электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Учитель - исследователь

 

   

Архив статей 2020г.

 

Биология мен химия сабақтарында оқушылардың талдау дағдысын ашық сұрақты тапсырмалар қолдану арқылы дамыту

№7 (198) сентябрь 2020г.


ҮБІШЕВА Т.К., биология пәнінің мұғалімі
ӘКІМОВА Э.Т.,
МОЛДАБАЕВА М.С.,
ШОҢҒАРБАЕВА М.Д., химия пәнінің мұғалімдері Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

 

Қазіргі таңда білім беру үрдісі тұрақты өзгерістермен жетілдіріліп келеді. Заманауи технологиялардың дамыған кезеңінде, болашақ түлектеріміз мектепті бітіргеннен кейін, өздерін өмірде тапқандары дұрыс. ХХІ ғасырдың керекті дағдылары, ол – сыни тұрғыдан ойлау, өзара әрекеттесу мен қарым-қатынас жасау және бизнеске шығармашылық көзқараспен қарау қабілеттері болып табылады. Жаңа білім стандарты мұғалімдерден жаңа әдіс-тәсілдерді, сыни ойлауды, топтау, бағалауды талап етеді. Демек, заманауи мұғалім оқушының білім деңгейін, қажеттілігін, қабілетін және қызығушылығын ескере отырып, білім беруі тиіс. Ол үшін мұғалім үнемі кәсіби біліктілігін шыңдап отыруы қажет. Мұғалім тәжірибесін жетілдірудің бірден-бір жолы – сабақ зерттеу болып табылады. Аталған мақсат пен міндеттерді іске асыру барысында біз биология мен химия пәндерінің мұғалімдері зерттеу тобын құрып, зерттеу жұмысын Lesson study әдісі арқылы жүргіздік.

Бұл тәсіл Жапонияда XIX ғасырдың 70-ші жылдарында құрылған. Lesson Study – мұғалімнің сабақтағы іс-әрекеттерді зерттеуі арқылы білімнің жақсаруына ықпал ететін әдіс [8]. Бізді зерттеу тобын құруға ортақ мәселе біріктірді. Химия және биология пәндерінен 9 сыныптардың бірінде оқушылардың тоқсандық жиынтық бағалау нәтижесі қатарлас сыныптармен салыстырғанда төмендігі байқалды. Аталған мәселені нақтылау үшін әріптестер лас сабақтарға қатысып, бірге бақылаулар жасады. Сонымен, оқушылардың талдау дағдысын тексеруге арналған тапсырмалар орындауда қиындықтар кездесетіндігі анықталды. Оқушыларға ұсынылған тапсырмалар деректерді салыстыру, ерекшеліктерін бағалау және мазмұны бойынша қорытындылау болды. Нәтижесі аналитикалық ойлау қабілеті санатындағы оқушылардың пайызы: қанағаттанарлық – 30 %, жақсы – 40 %, едәуір жақсы – 30 %, ал талдау қабілеті өте жақсы деп қорытындылайтын оқушы болмағанын көрсетті. Осылай, оқушылардың талдау дағдысының дамуына ашық тапсырмалар қолдану қалай әсер ететінін зерттеуді көздедік.

Мәселені шешу мақсатында келесі зерттеу сұрақтары қойылды:

1) Оқушылар талдау сұрақтарына жауап беру үшін немесе талдай отырып ойлау қабілеттерін дамытуға көмектесетін қандай стратегияларды қолданамыз?

2) Талдау дағдысының даму динамикасын қандай көрсеткіштермен анықтаймыз?

