электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2015 г.

 

Жас маманның кәсіби бейімделуі

№ 2 (143) февраль 2015г.

А.Ж. СЕЙТКАЗИЕВА, Қостанай облысы, Рудный қаласы «№19 орта мектеп» КММ директордың ғылыми- әдістемелік жөніндегі орынбасары


Педагогтың қызметі өзінің құрылымы на қарай жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл қызмет тәжірибелі мұғалімнен де, жас ұстаздан да сан түрлі функцияларды атқара білуді талап етеді, оның бейімі мен біліктілігін сарқа жұмсауды қажетсінеді.Ұстаздың әр түрлі рөлде көрінуіне тура келеді. «Ол балалар ұжымының ұйымдастырушысы болғандықтан басқарушылық қызметтің дағдыларын да игеруі керек, ол оқытушы, сондықтан өз сабақтарының авторы, ортақ ұжымдық жұмыстардың дирижері, білім бастауы, ол оқушылардың рухани өмірінің дамуына, олардың адамгершілік келбетінің қалыптасуына басшылық жасайтын тәрбиеші... Ол оқушылардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасайды, олар үшін мұғалім балаларының жетістігі мен кемшіліктерін хабарлаушы ғана емес, педагогикалық білімді насихаттаушы, отбасылық тәрбие жайлы кеңес беруші де». Адамнан дәл осындай көпқырлылықты талап ететін ұстаздықтан басқа екінші мамандық жоқ, бұл – өзінің мән маңызы және қайшылығы тұрғысынан ерекше мамандық. Мұндай көпқырлы функциясы ұстазға жоғары талаптар қоя отырып, оның кәсіби бейімделу процесін күрделендіреді және жас маманның эмоционалдық тұрғыдан қатты толқуын да айқындайды.

Еңбек жолын жаңа бастаған мұ ға лімдерге қажетті педагогикалық психологиялық білімдердің, білік пен дағдылардың болмауы, педагогикалық жұмысқа даярлығының жеткіліксіздігі, жіберген қателіктері мен сәтсіздіктері өкініш, көңілі қалу сезімдерін туғызады.Туындаған проблемалардың күрделілігі және оларды жеңудің жолдарын анық білмеуі олардың көңілінде қорқыныш, сенімсіздік туғызып, жас мамандардың кәсіби бейімделуіне кері әсерін тигізеді.

Өте күрделі процестердің санатындағы кәсіби бейімделу процесі сондықтан да өзіндік ішкі, сондай-ақ сыртқы қайшылықтармен сипатталады.

Алғашқы қайшылықтар біздіңше:

Жас мұғалімнің өз бетінше жұмыс істеуге ұмтылуы және оған қажетті білімі, білік-дағдыларының жоқтығынан, сондай-ақ педұжымдарда шығармашылық, демократиялық негіздердің жоқтығынан;

Жақсы жалпы теориялық білім мен оны практикалық қызметінде қолдана алмауынан;

Жас мұғалімнің өзін-өзі таныту қажеттілігі мен оның коммуникативтік мүмкіндігінің сәйкессіздігінен туындайды.

Тұлғаның кәсіби бейімделу процесінде оның жұмыс орнына байланысты кездесетін сыртқы қайшылықтары:

Жас педагогтардың өмірлік жоспарлары, құлшыныстары, кәсібин үміті мен олардың жаңа әлеумет тік жағдайы, мектептің педұжымы, оның құндылық бағдарлары ұсынатын нақтылы мүмкіндіктер арасында;

Жас мұғалімнің талап тілектері және оның аталған ұжымның тұлғааралық қарым-қатынастар құрылымындағы нақтылы алатын орны арасында;

Мектептің педұжымының мамандыққа байланысты қоятын нақтылы талаптілектері мен жас мұғалімдердің даралық ерекшеліктерінен туындайтын оның сенімділік, қызығушылық, ұмтылысы арасында;

Бұл қайшылықтарды атай және оларды шешудің (мәселен, мектептегі оқу – тәрбие процесінің кәсіби-педагогикалық бағытын күшейте түсу, тәлімгерлердің, мектептің педагогикалық ұжымының рөлі т.б.) жолдарын ұсына отырып, олардың әрқайсысын жеке тұлға ерекшелігімен немесе белгілі топпен байланыстыра қарастыру қажет.

Жас маманның тұлға ретінде танылу жолындағы аталған және басқа да қайшылықтарды шешу оның кәсіби бейімделуін тездететін маңызды шарт.

