электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2014 г.

 

Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім берудің жаңа стандарты бастауыш білім берудің негізгі құжаты ретінде

№ 4 (135) апрель 2014г.

Ә.И.Чокушева, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының орынбасары, философия докторы (PhD)

 

XXI ғасыр адамдарынан не талап етілуі мүмкін? Бұл сұраққа жауап бере отырып, қазірдің өзінде-ақ сенімді түрде айта алатынымыз көз жетер келешекте ойлай білетін, шығармашыл, жасампаз және ізгілікті адамдардың сұранысқа ие және табысты болатындығы.

Қазіргі заманғы мәдени, әлеуметтік, экономикалық үдерістерде білім берудің шешуші демегеннің өзінде, түйінді рөлді атқаратыны белгілі болды. Бір жағынан, адам сапасы ғылым, техника, технология мен мәдениеттің жоғары жетістіктеріне сай келмей тұра алмайды, ал екінші жағынан, бұл жетістіктерді игеру, еселей түсу, сақтау қажеттілігі адамның өзінің сапасына бұрынғыдан да жоғары талаптар қояды. Осы тұста, әдетте, қамтамасыз етуші, көмекші деп есептелетін адам қызметінің маңызды саласы білім беру алдыңғы орынға шығады. Білім беру нәтижесінде уақыт талабына үн қоса білетін, құндылықтардың жаңа жүйесін жасауы мүмкін адам қалыптасады.

Бүгінгі күні қазақстандық мектептің алдында әлемдік білім беру кеңістігіндегі секілді, зерттеулер мен жаңалықтар ашудың "алтын ғасырына” енуі үшін білім беруге жаңа көзқарасты қалыптастыру, ойлау, оқыту, жұмыс істеу, шығармашылық және жалпы алғанда, өмір сүру әдіснамасын қайта қарау міндеті тұр. Соған орай ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы орта білім беру саласына түбегейлі өзгеріс, яғни 12-жылдық жалпы орта білім беру жүйесін енгізу – баса назар аударарлық мәселелердің бірі болып тұр.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу заман талап- тарына жауап беретін жаңа мақсаттарды саралауға және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастыруға мүмкіндік береді.

Сол себептен, қазіргі бар проблемалар орта білім беру жүйесін қазақстандық қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етеді. Еуропалық біліктілік шеңберінің 4-деңгейіне жету үшін 12-жылдық мектеп құрылымы анағұрлым қолайлы екендігін әлемнің көптеген елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр. Мұндай деңгейге сай келетін мектепте білім беру нәтижелері мем- лекет пен әлемдегі университеттерге бакалавр дәрежесіне түсу кезіндегі талаптар ретінде мектептен алынған біліктіліктерді мойындауға арналған басты факторлардың бірі болып табылады. 12-жылдық мектеп құрылымында оның бастауыш сатысының орны айрықша.

Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін реформалауды бастауға және жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр.

Соның бір дәлелі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» делінді.

Осыған байланысты білім беру жүйесін жаңғыртуды жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының бірлесуімен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты» дайындалды.

Жаңа мемлекеттік стандартқа сай бастауыш білім беруді жүйелі жаңарту ерекшеліктері, бұл:

- нәтижеге бағдарланған жаңа бастауыш білім беру моделін жасау;

- «өмір бойы білім алу» бағдарламасын жүзеге асыру үшін жағдай жасау;

- тек оқушылардың жүктемесін жеңілдету үшін бір жыл қосу емес, балалардың дамуындағы өтпелі (дағдарыс) кезеңінің психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, бастауыш мектепте білім беру мазмұнын ұзарту болып табылады.

Дәстүрлі көзқарас бойынша мектептік білім берудің қолданылып келе жатқан жүйесінде білім мазмұнын, яғни әрбір сынып, әрбір пән бойынша оқу материалының құрамы мен көлемін толық сипаттау арқылы жүйенің «енуі» реттелетін еді. Жаңа бастауыш білім беру стандартының басым ерекшелігі мектептің бастауыш сатысында білім берудің жаңа сапалық деңгейін қамтамасыз ету мүмкін болатын күтілетін нәтижелерді сипаттау жолымен жүйенің «шығуы» реттелетін принципті тұрғыда тіптен де жаңа әдіснамалық көзқарастың басшылыққа алынуында.

Жаңа бастауыш білім беру стандартының елеулі ерекшеліктерінің бірі бастауыш мектепте оқу мерзімінің ұзартылатындығы, яғни бастауыш мектептегі оқыту мерзімі 5 жыл.

