электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2016 г.

 

Жаңартылған білім беру бағдарламасы болашақтың айқын жолы

№ 7 (158) сентябрь 2016г.

ӘЛМАҒАМБЕТОВ Қ.С., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренері


Елімізде орта білім беру мазмұны жаңарту шеңбері аясында білім берудің құрылымы мен мазмұнына түбегейлі өзгерістер енгізілу үдерісі баршамызға мәлім. Жаһандану заманында болашақ ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, алған білімін теориямен қатар өмірінде қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті. Аталған міндетті орындау үшін білікті де білімді маман «қарулану» қажет. Бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын бағдарлама. Ендеше, білім беру бағдарламасына өзгерістер не үшін қажет деген сұрақтар да туындайды? Бұлар біріншіден:

Білім беру бағдарламаларын жаңартудың басымдықтары;
Рухани құндылықтар мен дағдылар;
Үш тілдік саясатын іске асыру;
Спиральді оқу бағдарламасы;
Оқытуда қолданылатын жаңаша әдіс-тәсілдері;
Белсенді оқу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі;
Тілдік дағдылар;
Критериалды бағалау жүйесін енгізу.

Сол себептен биылғы бірінші сыныпты қабылдайтын барлық пән мұғалімдері арнайы біліктіліктерін көтеріп дайындық курстарынан өтті. Курстың негізгі мақсаты: жаңартылған білім беру бағдарламасының табысты іске асырылуына көмектесу; мұғалімдерге білім беру бағдарламасының мазмұны өзгертілгенін ұғындыру; жаңа оқыту әдіс-тәсілдерінің қажеттілігін түсіндіру болып табылады. Мұғалімдерге жан-жақты қолдау көрсету. Республикамыздың барлық облыс орталықтары мен аудан, қалаларында жаппай мұғалімдер үшін жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламасы мен оқулықтары бойынша дайындық курстары ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы білім мазмұнына кезең кезеңмен көшу жұмыстарын бастады. Бұл ұзақ мерзімді жаңартылған бағдарламада дағды мен құзірет беру компоненттері және тәрбие беру жұмыстары, даму стартегиясы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру күшейтіледі. Оқушыларда айтылым мен тыңдалым, оқылым, жазылым тілдік дағдыларымен қоса оқытудың әртүрлі мәселелерін шешуі жолдары қарастырылған. Бағдарлама курсы инновациялық стратегияларды оқыту үдерісіне енгізу бағытына сай мұғалімдердің оқу мазмұнының белсенділігі мен заманауи оқытуды талап етуде. Оқушыларды әртүрлі әдіс – тәсілдермен оқытып, ішкі уәжін ояту, ой – өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі мұғалімнің сабақ мазмұнын қалай ұйымдастыруынан туындап отыр. Бастауыш сынып мұғалімі өзі оқытатын пәні аясында зерттеуші позициясында болуы тек осы пәнді оқытумен шектеліп қана қоймай, оның басқа пәндермен байланысын қарастыруды, жаңалықтар қалай ашылғандығы туралы білімді ұсынумен, қолдана алу мүмкіндігіне ие болмақ. Тыңдаушылармен жүргізілетін жұмыс жүйесі жаңа мазмұндағы оқу бағдарламасы, оқу жоспары, критериалды бағалау басшылығы, үлестірме материалдарға негізделеді. Әр мұғалім тиімді оқу мен оқыту тәсілдерімен таныса отырып, өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізеді. Жанадан енгізіліп отырған жаратылыстану пәнінің негізгі мақсат міндеті қазіргі халықаралық зерттеулерге байланысты оқушы зерттеуге негізделген пән болғандықтан алған білімін өмірде қолдана алуы. Сауат ашу пәні бірінші сыныпта жыл бойы жүргізіліп, оқушы алғашқы тілдік дағдылар тыңдалым мен айтылымды жақсартып барып, жыл сонына қарай жазылым мен оқылымға көңіл аударады. Спиральды оқу жүйесі оқу мақсаттары әр тоқсанда қайталанып келуі, жылдан жылға оқу мақсаты мен тапсырмаларда күрделене түсуін де айта кету керек. Яғни жеңілден ауырға, оңайдан қиынға қарай бағытталған. Оқу мен оқытудағы әрбір ісәрекет мақсат пен нәтижеге жетуге бағытталғанын түсінді. Өз алдына мұғалім білімді ұсынушы ғана емес, сол білімді бірге жасайтын, дұрыс ұйымдастыра алатын жан-жақты дамыған болу керек. Бұл заман талабы, яғни өмір бойы білім алып іздену дегенді білдіреді. Жаңартылған білім беру бағдарлама курсының маңыздылығы да міне, осында.

Өзім курс барысында үйретіп жатқан әдістер оқушылардың ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауына, ойын еркін жеткізуіне және шығармашылық қабілеттерін дамытуына септігін тигізетініне көзім жетті. Әр мұғалімнің шеберлігін шыңдайтын, жас ұрпақтың білімі нәтижелі болуға жұмыс атқаруға көмектесетін курстың берері өте көп болды. Болашағынан үміт күткен, келешекке бастайтын Мәңгілік еліміздің ұрпағы білімді, білікті болу үшін нақты жоспар мен батыл қадам керек. Әр мұғалім бүгінгі таңдағы әзірленіп жатқан жаңа мазмұнды бағдарламаны игеруі маңызды. «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді», – деп Бауыржан. Момышұлы айтқандай, сапалы білім, саналы тәрбие берген қоғамдағы ұстаздың орны ерекше екенін ұмытпай, жан-жақты қолдау көрсетуі қажет деп ойлаймын. Еліміздегі білім беру реформасындағы жаңаша өзгеріске сәттілік болсын.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»,17.01.2014 ж.

2. Н. Ә. Назарбаев « Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауы, 2012.

3. ҚР Білім беруді дамыт удың 2011- 2 0 2 0 жыл дарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, – Астана, 2010.

4. ҚР «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2007.

 

 

 

 
 

Тема номера







 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no