Біз аталған сұрақтарға жауап іздеу барысында біршама оқу ағартушылық және әдістемелік әдебиеттерге шолу жасалынды. Оқушылардың талдау дағдысы тек мектепте ғана емес, жоғарғы оқу орынында білім алғанда, болашақта қандай кәсіпорында жұмыс істегенде де маңыздылығы ерекше. Бүгінгі оқушылар ертеңгі еңбек нарығына шығатын жұмысшылар және дағдысы, қабілетімен бағаланады. Олар ата-әжелері мен ата-аналарының қызмет еткен жұмыс орындарындағы дәстүрлі шеберліктерінен едәуір ерекшеленеді. Сондықтан, оқушылар ақпаратты талдай, синтездей және нақты жинақтай алуы қажет. Алған жаңа білімді пайдалану үшін мақсатты зерттеулер жүргізеді, басқалармен тіл табысып, жұмыс жасай алады. Шын мәнінде біз оқушыларды үздіксіз өзгеретін технологияларға, әлеуметтік, экономикалық және жаһандық жағдайларға жауап беру арқылы оқуға үйретеміз, дағдыларын қалыптастырамыз (Б. Баррон, Л. Дарлинг-Хаммонд, 2008 ж). Сондай-ақ, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы мен ойлау дағдыларын дамытуды зерттеген Мичиган университетінің докторы П. Фасионе талдау дағдыға берген анықтамасында: «Бұл ХХІ ғасырдың міндеттерін орындау үшін қажетті сенімдер немесе сипаттамалар, мәлімдемелер, сұрақтар, тұжырымдамалар, себептер, пікірлер мен ақпараттармен қорытындының өзара байланысын анықтау мен шынайы қорытындыны ажырата алу мүмкіндігі» екенін атап көрсетті [4]. Ол талдай отырып, ойлаудың төрт көрсеткішін ұсынды: ақпарат пен идеяны түсіндіру, ұсынылған ақпараттың шын мәнінде ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау, болжамды дамыту, шешім қабылдау үшін тұжырымдаманың бір бөлігі немесе ұсыныстардың өзара байланысын сипаттау. Негізінде талдаудағы Блум таксономиясында жоғарғы деңгейдегі ойлау дағдылары болып табылады. Бұл дағды бірқатар қабілеттерді қамтиды. Атап айтатын болсақ, ақпараттағы негізгі ұғымдарды, идеяларды анықтай алу, салыстыру, зерттеу жүргізу және өзгерістердің себептері мен салдарын түсіндіру, тұжырымдамалардың өзара байланысын табу, ажырата алу мен қорытынды жасау болып табылады. Осындай қабілет пен дағдыларды дамыту үшін тиімді әдістәсілдер қолдану қажет. Оқыту әдістері туралы Д. Дьюи «Егер біз бүгін балаларды кешегідей оқытатын болсақ, олардың болашағын ұрлағанымыз» -дейді. Зерттеушілердің көп бөлігі өз еңбектерінде талдау дағдыны дамытуда сұрақ қою стратегиясының тиімділігін көрсетеді. Ал М. Келли болса, оқушыларды талдауға жеткізетін сұрақ қоюдың нақты сегіз әдісін ұсынды. Сұрақтар білімді нақтылау, жауапты толықтыру, еске түсіру, негіздеу, қайта бағыттау, себебін анықтау, жауабын негіздеу мен басқа тақырыппен байланысын анықтау мақсатында қолданылады [6]. Бұл әдістер бойынша мұғалімнің сыныпта оқушылармен жүргізген ауызша талдау сұрақтары мен оған жауап беруді талап етуі өте маңызды. Бірқатар әдістерді қолдану оқушылардан толығырақ жауап алу яғни, талдауға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен, бірқатар әдебиеттерге шолудан соң, зерттеу тобындағы мұғалімдермен талқылау нәтижесінде әдістер таңдалды. Оқушылардың талдау дағдысын дамыту үшін зер деленген стратегиялар негізінде айналымдарда төмендегідей әдіс-тәсілдер қолдану жоспарланды:

