электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Учитель - исследователь

 

   

Архив статей 2020г.

 

Зерттеушілік әңгімені қолдану арқылы оқушылардың талдау және жинақтау дағдыларын дамыту

№4 (195) апрель 2020г.


СЫДЫҚОВА Б.К., физика пәні мұғалімі,
АЛИПОВА А.К., химия пәні мұғалімі,
СЫЗДЫҚОВА Г.К., математика пәні мұғалімі Алматы қ. ФМБ НЗМ

 

 

Физика, математика және химия пәндерінен сабақ беретін мұғалімдер бірлесе отырып зерттеу тобын құрып, сабақты зерттеу үрдісін 9-сыныптың 2-тобымен жүргізу шешілді. Себебі, осы топқа үш мұғалім де сабақ беретін болғандықтан, ерікті түрде бірігіп және зерттеуге қызығушылық білдірілді.

Ең әуелі топ ережесі бірлесе отырып, мұғалімге арналған нұсқаулыққа сүйене отырып құрылды [1,11-б]. Lesson Study-ді бірлесе отырып жоспарлап, сабақтарды зерттеу үшін, зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, сыныптың оқуы мен дамуын зерттеуде жеке, жұппен және топпен жұмыстардағы белсенділіктерін, тапсырманы толығымен дұрыс орындауларын ескере отырып А, В, С деңгейлі оқушыларды анықтап алдық [2,2-б]:

Проблеманы қалай анықтадық?

1) өз пәндеріміз бойынша І, ІІ тоқсандардағы БЖБ мен ТЖБ қорытындыларын зерделеп, сандық талдаулар жасадық. Математика пәні бойынша:

 

Қорытынды:

- І тоқсан қорытындысы бойынша, «3»-ке шыққан оқушылар болмады.

- ІІ тоқсан қорытындысы бойынша да «3»-ке шыққан оқушылар болмады.

- А, В, С деңгейлі оқушыларымызды нақтыладық, яғни бастапқы 3 пән бойынша анықталған оқушылар өз деңгейлерінде қалды.

Физика пәні бойынша:

 

Проблеманың салдары анықталды: неліктен пайыздық көрсеткіш төмен болып тұр? Яғни: 9-сыныптың 2 тобында жаратылыстану-математика пәндері бойынша 2019- 2020 оқу жылының І және ІІ тоқсандарында білім сапа 100% көрсеткенімен, жекелеген оқушылардың білім көрсеткіштері 65-79%

2) Анықталған проблеманы оның себептерімен салыстыру үшін, туындаған проблемаға әсер етуі мүмкін себептерді жазып алдық:
- жұппен , топпен жұмыста енжар;
- ұяңдану;
- пәндік білімдері болуы мүмкін, алайда бір-бірімен диалогқа түспеулері;
- сабақ барысында, жалпы диалогқа түспеулері;
- өтпелі кезеңнің әсері;
- тапсырманы орындауда нұсқаулықтың жүйелі берілмеуі;
- жазылымның қалыптаспауы;
- ақпаратты білмесе де «ия, білем» деп жауап беруі, яғни ашық болмауы;
- үй жұмыстарын бірбірінен көшіре салулары.

3) Себептердің ішіндегі қай бөлімнің нақты әсерін анықтау мақсатында:
- өзіміздің күнделікті сабақтарымыз бен «лас сабақтарды » бақылау нәтижелерін жүйеледік. 06.02.2020 ж және 31.01.2020 ж күндері «лас сабақтар» ретінде информатиканы және физика сабақтарын бақыладық. Бақылау нәтижесі бойынша анықтағанымыз: жалпы, сыныптың диалогқа оңайшылықпен түспеуі; өте белсенді болған А тобының оқушылары; белсенді болуға талпыныс білдіргендер В тобының оқушылары;
- куратормен, психологпен кәсіби әңгіме жүргіздік: оқушылардың көшбасшылық қасиеті, ақпаратты қабылдау және өңдеу сипаттамасына байланысты санаттары, темпераменті, экстроверт немесе интроверт және интеллект түріне байланысты ақпараттар алдық. Бұл бізге жұппен, топпен жұмыс жасауда тиімді болады деп шештік;
- БЖБ, ТЖБ-ларды толығымен талдадық.

