электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2016 г.

 

Қазақ тілі сабағындағы символдың рөлі

№ 7 (158) сентябрь 2016г.

МАХАДИЛ З.Ш., ШАБАЖАНОВА С.К., «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты. Павлодар қаласы.


Оқыту үдерісінің басты тұлғасы – білім алушы субъект, ал оның алған білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр.

Білім беру арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдысын дамыту – негізгі міндеттердің бірі. Ендеше, дағдының не екендігіне тоқталайық.

Дағды – жаттығуларды орындау нәтижесінде үйренушінің білімін автоматизм дәрежесіне дейін көтеретін әрекет. Лексикалық дағды, грамматикалық дегендерді ажыратуға болады: лексикалық дағды – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде, әсіресе, рецетивті сөйлесуде алған білімі арқылы санасында орнығып қалған сөздер мен сөз тіркестерін жағдаяттың мазмұны мен мақсатына қарай дұрыс қолдана білу қасиеті. Басқаша айтқанда, үйренушінің лексикалық дағдысының бар екендігі өзі білетін сөзді тағы да бір тілдік бірлікпен тіркестіріп, ойын жеткізе алуы, естілген сөздерді өзінің ана тіліндегі ұғыммен салыстыра отырып, тез арада аудара білу қабілеті, сөздерді іріктеп қолдана алуы арқылы көрінеді. [1;9].

Әрине, лексикалық дағдыны қалыптастыру ерте жастан басталады, яғни бүгінгі таңда балабақшадан бастау алып, мектепте жалғасады. Орыс тілді мектепте «Қазақ тілін» 1-сыныптан бастап үйретуде тыңдау, қайталау, көрсету арқылы іске асыру оңтайлы нәтижеге әкеледі десе артық емес. Өйткені жаңа сөзді естіртіп қана қоймай, оның символын көрсеткенде сөз жады қоймасында сақталады.

Ү. Әнесованың ойы бойынша, символдың басты қасиеті – оның образдылығы. Осыған байланысты көптеген ғалымдар символ ұғымын бейне арқылы анықтайды. Анықтамаларда «образ – символ – таңба» концептерінің жиынтығы беріледі. Мысалы, жол тәртібіне байланысты таңбалар жол үстіндегі апаттардың болмауына септігін тигізу мақсатында жасалған. [2; 184]. Осы принцпті тіл үйретуде қолданған жөн.

Баланың күнделікті өмірі оған әсер ететін және бір нәрсені есіне түсіретін, іс-әрекет етуге болатын немесе болмайтындығын көрсететін символдарға толы. Оқытуды да символ арқылы іске асырған тиімді.

Ал символ дегеніміз не?

Ағылшын тілінде оған мынадай анықтама берілген: «Symbol/ simbi/ noun 1~ (of sth) a person, an object, an event, etc. that represents a more general quality or situation: White has always been a symbol of purity in Western cultures. Mandela became a sumbol of the anti-apartheid struggle. 2 ~ (for sth) a sign, number, letter. Etc. that has a fi[ed meaning, especiflly in science, mathevatics and music: What is the chemical symbol for copper?

A list of symbols used on the map is given in the inde» [2, 1318].

О.С. Ахманованың лингвистикалық терминдер сөздігінде символға қысқаша анықтама берілген. «Символ англ. symbol, исп. simbolo. Знак, связь (связанность) которого с данным референтом является мотивированной» [3; 404].

«Символ – (грек simbolon) – айрықша таңба; белгілі бір идеяны жандандыратын таңба, образ; мәнімен байланысы жоқ белгілі бір топ адамдары ғана елейтін көзге көрінетін, сирек естілетін құрылым» [4; 413].

З.К. Темиргазинаның айтуы бойынша: «Символ – (от греч. simbolon – знак, условный знак) – это вещь, награжденная смыслом. Например, дерево предметно, вещно, осязаемое и зримо, имеет форму и цвет. В русском национальном сознании береза выступает символом родины, России» [4; 43].