Біз ашық сұрақты ой шақыру кезеңінен бастап қолдануды ұйғардық. Мұғалімнің сынып толы оқушыларға «Сұраққа кім жауап береді?» деп сұрақ бағыттауы, тек қол көтеріп белсенділік көрсеткен бірнеше оқушының жауап беруіне түрткі болуы ықтимал. Олардың жауабы бүкіл сыныпты бағалау үшін өлшеуіш құрал ретінде қызмет етуі де мүмкін деп Б. Химмел өзінің зерттеу мақаласында атап көрсетті [6]. Ашық сұрақты тапсырмадан бастау мақсатымыз сабақтың алғашқы кезеңінде оқушылардың барлығын қамту болатын. Ол үшін «Тақтаға шашу» әдісі таңдалды. Себебі ашық сұраққа оқушылар өз болжамын жеке ұсынады және оны жұбымен талдайды. Олардың белсенді ойлауына түрткі болып, өз бетінше болжамды жауап қалыптастыруға баулиды. Өз болжамын сыныптар жауаптарымен іштей салыстыра отырып, дұрыс шешім қабылдауға жетелейді. Сабақтың бұл кезеңі оқушыларды ашық сұрақ бойынша ойлануына, жауап жазуға итермеледі. Әдістің келесі шарты бойынша жазған жауабын жұбына ауызша түсіндіру дағдыларын арттырды. Жауап жазылған стикерді тақтаға жабыстыру үшін ортақ шешім немесе дұрыс жауапты таңдау жасауға үйренді.

Мағынаны тану кезеңінде көрген бейне ақпаратты түсіну деңгейінен талдау деңгейіне жеткізу мақсатында «Видеоанализ» әдісі қолданылды. Бейне ақпараттан соң оқушыларға төрт бөліктен тұратын мозайкалы үлестірмелі парақтар ұсынылды. Әдіс үш-төрт оқушыдан құралған кіші топтарға арналған. Тапсырма дифференциациялы сипатта болды. Өйткені, топ түрлі деңгейдегі оқушылардан құралған. Әрбір оқушы бір үлестірмелі парақтағы өзіне тиісті сұраққа жеке жауап жазды. Кейін мозайкалы үлестірмелі парақтарды топта біріктірді. Бұл әдіс оқушылардың жауаптарымен топта бөлісуге, әр сұрақ бойынша идеяларды талқылауға мүмкіндік берді. Топта өзара оқыту жүзеге асып, сараланған тапсырмалар өзара түсіндірілді. С деңгейдегі оқушының В деңгейге, ал В деңгейдегі оқушының А деңгейге ішкі уәжі артып, сабақ мақсатына жету үшін алға ұмтылыс көрініс берді. Дұрыс таңдалған әдіс пен ұйымдастырылған топтық жұмыстар дифференциациялы ашық тапсырмаларды орындауға, өзара оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Үшінші айналымдағы «Әткеншек» әдісінде керісінше оқушыларды А, В, С деңгейлері бойынша бөлек топтастырылды. Олар күрделілігі бойынша сараланған ашық сұрақтармен жұмыс жасады. С деңгейдегі оқушылар тобы постерді бастау үшін мұғалімнің нұсқаулығын қажет еткенмен, әдіс бойынша айналып келген постерлерге жауап жазуда қиындықтар болмады. Себебі А, В деңгейдегі сұрағы бар бұл постерлерге жауап толықтырып отырды. Жалпы бұл әдіс оқушыларға түрлі деңгейлік ашық сұрақтарға жауап беруге, алдыңғы жауаптармен танысуға, білімін толықтыруға, жауаптар қайталанбау үшін ізденуе, талқылауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, талдау дағдысының көрсеткіштерінің бірі салыстыру да назардан тыс қалмады. Салыстыру дағдыларын дамыту үшін нақты салыстыру критерийлер ұсынылды. Төменде химия мен биология пәндерінен қолданылған салыстыру критерийлерінің үлгісі көрсетілген:

