электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2016 г.

 

Білім беру процесі сапасының мониторингі

№ 3 (154) март 2016г.

ХАЛЕТОВА Д.К., «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мониторинг және талдау бөлімінің бастығы,
МЕДЕЛБАЕВА Ж.К., «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мониторинг және талдау бөлімінің бас маманы


Білім берудің ішкі жүйесінің жағдайын қадағалау бойынша басқару қызметінің басты түрі мониторинг болып табылады. Ол негізінен білім беруді басқарудағы әрекеттің тиімділігін көтеруге, басқару жүйесінің технологиялық негізі болуға және едәуір ауқымды, әртүрлі мәліметтерді қорытуға, білім беру үрдісін түзету, дәлдеу арқылы нәтижелерге жедел әсер етуді қамтамасыз ететін, білім беру жағдайы туралы ақпараттарды ұдайы, үнемі беруге арналған.

Білім беру сапасының мониторингісін мақсатты бағытталған, арнайы ұйымдастырылған, білім беру процесін түзету бойынша басқарудың шешімдерін сайма-сай, уақытылы қабылдау мақсатындағы білім сапасының негізгі қасиеттерінің өзгерісін үзіліссіз қадағалау деп сипаттауға болады.

Ақпараттық қамтамасыз етудің білім беру процесіндегі ролі әркез ерекше, бұл күнде білім беру принципінің негізгісі болып отыр, оның маңыздылығы мен басты функциясы: білім беру процесі мен басқару жүйесінің сандық және сапалық талдауларына бірлік өлшем болуы және білім берудің ішкі жүйесінің, оның жетістіктерінің, даму құрылымының жағдайын бағалаумен байланысты.

Білім беру сапасының толыққанды ақпараттық қамтамасыз етілуі төмендегі маңызды қарама–қайшылықтарды шешуге тығыз байланысты:
- ақпарат тапсырудың басты мақсатына элементтік (қарапайым) құрамның, құрылым және қалыптың сәйкессіздігі;
- басқарушы субьектінің көзімен қарағанда түскен ақпараттың толық еместігі және басқарылатын жақтың көзімен берілген ақпараттың молдығы;
- бастапқы ақпаратты жинаудың әдістері мен қолданылатын құралдардың және тапсыру формалары мен қорытылған соңғы ақпаратты қолданудың сайма-сай еместігі.

Бұл қарама–қайшылықтар ақпараттармен жұмыстың сенімді әдістері мен құралдарының көмегімен шешілуі мүмкін.

Мектептің білім беру жүйесінде мониторинг әрқашан әртүрлі түрде, формада, өлшемде болды. Ол тексеру немесе бақылау жұмыстары, емтихандар, тексерулер. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, бұл формалар жеткілікті тиімді болмады. Оның басты кемшілігі – оқушылардың үлгеріміне және мұғалімдер жұмысының нәтижесіне әсер ететін себептерді анықтайтын диагностикалық функциясының болмауы.

Қазіргі заманғы мониторинг білім беру үрдісінің жағдайы үзіліссіз зерттеу жүйесінің қызмет етуін талап етеді.

1. Мектеп ресурстарының сапасы.

Айрықша маңызды мектеп ресурстары: кадрлық, ақпараттық–әдістемелік.

Кадрлық әлеуетті бағалау жұмыс жасау қабілеті критерийі позициясы тұрғысынан жүзеге асады:
- педагог кадрлар өз функцияларын дұрыс орындауға қаншалықты қабілетті;
- мектеп қызметіне оң бағыттағы қатынасы, жеткілікті кәсіпқой қабілетті ме;
- әлеуметтік қамтамасыз етудің қажетті деңгейіне ие ме.

