электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Учитель - исследователь

 

   

Архив статей 2014г.

 

Менің тәжірибемдегі өзгерістер

№ 9 (140) ноябрь  2014г.


ИМАНҒАЛИЕВА А.К., Қарағанды қ., № 45 гимназия қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

 

Менің тәжірибемдегі өзгерістер

Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет – білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Білім беру жүйесін сындарлы оқытуға бағыттау, жаңашылдыққа, шынайылыққа бет бұру, оқушыны еркіндік, дербестік, тәуекелшілдік тұрғысында оқыту – қазіргі за- ман талабы. Мұғалімдердің біліктілігін көтеруге арналған 3-айлық курсын бітіріп, осы оқу жылында жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істеп келемін. Жаңа технологияларды сабақ барысында қолданған әрқашанда жетістікке жетелейді.

4–сыныптарға орта мерзім жоспарларын құрастырып, одан кейін қысқа сабақ жоспарларын ойластырып сабақтар бере бастадым. Бұл жұмысымның бастапқы кездерінде басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету жолында қиындықтар көп кездесті. Өйткені оқушылар өз ойларын қазақша айта алмай қиналды. Орысша айтып жүрген кездері де болды. Екі –үш сабақтан кейін алдымен бір-екі оқушы содан кейін оқушылар бір-бірлерін үйрете бастады.

Сабақтарда қолданылған стратегиялар: Инсерт, миға шабуыл, топтық пікірталас, кластерлер, кубизм, ойтолғау, өзара сұрақтар, диалогтар құрастыру, глоссари құрастыру. Осындай әр түрлі стратегияларды қолдану барысында оқушылардың өзгерістерін бақыладым

«Менің сүйікті тағамым» тақырыбына өткен сабақтың мақсатын сыни тұрғыдан ойлау, диалог арқылы тілдерін дамыту, қазақ тілінде еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу, дәлелдеу деп алдым. Мынандай міндеттер қойдым, сұрақ- жауап, пікірталас барысында логикалық ойлауын дамыту, топ алдына шығып еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, мәтінмен, диалогпен жұмыс істей отырып зерттеу, салыстыру,өз көзқарасы тұрғысынан сыни пікір айта алу.

Сабақта қолданылған модульдер «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту мен оқуда АКТ ны пайдалану», «Оқу үшін бағалау және оқыта бағалау», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Сыни тұрғыдан ойлау», «Оқытуды басқару және көшбасшылық».

Сабақты Блум таксаномиясы бойынша құрастырдым. Түсіну, біл, қолдану, талдау, синтездеу, бағалау.

Сабақты оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрап, психологиялық ахуалды қалыптастырудан баста- дым. Оқушылар бір-бірлеріне ойыншық жүректі сыйлап осы сабаққа жақсы көңіл күй тіледі. Бұл оқушыларға сабақ барысында сыныпта жағымды, әр оқушыға қолайлы өзін еркін ұстауына және қазақша тілек сөздер айтуға мүмкіндік берді. Оқушылар жақсы көңіл күймен сабаққа кірісіп кетті. Әр түрлі түстер бойынша үш топқа бөлініп отырды. Бірінші топ сүт тағамдары, екінші топ ет тағамдары, үшінші топ ұн тағамдары болып бөлініп отырды.

Топтасып отырғаннан кейін мұғалімнің көшбасшылығымен алтын ережені еске алып, ескертулер жасалынды. Бағалау картасын түсіндіріп, таратып бердім.

Өткен сабақты еске алу, үй тапсырмасын сұрау жолында «Миға шабу» стратегиясы бойынша «Қызықты сандар» ойынын өткіздім.

Сандарды оқушылар өздері таңдайды және өзі жауап береді, әйтпесе топта жауап береді.Ашық және жабық сұрақтар да болды. Флипчатта жаттығу жұмыстар жасады. Сонымен қатар сұрақтардың ішінде сыйлықтар да болды. Бұл оқушыларды одан әрі қызықтырып, белсендіре түсті.

Сергіту сәтінен кейін «Дұрыс тамақтану» бейне көрінісін көрдік.Көргеннен кейін сыни тұрғыдан ойлау бағытында сұрақтар қойып, ойлануға уақыт беріп жауаптарын тыңдадым. Кім қалай жауап берсе де өз ойларын айтып жатты.

Бейне көріністен не көрдіңдер?

Қалай тамақтану керек?

Қандай тамақтармен тамақтанған дұрыс? Осыдан кейін сөздікпен, мәтінмен жұмыс жүргіздім. Мәтіннің мазмұнын жас ерекшелігіне қарай ықшамдап, сабақтың мазмұнын оқушылардың жас ерекшелігіне назар аудара отырып жоспарлап өткіздім. Мәтінді оқып, аударып, мәтін не туралы? Мәтінді қалай атауға болады? деген сұрақтарға жауап сұрадым. Оқушылар ойларын айта бастады.

Сонда сабақтың тақырыбы не деп ойлайсыңдар? деп оқушыларды сыни тұрғыдан ойлануларына бағыттадым. Топтарға ойлануға уақыт берілді.Сабақтың тақырыбын оқушылар өздері атап, сабаққа мақсат қоюға талпынды. Сабақты синтездеу бөлімінде оқушылар топта, жұпта жұмыс жүргізді.

Әр топ топ ішінде алдымен жұпта, топта диалог арқылы қарым –қатынаста бола отыра тапсырманы орындауға кірісіп кетті. Белсенді оқушылар бастап, сен қандай сүт, ет, ұн тағамдарын білесің? Қандай тағамдарды жақсы көресің? Неге? Өйткені, Себебі, сөздерін қолдану арқылы жұмыстары жүзеге асып жатты. Жұмыс барысында белсенді А тобындаға оқушылар топты басқарып, топтағы оқушыларды ұйымдастырып, В тобындағы оқушыларды белсендіре түсті, көмектесті, ,түсіндірді, С тобындағы оқушылар мүмкіндіктерінше қатысып отырды, әсіресі сүйікті тағамдарын атағанда байқалды. Әр топ жасаған постерлерін қорғады.

Смайликтер арқылы өздерінің көңіл – күйлерін тақтада көрсетті. Оқыту барысында ұйымдастыру,шығармашылық жұмыстарға бағыттау, жағдай жасау жолдарында ісәрекет менің көшбасшылығыммен жүзеге асты.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша критерийлер арқылы, бір-бірлерін бағалау, мадақтау, рефлексия, кері байланыс,бағалау парағын толтыру барысында көрініс тапты. Смайликтер арқылы, көрсеткіш карточкалары арқылы, ұнады, ұнамады деген сияқты формативті бағалаудың түрлерін қолдандым.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде жеке тұлғаның қабілеттері жандана түседі.

Сындарлы оқытудағы осы 7 модульді ықпалдастыра отырып, сабақтарды қызықты, оқушылардың қызығушылығына бағыттап Шульманның «Мұғалімнің үш көмекшісі» деп аталған қасиеттерді басшылыққа ала отырып сапалы білім беру барлық оқушыларды, соның ішінде талантты , дарынды оқушыларды дамытуға үлкен үлесін қосады деп ойлаймын. Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Осы тәсілдерді мұғалім іздену арқылы жетілдіре түседі. Қызықты сабақ болса оқушының сол пәнге қызығуы артып қана қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады деп ойлаймын.

 

Учитель - исследователь






 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10