электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2014 г.

 

Кәсіби құзыреттілік – педагогтің басты сапасы

№ 6 (137) август 2014г.

БАХТИЯРОВА Р.Ж., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы, Батыс Қазақстан облысы

 

Қазақстанның білім беру жүйесінің 12 жылдық білім беруге көшуі әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуіне жағдайлар жасайды.Көшу үшін мақсатты жұмыс жүргізіліп жатыр.

Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру ісіне еліміздің барлық халқының қатысы бар. Бұл алдағы өзгерістерге айырықша жауаптылықпен қарауды талап етеді. Жаңа жүйеге көшудің дәйектілігі білім беру стандарттарының, базалық оқу жоспарлардың, оқу бағдарламалары мен оқулықтардың түрлі нұсқаларын жасаудың конкурстық негіздері, тәжірибе жүргізу, оның нәтижелерін кеңінен талқылау – міне, осының бәрі 12 жылдық орта білім беруді ойдағыдай енгізудің міндетті шарттары, кепілі болып табылады.

12 жылдық орта білімге көшу – білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта қарауды, білімінің теориялық және әдістемелік тұстарынан жетілдіруді талап ететін мәселе.

«Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек болады.Біз қалайтындардың барлығы үшін қашықтан оқытуды және онлайн режімінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз» деген болатын Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында. Ал бұл тапсырмаларды шешетін, жүзеге асыратын мұғалім екені белгілі.

Олай болса, жаңа білім жүйесіне көшудегі өзекті мәселелердің бірі – 12 жылдық мектепте жұмыс істеуге тиіс мұғалім. 12 жылдық білім беру жағдайында мұғалім тек білім беруші ғана болып қалмауы тиіс. Жаңа мектеп мұғалімі ізденуші, зерттеуші, басқарушы, ұйымдастырушы, кеңесші, үйлестіруші тұлғаға айналуы керек.

12 жылдық білім беруге көшу барысында мұғалімнің дайындығына да баса назар аударылады, әрі оның келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
- мұғалімнің 12 жылдық білім беруге көшудегі даярлығын қалыптастыру;
- мұғалімнің жоғары біліктілігі, әрі кәсіби құзыреттілігі (арнайы, бейіндік, интеллектуалдық, коммуникативтік, әлеуметтік, жағдайлық, ақпараттық, технологиялық, жалпы мәдени);
- қазіргі қоғам талабына сай білім беру мен тәрбиенің жаңа әдіс- тәсілдерін қолданудағы жан-жақтылығы;
- мұғалімнің 12 жылдық білім берудің ерекшеліктері мен артықшылықтарын жете білуі.

12 жылдық білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру қажет, оған келесідей принциптерді жатқызуға болады:
1. Жекелеу мен саралау принципі;
2. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми тұжырымдылық – негіздемелік принципі;
3. Жүйелілік, тұлға іс-әрекеттілік, тұлға-бағыттылықтар бірлігінің принципі;
4. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке қатысу принципі;
5. Ізденістік, шығармашылық, педагогикалық технологияны пайдалануы;
6. Даму мен өзін- өзі дамыту принципі:

Кәсіби құзыреттілік мәселесін зерттеген ғалымдардың ой- тұжырымдарын талдағанда 12 жылдық білім беру жағдайындағы мұғалімнің құзыреттілігі төмендегідей үш аспектімен кешенді сипатталуы тиіс:

Бірінші мәндік аспект–жағдайды жете түсіну, оны ұғыну және оған деген қарым- қатынас, яғни 12 жылдық оқытуға көшу маңызын, теориялық негізін, өзекті мәселелерді ұғыну;

Екінші ғылыми-практикалық аспект–мұғалімнің 12 жылдық білім беру жүйесінің ғылыми (философиялық,педагогикалық, психологиялық) негізімен және 12 жылдық оқытудың тәжірибесімен танысу. Осы ақпараттар негізінде мұғалімнің өзінің кәсіби біліктілігін үздіксіз жетілдіру үшін алдына мақсат, міндет қойып, оны орындау жолдарын анықтауын сипаттайды;

Үшінші коммуникативтік аспект – мұғалімнің нәтижелі білім беру стратегиясына сәйкес жаңа оқыту үрдісіне, технологияларына қатысымын қамтамасыз ету және тең бәсекеде жұмыс істеуге дағдылануы.

