электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2016 г.

 

Жаңартылған білім – жарқын болашақтың қадамы

№ 10 (161) декабрь 2016г.

СЕЙЛХАН А. Қ., филология ғылымдарының кандидаты, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тренер


Жаңа заман жағдайында еліміз бен бүкіл әлемде болып жатқан өзгерістер отандық педагогтердің алдына жаңа міндет, талаптарды қойып отыр.

Жаңа формаци ядағы м ұ ға лімге қойылатын та лаптар Елбасының бес институтционалдық реформасын жүзеге асыруға қатысты «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарында белгіленген. Ол білім беру мазмұнының жаңа форматқа көшуімен байланысты. Қазақстандық білім беру жүйесінде де заманауи талаптарға сәйкес білім мазмұнының жаңаруы отандық педагогтерге үлкен өзгерістер әкелуде.

Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында жүзеге асырылып жатқан жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламасының ұстаздар мен шәкірттер үшін үлкен жаңашылдығы бар, негізгі ерекшеліктеріне тоқталып өтсек:
- бағдарлама адами құндылықтарға негізделген, бағдарлы оқыту жүйесіне сәйкес құрастырылған. Білім алуды міндетті әрекет емес, өмірге қажетті әрекет ретінде қабылдау, яғни оқушыны мәжбүрлеп оқытуға емес, тәуелсіз оқытуға негіздеу. Әрбір оқушының санасына «білім» өмірлік қажеттіліктің бөлшегі деген механизмді орнату;
- пән мазмұнының шиыршықты (спиральді) қағидатпен берілуі. Бұл білім сапасын арттыруда өте маңызды жүйе. Яғни, бір тақырыптың оқу жылы аясында немесе тоқсан ішінде бірнеше рет қайталанып келуі және қайталанған сайын материалдың жеңілден күрделіге қарай жылжып отыруы;Я ғни, адамның танымдық қабілеті үнемі жетіліп отырады, соған сай оқу бағдарламасы да танымдық тұрғыдан өсіп отыруы шарт.
- мұғалімнің пәнді оқытуда жүйеліәрекеттік ұстанымын қалыптастыру. Яғни, оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысуын мұғалім кәсіби шеберлікпен ұйымдастыра білуі. Ол белсенді оқыту тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып сабағын қызықты етіп өткізуді жоспарлауы және жүзеге асыруы. Осы ретте ғалым А. Бай т ұ рсыновт ың «Мұ ға лім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» деген пікірін келтіргіміз келеді.

Оқу үдерісінде пән мұғалімінің әр оқушының оқудағы жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру:
- түсінік пен дағдылардың дамуын қамтамасыз ету;
- өз күшіне сенімі мен уәжін арттыруға жағдай жасау;
- оқушыларға идеяларды терең түсінуге көмектесе отырып, шығармашылыққа ынталандыру;
- барлық оқушылардан күтілетін нәтижені жақсарту үшін тағы қандай әрекеттер жасау қажеттігіне көңіл бөлу.

 

- кіріктіріп оқыту идеясы. Пәндер арасындағы шекараны жойып, білім беруде пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі. Пәнаралық және ішкі пәнаралық кіріктіру. Мысалы, қазақ тілі мен әдебиетін кіріктіру, әдебиет пен тарихты, география пәндерін кіріктіру. Кейбір тақырыптарды тілдердің (қазақ, ағылшын, орыс) кірігуі бойынша жүргізу. Бұл үрдіс үштілді білім беруге көшудің алғашқы қадамдарын жасауға зор ықпалын тигізеді.

- білімді бағалаудың жаңа форматымен бұл бағдарлама ерекшеленбек. Дәстүрлі бағалаудан критериалды бағалау жүйесіне көшу. Жасыратыны жоқ, біз қазірге дейін сабақ үстінде оқушының жалпы білімі мен түсіну деңгейін бағалап, сол білімді қолдану ептілігіне мән бермей келдік. Жаңартылған білім мазмұнында білімді бағалау ұғымы кеңейеді, критериалды бағалау арқылы мұғалім оқушының ақпаратты сараптау, синтездеу, және жағдайды бағалау қабілеттерін сынайды. Бұл жерде баға қою техникалық қажеттілік емес, білімді құндылық ретінде бағалаудың, мотивация тудырудың, пәнге деген ықыластың артуын көздейтін өлшем құралы ретінде қарастырылады. Бағалау дескрипторлары негізінде оқу мақсаттары арқылы күтілетін нәтижеге бағыттап оқыту идеясы айқындалады. Қойылған баға оқушы мен оның ата-анасына түсінікті, өлшенетін және нақты критерилерге негізделген бағалау жүйесіне лайық қарастырылады;

 

- біздің алмағайып тіршілікте дүниенің дидары күнде өзгеріске толы. Мүмкін ол адамдардың мобильділігінен, мүмкін жас ұрпақтың өмір сүруге деген сұранысының артуынан, талғамының өскенінен де болар. Бұл бағдарламаның ерекшелігі сонда, кез келген тақырып оқушының күнделікті өмірімен байланыстырыла отырып оқытуға негізделуінде. Яғни, функционалдық сауаттылыққа, тәжірибеге және өмірмен байланыстыра оқыту идеясына бағытталған.

Әрбір қоғамда білімді ұрпақ қай заманда болмасын ұлттың мақтанышына айналған. Ұлт зиялыларының көшін жалғастыруда, білім өркениетіне ұмтылуда білім мазмұнының ХХІ ғасыр дағдыларына сәйкес жаңаруы да абзал. Еліміз бойынша орта білім аясында жүзеге асып жатқан пән бойынша жаңартылған білім мазмұны өзінің сындарлы үлгісімен, бірегей құрылымымен, зияткерлік деңгейімен, философиялық көзқарасымен, үздік әдіснамасымен, оқытудағы белсенділігімен, рухани қ ұндылықтарымен ерекшеленбек. Яғни, жаңартылған білім – жарқын болашақтың қадамы екені сөзсіз.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2016.

2. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы К.Н. Шәмшидинованың 2015 жылғы 19 тамызда На зарбаев Зи яткерік мектептері мұғалімдерінің Тамыз конференциясында сөйлеген сөзі. – [Электрон.ресурс] Режим доступа: http://nis. edu.kz/kz/press-center/perform/?id=4198 Дата обращения: 31.10.2016

3. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарт у шеңберінде орыс тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша таныстырылым материалдары. – Астана, 2016.

 

 
 

Тема номера







 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no