Бастауыш мектептің басты мақсаты – баланың жеке тұлғасының қалыптасуын қамтамасыз ету, оқуға деген ынтасы мен ұмтылысын сомдау, оқу, жазу, есептеу дағдыларын, қарым-қатынас жасау мен әрекеттесу тәжірибесін бойына сіңіруге көмектесу болып табылады.

Бастауыш білім берудің негізгі міндеттері:
- адам, табиғат пен қоғам туралы пропедевтикалық білім қалыптастыру;
- рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту;
- оқытудың қызметтік дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын логикалық жағынан білдіру, себепсалдар байланыстарын анықтау;
- дербес және ұжымдық жұмыс тынә тижелі ұйымдастырудың негізі ретінде ақпаратты іздеу, талдау және түсіндіру дағдыларын жас мүмкіншіліктеріне қарай дамыту.

Үлгілік оқу жоспарының (оқу пәндерінің тізімін реттейтін және тиісті білім беру деңгейіндегі оқу жүктемесінің инвариантты және вариативті компоненттер көлемін айқындайды)оқыту қазақ тілінде жүргізілетін бастауыш білім берудің қолданыстағы үлгілік оқу жоспарынан (ҚР Білім және ғылым министрінің 2013ж. 25-ші шілдедегі №296 бұйрығымен бекітілген) елеулі айырмашылығы, оның бастауыш білім беруді жаңа әдіснамалық көзқарас тұрғысынан қалыптастыруға бағытталғандығында болып табылады.

Бұл айырмашылықты оқу жоспарлары құрамына ендірілген оқу пәндерін салыстыру арқылы байқауға болады. Мысалы, қазіргі бастауыш білім беру жүйесінде 12 пән (сауат ашу, қазақ тілі, әдебиеттік оқыту, орыс тілі, шетел тілі, математика, дүниетану, өзін-өзі тану, музыка, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шынықтыру) оқытылатын болса, 12-жылдық бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіру кіріктірілген (интеграцияланған) пәндердің негізінде іске асырылып, барлығы 10 пәнді құрайды. «Тіл және әдебиет» білім беру саласы, қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беру ұйымдары үшін «Қазақ тілі және әдебиеті», орыс тілінде оқытатын жалпы білім беру ұйымдары үшін «Орыс тілі және әдебиеті» оқу пәндерін, «Математика және информатика» білім беру салаларының мазмұны «Математика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәндерін, «Жаратылыстану» білім беру саласында пәндер мазмұны «Ғылымға кіріспе» оқу пәнін, «Адам және қоғам» білім беру саласы пәндерінің мазмұны «Әлемтану», «Өзін- өзі тану» оқу пәндерін қамтиды. «Өнер» оқу пәні «Музыка», «Бейнелеу өнері» мен «Технология» пәндерін біріктіріп оқуды қарастырады. Бұдан біз жаңа бастауыш білім беру стандарты аясында типтік оқу жоспарындағы міндетті оқу пәндері санының азайғандығын байқаймыз. Демек, отандық тәжірибеде білім мазмұнының экстенсивті дамуынан арылып, оны интенсивті жолға түсіруге қадам жасалып жатқандығын көруге болады.

Сонымен бірге типтік оқу жоспарының вариативті компонентінде баланың бейіні мен қабілетін ескере отырып, оқытуды саралау мен даралау элементтері енгізілген. Яғни, бұл курстар (пәндер)таңдау бойынша оқу арқылы (бұл курстардың сабақтары жеке немесе топтарда жүргізіледі) жүзеге асырылады.

Елбасымыздың Қа зақстан ха лқ ына арнаған Жолдауындағы «Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі тиіс» деген тапсырмасын орындау мәселесі бастауыш мектепке арналған типтік оқу жоспарында ұтымды шешімін тапқан және пәндерді оқып-үйренуге апталық сағат сандары барынша тиімді бөлінген.

Жаңа стандарттың талаптары бойынша білім беру мақсаты нақты оқу-тәрбие үдерісінде білім беру құрылымын анықтауда және оқу материалының мазмұнын іріктеуде өзіндік іріктеу ережесінің жүйесін құратын белгілі бір дидактикалық ұстанымдар негізінде жүзеге асады. Оқу үдерісін психологияландыру ұстанымын меңгеру де аса назар аударуды қажет етеді. Бұл оқытуда оқушылардың тұлғалық сапалары мен мінезінің қалыптасуына әдіснамалық екпіннің күшейтілгендігімен түсіндіріледі. Сонымен қатар, білім берудің келесі деңгейіне жету нәтижесінің негізі құзыреттіліктер болып табылатындығына басымдық берілген.