Жаңа мектеп мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай,оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білу, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән бере білу, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет. Ал оқушының танымдық, шығармашылық қабілетінің ресурс ретінде дамытылуы үшін мұғалімнің өзі де шығармашылық жұмыспен айналысуы тиіс. Демек, 12 жылдық мектептің ұстазы өскелең заман талабына сәйкес шығармашылыққа бейім, зерттеу,жобалау жұмысы тәсілдерін қолдана алатын маман болуы тиіс.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, білімділік деңгейі, шығармашылығы туралы Ы. Ал- тынсарин, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, П.П. Блонский, М. Жұмабаев, Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, А.С. Макаренко, С.Т. Шацский, В.А. Сухомлинский қарастырған.

Әлемдік «Мак Кинзи» компаниясының кеңесшісі, Ұлыбританиядағы білім сапасының сарапшысы М. Барбер «білім беру нәтижесін түбегейлі өзгертудің басты үш факторы бар, олар: педагогтік қызметке соған лайық адамдардың келуін қадағалау, оларды оқытушылық қызметін тиімді жүргізуге қажетті деңгейде даярлау және әрбір білім алушыға сапалы білім беруге қолайлы жағдай туғызу. Өйткені, кез келген білім беру ұйымындағы білім сапасы онда жұмыс істейтін оқытушылар сапасынан жоғары болуы мүмкін емес» де- ген. Ол сонымен қатар, өзінің көптеген елдерде жасалған зерттеулеріне сүйене отырып, «әлемдегі нәтижесі жоғары білім беру ұйымдарын басқарудағы бәріне ортақ қасиет – ұйым жұмысындағы сапалы өзгерістерге қол жеткізудің бірден бір факторы педагогтерді дамытуға қажетті жағдайлардың жасалуы» деп тұжырым жасаған.

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты ха- бардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді.

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:
1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.
2. Қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.
3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.
4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.
6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті.

«Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жа- сауы қажет.

Қазіргі оқытудың жаңаша технологиясын меңгерудің өзі ұстаздан шығармашылықты талап етеді. Ал шығармашылықпен жұмыс жасау үшін мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруы қажет. Мұғалімнің өз кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды инновациялық бағытта ұйымдастырып өткізудің ықпалы мол.

Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарлатады, психологиялық – педагогикалық сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Ең бастысы, бұл білімдер мен білік дағдыларды құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес өздерінің меңгеруі және сол жолдар арқылы өздерінің ойлау жүйесін, шығармашылығын, өнертапқыштығын, рефлексиялық машығының дамуына жол ашады. Сол кезде ғана мұғалімнің өзіне-өзі баға беру деңгейі артып, өзін-өзі анықтап, үздіксіз өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік туады.

Бүгінгі заман талабы – жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан «тұлға» тәрбиелеу. Оқушы «тұлға» болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы про- блеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге тиіс, жалпы алғанда жеке адамның құзіреттіліктері қалыптасуы қажет.

Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалім ғана жүзеге асырмақ.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Н. Назарбаев. «Қазақстан- 2050» стратегиясы. – Астана, 2012.

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы . – Астана, 2010.

3. Жадрина М . Ж . Өмірлік дағдылар мен құзыреттіліктерді дамыту технологиясын құру тәсілдері // Открытая школа. – №2 (39). – 2005.-3-7 б.

4. Зимняя И.А. Түйінді құзыреттіліктер – білім беру нәтижесінің жаңа парадигмасы. // Бүгінгі жоғары білім беру ісі. – №5.-2003.- 22-27 б.

5. Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық. – Алматы, 2007

6. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұ ғымдары. – Алматы, 2007

 

 

 

Тема номера









 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10