электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2014 г.

 

Білім берудегі жаңа парадигма және мұғалімнің рөлі

№ 6 (137) август 2014г.

Қ.Қ. АХМЕТОВА, «Өрлеу» ҰБАО АҚ Ф Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ мұғалімнің кәсіби дамуын педагогика- психологиялық тұрғыдан қолдау кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.

 

Жаңа мазмұндағы білім беру жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім педагогикалық, психологиялық, философиялық және тағы басқа ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелерімен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идея- ларын басшылыққа ала отырып, шығармашылық жұмысын үнемі жетілдіруі және инновациялық технологияларды оқып-үйреніп қана қоймай, өзінің технологиясын ұсынуы шарт.

Білім беру жүйесінде тілді оқытып – үйренудің маңызы зор. Тілді меңгеру арқылы оқушы лингвистикалық білім алады, қоршаған ортаны таниды, адамдармен тілдік қарым-қатынасқа түседі, өз ойларын ауызша да, жазбаша да жатық жеткізу мүмкіндігіне ие болады, сондай-ақ мектеп жүйесіндегі басқа пәндерді игереді. Тіл – оқушыны өнерге, білімге, ғылымға жетелейтін халықтың ғасырлар бойы жасаған мәдени құндылықтарын танитын құрал. Мектепте «ұлт бірлігінің факторы ретінде қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүріне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін» қазақ тілі пәнін меңгеру арқылы оқушы қазақ тілінің құрылымы, қызметі, фонетикалық сөзжасамдық жүйесі, сөздік қоры, грамматикалық құрылысы, тіл мәдениеті туралы білімді меңгереді, әдеби тілде еркін сөйлеуге, ойын толық, жатық жеткізе білуге үйренеді [1].

«Өрлеу» акционерлік қоғамының «Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» филиалы Астана қаласы бойынша педагог кызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мұғалімнің кәсіби дамуын педагогика-психологиялық тұрғыдан қолдау кафедрасының басты міндеттері: қазіргі заман талаптарына сай орта және арнаулы білім беру педагогтарының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру; педагогтардың ғылыми- зерттеушілік және тәжірибелік жұмыстарына ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету; оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтарды және курсаралық құжаттарды сараптау. Құзыреттілікке бағытттау негізінде оқу-тақырыптық жоспарлар модульдерге бөлініп құрастырылды: нормативті-құқықтық, психология- педагогикалық; мазмұндылық; технологиялық; таңдау; қорытынды.

Оның ішінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдеріне арналған келесі курстарға көңіл аударсақ жөн болар: «Білім берудегі жаңа парадигма және мұғалімнің рөлі», «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері», «Мемлекеттік тілді жаңаша оқыту арқылы оқушылардың тілдік қатысымдық-құзырлылықтарын қалыптастыру». «Білім берудегі жаңа парадигма және мұғалімнің рөлі» атты бір курстың мазмұнына тоқталсақ, жаңартылған мазмұндық құрамымен біздің оқытушылар қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерімен білім саласындағы келесі бағыттар бойынша жұмыс істеді.

Біріншісі, бүгінгі білім берудегі жаңа парадигма деп аталатын жағдай: Қазақстандық білім беру саласының бүгінгі даму үрдісі білім берудің жаңа модельдерін іздестіру ісінің белсенділене түсуімен сипатталады. Бұл міндет педагогтердің біліктілігі мен кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған. Елімізге қазіргі заманғы ең үздік технологияларды меңгерген, еңбек нарығында бәсекелестікке лайық, қоғам қажеттілігін жоғары дәрежеде қанағаттандыра алатын іскер әрі қабілетті мамандар қажет. Бұл қасиеттерге жауап бере алатын ертеңгі мамандар бүгінгі оқушылар екендігі сөзсіз. Осы міндеттерді жүзеге асыруда басты нысана – білім сапасы. Сапалы білім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал мұғалімдердің педагогикалық шеберлік пен іскерлікті да- мытуында жаңа технологияны қолданудың маңыздылығы зор. Сондықтан, қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімдерді қажетсінеді.

Екіншісі, еліміздегі қоғам дамуының барлық саласындағы өзгерістерге орай білім саласы да жаңаруда. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» деп, айтылған [2]. Қоғам өз үмiтiн, өз болашағын тапсырған адамда қандай қабiлеттер болуы тиiс? Педагогикалық қызметтiң табысты өтуiн қамтамасыз ететiн мұғалiмнiң мiнезiнде, құзыреттілік сипатын- да қандай қасиеттері, қабiлеттерi мен моральдық көрсеткiштерi болуы керек? Ел арманын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшiн, мектептің мұрат-мұқтаждығын iске асыратын мұғалiм ненi бiлу керек? Осы сұраққа жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Спандияр Көбеев төмендегідей пікір білдірген екен: «Оқытушы өзінің сырт бейнесі арқылы да, оқытушылық ісі, адамгершілік қасиеті арқылы да, балалармен достық қарым-қатынас ұстауы, өз оқушыларына ақылшы, тәрбиеші болу арқылы үлгі болу керек. Сонда ғана ол оқушылардың алдында беделді болады» [3].