Салыстыру критерийлері сабақ мақсаттарымен тікелей байланысты. Бұл бағыттаушы құрал тәрізді оқушыны нысандардың қандай ерекшеліктеріне назар ау- дарып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Оқыту үдерісінде оқушылардың білім алуына көмектесу, талдау дағдыларын дамыту мақсатында қолданылған әдістер туралы бақылаудағы оқушылардың пікірі алынды. Зерттеу сабағынан соң олардың көзқарасы бойынша не пайдалы болғаны, не үйренгені немесе тиімдірек болу үшін нені өзгертуге болатыны туралы сұралды. Оқушылар кері байланысын бейесімді ұйымдастырғанда, көзқарастары шынайы, еркін болды.

Әр айналымдағы олардың кері байланыстарының сараптамасы бойынша «Видеоанализ», «Тақтаға шашу», «Шеңбер бойында» және «Әткеншек» ең ұнайтын үйретуші, тиімді әдістер қатарынан орын алды.

Әдістердің тиімділігі туралы А тобындағы оқушылар жауабында сыныптастарға айту және олардан түрлі жауаптар есту арқылы қорытынды жасау мүмкіндігі, ал В және С тобындағы оқушылар көп жаңа ақпараттар алу мен дұрыс жауап қалыптастыру мүмкіндігі болғанын көрсетті. Дегенмен, оқушыларға ұнаған әдістер олардың оқу үдерісінде ойлау белсенділігін арттырумен қатар ішкі уәж ретінде де әсер ететіні белгілі. Олардың көзқарастары әр айналымдағы әдістерді сынып ерекшеліктеріне қарай таңдауға, бейімдеп қолдануға көмектесті.

Оқушылар мен мұғалімдердің кері байланыстары топ мүшелерімен бірлесіп сарапталды. «Тақтаға шашу» әдісін сабақтың ой шақыру және жаңа білімді бекіту кезеңдерінде қолдану тиімді болғаны анықталды. Сондай-ақ, бұл әдістегі ашық сұрақ оқушылардың қызығушылығы мен тапсырма орындау үшін ішкі ұмтылыстарын арттыратын қызықты және өмірмен байланысты болуы маңызды. Сұрақ жауабын табу үшін сабақтың келесі кезеңдеріндегі ақпараттарды зерделеу, талдай отырып ойлану, дұрыс жауапты ажырату жүреді. Ал бұл процестер есте сақтау қабілетін арттырды. «Видеоанализ» бен «Әткеншек» бейне және көлемді ақпараттарды топта қорытындылаумен қатар дифференциациялы ашық тапсырмалар арқылы сыни ойлауды қалыптастыруды жүзеге асыратын әдістер болды. Осы әдістердегі орындаған тапсырмалар арқылы талдау дағдыларының көрсеткіштері бақыланды. Сабақты зерттеу барысында талдау дағдысының динамикасы бағалау парағы арқылы анықталды. Көрсеткіштер пәнге және оқу мақсатына байланысты өзгертіліп отырды.

Әр әдістің талдау дағдыларды дамытуға бағытталуы олардың оқу жетістіктеріне оң әсерін тигізді.

Бақылау барысында талдау дағдысының көрсеткіштері салыстырмалы түрде әртүрлі болғанымен, бөлімге жиынтық бағалаудағы ашық тапсырмаларды орындауда біркелкі ілгерілеуді көрсетті. Сәйкесінше, бұл тоқсандық жиынтық бағалауда оқу жетістігінің өсуіне әкелді. Екі пән бойынша ең көп ілгерілеу С оқушыда 12-15 % аралығында, В оқушыда 4-7 % аралығында, ал А оқушыда 1-2 % аралығында болды.

Мұғалімдердің бақылау парақтарының қорытындысын тұжырымдай келе, оқушылардың талдау дағдыларын дамытуға жетелейтін бес қадам анықталды.