31-қаңтарда 9-сыныпта физика пәнінен «Импульстің және механикалық энергияның сақталу заңдары» есеп шығару сабағы «лас сабақ» ретінде өткізілді. Сабақта интербелсенді әдіс-тәсілдерді дифференциация элементтерін кіріктіре отырып қолдану жоспарланған. Бұл әдістерді қолдануда күтілетін нәтиже, оқушылардың интербелсенді әдістерді дифференциациямен кіріктіру арқылы қызығушылығы артып, жұпта талқылау жасап, бір-бірімен белсенді түрде ойларын бөлісуі болғандықтан, сәтті тұсы, «Ойлану-крест-нөл» әдісін қолдану кезінде оқушылардың жұптағы ынтымақтастығы қуантарлық болды, немқұрайлы отырған жұптың болмауы, жоғары дәрежелі сұрақтың жауабын тұжырымдаған кезде оқушылардың өз ойларын толық әрі дәлелді етіп айтуы; «оқушы-оқушы» әрекетінің көрініс табуы.

Сәтсіз тұсы: талқылау кезінде кейбір жұптағы оқушылардың үнсіз қалуы, яғни жұпқа бөлудегі қателіктің орын алуы, нәтижесінде жұптағы оқушылар уақытты тиімді пайдалана алмады және де ойларын нақтырақ тұжырымдап бере алмады. Сол себепті, келесі сабақты жоспарлауда әдіс-тәсілді өзгерту қажет деп ұйғардық. Тапсырма бойынша дифференциация әдісін қолданып, қалыптастырушы бағалау жеке жұмыс ретінде берілді. Бағалау «Zipgrade» қосымшасын қолдану арқылы жүзеге асырылды және жұмыстың нәтижесі бойынша ең төмен нәтиже көрсеткен тақырыптарға кері байланыс берілді.

Осы сабақтан түйгеніміз, оқушылардың талдау, жинақтау дағдыларын дамытуда диалогтық оқытуды, яғни зерттеушілік сұрақтарды қолдану тиімді болар еді. Білім беруді диалогтық тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңыздылығы, оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді, оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал ететіндіктен, оқушылардың бірлескен сұхбатының пайдасы зор [6,29-б].

4) Сонда біздің салдарымызға себептердің ішіндегі әсер ететіндері:
- жұппен, топпен жұмыста енжар;
- ұяңдану;
- пәндік білімдері болуы мүмкін, алайда бір-бірімен диалогқа түспеулері;
- сабақ барысында, жалпы диалогқа түспеулері;
- тапсырманы орындауда нұсқаулықтың жүйелі берілмеуі;
- ақпаратты білмесе де «ия, білем» деп жауап беруі, яғни ашық болмауы.

5) Нақты проблеманы анықтау: 9-сыныптың 2-тобында жаратылыстану-математика пәндері сабақтарында «оқушы-оқушы» әрекетінің әлсіздігі.

6) Зерттеу сұрағы: Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың талдау дағдыларын дамытсақ, бұл оқу сапасын жақсартуға қаншалықты ықпалын тигізеді?

7) Зерттеу тақырыбы: Зерттеушілік әңгімені қолдану арқылы оқушылардың талдау және жинақтау дағдыларын дамыту.

8) Зерттеу мақсаты: Оқушылардың талдау және жинақтау дағдыларының дамуына зерттеушілік әңгімені қолдану.

9) Зерттеудің міндеттері:
- сабақты зерттеу үрдісі арқылы оқу мақсаттарына жетуді жүзеге асыру;
- сабақта диалогтік оқытуды қолдану;
- жаратылыстану-математика пәндерінде зерттеушілік әңгімені қолдануда оқушылардың жеке қабілеттері мен жас ерекшеліктерін ескеру;
- зерттеушілік әңгімені қолданудың тиімділігін анықтауда А,В,С оқушыларды бақылау;
- оқушылардың деңгейлеріне қарай нұсқаулықты саралап беру.

Болжам: оқушылардың талдау, жинақтау дағдыларын дамытуға зерттеушілік әңгімені қолдану оқушылардың өзара талдауға қатысып, пікір алмасу арқылы ортақ шешімге келулеріне ықпал жасайды.

Күтілетін нәтиже:
- зерттеушілік әңгімені қолдану сыныптағы диалогты жүзеге асырады;
- зерттеушілік әңгіме оқушылардың бір-біріне сұрақ қою дағдысын дамытады;
- оқытудың белсенді әдістерін зерттеушілік әңгімемен байланыстыру оқушылардың талдау және жинақтау дағдыларының дамуына ықпал етеді.

Зерттеудің әдістемесі: сандық және сапалық талдаулар, бақылау, болжау, ішкі дифференциация, пси хологи я лық зерт теу нәти желерін сараптау, тапсырмалар бойынша дифференциация, диалогтік оқыту, зерттеушілік әңгіме, синтездеу, салыстыру, сауалнама алу, сұхбаттасу.

