электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2013 г.

 

Интербелсенді оқыту құралдары арқылы курс тыңдаушыларының танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру

№ 9 (130) ноябрь 2013г.


БЕКМАҒАНБЕТОВА Г. К., Қостанай қ. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы, Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ кафедрасының аға оқытушысы

 

«Нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек». Абай

Қазіргі кезде орта білім саласында көптеген реформалар болып, түбегейлі шаралар қабылданып жатыр. Елбасының қолдауымен заманға сай білім беру құрылымы белсенді қалыптасып келеді, педагог мәртебесін көтеру, мұғалімдерге лайықты еңбекақы төлеу, олардың біліктілігін арттыру, орта, арнаулы, жоғары оқу орындарында мұғалімдер даярлау жүйесіне түбегейлі өзгертулер керек. Өздерің білесіңдер, Елбасының тап- сырмасына сәйкес 2012 жылдан бастап, педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесін түбегейлі өзгертуді Назарбаев Зияткерлік мектептері мен «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы әлемдік тәжірибе негізінде жүзеге асыруды қолға алуда. Педагог кәсібінің қоғамдағы мәртебесін жүйелі түрде арттыру да бұқаралық ақпарат құралдары, үздік мұғалімдердің жетістіктерін насихаттау, педагогикалық байқаулар, ата-аналар- мен, жұмыс берушілермен өзара байланыс арқылы жүргізілуде. Әлемдік тенденцияларға талдау жасасақ, мектепке дейінгі тәрбиенің мектепке дейінгі білім беруге, ерте жастан оқытуға,жан-жақты дамытуға айналып келе жатқанын көреміз. Сондықтан, біз мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің мазмұнын және әдістерін әр баланың жеке қабілетін дамытуға бағыттай отырып, қайта қарауымыз керек және білім беретін жаңа буын педагогтарын кәсіби құзыреттілікке бағыттап даярлау талап етілуде. Ата-аналарды барлық білім беру деңгейінде белсенділік танытуға шақырып, тиімді байланыс жасау механизмдерін қарастырған жөн. Біздің ойымызша, мектепке баланы дайындау үшін, мектепке дейінгі ұйымдар түлектерінің моделін, мектеп оқушысының, болашақ тәрбиеші мен оқытушының моделін жасақтаудан бастаған жөн. Модель жасақтау портфолио арқылы қалыптасады.

Білім беру мекемелерін оңтайландыру, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру жолдарын тиімді енгізу қажет. Қазақстанда мұғалімдердің біліктілік және кәсіби міндеттерді орындау деңгейі төмен, білім философиясы – оқушы, оқушы – мұғалім арасындағы қарым- қатынас, зерттеу жұмысы, жоба қорғау жұмыстарына бейімделмеген, оқытушының әдістемелік дайындығында және практика лық жұмысында оқушыны тұ лға ретінде қалыптастыруқарастырылмаған, ақпараттық технологияны пайдалану арқылы тыңдаушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіруге көңіл бөлінбеген. Бұл көрсетілген кемшіліктер мұғалім даярлау және жас мұғалімдерді ғылыми әдістемелік жұмыстарға тарту білім ұйымдары директорларының аталған бағыттарға көңіл бөлмегендіктерінің нәтижесінде деп ойлаймын. Біздің тәжірибемізден, басшының басқаруы мен мұғалімдердің біліктілік және кәсіби міндеттерді орындау деңгейін көтеру үшін төмендегідей нақты ісшаралар қолға алыну керек.

Біріншіден,логикалық есептер, құзыреттіліктерді қа лыптасты ру ға бағыт та лған тапсы рма лармен жұмыстану нақты қолға алыну керек.

Екіншіден,нәтижеге бағытталған педагогикалық технологияларды енгізу арқылы білім беру стандарттарын, оқыту бағдарламаларын,деңгейлік тапсырмалар жүйесі енгізілген оқулықтарды құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағыттап жасақтау арқылы білім беру стандарттары мен мектеп оқулықтарының сапасын арттыруға болады.

Үшіншіден,мектептегі білім сапасын бағалаудың тиімді жүйесін әзірлеу керек. Әлемдік практикада білім сапасы нақты критерийлерге сәйкес, білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жалпылау мақсаттары бойынша бағаланады. Сондықтан да мұғалімдер өздігінен құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған деңгейлік тапсырмалар жүйесін құрастырып, оны шешуге үйренсе, бағалаудың критерилерімен танысса, ол үшін ғылым жаңалықтары туралы семинар, конференциялар ұйымдастырылып, педагогтардың функционалдық, әдістемелік сауаттылығы қалыптастырылады.

