электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Учитель - исследователь

 

   

Архив статей 2014г.

 

Бастауыш сыныптарда ойын элементтерін қолдану

№ 3 (134) март 2014г.


Нурекеева Кульнар Абдукаримовна, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы № 32 ЖББ мектептің І санатты бастауыш сынып мұғалімі

 

Қазақ халқының ұлы ақыны А.Құнанбаев «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?» – деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын барысында балалар өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады.

Заманымыздың талантты педагогы В.А. Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі деген болмайды» – деп санайды.

Әрбір ұстаздың мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай технологияның бір түрі – ойын арқылы оқыту.

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Кез – келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой-өрісін ойын арқылы дамытады.

Ойын әрекеті сәби кездегі қарапайым сылдырмақтардан басталып, бірте-бірте әртүрлі ойындармен ұласып, видео-компьютерлік ойындарға айналады. Ойынның табиғилығы сонша, ол оқу элементінің таптырмас бөлігі. Ойын үрдісі кезінде сыныптағы топтардың ә леуметтік рөлі және ойын тәртібі игеріледі. О йын м ақсаттарына жету жолында ұжымның бірлескен іс-әрекетінің дағдысы, оқушылардың жеке мінез- құлқы қалыптасады. Ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап бизнеске, мәдениетке, қоғамтануға және басқарудың барлық салаларына сәйкес мамандар даярлауға қатысты бағдарламаларды меңгеруге көмектеседі.

Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі – дидактикалық ойындар.Дидактикалық ойындар – көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Оны – балаларды оқытудың бір әдісі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі деп айтуға болады.

Дидактикалық ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады. Дидактикалық ойындар барысында балалардың есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу процестері дамып, заттарды пішініне, көлеміне қарай іріктеуге әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.

Дидактикалық ойындар оқушылардың ой – өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

Сабақтың ойын түрінде өтуін жүзеге асыру үшін төмендегі бағыттар айқындалған:

Оқушыларға дидактикалық мақсат ойын түрінде қойылады.

Оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады.

Оқу іс-әрекетінде дидактикалық мақсатты ойын мақсатына айналдыратын жарыс элементтері енгізіледі.

Дидактикалық тапсырманың табысты орындалуы ойын қорытындысымен байланы- стырылады.

Ойын – адамдардың қарым-қатынасы, кәсіби және жанұялық өмірдің мектебі болып табылады. Адам ойын арқылы өзінің бір нәрсені үйреніп жатқанын білмейді. Мектепте мұғалім монолог, диалог түрінде балаларға білім береді. Бір-бірімен белсенді байланысу арқылы ойынға қатысушылар бір-бірін үйретіп, өздері де үйренеді. Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, қызықты және ерікті түрде жүреді.

Ойын элементтері мен оқытуды ұштастыру мұғалім шеберлігіне байланысты. Кез-келген ойынның өзіндік пайдасы бар. Ойынның бірнеше маңызды функцияларына тоқталайық.
1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері.
2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы.
3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі.
4. Коммуникативтік ойын.
5. Ойынның диагностикалық функциясы.
6. Ойынның емдеу функциясы.
7. Ойынның түзету функциясы.
8. Ойынның көңіл көтерту функциясы.

Енді әр функцияны қысқаша сипаттайық.

1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері. Ойын – баланы әлеуметтендірудің бірден-бір құралы. Ол бір жағынан тұлғаның қалыптасуына, құрбы-құрдастарына, қоғамға тән рухани құндылықтар мен нормаларды, білімді игеруге мақсатты түрде бағытталса, екінші жағынан адамның қалыптасуына аяқ астынан әсер ететін әлеуметтік бақылау үрдістері болып табылады

2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы. Бұл функцияның мақсаты ұлтына, нәсіліне қарамастан барлық адамдарға тән әлеуметтік-мәдени құндылықтарды меңгерту болып табылады. Ойындар арқылы кез-келген ұлт өкілдері өз ұрпақтарын өмірдегі әртүрлі жағдаяттардан жол таба білуге, кикілжіңді қатыгездіксіз шешуге, әрқилы эмоцияларды дұрыс қабылдай білуге үйретеді. Ойында шекара жоқ. Ұлттық ойындар, ұлтаралық ойындар, әртүрлі салалық ойындар, бүкіл адамзатқа тән ойындар көптеп саналады.

3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі. Бұл ойынның функцияларының бірі. Адамға ойынның өзін іс жүзінде көрсетіп, тұлға ретінде қалыптасуы үшін маңызы зор. Сол себептен ойын үрдісі адам үшін маңызды. Ойын барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді. Адам өмірінде үнемі ойын жағдаятына кездесіп тұрады. Соны шешу арқылы адамның ой-өрісінің дамуы көрінеді.

