электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


Инклюзивное образование

     

 

Архив статей 2018 г.

 

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен жұмыс аясындағы білім беру мазмұнын жаңарту

№ 3 (174) март 2018

Ысқақ А.И, Астана қ., №10 МГ директордың мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері

 

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.

Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз – барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Астана қаласы №10 мектеп-гимназияда 2018 жылдың 15 ақпанында «Ерекше білім беруге қ ажеттіліктері б ар б алалармен жұмыс аясындағы білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбында қ алалық семинар өткізілді.

Семинардың м ақсаты е рекше б ілім беруге қ ажеттіліктері б ар б алалармен жұмыс аясындағы жаңартылған білім беру мазмұны идеяларын практикаға енгізу бойынша тәжірибемен алмасу болып табылды. Семинарға қалалық білім басқармасының әдіскерлері мен мектептерінен әкімшілік мүшесі мен бір мұғалімнен қатысты.

Семинар қатысушыларының назарына білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша зағип оқушыларға арналған сыныптарда, көру қабілеті бұзылған (диагноздары: амблеопия, астигматизм, миопия, қылилық т.б.) балаларға арналған сыныптарда, сонымен қатар кохлеарлық имплант, БЦС – мен балалар оқитын инклюзивті сыныпта- рына бейімделген сабақтар (сабақтар элементтері ) ұсынылды. Қосымша коррекциялық сабақтарды тифлопедагог (қалдық көру қабілетін дамыту және қорғау), логопед (тіл дамуы кемшіліктерін түзеу), хореограф (түзеу ритмикасы) ұсынды. Мектебіміз «SHE» бағдарламасы бойынша пилоттық мектеп болып табылады / Денсаулықты нығайтушы мектеп/, бағдарламаға Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы жетекшілік етеді, осы бағдарлама шеңберінде ТЖТ (тәрбиелік жұмыс түрлері) ұсынылды. Семинардың ашылу салтанаты директор м.а.М.Х.Даржанованың алғы сөзімен басталды. Масура Хамидуллақызы инклюзивті және көру қабілеті бұзылған коррекциялық сыныптарға бағытталған мектеп ұжымының жұмысы туралы баяндады. Педагогтердің және медициналық қызметкерлердің емдік-қалпына келтіру, коррекциялық-педагогикалық жұмыстарын ұйымдастырудағы кешенді тәсілінің көру қабілеті бұзылған оқушыларды оңалту және әлеуметтік бейімдеу моделін құруға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Алғы сөзден кейін семинар тақырыбын ашатын зағип балаларға арналған сыныптардағы жұмыс туралы бейне- ролик ұсынылды. Бұл бейне-роликте мектеп директоры Ташенова М.А. сұхбаты, мектептің ББ және «ДАРА» қоғамдық қоры, «KPMG» компаниясымен бірлескен жұмысы көрсетілді.

Семинарда №10 мектеп-гимназияның мұғалімдерімен білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша зағип оқушыларға арналған сыныптарда, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған сыныптарда, сонымен қатар (кохлеарлық имплант, БЦС) балалар оқитын инклюзивті сыныптарында сабақтардың элементтері ұсынылды. Сабақтарды (коррекциялық сабақтар, тәрбиелік жұмыс түрлері) келесі мұғалімдер көрсетті: Манарбекова А.Г., Беркембаева Г.К., Сафонова Е.Г., Нагиева Э.Ф., Калдыбекова А.А., Магауина К.К., Нурмаганова Ш.Б., Раззиулина А.Н., Колиснеченко С.Г., Бейсембаева С.А., Аубакирова Д.К., Мельник Г.З., Сандыбаев Д., Идрисова А.С., Дархан А., Омиржанова А.К. ұсынды.

8к (көру қабілеті бұзылған) cыныбында биологиядан «Тыныс алу жүйесінің реттелуі» тақырыбында жоғары санатты биология пәні мұғалімі Бейсембаева С.А. сабақ көрсетті.

Сабақ барысында Трофимов Александр жүректің тоқталу кезіндегі алғашқы көмек көрсету жолын өте сауатты көрсете білгені сабақтың маңыздылығын арттырды.

Математика пәнінің жоғары санатты мұғалімі Аубакирова Д.К. 7Г сынып оқушыларымен «Есеп шығаруды қысқа тәсілмен түрлендіру» сабағын өткізе отырып, өз тәжірибесімен әріптестерімен алмасты.

Семинар жұмысында «SHE» бағдарламасы аясында ата-аналармен жұмыс түрі /денсаулықты нығайтушы мектеп / «Бірге біз -күшпіз» тәрбиелік іс-шараны білікті бастауыш сынып ұстаздары Идрисова А.С., Дархан А., Омиржанова А.К. ұйымдастырды. Ата-аналар комитеті тарапынан қазіргі уақытқа дейін өз алғыстарын шексіз жеткізуде.

Жоғары санаттағы бастауыш сынып мұғалімі Мельник Г.З. 1 «В» сыныбымен «Қандай салт –дәстүр мен жоралғыларды білесің?» сабағын ұлттық салтдәстүріміздің нақыштарын қолдана отырып, жоғары деңгейде өткізді.

Сабақтар әдістемелік тұрғыдан сауатты құрылған, жайлы психологиялық қолайлы орта қалыптасты. Барлық семинар өткізген білікті ұстаздар денсаулықты нығайту технологиясын және әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, әрбір оқушыға ерекше мән беру арқылы баланың ішкі жан дүниесіне көңіл бөле отырып, өздерінің іс-тәжірибелерімен қалалық әріптестерімен бөлісті. Білім бөлім басшылығынан келген қалалық әдіскерлер Дайра Әмиргалиева, Асыл Аманкелдиева осы өткізілген семинарға үлкен алғыстарын айтып, осы мектептің әкімшілік тарапына, ұстаздарына шығармашылық табыс тілеп, әрқашанда біліктілігі жоғары мамандар өсіп келе жатқан ұрпақтарға сапалы білім беретініне сенім артты.

 


Инклюзивное образование







 

 

 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях

 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no
 
 
 

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел.8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10