Төртіншіден, көпшілік мектептердегі оқу сапасын элиталық білім беретін мектептердің деңгейіне жеткізу және Назарбаев Зияткерлік мектептері үлгісінде корпоративтік басқару, педагогикалық менеджмент элементтерін енгізу керек. Қамқоршылық кеңестердің өкілеттігін заңды түрде бекітіп, олардың оқу сапасын бағалау, мектеп басшылығын тағайындау ісінде рөлін арттыру қарастырылады.

Орта білімнің сапасы мен бәсекеге қабілетін арттыру үшін көптілді оқытуды енгізу жұмыстарын жалғастыру қажет.

Ғылым, техника, мәдениет жылдам дамып отырған қоғамда педагогтарды даярлау жұмысына баcа назар аударылып отыр. Міне, сондықтан, білім беру педагогтарының біліктілік арттыру жүйесінің алдына бастауыш сынып мұғалімдерінің танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру болып отыр.

Президентіміз Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2011 жылдың 28 қаңтардағы жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс деп, ал 2005 жылы «Ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен анықталады» және 2007 жылдағы жолдауларында республикамыздағы жалпы білім деңгейінің сапалы болуы және оны алдыңғы қатарлы дамыған елдердегі берілетін білім деңгейлерімен бәсекелестіктің жоғары сатысына дейін көтерілу керектігін атап өткені баршамызға мәлім. Соған байланысты бүгінгі күнгі еліміздегі білім беру жүйесінің негізгі міндеттері – ол қазіргі заманғы талаптарға және қабылданған әлемдік стандарттарға сай келетін ұлттық білім жүйесін жасау және қалыптастыру мәселелері [1].

Қазақстанның медициналық білім беру жүйесі медицина мамандарын даярлау сапасын көтеруді, бәсекеге қабілетті және халықаралық деңгейдегі жаңа буын мамандарын даярлауды мақсат етіп қойып отыр. Яғни, бұл қазіргі білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етуде. Әсіресе білім берудің кредиттік технологиясы жүйесіне көшу бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу орындарында ұзақ жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі әдістерден біртіндеп бас тартуға, оқытудың академиялық және ұйымдастыру құрылымдарын өзгертуге, әдістері мен технологиясын жаңартуға көшкен. Ал жаңа білім беру технологиялары дегеніміз – ол мәселелерге бағытталған білім беру және білім саласындағы тәжірибе мен инновациалық техника, білім берудегі интербелсенді (интерактивті) әдіс. «Интерактив» термині біздерге латынның (inter –өзара, act- әрекет ету) сөз тіркесінен келген. Интерактивті оқыту тұжырымдамасы мен технологиясы интеракция (латын сөзі – interaction – өзара әрекет жасау, бір-біріне әсер ету) құбылыстарына негізделген.

Интерактивті дегеніміз – өзара әрекет жасау немесе әлдебір нәрсемен (компьютермен), я болмаса әлдекіммен диалог құру, сұхбаттасу тәртібінде ой қабілетін білдіреді. Сонымен тыңдаушының-компьютер-оқытушымен өзара әрекеті барысында білім алушылар шығармашылық қызметке үйренудің жаңа әдістері технологияларымен тез танысады. Тыңдаушының дербес компьютермен тікелей өзара әрекет жасауы оқу – шығармашылық қызметінің бір түрі болып саналады. Яғни, тыңдаушының компьютермен өзара әрекет жасауы Интернетке кіруі, ондағы білім ресурстары мен технологияларын қолдануы: бейне және чат, электронды үкімет және пошта т. б. осындай әдіске орай интерактивті оқыту технологиясы құрамына бірқатар технологиялар енеді [3,4]:

- өзара таным технологиясы (өзін-өзі таныстыру, әріптестерді өзара тану тәсілдері);

- өзара түсінік технологиясы (тілдік қарым-қатынас құралдар, тілдік емес қарым-қатынас технологиясы);

- өзара әрекеттесу технологиясы (жеке, синхронды және асинхронды бірлескен).

Сонымен, интерактивті оқыту дегеніміз – бұл білім курс тыңдаушыларының танымдық қызметін ұйымдастырудың арнайы формасы. Ол толыққанды нақты әрі болжанушы мақсаттарға ие. Оқытушы курс тыңдаушысына дайын білім мен шешімдерді бермей, өз бетінше ізденуге баулу, яғни оқытушының бұл жердегі міндеті ізденушінің бастама көтеруіне қолайлы жағдай жасай білуі. Сонымен интерактивті оқыту – интерактивті оқыту әдістерін пайдалануды қарастырады. Бұл әдіс – ең алдымен оқыту барысында оқытушы мен тыңдаушы арасындағы белсенді өзара әрекет, оның шығармашылық қабілетін дамыту, өнертабыс пен жаңалық ашу. Әдістерге тоқталмас бұрын, мынаған тоқталайық, мысалы, 72 сағат аудиториялық, қалған 62 сағат аудиториядан тыс өзіндік жұмысы. Сол аудиториялық (практикалық) жұмысқа арналған кейбір тақырыптарды өткізу барысында қолданылатын әдістерге тоқтала кетейік. Айталық, «21 ғасыр сабағы» тақырыбы бойынша «Өрмекші» сызбасын қолданған ыңғайлы. Себебі, бұл әдіс – сызба берілген тапсырманы орындау барысында меңгерген ақпараттарын оқытушы ретінде бір-бірімен алмасады.