4. Коммуникативтік ойын. Белгілі бір ережесі болса да ойын коммуникативті әрекет. Ойын оқушыларды адам қарым- қатынастарының әр түрлі жағдайларында болдырады. Осы әр түрлі қиыншылықтан жол таба білуге итермелейді. Топтық ойынға қатысушылар ойыншылар қоғамын құрайды. Осы қоғамның мүшелері бір-бірімен коммуникативті байланыс орната алмаса, ешқандай ойын болуы мүмкін емес.

5. Ойынның диагностикалық функциясы. Диагностика – диагноз қою үрдісі, білу қабілеті. Адамның басқа іс-әрекетімен салыстарғанда ойынның немен аяқталатынын болжауға болады. Тұлға интеллект, шығармашылық жағынан өзін-өзі іс жүзінде көрсетеді.

6. Ойынның емдеу функциясы. Ойын адамның тәртібіндегі өзін қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынасын және оқудағы туындаған әртүрлі қиындықтарды жеңу үшін де пайдаланылады. Д.Б. Эльконин ойын тәсілдерінің емдік мағынасын бағалай келе, былай деді: «Ойын емінің эффектісі бала рөлдік ойын кезінде алған жаңа әлеуметтік қарым-қатынастың тәжірибесімен анықталады». Рөлдік ойындар баланы үлкендермен, құрдастарымен нағыз қарым-қатынасқа үйретеді. Әртүрлі сатыдағы қарым-қатынастың емдік эффектісіболады.

7. Ойынның түзету функциясы. Ойынның әрбір қатысушысы өз рөлі ғана емес басқалардың да рөлін жақсы білсе, ойын ережесімен жақсы таныс болса, онда психологиялық түзету табиғи жағдайда жүреді. Түзету ойындарының тәртібі нашар, психологиялық көмекті қажет ететін оқушылар үшін көмегі зор.

8. Ойынның көңіл көтеру функциясы. Көңіл к өтеру – түрлі нәрсеге, әртүрлі әрекеттерге ұмтылу. Ойын қиялды дамытып, көңіл көтеруге итермелейді.

Сухомлинский ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін де емес, – деген. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады.

Ойынның қандай түрі болса да балаларды өзіне тартады.

Математикалық ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін адамға қиялмен қанат бітіретін осындай ғажап нәрсе, ақыл-ой жетекшісі.

Жас ұрпаққа жан-жақты білім беру әрбір ұстаздың міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға қойылған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды.

Адамның ойын әрекеті негізгі үш түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойын- дары, оқу-жаттығу ойындары. Оқытудың ойын формасын қолдануда екі жақты дидактика байқалады: ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.

Орфографиялық лотоны қолдану арқылы ілгерінді, кейінді ықпал заңын, ерекше дыбыстардың айтылуын оқушылардың берік меңгеруіне ықпал жасайды, оларды шығармашылық ізденіспен жұмыс істеуге үйретеді. Орфографиялық лото үлгісі: күлг…н, тұрм…с, қолға…ы, саба…ы.

«Кім тез» ойыны оқулық аттарын қатесіз тез жазып әкелу.
1. дебәите
2. аткамайтем
3. үйеднатук
4. ейбнлеуе
5. ңебкеек абулу
6. азаққ ітіл
7. росы ітіл
8. ендеышнытқыру.

Бұл ойын оқушыларды буынға бөлу дағдысы мен сау- атты жазуға үйретеді. «Бұл қалай өзгерген» ойыны қазақ тілінің ерекше дыбыстарының айтылуын және әріп түрінде жазылуын оқушыларға меңгерту үшін жүргізіледі. Ойын барысында сөз ішіндегі әріптердің дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне оқушылардың назарын аударуға болады: нан-нән, таң-нән, сан-сән, қала-дала, дода-жоба.

Қазақ тіліне тән дыбыстарды айтуға тілі келмейтін оқушылармен жұмыс жасағанда, халық ойындары жаңылтпаш, санамақтарды ұтымды пайдалануға бо- лады. Алдымен олардың жеңіл түрін, кейін біртіндеп күрделендіріп берген өте тиімді. Мүмкіндігінше бастауыш сыныптарда ойын, сөзжұмбақ түрлерін қолданып, салт-дәстүр элементтерін кіргізуге тырысу керек. Ойын түрлерін қолдану – сабақты түрлендіру деген сөз.

Ойын элементтерін пайдаланудың негізгі бетбұрысы оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни оқушыға берген білімнің қайтарымын көру.

Бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектеп жаңа қоғам мектебі, яғни саналы халықтық мәдениетке бағытталған, баланың жеке басының дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайтын бәсекеге қабілетті, елдің ертеңі болатын жас ұрпақты өсіріп, дамытатын мектеп болуы тиіс.

 

 

Учитель - исследователь






 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no