Сабақты зерттеу жоспары

 

Әрбір сабақты өткізер алдында сабақты жоспарладық: сабақ өткізетін мұғалім қысқа мерзімді сабақ жоспарын кездесуде ұсынды. Әріптестермен бірлесе отырып, зерделенді, өзгерістер енгізуге ұсыныстар айтылды.

 

Зерттелетін пәндер бойынша өткізілетін сабақты жоспарлау, ұсыныстары мен ұсыныстар ескеріле қайта жоспарланған сабақ жоспарынан мысал:

 

Сабақты бақылау барысында «Бақылаудағы» оқушылардың оқуына басты назар аудару зерттеудің нәтижелілігіне бағыттайтын маңызды нәрселерді анықтауға мүмкіндік беретіндіктен, А,В,С оқушылардың оқу іс-әрекеттеріне қатысты сабақтың әр кезеңіндегі болжам және фактілерді белгілеудің «Сaбақты жоспарлау, бақылау және талқылау кестесін» [2,8;10-б] толтыруды жоспарладық.

 

Сонымен қатар, сабақты бақылауға курстағы 1-ші бетпе-бет кездесуде тренеріміз үйреткендей, «Бақылау сұлбасын»[1,16-б] қолданып көрейік деп шештік. Сонда, сабақты талдау мен мақсатқа жетуімізге де «жол ашыла» түсетіндігін түсіндік.

   

3-ақпан күні Алипова А.К. зерттеудің бірінші сабағын өткізді. Бақыланатын оқушылардан күтілетін нәтижелерді болжадық: ғылыми бақылауларды жүргізуде, қорытындылауда, элементтер қасиеттерінің топ бойынша өзгеру заңдылықтарын құруда, бейтаныс элементтер қасиеттерін болжау үшін топ ішінде элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын қолдануда: А оқушылар В,С оқушылармен тығыз жұмыс жасайды; В оқушы С оқушылармен талдауға қатысады; С оқушы сұрақтар қоя отырып, талдауға қатысады. Алдыңғы сабақпен өзара байланыстыру үшін Quizlet.com ойыны ойнатылуда топпен жұмыс жасалды. Тиімділігі: оқушылардың «Бірлесіп ойлау» мақсатында өзара қарым-қатынасты ынталандыруда, сұрақтарды бірлесе отырып талқылап, дұрыс жауабын табу. Тиімсіздігі: топқа бөлінген кезде А,В,С оқушылары бір топқа жиналып қалды.

Бағалау критерийлерін нақтылап анықтауда мұғалімнің бағыттаушы сұрақтары арқылы балалардың бірлесе жұмыс жасауында С тобындағы балалар белсенділік көрсетті.

Мұғалім сыныпқа, оқушылар бір-біріне сұрақтар қоя отырып галогендердің физикалық қасиеттерін анықтады. Тиімділігі: тапсырма бойынша қойылған сұрақтардың жауаптары келесі сұрақтарды туындатады, сұрақтарды негізінен бақылауға алынған оқушыларға қоюға болады. Оқушылар жауап беруде ойларын толық талдай отырып жеткізуге ықпалы болды.

Келесі тапсырма зерттелмеген бейметалл фтордың қасиетін болжауға бағытталған. Бұл оқушылардың болжау, талдау дағдыларын дамытуға арналған тапсырма. Оқушылар болжап болғаннан кейін талдау жұмысы тақтада берілген дұрыс жауаптармен салыстырылды. Оқушылардың көпшілігінің болжамдары дұрыс шықты. Тиімділігі: мұғалім бағытталған сұрақтар бере отырып бақылаудағы оқушыларды үнемі талдау диалогына тартып отырды.

А.К. Алипованың өткізген сабағынан кейін А,В,С оқушылардан сұхбат алдық. Сұхбаттағы «Сіз бүгінгі сабақта өзіңізді қалай сезіндіңіз?» сұрағына С оқушының: «мен басқа пәннен сабақ беретін мұғалімдер қатысса, өзімді ыңғайсыз сезінемін. Біліп тұрғанымды айта алмай қаламын», – деген жауабын В оқушы да қоштады. Бұл бізге «проблема ішіндегі проблема» болып туындады. Мұны шешуде сабақты өткізбес бұрын үш сұрақты қамтитын сауалнама алуды жоспарладық. Сұрақтардың бірі: «Сіз бейнежазбаға түсіруге қалай қарайсыз?» болды. Оған оқушылардың 80 пайызы «қарсы емеспін» жауабын бергендіктен, математика пәнінің 1-ші сабағын видеоға түсіріп, осы видео бойынша талдауды жоспарладық.