Мақсат бұл жерде туындаған қайшылықтарды мұғалім-маманның қалыптасу процесіндегі қозғаушы күштер ретінде тиімді пайда лана білуде болып отыр. Туындаған қайшылықтарды жеңу үшін жас мұғалімдердің алдымен оларды жақсы түсіне білуі және болатын қажетті өзгеріске ынта құлшыныспен қарауы өте маңызды. Мұндай құлшыныс, дайындық сезімі жоғары оқу орнында қалыптасуы, тіпті мектепте де насихатталуы қажет-ақ. Кездесетін қайшылықтарды жеңу үшін мектепте әлеуметтік–педагогика лық жағдайлардың жасалуына, ерік-күші секілді сапаларды қолдап, қалыптастыруға күш салу керек. Бұл мәселе жас ұстаздың әлеуметтік белсенділігінің қалыптасу деңгейін және психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып жоспарланған онымен жеке жұмыс істеу шараларын ұйымдастыру процесінде неғұрлым тиімді түрде іске асырылады, өйткені бұл жұмыстар оның тез әрі орнықты түрде кәсіби бейімделуіне ықпалын тигізеді.

Кәсіби бейімделу мәселесін қарастыру барысында оның мәніне талдау жасаудың маңызы ерекше, өйткені мәселенің мәнін тану процестің өзінің мәнін тануға әкеледі.

Кеңірек алып қарастыратын болсақ, кәсіби бейімделудің аясына мынандай жағдайлар енеді:

Өздерінің қызмет барысында тап болатын нақтылы, оқ у-т әрбиелі к жа ғдай лард ы т үсі не және олар - ды талдай білу, сондай-ақ, педагогикалық және оқушылар ұжымдарымен, ата-аналармен, өзінің кәсіби қызметі мен қарым-қатынасының барысында орындалатын міндеттерімен, туындайтын талаптармен танысу. Бұл өзін-өзі ұстауы мен қарым-қатынас жасаудың тиім ді жол дарын табу ү шін қаже т ті олардың іс-әрекетінің танымдық жағы; өзі үшін маңызды өмірлік жағдаяттардың өзгеруіне байланысты тұлғаның эмоционалды-жігерлілік күй-хәлі, қажеттіліктері, талап-тілектері және индивидтің өзінің құлшыныстары арасындағы қайшылықтар, әйтпесе, оған қойылатын та лаптар мен оларды орындау мүмкіндіктер арасындағы қайшылықтар, қиындықтарды жеңе білуіне күшін жұмылдыру, дұрыс бағалауға және өзін-өзі бағалауға деген бейімділігі, жұмысына қанағаттану т.б.

Бір жағынан оқыту мен тәрбиелеудің нақтылы әдістемесін игеруге, екінші жағынан, жас мұғалімнің маман ретінде өзін өзі танытуына бағытталған өзін- өзі ұстай білу, педагогикалық қарым-қатынастың тиімді түрлерін таңдау мен пайдалануды танытатын практикалық тікелей іс-әрекеті.

Аталған үш компонент кәсіби бейімделу барысында бір-бірімен тығыз байланыста әрі практикалық ісәрекет барысында бірін-бірі толықтырып отыратын бүтін бір процесс құрайды.

Шындап келгенде, кез келген процестің даму критерийі негізінде салыстыру немесе бағалау жасалатыны түсінікті.

Аталған мәселе бойынша ғалымдардың көпшілігі студенттер мен жас мұғалімдердің кәсіби бейімделу деңгейін жалпы негізде сипат тайтын үштүрлі критерийді атап өткендерін байқауға болады, а лғашқысы субъективті критерий, субъективті- объективті критерий, объективті.

Мысалы, субъективті көрсеткіштер ретінде жоғары оқу орнын таңдау себебі, мұғалім мамандығына көзқарасы, кәсіби өзіндік білім алуы мен өзін-өзі тәрбиелеу қызметі, еңбек ұжымы мен белгілі бір мамандыққа қатыстылығын танытатын жас маманның кәсіби іс жоспарларын атайды.

Субъективті-объективті критерийлер ретінде мұғалім еңбегінің тиімділігі, педагогикалық жұмысына қанағаттану т.б. атауға болады.

Кәсіби бейімделудің неғұрлым жалпылама объективтік критерийлері қатарына жас мұғалім қызметінің нәтижелері, жұмысының сапасы, шеберлігі, ұжымдағы нақтылы орны, беделі, кәсіби біліктілігінің өсуі және қызметінің жоғарлауы.

Аталған критерийлер, жас мұғалім іс әрекетінің бір қырларын танытады. Өзіне және өз жұмысына талап қоюдың деңгейі, өзіне өзі сын көзімен қарауы, өз бетімен жұмыс істеуден инициатива білдіруден танылатын мұғалімнің өз ісіне деген сенімділік сезімі, кез болған практикалық ситуацияда орнықты бағыт ұстай білуі, ұжымдағы позициясын өзінің балауы, өзін ұжымның толыққанды мүшесі екенін сезінуі т.б. Алайда, аталған критерийлер барлық педагогикалық еңбек процесінің қырларын, ерекшеліктерін таныта алмайды, сол себепті мұғалімнің кәсіби бейімделуінің критерийлерін анықтау жұмыстарын жалғастыру қажеттігі туындайды, неге десеңіз, педагогикалық қызметте оған қосылу фактісі ғана маңызды емес, оның қалай іске асырылуы, мұғалімнің қандай кәсіби шеберлік деңгейіне жеткені де соншалықты мәнді.

 
 

Тема номера





 
 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10