Үшіншісі, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру» [2]. Жаңа технологияның мақсаты – баланың қабілетін ашу, соның негізінде ой-өрісін дамыту, белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін күшейту, өзін-өзі тәрбиелеуге бағыттау. Сол себепті бұл курстың барысында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері жаңа технологиялар туралы жалпы түсініктермен танысып, тәжірибелік сабақтарға қатысады.

Курста өзіндік әдіс–тәсілдерімен ерекшеленіп жүрген, білім берудің келесі техно- логиялары көрсетіледі: білім беруді ізгілендіру; дамыта оқыту технологиясы; ойын арқылы оқыту технологиясы; деңгейлік саралап оқыту технологиясы; ақпараттық оқыту технологиясы; тірек-сызба арқылы оқыту технологиясы; модульдік оқыту технологиясы; сын тұрғысынан ойлау технологиясы; проблемалық оқыту технологиясы т.б. Бастауыш сыныптарда тиімді технологиялар: дамыта оқыту технологиясы, ойын арқылы оқыту технологиясы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, ақпаратты оқыту технологиясы, түсіндіре оза оқыту технологиясы, зерттеу технологиясы, көрнекілік технологиясы. Орта сыныптарда тиімді технологиялар:дамыта оқыту технологиясы, проблемалап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, түсіндіре басқарып оза оқу технологиясы, тірек сигналы арқылы оқыту технологиясы.

Жоғары сыныптарда тиімді технологиялар: өздігінен даму технологиясы, бағдарлап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, оқытудың компьютерлік технологиясы.

Төртіншісі, көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі. «Жеті тілді білген ұл жеті ұлттың қамын жер», сондықтан, алдымызға қойылған мақсат: үш тілде оқыту негізінде оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыта отырып, ақпараттық кеңістігіне ену мүмкіндіктерін кеңейту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері осы курста вариативті модуль таңдап, ағылшын тілінің грамматикасын меңгеріп, тілді үйренуге қызығады. Ағылшын тілі сабақтары, ағылшын тілінде өткізілетін пәндер, сыныптан тыс іс-шаралар – қазіргі уақытта мұғалімдердің үлкен шығармашылық ізденісі арқылы биік жетістіктерге жетер жол. Осы тұрғыда, Астана қаласы № 48 қазақ мектеп-лицейі – республикалық үш тілде дәріс беру тәжірибенің алаңы. Эксперимент шеңберінде география пәні, биология пәні ағылшын тілінде жүргізіледі.

Бесіншісі, мұғалімнің қолында кәсіби өсуге қажетті ең жақсы құралдар бар – олар – өзінің педагогикалық тәжірибесін өзінің талдауы және жүйелей білуі. Педагог біліктілігін арттыру процесінде қызметтің зерттеушілік түрін қолдана отырып жаңа игерген дағдыларының есебінен сабақ беру тәжірибесін өзгертудің нақты мүмкіндігіне ие болады. Әр педагогтың шеберлікке өзінше жету жолы бар. Қиындықтан шығудың өзі де адамның күшті қырлары, дарыны, өмірлік тәжірибесі арқылы іске асады.

Ұлы Абайдың 15-қара сөзін: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіпсің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыпсың?» педагогтың өз-өзімен қарым-қатынас туралы арнауға болады [4].

Ұстаздың әлеуметтік ортамен тәрбиеленуі және өзін-өзі тәрбиелеумен қалыптасатын маңызды қасиеттерінің бірі – оның жеке тұлғасының дүниетаным сипаты. Жеке тұлғаның дүниетанымы белгілі мөлшерде оның бағыттылығын, әлеуметтік бағалы шешімдері мен қылықтарының ерекшеліктерін алдын ала анықтайды.

Қазіргі «өмір бойы білім алу» тенденциясын қолдайтын білім беру парадигмасына сәйкес кәсіби білімін тұрақты көтеріп отыру-мұғалімдердің құқықтары, әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар. Қазақстан Республикасы Үкіметіні ң       2 0 1 2 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы.

2. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы. Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27- сі. № 319-ІІІ ҚРЗ.

3. С. Көбеев Кейбір педагогикалы қ мәселелер туралы: Таңдамалы шығармалары. – Алматы, 1960, 235 бет.

4. Абай ( Ибраһим) Құнанбайұлы . Шығарма ларының екі томдық толық жинағы. – Алматы: Жазушы.-Т.1: Өлеңдер мен аудар- малар. -2003. -296 бет.

 

 

Тема номера









 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10