электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Учитель - исследователь

 

   

Архив статей 2014г.

 

География сабағында жеті модульді жүзеге асыру үдерісінің тиімділігі

№ 10 (141) декабрь  2014г.


ҚАБАЖАЙ А.А., Рудный қ., «№ 19 орта мектеп» КММ география пәні мұғалімі

 

«Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерістің алғашқысы өзің бол» деген ұлылықтың тұжырымын еске алсақ, заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда.

Кэмбридж бағдарламасы бойынша курстан алған ең басты құндылығым – бала психологиясына тереңірек үңілу, әр баланың бойынан қабілет, дарындылықты іздеу.

Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Әр оқушының білім деңгейіне қарай бағдарламаны өз сабағында жүзеге асыру қажет.

Бағдарламаның жеті модулі

География сабақтарында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі өте зор. XXI ғ. көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. Қазіргі таңда оқу үрдісінде әлемді танып білу үшін сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдер сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады.

Оқыту мен оқудағы жаңат әсілдер : Әр сабағымды « шаттық шеңберімен» бастайтын болдым. Алдында оқушылар бір-біріне тілек айтудан бастаса, кейінгі сабақтарда географиялық атауларды, географиялық обьектілерді, терминдерді айтқызып отырдым. Осы кезеңде сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптасты, оқу үрдісіне оқушылар белсенді, жақсы көңіл-күймен катысуға мүмкіншілік алды.

Атап айтатын болсақ, «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы сабақ барысында оқушыларға сапалы және терең білім беруде атқаратын қызметі орасан зор.

Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру-мұғалімдер алдындағы үлкен міндет. Бұл әрбір мұғалімге тынымсыз ізденісті, оқытудың жаңа формасы мен әдіс тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз:

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
• шыңдалған ойлау кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
• күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
• үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіпқой май, балаларды ң жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс.

Сто технологиясы сабақтары
- Мұғалімнің әдістері;
- Оқушының іс-әрекеті;
- Топқа бөліп, ой қозғайды;
- Ұжыммен жұмыс жасайды;
- Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды; Мәтінмен өздері танысады;
- Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады;
- Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді;
- Зерттеуші саяхатшылардың ерекшеліктерін тануға бағыттайды.
- Зерттеу жұмыстарын талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады.
- Әртүрлі әдістер арқылы тақырыптың негізгі мазмұнын анықтайды.
- Өз ойларын жазуды ұсынады ; Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді. - Өз тұжырымдамасын жасайды

Сынтұрғы сынан ойлау модулі бойынша сабақтарымда: «Бес жолды өлең», «INSERT», «Болжау», «Ассоциация» әдісі, «Венн диаграммасы», «Түртіп алу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай қолдану тақырыпты тереңірек меңгеуге көмек береді.

Оқушылардың алған ақпаратты сақтауыны ң орташа пайызын оқу пирамидасымен анықтауға болады.

Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді.

Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау

Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу. Қазіргі таңда бағалау сатысын екіге бөліп қарастыруға болады. Формативті /оқыту үшін бағалау/ ал жиынтық/оқуды бағалау.Формативтік бағалауда оқушылар өздерін, достарын бағалауды үйренеді. Баланың өз ойын айтуға мүмкіншілігі туады. Бір-бірін толықтырып, қателерін түзетеді.

География пәнінде бағалаудың толық мақсаттарын анықтауға болады
- Оқытудың қиындықтарын анықтау. Тақырыптық тестілер өткізілуі мүмкін;өзіндік түзету,қатемен жұмыс т.б.
- Уәж. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады. Ынталандыру үнемі кез келген сәтте мадақтау т.б.Кері байланыс оқытушы мен оқушы арасында жасырын жауабы табылмаған сұрақ болмауына мүмкіндік береді. Әр сабақта мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында тоқтамайтын кері байланыс болады. Осы байланыстар арқасында мұғалім – оқушының, оқушы – мұғалімнің, оқушы – оқушының қандай сұрақтарға жауап алғысы келгенін, қандай мәліметті алғанын, қаншалықты түсінгенін біліп отырады. Сол әрекеттерді бақылауда ұстай отырып, олардың жауаптары мен сұрақтарының қойылу бағытын зерттей отырып, сабақтың келесі сатыларында немесе келесі сабақтағы тапсырмалар мен негізгі мәліметтерді түсінуі және талдауы үшін қойылатын сұрақтар мен тапсырмаларды нәтижеге жететіндей етіп әзірлеймін.
- Болжау және сұрыптау. Оқушының білім дағдыларын бағалау яғни тақырыпты қаншалықты меңгергенін сұрыптау. Заман талабына қарай топтық жұмыс кезінде топтық бағалау парағы ұсынылады және әр оқушы өзін-өзі критерийлер арқылы нақты бағалай алады. Ол үшін осы мақсатта қолданған іс әрекеттеріме көшетін болсам;

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.

