электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2015 г.

 

Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесіндегі басқару мазмұны

№ 10 (151) декабрь 2015г.

М.Е. ҚУАНТАЕВА, «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ»филиалы директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты


«Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамын құру дәстүрлі білім жүйесінің кедергілерін жоюға және барлық деңгейдегі білім беруде қазақстандық педагогтардың біліктілігін арттыруды жаңа сапаға жеткізуге мүмкіндік берді.

Жаңа сапа – бұл, біріншіден, әлемдік тәжірибені ескере отыра, барлық деңгейдегі педагогтардың біліктілігін арттырудың ү здіксіз ж үйесін және білім мен ғылымды дамытудың басты бағыттарын құрылымдық-мазмұнды жаңғырту болып табылады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ әрбір филиалының қызметі құрылымдық-мазмұнды жаңғырту жағдайында басқа факторлармен бірге құзіреттілік көзқарас негізінде біліктілікті арттыруды басқарудың тиімділігімен анықталады. Біліктілікті арттыру жүйесін басқарудың тиімділігі қажетті нәтижеге жетумен, басқарудың барлық қызметтерін сапалы орындаумен және олардың бірлесе ынтымақтасуын қамтамасыз етумен тығыз байланысты [1, с.18].

Басқарудың құзіреттілікті бағыттаған үдерісі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ-да филиал әкімшілігінің, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілерімен, кафедра меңгерушілерімен, курсты даярлайтын кураторлармен, Ғылыми және Эксперттік кеңестермен, сондай-ақ филиалда жасақталған Жедел әрекет ету тобымен (академиялық бөлім базасында) және Талдау мен болжау топтарымен (мониторинг және талдау бөлімі базасында) кіріктірілуін және басқарудың ықпал ету жүйесін қарастырады.

Барлық басқарушылық ықпал ету бақылау мен өлшеу үрдістерінің үйлесуіне негізделген, осы жағдай бойынша педагог қадрлар дамуының жағдайы туралы жаңа түсінік қалыптастыру және тиісті басқарушылық шешім қабылдау болып табылады.

Басқаша айтқанда, белгілі бір үдерісті аяқтағаннан кейін алынатын «шығыс» ақпараты жаңа модельденетін үдеріске «кіріс» ақпараты болып табылады. Мысалы, жедел әрекет ету тобының қызметінің нәтижесі бойынша алынатын, біліктілікті арттырудың әрбір курсының басында қарқынды жасақталатын және академиялық бөлімнің маманымен басқарылатын «шығыс» ақпараты талдау және болжау тобының басқарушылық шешімін қабылдауда мазмұнды негіз бола алады. Курстық даярлаудың білім беру бағдарламалары мен оқу-тақырыптық жоспарларын бекіту үшін әрбір филиалда құрылған Эксперттік кеңестің басқарушылық шешімі бір жағынан, курстық даярлаудың әр түрлі тыңдаушылар (мониторинг және талдау бөлімі қызметі) тобының кіріс және шығыс сауалнамалары нәтижелерін ескере отыра қабылданса, екінші жағынан, тақырыптық ғылыми-зерттеу қызметі біріктірілген кафедра оқытушыларымен мобильдік топтың басқарушылық шешімдерін қабылдауда пәндік негіз бола алады.

Филиалда педагогтардың кәсіптік дамуын басқару жүйесі біліктілікті арттырудың көп векторлы мазмұнымен айқындалатын күрделі құрылым. Бұл жағдайда көпөлшемді талдау қажетті.

«Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының Әдістемелік қамтамасыз ету және оқу жұмысы бойынша департаменті мамандарының ұсынуымен мониторинг және талдау әдістемесін ескере отыра, барлық өлшемдер құзіреттілікті басқару тиімділігінің екі негізгі параметрлерінің аясында топтастырылған:
а) курстық дайындық және курсаралық сүйемелдеу кезінде педагогтардың кәсіби өзін-өзі дамыту жағдайын қамтамасыз ету дәрежесі, б) басқарудың мақсатына жету дәрежесі. Бұдан басқа барлық өлшемдер біліктілікті арттырудың ұйымдастыру- педагогикалық факторларына байланысты.