Келесі сабақ математ ика пәнінен өткізілді. Әріптестердің ұсыныстарымен сыныптағы диалогты өрбіту мақсатында «Ойлану-Крест-Нөл» тәсілін жұппен орындауды жоспарлап, ұйымдастырдық. Өзара талдау арқылы бірлесе жинақтау мақсатында тоғыз ұяшыққа ағылшын тіліндегі қолданбалы және жабық түрдегі сараланған тапсырмалар іріктеліп, әрі өз деңгейлерін анықтау үшін Блумның ойлау дағдыларына сәйкес таңдалды. Оқушылар, әуелі бір-бірімен салыстырып, сұрақтар қою арқылы өз пікірлерін білдіре оты- рып жұппен алтауын орындаған соң, топта талдап, жинақтады. Ал, тапсырмалардың деңгейлерін сыныппен бірлесе анықтағанда үш деңгейді де орындағандарын байқады. Дескрипторлар ұсыну арқылы мұғалім тара- пынан қолдау көрсетілді және оқушылардың бір-біріне сындарлы кері байланыстар берулеріне мүмкіндік жасалды. Сәтсіз тұстары: оқушылардың барлығы қатар тұрған алтауын шығарған, демек нұсқаулықты айтқан соң барлығының түсінгенін қайта тексерілмегендігі. Бұл жағдайда, тіпті Аоқушылардың «ашықтығы» байқала қоймағанын аңғардық. Сәтті тұстары: нұсқаулықты дұрыс түсінбеулерінің себебінен барлығының қатар тұрған алтауын шығарып, топпен өзара талдаулары ұтымды болды. Өзара диалог болды, бірлесе талдады, бір-бірінің шешімдеріне бірден келіспей, топтағы басқа оқушымен және мұғаліммен өзара ой бөлісіп, нақтылады, осылайша әңгімеде дәлелдемелер «көрінді»[3,41-б]. Бұл әрекет В оқушыдан байқалды. С оқушы А оқушының қолдауын қажетсінгенімен, В оқушыға геометриямен байланысты тапсырмада «үшбұрыштар теңсіздігінің» қолданылуы бойынша өз ойын дұрыс айта білді. Ұсыныс: уақыт жағынан ұтымды болу үшін тапсырмалардың қазақ тіліндегі аудармаларын қатар беру; жұптастырып отырғызғанда С деңгейлі оқушыларды бірге отырғызбау.

Егер, осылайша видеоға түсіріп отырсақ, мәселенің шешілмейтінін түсіндік. Ақылдаса келе, кіріктірілген сабақтар өткізуге тоқталдық. Себебі, кіріктіріп оқыту оқушылардың ойлау қабілеттерін белсендіруге, танымдық белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамытуға ықпал етумен қатар, пәнішілік байланыстан пәнаралық байланыстарға өтудегі әрекет тәсілдерін бір нысаннан басқаларға көшірулеріне мүмкіндік береді және сенімділіктерін де арттыра түседі [4,5-б].

Математика пәнінен екінші сабақ 12-ақпанда өтілді. Әріптестердің ұсыныстарын ескеріп, сабақ жоспарына өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, оқушыларды жұптастыруда алдыңғы сабақты талқылаудағы ұсыныстарды ескере отырып, саралап отырғызылды. Оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюларын жоспарлауды ұйғардық, себебі «бастама-жауап-кейінгі әрекет» моделі бойынша қойылған сұрақтардан гөрі, оқушылардың бір-біріне қойылған сұрақтары сыныптың білім алуына ықпалын тигізеді екен[3,42-б]. Сабақ басындағы «Математикалық диктантта» оқушылар бір-біріне өткен тақырыптар бойынша шолу ретінде сұрақтар қойып, нәтижесін өзара бағалады, сосын сыныппен бірлесе талданды. Бақылап, қажет болған жағдайда мұғалім тарапынан бағыт-бағдар берілді.

Жұппен жұмыстағы тапсырмаларды орындамас бұрын, физикаға байланысты есепті шығару үшін, теориялық тұрғыда Б.К. Сыдыкова екі күштің бір нүктеге әсері, тең әсерлі күшті түсіндіріп өтті. Себебі, физикаға байланысты мынадай тапсырма болды:

№1032. Шамасы жағынан тең екі күш бір-бірімен 720 б ұрыш жасай бірн үктеге түсірілген. Егер оларға теңәсерлі күштің шамасы 120 Н болса, онда осы күштердің шамаларын табыңыз.