Орыс тілді баланы қазақ тіліне үйрету – қазақ тілін түсінуді қалыптастырудан басталады деуге болады. Оқыту үдерісін баланы жалықтырмайтындай түрде ұйымдастыру – қиын да күрделі іс. Сондықтан да бірінші сыныпта сабақты ойын арқылы символдарды пайдаланып өткізу ұсынылады. Өйткені түсінуді қалыптастыру заманауи үдеріске сай көрнекілік негізінде іске асырылғанда ғана нәтиже беретіні мәлім.

Сондай танымал әдістердің бірі – Ашердің «тыңдау – көру – орындау» тәсілі (TКО). TКО жаттығуларын орындау кезінде оқушылар мұғалім ұсынып отырған тілді түсінеді. Суреттерді, дене қимылын және іс-әрекеттерді пайдалану арқылы түсінік пайда болады. Сол арқылы оқушылар «кіріспе ақпаратты» түсінеді және өздерінің түсінгенін тіл арқылы емес, дене қимылымен көрсете алады. Себебі, оқушылар дене қимылымен жауап бергенде, бұл қимыл ол сөздің оның жадысында орын теуіп, өзара байланысты сөздік қор қалыптастыруға көмектеседі деп күтіледі. ТКО жаттығуының қадамдары:

1. Мұғалім қарапайым ТКО командаларын береді, мысалы, «орындарыңнан тұрыңдар», «бұрылыңдар».

2. Мұғалім ТКО әдісін денеге, сандарға және бірнәрсенің ретін үйрету үшін қолданады, мысалы, «бірінші, мұрнымызды ұстаймыз. Одан кейін үш рет басымызды ұстаймыз».

3. Мұғалім сыныпта қолданылатын сөздермен таныстырады, мысалы, «Есікке барып, үш рет қақ». «Қарындашыңды алып, пеналға сал».

4. Мұғалім адамның сыртқы сипаттары мен киетін киімдерін сипаттайды, мысалы: «Алмаға қарашы, оның шашы қоңыр». Одан кейін мұғалім «Кімнің шашы қоңыр» деп сұрайды. Жауабы бір ғана сөз «Алманың».

5. Мұғалім жаңа сөздермен таныстыру үшін суреттер мен түрлі тірек құралдарын қолданады. Суретті қолданатын болса, мұғалім беске дейін жаңа сөз енгізе алады. Мысалы, «Қоңыр ит нан жеп отыр». Мұғалім суретті көрсетіп, бір сөзбен жауап беруге болатын сұрақ қояды: «Кімде иттің суреті бар?».

6. Мұғалім сурет туралы сөздерді ТКО командаларымен араластырып қолданады. Мысалы: «Иттің суретін тап та, оны үстелге қой» [5; 12].

Сонымен қатар білім мазмұнын жаңарту курстарының барысында педагог мамандар Крашеннің «Табиғи әдісінің» мүмкіндіктерін ерекше бағалап, тиімді тәсілдердің сапына жатқызды. Тілді үйретудегі табиғи әдіс сыныптағы тапсырмаларда кітаптағы мәтіндерді емес, оқуға арналған нақты материалдарды (мысалы, брошюралар, үндеухат, веб-парақтар) пайдалана отырып және оларды шынайы өмірмен байланыстыра отырып, неғұрлым мазмұнды етуге тырысады. Табиғи әдісті пайдалана отырып, мұғалім түсінік қалыптастыруға және қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді, сонымен қатар, оқушылардың арасында шынайы байланыс орнатуға ұмтылады. Ол жаңа сөздік қорды меңгеру мен қарым-қатынасқа арналған ақпараттық ресурстарды ұсыну үшін фотосуреттерді, көрнекі құралдарды және мультимедиялық ресурстарды пайдаланады.