Бірінші параметрге келесі өлшемдер жатады:
1) фактор – біліктілікті арттыру және кәсіби өзін-өзі дамыту мазмұнының сапасы:
- курстық және курсаралық кезеңде ұсынатын білім беру бағдарламаларының (ғылыми- әдістемелік семинарлар және тренингтер) мазмұнына сәйкес;
- педагогтардың жеке білім беру сұраныстармен жергілікті білім беру есебінен білім беру бағдарламалары мазмұнының тереңдігі және толықтығы;
- білім беру қызметтері нарығындағы талаптары кәсіби- білім беру (таңдауы бойынша дәріс, тыңдаушылардың курстық дайындығы мен олардың жобалау қызметіндегі жұмыстың мәселелігі.) нұсқауға сәйкес;
2) фактор – к әсіби ө зін д амыту ж әне б іліктілігін арттырудың оқу-әдістемелік сүйемелдеу сапасы;
- білім беру бағдарламалардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу-әдістемелік құралдарымен, электронды ресурстармен қамтамасыз етілуі;
- одардың жобалау қызметтері мен қатар тыңдаушылардың курстардың дайындығын өзіндік жұмыста оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;
- курстық дайындық тыңдаушыларының тәжірибеден өту бағдарламалары қолда бар;
3) фактор - кәсіби өзін-өзі дамыту және біліктілікті арттырудың технологиялық сүйемелдеу сапасы;
- тәжірибелі педагогтардың ерекшеліктерін ескере отыра заманауи инновациялық педагогикалық технологияны қолданудың білім өрісі (оқытудың өзін-өзі дамыту, топтық, кооперативтік технология, тренингтік технологиялар, ментальді карта технологиялар, Workshop, динамикалық оқыту, оқу қызметінің жеке стилі, педагогикалық шеберлік, жоспарланған, нәтижелерді бағалау және т.б.); АКТ мүмкіндіктерін қолдану дәрежесі (бұлтты технологиялары, Smart және Steam - технологиялары)
4) фактор - біліктілікті арттыруда оқытушылық әлеуметті сапасының факторы;
- ғылыми педагогикалық жұмысшылардың ғылыми дәрежесі және ғылыми атағымен сонымен қатар академиялық дәрежесімен қамтамасыз ету;
- сертификаты бар оқытушы-жаттықтырушылармен қамтамасыз ету дәрежесі; - жоғары біліктілік санатымен педагог жұмысшыларды аттестациялау және педагогикалық тәжірибе нәтижесі мен оқытушылар құрамымен қамтамасыз ету;
5) фактор - педагогикалық кадрлардың кәсіби өзін- өзі жетілдіру және біліктіліктерін арттыру ұйымдары сапасының факторы;
- педагогтардың кәсіби өзін-өзі жетілдіруді курстық дайындық пен посткурстық сүйемелдеудің сапасын басқару құрлымының оңтайлығы;
- кәсіби өзін-өзі жетілдіруде жетістіктері бар педагогикалық кадрларды ынталандыру жүйесі бар (мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ–да курс тыңдаушыларын дайындау үшін сыртта өткізілген практикалық сабақтар негізінде жаңашылдық педагогикалық тәжірибені жинақтау жүйесі қабылданды);
6) фактор - педагог к адрлардың к әсіби ө зін-өзі жетілдіру және курстық дайындықты ақпараттық сүйемелдеу сапасы;
- филиалдағы ақпарат тықаймақ жұмысы мен педагогтардың қанағаттануы;
- курстық дайындықтың бағыттары бойынша сандық білім беру ресурстарының болуы;
- филиалдың Қазақстандық автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйесі ресурстарын қолдану дәрежесі;
- «Өрлеу БАҰО» АҚ және оның филиалдарының сайт ресурстарын қолдану дә режесі;
- желілік кәсіби педагогтардың желілік кәсіби қоғамдастық жұмысына қатысу дәрежесі;

Екінші параметрге келесі өлшемдер кіреді:
1) фактор – біліктілігін арттыратын оқытушылардың кәсіби құзыреттілігінің қалыптасқан дәрежесі:
- оқытушылардың өздігінен кәсіби даму жетістіктері (даярлау курсының тыңдаушылары және курстан өткен оқытушылардың жетістіктер портфолиосы);
- кәсіби біліктіліктің қалыптасуы (даярлау курсы тыңдаушыларының өздік жұмысын орындау, жобаны қорғау нәтижесі бойынша);
- оқытушының кәсіби маңызды жеке қасиеттерін дамыту (тыңдаушылардың білім беру бағдарламасымен қарастырылып ұсынылған сынақ ісіне, конференциялар мен дөңгелек үстел жұмыстарына қатысуы; «Өрлеу» БАҰО АҚ жүйесінде ұйымдастырылған сайыс, конференци я, вебинар, семинарларға оқытушылардың қатысуы нәтижесі бойынша);
2) фактор – оқытушылардың біліктілігін арттыру және кәсіби жағынан қалыптасып танылумен қанағаттанушылығы:
- даярлау курсының сапасымен қанағаттанушылығы (курсты бастау және аяқтағанда өткізілген сауалнаманы талдау нәтижесі бойынша);
- оқытушылардың өздігінен кәсіби даму және біліктілікті арттыру құралдарымен қамтамасыз етілуімен қанағаттанушылығы;
- оқытушылардың біліктілікті арттыру курстарының ұйымдастырылғаны және курстан өткеннен кейінгі мерзімде ұсынылатын білім беру шараларымен қанағаттанушылығы;
- оқытушылардың СҚО бойынша ПҚБАИ қызметкерлері мен өзара әрекетжа сауы мен қанағаттанушылығы.

Құзыреттілік бағытталған басқару солтүстік қазақстандық филиалында нәтижелерді бағалайтын критериалдық баға бастысын ескереді – нәтиже бағасы б іліктілікті а рттыруды б асқару ж үйесінің, ә р құрылымдық бөлімшенің, әр қызметкердің мақсатқа жету деңгейін көрсету керек. Осындай жүйелілік-кешенді қарастыру, аяқтау:
а) АҚ «Өрлеу» БАҰО филиалы рейтингі (берілген құрылымдардың әр үш ай сайын берілетін есеп негізінде);
б) СҚО бойынша ПҚ БАИ құрылымдық бөлімшесі және оның әр қызметкерінің рейтингі (бөлімшелердің өзіндік есеп беру және филиалда құрастырылған рейтингтік сауалнама негізінде), – уақтылы кері бай- ланыс о рнатуға с ебеп б олады, б асқаруды т үзету б ойынша тікелей ықпал етуді қамтамасыз етеді, ресурстік қамтамасыз етуді тиімді қолдануға мүмкіндік береді, нәтижелері үшін басқару субьектілердің жауапкершілігін арттырады.


Әдебиет тізімі

1. Драч И.И. Мониторинг эффективности компетентностно-ориентированного управления подготовкой будущих преподавателей в условиях магистратуры // Инновации в образовании. – 2013. - № 6. – С. 17-25

 

 
 

Тема номера







 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no