     

Сәтті тұстары: тәсілді қолданып жеке жұмысты орындамас бұрын, физика пәнін кіріктіру арқылы түсіндірілді; бірден мұғалімнің кері байланысты беруі; дистракторлары бар жабық түрдегі тапсырманың берілуі оқушының «сенімсіздігінің» алдын алады, әрі нақты оқу мақсаты бойынша білімдерін тексеруге мүмкіндік береді [5]. Сәтсіз тұстары: жабық түрдегі тапсырманы кейбірі шығармай, бірден «ойдан» белгілей салуы, дұрыс жауапты таңдауына мүмкіндік береді.

Топпен жұмыста оқушылар нұсқаулық көмегімен формулаларын, әуелі болжап сосын қорытулары керек болды. Ол үшін практикалық тапсырманы орындады: қайшымен үшбұрыштарды қиып, тік төртбұрыш құрастырды. Биіктігі мен табаны бойынша үшбұрыштардың аудандарын анықтап, оларды қосып үлкен үшбұрыш ауданын тапты. Осы табылған ауданды құрастырылған тіктөртбұрыш ауданымен теңестіре отырып, нәтижеге жетті.

 

Нұсқаулықты тиімді қолданулары үшін, АВС оқушыларға сәйкес сұрақтар қою арқылы нақтыланды: С оқушыға: «Формуланы қорыту үшін нені қолданамыз?», В оқушыға: С.О. менің сұрағыма қалай жауап берді?», Аоқушыға: «Нұсқаулық бойынша ең негізгі іс-әрекет қандай екен?». Сонда, оқушылардың назарлары бірден сұрақ пен жауапқа қарай бағытталып отырғанын байқадық. Сәтсіз тұстары: қайшыны қолдануда қауіпсіздік техникасының сақталуы. Сабақтың оқу мақсаты мен зерттеушілік әңгіменің жүзеге асқанын көру үшін жоспарланған «Рефлексивті нысана» тиімді болды .

 

Сәтті тұстары: зерттеу тақырыпқа бағытталған, диалогтік оқытудың жүзеге асқанын айқындау мүмкіндігі бар.

Сәтсіз тұстары: «Достарыма сұрақтар қойдым» ширегін оқушылар тағы да екі ширекке бөлуді ұсынды, яғни: көмек алудағы және басқаға кері байланыс берудегі сұрақтардың қойылуы.

Сабақты зерттеу үдерісі бойынша қорытынды:

Осындай қысқа уақыт аралығында айтарлықтай нәтиже алып, барлығын «күшті» еттік деп айта алмаймыз, дегенмен де сабақты зерттеу барысындағы сабақты жоспарлау, талдау, талқылау, қайта жоспарлау, сабақты бақылау, АВС оқушыларды бақылауды талдау бойынша ІІІ тоқсан БЖБ-лары бойынша физика пәнінен қорытынды нәтижелер: әрбір келесі сабақтарымызды жақсартуда тиімді рефлексия жасай білдік. Осылайша, зерттеу тақырыбымызды жүзеге асыруда сыныптағы оқу мен оқытуда әжептеуір жетістікке жеттік, яғни үш пәннің соңғы бөлімдері бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінің «өте жақсы» көрсеткіштерін алдық; «оқушы үнін» ескере отырып, сыныптағы зерттеушілік әңгіме арқылы оқушылардың талдау және жинақтау дағдыларын дамытуға оң ықпалын тигізуде тиімді әдіс-тәсілдерді, сараланған тапсырмалар мен ресурстарды жоспарлап, өткіздік; ең негізгі нәтиже: Соқушының Воқушы деңгейіне жеткенін байқадық; пәндерді кіріктіріп өткізу анықталған негізгі проблеманы шешудің «көзі» болды.

ІІІ тоқсан БЖБ-лары бойынша математика пәнінен қорытынды нәтижелер:

 

ІІІ тоқсан БЖБ-лары бойынша физика пәнінен қорытынды нәтижелер:

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, ІІІ деңгей. – Астана: «НЗМ» ДББҰ ПШО, 2018.

2. Lesson Study: нұсқаулық, Пит Дадли.

3. «Тиімді оқыту мен оқу», МАН. – Астана: «НЗМ» ДББҰ ПШО, 2016.

4. Оқу әдістемелік құрал, Ағылшын тілін және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді (инфор- матика, физика, химия, биология, жаратылыстану) кіріктіріп оқыту, ҚР Білім және Ғылым министрлігі. – Астана, 2016.

5. https://vuzlit.ru/712892/dostoinstva_nedostatki_testov

6. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 1-деңгей. – Астана, 2016

 

 

Учитель - исследователь






 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no