Ақпараттық–әдістемелік ресурстарды талдау қазіргі заманғы талапқа сай әдістемелерді қолдануға сәйкестікті орнатудан, білім алушылар мен білім берушілердің жеке мүмкіндіктерінен, білім беру процесін технологияландырудың деңгейін анықтаудан, мектептегі әралуан байланыстың мақсаттық және функционалдық қызметтерінің келісушілігінен, бағдарламалардың сабақтастығынан педагогикалық, басқарушылық, әдістемелік ақпараттар арналарының тиімділігі мен нәтижелілігінен тұрады.

Мониторинг сапасының әдістемесі

Мекеме атауы ---------------------------------------------------------------------------

Бөлім атауы-----------------------------------------------------------------------------

2. Білім беру мазмұнының сапасы

Бағаланады:
- білім беру бағдарламаларының тиімділігі мен нәтижелілігі, оларды жетілдірудің деңгейі, дәрежесі;
- білім беру бағдарламаларын білім алушылардың меңгеру деңгейі;
- ұйымдастыру – педагогикалық жағдай мен педагогикалық технологиялардың оңтайлылығы, қолайлылығы;
- оқу жоспарының білім беру стандартына сәйкестігі;
- саралап оқыту, бейімдеу мен мамандандыруды жүзеге асырудағы мүлтіксіздік, жетілу мен кемелденуге жету.

Мектептегі білім беру процесін жетілдірудің нәтижелері кемінде үш жыл мезгілдегі нәтиже талда- нуы керек. Педагогтардың озық жетістіктері, білім беру процесін жетілдірудегі ұжымдық, әдістемелік, ғылыми, ізденімпаздық шығармашыл жұмыстары, байқауға қатысу қызметтері, жеке білімдік әлеуетін көтеру, өзін-өзі жетілдірулері ескерілуі тиіс. Мектептің жетістігі, оның қоғамға және басқа білім беру мекемелерінің жұмысына ықпал жасап, әсер етуі басқа білім беру мекемелерімен сәйкес статусын салыстырудың жалпы деңгейі, олардың өсу динамикасы, пән олимпиадаларындағы оқушылардың нәтиже көрсету жетістігі, әртүрлі байқауларға қатысуы, білім берудің жаңа технологияларын енгізуі, білім берудің ішкі құрылымының дамуы және т.б. арқылы анықталады. мектеп жетістігін мұғалімнің қызметін бағалау картасы арқылы анықтауға болады.

Мұғалімнің қызметін бағалау картасы
Бақылаушы -------------- Оқытушы -----------------------
Күні --------------------- оқыту мекемесі ----------------
Класс (топ) ----------------------------------------------------

Баға шәкілі: 2– жоғары деңгей 1- төмен деңгей 0.

Қорыта айтқанда, мұғалім жеке кәсіби өсу мониторингі педагогикада маңызды орын алады. Себебі, білім мен тәрбие беруде кәсіби өсу өте қажет. Келер ұрпақтың білімді болуына үлкен ықпал ететін бірденбір фактор – кәсіби шеберлік. Сондықтан да мұғалімнің кәсіби өсу деңгейін уақытылы қадағалау – мониторингтің басты факторы болып саналады. Әрбір білім беру ұйымдарында қызмет жасайтын мұғалім болашақ білімді, өз өміріне жауапты ұрпақ тәрбиелеу үшін заман талабына сай сабақ үрдісін өзгертіп, жаңаша дамытып, өз білімін үздіксіз жетілдіріп отыруы тиіс. Сонда ғана болашаққа сеніммен қарауға болатыны сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Энциклопедический словарь. – Астана: Образование и наука, 2008

2. Жайтапова А.А. Педагогический мониторинг в системе активного обучения учителей на курсах повышения квалификации. – Алматы, 2006

3. Педагогический мониторинг образовательного процесса как фактор повышения его уровня и результатов // Стандарты мониторинга в образовании – 2000 – № 5.

4. Шишов С.Е., Кальней В.А. Мониторинг качества образования в школе. – М, 1999320с.

 

 
 

Тема номера





 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10