География сабағында технологиялық білімдер оқытудың қосалқы құралы (бейне, желілік материалдар, сандық бұқаралық ақпарат құралдары) т.б.

География пәнінде – мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды,бейне жазбаларды);

«Сергіту сәті» кезіндегі бейне жазбалар оқушыларға ынта,жігер берері анық.
- компьютер, (компьютерлік бағдарлама лар, интерактивті тақта);
- Электрондық тесттерді «Aktivstudio Professional Edition V3» бағдарламасындағы «Оценка тест» бағдарламасын пайдаланамын.
- топтық, жұптық жұмыста болсын ноутбукты ғаламтор желісін пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. - анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);
- ақпараттық құралдар арқылы көрнекілік ретінде суреттер, диаграмма мен бейнероликтерді кеңінен қолданамын.

Сабақ барысында ғана емес,оқыту технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіруге жол береді.

Талантты дарынды балаларды анықтау. Дарынды оқушыларға көшбасшылық қызметтерін беру арқылы, шығармашылық жұмыс тапсырмаларын тиімді бергенде сабақ тіпті ұтымды болып өтуде.

Дарынды және талантты балаларды анықтау мақсатында сабақтарымда оқушыларға деңгейлік тапсырмларды да ойластырамын.

Деңгейлік тапсырмаларды әр бағытта саралауға болады. Мысалы:

«Кіріспе» тақырыбына арналған диктант

1- Нұсқа
1. География ғылымының дамыған жері …
2. География … сөзі
3. География … деген мағынаны білдіреді.
4. … жердің табиғатын, табиғат құбылыстарын, олардың өзара байланысын зерттейді.
5. Жер шары халқын, шаруашылығын, оның орналасу заңдылықтарын зерттейтін географияның саласы…..
6. «География ғылымының атасы» грек оқымыстысы …

Дұрыс жауабы:

1-нұсқа
1. Ежелгі Грекия.
2. Грек.
3. Жерді сипаттау.
4. Физикалық география.
5. Экономикалық география.
6. Эратосфен.

Себебі топпен жұмыс жасағанда әрбір топтан көшбасшы байқалады.Оқушының дарындылығы сол топтық жұмыста бірлесе қызымет істеп талқылау барысында анықталатыны қатаң түрде ескертіледі.

Дарынды оқушылар достарына сөздердің оқылуын, тапсырмаларды қалай істеу керек екенін түсіндіріп, көшбасшылық жасап отырады. Бұл топтағы оқушылар үнемі ізденіс үстінде. Шығармашылық тапсырмалар берудегі оқушылар белсенділігі, өздері сабақтарымда мәліметтер жинақтап, сабақта қолдана білуі осының дәлелі.

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу.

География сабағында танымдық даму – баланың проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда, танымдық даму оқуға деген қабілеттілік,зейін, сөз сөйлеу дағдылары,ойлау,негіздеу және шығармашылық қабілеттерін тұрақтандыруға дамытуға қатысты.

Бірінші суретте, оқушы жас ерекшеліктеріне сәйкес бағалау тұжырымын саралауда. Тақырыпты толық аша алды ма? Нені меңгерді? Қалай? Оқушы критерий құра алады! Кері байланыс жасай алады! Сараптама жүргізеді!

Екінші суретте, оқушы картамен жұмыс жасау бары- сында картаның өзі оқушының жас ерекшелігіне қарай бейімделгенін білдіреді!

 

Үшінші суретте, Зейін толық қалыптасуға жол береді; Себебі 14-15 жастағы балалар аса маңызды суреттерді көбірек есте сақтаған. Сондықтан тақырыптық суреттерді құрастыру зейінін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Кедергілер: Оқушылардың психологиялық ерекшеліктері Шешу жолдары: Оқушылар деңгейіне сәйкес тапсырма- лар дайындау. Зерттеу, мектеп психологымен жұмыс, нәтижеге бағыттау.

 

Учитель - исследователь






 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no