электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2016 г.

 

Мұғалімдердің рефлексиялық дағдыларын дамытуда рефлексивті модельдердің ықпалы

№ 4 (155) апрель 2016г.

ЖАНСҮГІРОВА Ж.Д., Қызылорда қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері, жаттықтырушы


Мұғалімнің кәсіби білікті маман ретінде қалыптасуы – үздіксіз және күрделі үдеріс. Бұл өз тәжірибесіне өзгерістер енгізе алатын және енгізілген өзгерістердің ықпалы мен тиімділігін терең ойластыратын рефлексиялаушы-тәжірибелі маман болуды қажет етеді.

Қазіргі таңдағы біліктілік арттыру курстарының негізгі міндеті – мұғалімдерді түрлі заманауи әдіс-тәсілдермен қаруландырумен қатар, олардың рефлексивті дағдыларын жетілдіру, яғни, өз тәжірибесіне сыни көзбен қарай отырып, өз тәжірибесін ұдайы талдап, терең ойластыру арқылы өзін-өзі реттеуге дағдыландыру, дербестік, өзін-өзі басқару және жетілдіру секілді қасиеттерін дамыту.

Педагог мамандардың рефлексиялық қабілетін дамытуда тиімді болып табылатын рефлексиялық модельдерді мақалада қарастырмақпыз.

Бірінші ұсынылып отырған Бортонның (1970) рефлексиялық моделі алғашқы қадам жасап жатқан жас мамандарға қолдануға тиімді және құрылымы бойынша өте қарапайым модель. Не? Оның салдары қандай? Әрі қарай не болмақ? деген үш сұрақ негізінде жас мамандарға «шынайы тәжірибе әлемі» жайлы ой қозғап, өздерінің тәжірибесі, кәсіби дамуы жайлы аналитикалық талдау жасауына ықпал ететіні сөзсіз.

Екінші рефлексиялық дағдыны арттыруға берілген модельде мамандарға өз тәжірибесі жайлы ойлануға бағытталған төрт бағыттағы маңызды сұрақтар берілген. Бұл модель негізінен тәжірибедегі үдеріс, оның ықпалы мен нәтижесі жайлы терең ойлануға мүмкіндік береді. Практиктерге өзін кәсіби маман ретінде танып білуге, тәжірибеге өзгерістер енгізіп, оны жақсартуға, сынақтан өткізуге, зерттеушілік бастама жасауға тиімді болып табылады. Сонымен бірге, өз мамандығының құндылығы мен теориялық білімін нығайтуға көмектеседі.

Үшінші рефлексиялық модельде (Bain et al., 2002) жеке және кәсіби тәжірибе туралы рефлексия жасауға негізделген бес бағыттағы сұрақтар берілген. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, рефлексияны дамытудың бірнеше жолдары бар. Дегенмен де әрбір практик маман өзіне ыңғайлы және тиімді жолын таңдауы керек. Бұл сұрақтар құрылымы бойынша жоғарыда ұсынылған екі рефлексиялық модельге қарағанда күрделірек. Бұл әрбір маманнан кәсіби түсінік, кәсіби дағды және кәсіби біліктілікті талап етеді. Осы сұрақтарға жауап бере отырып, өзінің «жасырын» тәжірибелік білімі мен ары қарай оны қалай дамытуға болатынын дербес шешім қабылдауға итермелейді.

Осы ретте рефлексиялық модельдердің өз тәжірибесіне аналитикалық талдау жасауға ықпалы қандай деген мәселе төңірегінде ой қозғасақ және тағы бірнеше модельдерді қарастырсақ. Кембридж университетінің докторы С.Браунхилл «Өзін-өзі рефлексиялау формалары арқылы мұғалімдердің рефлексивті тәжірибелерін қолдау» (2014) мақаласында «Өзін-өзі талдау метатаным- мен байланыстырылады, себебі рефлексия барысында танымдық үдерісті тану үдерісі ой елегінен өтеді» деген пікір айта отырып, өзіндік рефлексияны дамытуға бағытталған аналитикалық модельдерге сипаттама береді.

Өз ісінің шебері, яғни кәсіпқой маман аналитикалық модельдерді өз ойларын құрылымдастыру мақсатында пайдаланады. Кең тараған белгілі аналитикалық модельдердің бірі – Гиббс циклі (1988). Автор циклінде қарастырып отырған талдаудың түйінді сұрақтары біз қарастырып отырған өзіндік рефлексияға алып келетінін анық көруге болады.

Құрылымдастырылған Гиббс циклінің негізі көптеген модельдер өзегін қалыптастырып отырған тәжірибе – бағалау –талдау – келесі әрекеттен тұратын қадамдардан тұрады. Графикалық тұрғыдан көрініс тапқан модель мұғалімдерге өз тәжірибесін талдауға тиімді.

Майнс және соавторлар (2011), Джонсон (1990) және Майер өз еңбектерінде графикалық органайзерлердің практиктің өз ойларын құрымдастыруға, олардың байланысын табуға және сыни тұрғыдан ойлану арқылы жоғары дәрежеде танымдық іс-әрекетке жетелейтінін атайды.

Аналитикалық модельдердің графикалық формаларын негізге алған басқа да түрлерін қарастырсақ:

Қандай? Сонымен, қандай? Енді қандай? (Рольф және соавторлар, 2001) – Квадрат

Аналитикалық дөңгелектер (Рэйс, 1993)

Жоспарлау- Іс-әрекет-Шолу (Гринуэй, 1995) – Үшбұрыш

Рефлексия моделі

(Асадориан және соавторлар, 2011) – сатылы қадамдар/ баспалдақ)

Ұсынылып отырған рефлексиялық модельдердің барлығы белгілі бір ойды жинақтауға, синтездеуге және келесі қадамдар жоспарлауға мүмкіндік беретін графикалық формаға сүйенген.

Йиптің ойынша (2006: 782) «өзіндік рефлексия – бұл жоғары деңгейдегі жекеленген жол әртүрлі мо- дельдер тек ұсынылады олар [профессионалдар] өз аналитикалық тәжірибесінде жағдаятқа, деңгейіне, стильдік ерекшелігіне сәйкес өзіндік жеке моделін жасау қажет». Сондықтан, әрбір рефлексиялаушы практиктің өз таңдауы бар демекпіз.

Мунның (1999) рефлексиялық тәжірибені «сыни по- зицияны қабылдауға сілтейтін, мәселелердің шешімін анықтайтын біліктілік пен дағдының жиынтығы» деген пікірін қолдай отырып, рефлексия бізден өз тәжірибеміз жайлы ойланып, жетекші сұрақтарды қоя отырып, өткенімізге ой шомып, бүгінімізге баға беріп, болашағымызға н ық қ адам б асуға м үмкіндік б ереді дегіміз келеді.

 

 
 

Тема номера







 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no