электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2016 г.

 

Біліктілікті арттыру курстарының мазмұны білім берудің басым бағыттарына сәйкес жаңартылуда

№ 4 (155) апрель 2016г.

МЕЙРАМОВА А.Т., академиялық бөлімнің бас маманы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ Петропавл қаласы


Қазақстанда заманауи білім берудің қалыптасқан жаңа жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне қарай бағдарланған. Бұл үрдіс оқу-тәрбие үдерісінің педагогикалық теориясы мен тәжірибесіндегі бар өзгерістермен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда мұғалім оқу материалдарын жаңаша тұрғыдан құру үшін заманауи инновациялық әдістерге көңіл бөлу қажет. Оқу материалдарының жаңа түрлерін әзірлеу, олардың білім беру тәжірибесіндегі өзгеруі мен қызмет ету мүмкіндіктері білім беру мазмұнын жаңартудың бір бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстанда жаңа мектеп үлгісін қалыптастыру үдерісінде жауапты істі талап етеді. Бағдарламада «орта білім берудің мақсаты – еліміздің экономикалық өрлеуі үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту үшін өзгермелі әлемде табысты жетістікке қол жеткізу, рухани дамыту көрсетілген. Білім беру мазмұнын жаңартудың базалық қағидасы – әр мектепте тұлғаны рухани-адамгершілік дамытуға белсендіретін білім берудің адамгершілік ортасын құру.

Білім беруді сапалы өзгерту мұғалім көзқарасы мен орнын, оның оқу үдерісіндегі рөлінсіз қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан әр мұғалім жаңа өзгерістердің мәнін, жаңа білім берудің нәтижелерін түсінуі тиіс. Біздің ойымызша, мұғалімдердің, әдіскерлер мен мектеп басшыларының сапалы дайындығынсыз жаңа мектепке ауысу асығыстық болар еді, өйткені тәжірибеде жаңа теориялық идеяларды, жаңа мақсаттар мен міндеттерді, оқытудың мазмұны мен технологиясын, бағалаудың жаңа түрін жүзеге асыру мүмкін болмас еді. Негізінде педагогтердің біліктілігін арттыру кезінде құзыреттілік-бағдарланған білім беру мазмұнының жаңартылуы есепке алынуы тиіс және ол оқыту мен әдістемеде жаңа әдістерді енгізуде озық тәжірибелерді таратуы тиіс.

Білім беру мазмұнын жаңартуға көшу кадрлық ресурсқа да жаңа талаптар қояды: педагогтерді білім берудің құзыреттілік әдісі аясында даярлау; педагогтерді денсаулық сақтау технологияларымен қамтамасыз ету; білім беру үдерісін шынайы дамыған жекелендіру жағдайында жұмыс істеуге қалыптастыру. Сондықтан педагогке жалпы білім берудің жаңартылған жалпыға міндетті МЖБС мазмұны мен оны қабылдау методологиясына дайындығы қажет.

Бүгінгі күні әр педагогті толғандыратын сұрақтар:
Білім беру мазмұнының жаңартылуының бұрынғыдан өзгешелігі неде?
Мектепте білім беру үдерісін ұйымдастыру әдістері өзгере ме?
«білім беру, нәтижеге бағдарлану» түсініктері нені білдіреді?
Жаңартылған білім беру мазмұнына мұғалім қалай дайындалуы керек?

Осы сұрақтарды шешуге біліктілікті арттыру институты әрекет етеді. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ мен бірігіп әрекет ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» АҚ мақсатты бағытталған жұмысының нәтижесінде біздің облыстың педагогтері жаңартылған бағдарламалар бойынша дайындық курстарынан өтті.

Филиалда профессорлық-оқытушылық құрамның кәсіби және шығармашылық өсуіне ерекше көңіл бөлінеді. Соңғы 2 жылдың ішінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының саясаты арқасында филиал қызметкерлері өздерінің кәсіби біліктіліктерін алдыңғы қатарлы шет елдерде Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Франция, Сингапур, Австралияда арттырып қайтты. Филиалдың 13 қызметкерінің «Назарба- ев Зияткерлік мектебі» ААҚ педагогикалық шеберлік орталығымен, Кембридждің халықаралық емтихан кеңесімен берілген тренерлік сертификаттары, 2 тренердің «Бөбек» ғылыми-тәжірибелік ұлттық орталығымен берілген сертификаттары бар, 4 қызметкер PISA халықаралық зерттеуі бағдарламасы бойынша білім алып, тренерлік сертификатқа ие болды. Ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында филиалдың 13 қызметкері «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ААҚ педагогикалық шеберлік орталығында білім беру мазмұнының жаңартылуы бойынша арнайы оқу курстарынан өтті.

Облыс педагогтерінің кәсіби өсуі мен кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мақсатында қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының мазмұны «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Нұсқаулық хатына сәйкес жаңартылды.

Біліктілікті арттырудың қысқа мерзімді курстарының сапалы дайындығына қол жеткізу үшін педагогтердің сұраныстарына қарай институттың профессорлықоқытушылық құрамы ҚР БжҒМ, «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұсынған нормативтік құжаттарға сәйкес оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК) әзірлейді.

Филиал оқытушылары оқу бағдарламаларымен олардың әдістемелік қамтамасыз етілуінің мазмұнын үнемі жаңартып отырады, оқытудың белсенді әдістері мен заманауи білім беру технологияларын белсенді қолдануға тәжірибелік тұрғыдан үлкен күш жұмсайды.

Оқытудың дәстүрлі түрлері мен оқыту құралдарымен қатар оқытушылар интербелсенді әдістері мен түрлерін де қолданады: дәріс-дискуссиялар, проблемалық дәрістер, диалогтік дәрістер, рөлдік ойындар, тренингтер, дебаттар, семи- нарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, тыңдаушылардың танымдық қызметін белсендіретін құралдар.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру заманауи компьютерлік технологиялар мен «бұлттық» сервистерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл бағдарлама бойынша оқыту ХХІ ғасырдағы білім берудің заманауи парадигмаларын жүзеге асы- ру үшін мұғалімдердің нақтыланған дайындығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тыңдаушылар үшін білім беру контенттерінің қолжетімді болуы БАИ оқытушыларымен кері байланыс жасауға да мол мүмкіндік береді.

Сондықтан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ-дың профессорлық-оқытушылық құрамы ғылыми-педагогикалық тілі мол тәжірибелі педагогтерден құралған және білім берудің жоғары технологиялық ортасын құру, білім беру мазмұнын жаңартуға сапалы әрекет ететін, қазақстандық мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесін модернизациялауға қатысушы болып табылды. Қазіргі жағдайда инновациялық қызметке дайындығы – педагогтің кәсібилігінің маңызды сапасы болып табылады, өйткені педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейіне, сапалы білім беруге онсыз қол жеткізу мүмкін емес.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Бакирбекова А . М . , Жолбасарова А . Б . Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіру /Астана , 2015/ [Электронды қ ресурс]:http://martebe. kz/bilim-beru zhuiesinzhetildiru.

2. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты / [Электрондық ресурс]: http://el.kz/m/articles/ view

3. Жаңа формация мұғалімін дайындау мәселелері. Қазақстан педагогикалық Ғылымдар Академиясының хабаршысы, 2012, №1

4. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жыл дар ға арналған мемлекеттік Бағдарламасы, Астана 2010

5. Қазақстан – 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы , 2012 , 14 желтоқсан

 

 
 

Тема номера







 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no