Барлық оқушыны оқу үдерісінің алғашқы кезеңінде оқуға тартатын тиімді әдісті таңдау қажет. Бұл кезеңде тақырыпқа байланысты оқушыларды қызықтыратын ашық сұрақтан бастау, олардың талпынысын, сыни тұрғыдан ойлау мен белсенді ойлауына ықпал етеді. Зерттеудің алғашқы бөлімі болжам жасауға дағдыланады.

Топтық жұмыста түрлі дифференциациялды ашық сұрақтар ұсыну, оқушылардың қажеттілігі, қабілеті мен ерекшеліктерін ғана қанағаттандыру ғана емес, өздері оқыған мазмұнды қарау және талдау арқылы ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Бұл әдіс әсіресе көп мөлшерде мазмұн ұсынылған кезде тиімді жүзеге асады.

Салыстыру тапсырмаларын орындау үшін салыстыру критерийлерін ұсыну, салыстыратын нысандар, тұжырымдар немесе сипаттамаларға тән ерекшеліктерімен жұмыс істеп, ажыратуға мүмкіндік береді.

Сабақ кезеңдеріндегі ашық тапсырмада «неге?», «қалай?», «себебі неде?» және «басқаша айтқанда?» сұрақтарын жиі қолдануы маңызды. Егер оқушы жауа- бы толық болмаған жағдайда мұғалімнің нақтылау, еске түсіру, негіздеу, қайта бағыттау, дәлел келтіру және байланыстырушы сұрақтар қоюы, оқушыларды дұрыс жауапқа бағыттайды, ойын жүйелеп, нақты жауап қалыптастыруға қолдау болып табылады. Осылай, оқу үдерісінде тұрақты ой белсенділігін қамтамасыз ету арқылы оқушыларды талдай отырып, ойлануға баулу әрбір мұғалімнің міндеті.

Ақпарат ағыны мол бұл заманда әр тұлғаның дамыған талдау дағдыларына ие болуы, оның болашағында дұрыс шешім қабылдауына, қажетті мамандық иесі болуына септігін тигізетіні анық.

Ал өткізілген сабақты зерттеу – мұғалімнің шеберлігін шындайды.

Мұғалімнің жетекші идеялары – бұл оның өзіндік білімі, ол өзінің тәжірибесі мен әріптестерінің кәсіби білімі мен жеке сенімі тұрғысынан тәжірибесін түсінуінің нәтижесі ретінде дамып келеді.

Мұғалімнің кәсіби тәжірибесін рефлексиялық талдау мәдениетін игеруі оның кәсіби және тұлғалық жетілуіне ықпал етеді.

Қолданылған әдебиет

1. Сабақты зерттеу – бірлескен оқу тәсілі: әдістемелік нұсқаулық/К.С. Абдрахманова, Б.К. Ділманов. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы», 2017ж.

2. 100 методов активного обучения: методические рекомендации/Байгаринова Ж.К. – Астана: АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» Центр педагогического мастерства, 2017ж.

3. Пиаже Жан: Теория, эксперименты, дискуссии / Под ред. Обуховой Л.Ф., Бурменской Г.В. – М., 2001.

4. П. Фасионе «Критическое мышление: что это такое и почему это важно», 2011 стр 1–28

5. М. Келли, «Как способствовать обучению и критическому мышлению», журнал «Edutopia», 3.03.2019 г

6. М. Келли, «8 методов опроса, чтобы заставить студентов анализировать», журнал «Edutopia», 19.02.2019 г

7. А. Томас , Г. Торн, «Как увеличить мышление высшего порядка» журнал «Edutopia», 8.11.2017 г

8. LessonStudy: теория и практика применения. Пит Дадли. (Великобритания) http://fi gym.kz/uploads/LS_tpp.pdf

9. https://www.thoughtco.com/components-of-a-well-writtenlesson- plan-2081871

10. https://www.thoughtco.com/teaching-4132488

11. https://achievethecore.org/category/1158/ela-literacy-textdependent- questions

 

 

 

Учитель - исследователь






 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no