Ал «Мектеп оқушыларының функциолналдық сауаттылығын дамытудың 2011-2016 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» тақырыбы бойынша жұмыс істеген кезде «101 техника» оқу құралындағы техникаларды пайдаланған тиімді. [5]. Ал, бұл әдісте тыңдаушылар өз таңдауын нақты ғылыми деректермен растай отырып, себеп-салдарлық байланыстарды орнату арқылы өз қөзқарастарын білдіреді немесе белгілі бір адамдар шеңбердің пікірімен келіседі.

«Мемлекетті басқарудағы ақпараттық технология. Қазақстанда электрондық үкіметтің дамуы мен қалыптастыру кезеңдері» атты тақырыптарда келесі әдістерді қолданған жөн. Айталық, сабақ барысында біріншіден интерактивті тақтаны пайдалану, екіншіден Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама міндеттерін (интернет желісінің қазақстандық сегментін дамыту; ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту; цифрлық телерадио хабарларын таратуды дамыту; ақпараттық-коммуникациялар саласында білім беруді дамыту; электрондық қызметтерді және электрондық үкіметті дамыту) талқылау кезінде пікірлер шкаласы әдісін қолдау [2]. Бұл әдісте – осы интерактивті әдіс арқылы студент өз пікірін білдіреді. Оны бірнеше ғылыми негізделген тұжырымдамалармен, теориямен және өзінің өмірлік тәжірибесімен дәлелдейді. Ал егерде қиялдағы серуен әдісін қолданатын болсақ, белгілі бір білім беру ортасын моделдеуден құралады, сол арқылы виртуалды шынайы жағдайға үйрету мүмкін болады.

Келесі тағы бір әдіс – медиация әдісі. Бұл әдіс – таныс және бейтаныс жағдайларда оқытушы мен тыңдаушы арасындағы қатынастарды жобалаудан тұрады, мұнда оқытушы сарапшы рөлін атқарады. Осы әдісті өзіндік жұмысқа арналған «Бастауыш сынып мұғалімдерінің танымдық қабілеттерін басқаруда ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) енгізу тәжірибесі» атты тақырыбында қолданған ыңғайлы.

Курс тыңдаушылары үшін өзіндік жұмыстың атқаратын қызметінің маңызы зор. Қазіргі жағдайда оның мәні даму тенденциясымен байланысты. Жоғары білікті мамандарға қойылатын талаптардың қатарында толассыз ақпараттар ағынында өз бетімен бағдарлай білуге, ұдайы кәсіби біліктілікті жоғарлатуға және өзін-өзі жетілдіруге маңызды орын беріледі.

Тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға қажетті тапсырмаларды дайындау – өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны бәрімізге мәлім. Яғни, тыңдаушылардың ойлау қабілетіне, дарындылығына, дайындығына байланысты оның өзіндік жұмыс істеуі үшін, белгілі таным кезеңдеріне байланысты дидактикалық материалдар дайындап, мүмкіндік жасау қажет.

Сонымен жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып мынандай тұжырымға келуге болады. Білім беру саласында шешілуі тиіс мәселердің бірі, өмір талабына сәйкес оқыту әдістерін анықтау болып табылады. Себебі, курс тыңдаушыларының біліктіліктерін арттыруға қойылатын талаптардың бірі – маманның білімі нарыққа сай сұранысты қанағаттандыруы, сонымен қатар нақты бір мәселені шешу барысында өз біліктілігі мен икемділігі болуы шарт. Яғни, осы ғасырдағы педагогика мәселелерін шеше алатындай, білім беру және тәрбиелеу талаптарын орындай алатын, білікті бастауыш сынып мұғалімінің біліктілігін арттыру. Олай болса, интерактивті оқыту технологиясы – бүгінгі таңда жоғары кәсіби педагогикалық білім берудің ажырамас бөлігі болып табылады және оны біліктілік арттыру курстарының іс-тәжірибесінде кеңінен қолданылуы тиіс. Сонымен, оқытудың интерактивтілігі – виртуалды оқыту ортасындағы заманауи білім беру үрдісінің басты қағидасы болып табылады.


Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдаулары 2005, 2007 және 2011 жыл.

2. Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы.

3. Ахметов Н. К. Теория и практика игрового обучения в подготовке учителя. Алматы, РИК 1995г. 205с.

4. Машбиц Б. И. Психолого-педагогические проблемы компьютеризация обучения. М., Педагогика 1998г. 191с.

5. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың 2011-2016 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы

 
 
 

Тема номера









 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no