Табиғи әдіске сәйкес келетін жаттығулар:

1. Мұғалімнің әңгімесі сыныптағы объектілерге және суреттердің мазмұнына шоғырланады;

2. Жағдайды ушықтырмас үшін оқушылар дайын бол- маса, олардан бірдеңені айтуды талап етудің қажеті жоқ, бірақ олар мұғалімнің өтініштері мен сұрақтарына басқа бір тәсілмен жауап береді деп күтіледі;

3. Оқушылар басқа тілде сөйлесе бастауға дайын болғанда, мұғалім оған түсінікті тілде өтініш білдіріп, қарапайым жауап беруге мүмкіндік береді.

4. Мұғалім сұрақ қойғанда ақырын және анық сөйлей отырып, бір сөзден тұратын жауап беруге жағдай жасайды. Яғни сұрақтар иә/жоқ деп жауап берілетін сұрақтардан бастап кеңейтілген жауап талап ететін сұраққа қарай біртіндеп күрделене береді.

5. Оқушылар белгілі бір сөздерді бірнеше рет естімес бұрын, оларды белсенді қолданады деп күтуге болмайды.

6. Графиктер, диаграммалар, суреттер, жарнама және басқа да өмірден алынған заттар сұрақ қоюда кеңінен қолданылуы керек.

7. Жаттығулар тілдік нысандарды қолдануға емес, негізінен саналы қарым-қатынас жасауға бағытталуы керек.

8. Жұптық және топтық жұмыс жүргізу және мұғалімнің жетекшілігімен бүкіл топ атсалысатын пікірталастар да пайдалы болмақ.

9. Табиғи әдіс техникалары әдетте «Тыңдау-көру- орындау» және «Тіл үйренушілер қоғамдастығы» сияқты тәсілдермен бірге қолданылады.

Бастауыш сыныптарда, оның ішінде 1-сыныпта Табиғи әдіс, ТКО әдісінің тиімділігі аса жоғары болмақ. Себебі бала қимыл-әрекет арқылы сөздерді естеріне сақтап, жадыларына тоқитын болады.

Баланың сөзді қабылдауы ақпараттағы таңбалардың кодын ашу (декодирование) болып табылады, яғни мұғалім мен оқушы арасында түсінушілік жүзеге асады. Мысалы, «қалам» сөзін оның суретін немесе қаламның өзін (символ) көрсету арқылы жадында сақтатамыз.

Басты мақсат – тұлғаның санасында орнығып қалған сөздер мен сөз тіркестерін жағдаяттың мазмұны мен мақсатына қарай дұрыс қолдана білуге дағдыландыру.

Тіл үйрету көпсөзділікті көтермейді, ол бірізділікті қажет етеді. Үйретудің алғашқы баспалдағы - тыңдалым.

Тыңдалым:

Мұғалімнің айтқан сөзін түсініп тыңдай білу.

Екінші қадам – айтылым. Естіген сөзді жаңғырту, ауызша қайталау, жаттығу.

Келесі қадам – оқылым, бірлесіп оқу. Аты айтып тұрғандай мұғалім мен оқушы бірге оқиды.

Сонымен, бірінші жарты жылдықта шәкірт символ арқылы сөйлем құрайды.

Бала сұлбасы: «Бұл» дегенді білдіреді.

Мысалы, бұл – қыз. (А суреті).

Сол сияқты Арман мен Карина мектепке бара жатыр. (В суреті).

Сабақта «дұрыс-бұрыс», «шын-жалған», «ұшты-ұшты» сынды ойындарды өткізгенде де символды қолдануға болады. Мысалы, ұшты-ұшты қарға ұшты дегенде «қарға» сөзін айтқанда қарғаның суретін көрсету.

Білім берудегі өзгеріс – бұл әлемдік құбылыс. Оның мәні – адам баласының өмірлік бағдарын өзгерту қажеттігінде, тұлғаның қоғамдағы және әлемдегі өз орнын таба алуында.

Қорыта келгенде, тіл үйрету жұмыстары өмірмен бай- ланыстырыла жүргізілуі тиіс. Интерактивті әдістерді игеру арқылы нәтижеге қол жеткізу – әрбір мұғалімнің міндеті.

 

 

 

 

 

 

 
 

Тема номера





 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10