Стандартта оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар білім беру салалары бойынша күтілетін оқыту нәтижелері(оқушылардың даму көрсеткіштері болып табылатын және тұлға, қоғам мен мемлекеттің үміттерін бейнелейтін, жалпы білім беру мақсаттары жолындағы оқушылардың оқу жетістіктерін қадағалауға мүмкіндік беретін оқыту мен тәрбиенің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттар жүйесі) бастауыш білім берудің базалық мазмұнын анықтауға, оқушылардың білім алу қажеттілігі деңгейлеріне қарай, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар үшін де, бастауыш білім берудің әртүрлі оқу бағдарламаларын құрастыруға негіз болып табылатындығы да көрсетілген. Күтілетін оқыту нәтижелері бір-біріне жақын бірнеше оқу пәндерін біріктіретін «Тіл мен әдебиет», «Математика мен информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Дене шынықтыру» білім салаларының әрқайсысының ерекшелігін есепке ала отырып жоспарланған.

Аталмыш құжатта жоғарыда аталған білім салалары бойынша күтілетін оқыту нәтижелеріне оқушыда Еуропалық біліктілік шеңберінің 4-деңгейіне сай білім, білік және құзіреттілік қалыптасуы тиіс деп көрсетілген.

Бастауыш білім мазмұнына қойылатын талаптар бойынша бастауыш білімнің базалық мазмұны екі әдістің біріктірілуінің негізінде яғни, оқушылардың академиялық даярлығы және оқу, жоба мен зерттеу іс-әрекеттерін үйлестіру негізінде олардың дербес жұмыс жасауын дамыту бағытында жасалған. Сондай-ақ, білім беруді ұйымдастыруда міндетті оқу пәндерімен қатар жоба жұмыстары, элективті курстар, аудиториядан тыс сабақтар жүргізілетіндігіне ерекше мән берілген. Бастауыш білімнің базалық мазмұны білім берудің үш тілдік саясаты аясында іске асырылып, болашақ ұрпақ үш тілді меңгерген, түрлі қызмет салаларында пікірлесе алатын, өз халқының мәдениетін бағалап, басқа халықтар мәдениетін түсінетін және құрметтейтін көптілді тұлға болып қалыптасады деп көрсетілген.

Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау (қалыптастырушы бағалау – оқыту үшін бағалау және ағымдағы бағалау, ішкі жиынтық бағалау – оқытуды бағалау немесе қорытынды бағалау) жүйесінің бастауыш сатыдан қолданысқа енетіндігі стандарт жетістіктерінің бірі. Ең бастысы, жаңа бағалау жүйесі бойынша алдын- ала анықталған бірыңғай бағалау критерийлері көмегімен бағалау объективті түрде жүзеге асады және мұғалім әр оқушыға нашар игерген тақырыптары бойынша нақты көмек бере алады. Критериалды бағалау жеке оқушының оқу іс-әрекетінің табыстылығы мен толықтай сынып үлгерімін анықтаудың айқын және объективті құралы болып табылады. Бастауыш білім беру деңгейінде бағалау формативті және жиынтық (ішкі) бағалауды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бастауыш білім беру деңгейінде жиынтық (сыртқы) бағалау жүргізілмейді.

Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты жаңа идеяларға бағындырылған міндеттердің (оқуға, жазуға, есептеуге үйрету, оқу іс-әрекеті тәсілдеріне үйрету, өз ойын логикаға сай жеткізу, себеп-салдар байланысын айқындау) және жаңа міндеттердің (ақпарат іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын жас мүмкіншіліктеріне қарай дамыту) белгіленгендігімен, рухани-адамгершілік тәрбиемен байланысты міндеттердің (балада адамгершілік негіздерін қалыптастыру, оның ең жақсы қасиеттерін дамыту) күшейтілгендігімен, әрбір оқу пәні арқылы үштұғырлы тіл саясатының жүзеге асырылатындығымен, оқушы ілгерлеуін объективті бағалауды қамтамасыз ету және әрі қарай оның жеке даму траекториясын құру мақсатында критериалды бағалау жүйесінің қолданылатындығымен ерекшеленеді. Бастауыш білім берудің бұл стандартын әлемдік білім беру тәжірибесі өлшемдеріне жауап бере алатын құжат деуге болады. Оның құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, өмір бойы білім алу сияқты құндылықтарға негізделуі жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартын дәстүрлі бастауыш білім беру стандартынан ерекшелеп тұрғандығының айқын көрсеткішінің бірі ретінде қабылдаймыз.

 

Тема номера









 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10