электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Учитель - исследователь

 

   

Архив статей 2014г.

 

Білім беруде оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін қолданудың тиімділігі

№ 6 (137) август  2014г.


ҚАСЫМБАЕВА Р.А., қазақ тілі пәні мұғалімі № 27 гимназияда Алматы қ.

 

ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры екені бәрімізге аян. Заман талабына қарай білім сапасын көтеру – қазіргі өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі кезде нені оқыту емес, қалай оқыту керектігі маңыздырақ болып отыр.

Сондықтан да мемлекеттің қолдауымен білім беру саласында батыл қадамдар жа- салып, өзгерістер енгізілуде.

Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында. Ал сол ұстаз заман талабына сай болу үшін әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты білікті болуды талап етеді.

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін аттыру мақсатында үш айлық курс өтіп жатыр. Курс бағдарламасының міндеті – қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық білімдерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу.

Бағдарлама барысында педагогиканың әртүрлі аспектілері талқыланады. Осы Бағдарламаның негізгі қағидасы тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады.

Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны 7 модуль түрінде берілген:
1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4) Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5) Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Жеті модуль бір бірімен тығыз байланысты. Осы модульдер арқылы оқушылардың сабақ барысында белсенді болатынын әлем ғалымдары зерттеп,көрсеткен.

Оқушылардың логикалық ойлаулары дамиды. Еркіндікке, ынтымақтастыққа, бірлесіп оқуға, сыйластыққа үйренеді. Алған теориялық білімі оқушының енжарлылығын қаламайды. Оқушы сабақ кезінде барлық аспектілерге қатыса отырып терең білім алады. Дәстүрлі сабақ кезінде мұғалім оқушыға білімді дайын күйінде беретін болады. Енді оқытудың жаңа әдіс тәсілдері оқушыларға өздігінен жұмыс жасауға үйретеді. Бұл бағдарлама болашақ үшін емес бүгінгі күн үшін қызмет етеді. Бала өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Сол арқылы болашаққа жол салады. Баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастырады, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландырады.

Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушыны өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді.

Белгілі зерттеуші Л.С. Выготскийдің «Дәстүрлі оқыту- бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында жүрсе»,жаңаша оқыту- «дамытуды өзімен бірге ала жүреді» – деген болатын. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай, мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс.

Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы. Ал оқушы біліміне дұрыс бағыт-бағдар беру мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалім де, оқушы да сыни тұрғыдан ойлай білуі керек.

Сыни тұрғыдан ойлау деген не?

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л.С. Выгот- ский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез кел- ген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз екенін әлем ғалымдары зерттеп, тәжірибеден өткізіп отыр.

Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен тұрады:
I. Қызығушылығын ояту («көпір жасау», ой қозғау)
II. Мағынаны таныту (мағынаны ажырату)
III. Ой-толғаныс (рефлексия, жаңа білім құрастырылады)

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының жүзге тарта стратегиясы бар екені белгілі, демек сол әдіс – тәсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.

Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз өркениеттің көкжиегіне шарықтап, әлемге елді танытады. «Педагогтік шеберлік» үйрену, ізденудің нәтижесі. Ендеше, іздену мен үйренуді ешқашан тоқтатпайық дегім келеді.

Аддендум 1

Аддендум 2

 

 

Учитель - исследователь






 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10