсатындағы облыстық семинар-практикумы өтті. Бұл семинарға «Алмагүл», «Айсұлу» балабақшаларынан, Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылынан «Айгөлек» балабақшасынан педагогтар, Приозерск қаласының балабақшаларының басшылары, білім бөлімінің әдіскерлері қатысты. Білім беру, дамыту, түзете-дамыту бағыттары бойынша шеберлік сыныптар көрсетіліп, соңында рефлексия өткізілді.

Семинарға қатысушылар өз пікірлерін айтып, алған әсерлерімен бөлісіп, алғыс білдірді. Семинар-практикум жоғары деңгейде өтті деп бағаларын берді.

2016 /2017 оқу жылында бөбекжай тәрбиеленушілері республикалық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделермен оралды. (Оның ішінде ерекше балалар да бар)

2016 жылы қазан айында «Айналайын» бөбекжайы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым» республикалық байқауының облыстық кезеңінде жүлделі 2-орынды иеленіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ата-аналардың мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған 1-6 жас аралығындағы балаларды дамыту мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық құзіреттіліктерін арттыру мақсатында 2017 жылдың 11 қыркүйегінен бастап КМҚК «Айналайын» бөбекжайында, осы ықшам ауданға жақын мекен жайда тұратын, «Айналайын» бөбекжайына кезекте тұрған ата-аналарға (заңды өкілдеріне) және олардың балаларына арналған «Сырттай балабақша» ашылды. Сырттай балабақшаға келетін балалардың ішінде де ерекше балалар бар. Сырттай балабақшаның жұмысына жауапты тұлға болып бөбекжайдың педагог-психологы Х. К. Искакова тағайындалды.

Жыл сайын облыстық эксперттік кеңесте бөбекжайдағы инклюзивті білім беру жұмысының жүргізілуі бойынша талдамалы-аналитикалық есеп өткізіліп, қорғалады.

Бөбекжайдағы инклюзивті білім беру бағыты бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша облыстық мерзімдік басылымдарға мақалалар әрдайым жарияланады. («Ізденіс» газеті, «Замануи білім» журналы)

Жыл бойы өткізілген мониторинг «Монтессори даму кабинетіндегі» сабақтарға және зертхана жұмыстарымен қамтылған ерекше балалардың даму нәтижелерінде оң өзгерістің бар екенін көрсетіп отыр.

Бөбекжайда инклюзивті білім беру арқылы –барлық балалардың қажеттіліктері мен олардың білімге деген қабілеті ескерілетін икемді жүйе екендігіне көз жеткізуге болады. Ерекшеліктері бар балалар суйемелдеу және дербес оқыту жоспары арқылы білім алады.

 


Инклюзивное образование







 

 

 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях

 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no
 
 
 

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел.8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10