электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2017 г.

 

Цифрлі технологиялар дәуіріндегі оқу дағдысы

№ 1 (162) январь 2017г.

БАЙГУЛОВА А.Д., жоба менеджері «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ, Астана қ.


«Саналы оқу, денені шынықтырумен бірдей».
Джозеф Аддн (1672 –1719) – публицист, драматург, саясаткер және ағылшын ағартушылығының бастауында тұрған ақын.

«Ілгері оқитындар тек мектепте ғана жоғары нәтижелерге жетпейді, олар есейе келе өздерінің оқу дағдыларын қоршаған айналасындағы мәселелерді шешуде және өмір бойы оқуын жалғастыру үшін пайдаланады ».
Андреас Шляйхер ЕДЫҰ Білім беру және дағдылар бойынша Департамент директоры


Халықтың мәдениеті мен білімінің деңгейі Қазақстанның экономикасын жаңғыртудың басымдылығы болып табылады. Қазіргі уақытта салауатты өмір салтын ұстану: дұрыс тамақтану, алкоголь мен темекі шегуден арылу, спортпен шұғылдану немесе денені күнделікті шынықтыру өте өзекті мәселе. Бірақ біз ақыл-ойды шынықтыруды ұмытудамыз. Өз ақыл-ойыңды шынықтыру да денені шынықтыру сияқты маңызды болып табылады. Олар бір-бірімен үйлесімдікте болуы керек.

Осындай жаттықтырудың біріне мәтінді оқуды жатқызуға болады. Оқу – жазбаша және баспа мәтіннен ақпарат алу процесі.

Кітап шынымен де біздің өмірімізден кетіп жатыр ма? Бізге «кітап» деген атаумен белгілі үйреншікті қаптамадағы қағаз парақтардың түптелген бумасы – бүгін жақын арада ғана болғаннан мүлдем басқа. Оқу мен оқырмандардың жаңа түрлері пайда бола бастады [1].

Біздің балаларымыз компьютерлер, ғаламтор, электронды пошта, ойын жабдығы, ұялы телефондардың айналасында өсіп келеді. Ғаламтор да, газеттер, басылымдар, кітапхана, кино, онлайн-дүкендер, пошта, ойындар да бар. Егер белгілі бір ақпаратты табу керек болса, олар іздей бастайды.

Электронды кітаптардың нарығы өсіп келеді, бірақ басым бөлігі қағаз нұсқада оқуды жалғастырып келеді және оқырмандардың 6% электронды кітаптарды ғана пайдаланады. Балалар электронды кітаптарға ерекше қызығушылық танытады. Бұл кітапты оқығанда балалар оны оқумен қатар, оған сурет салуға және жазуға болатынын біледі. Электронды кітаптың артықшылықтарымен: кішігірім көлемі, ыңғайлы навигация (мәтін бойынша іздеу, белгі жасау, кез-келген тарауға өту), ықтимал тегін қолжетімділік, экологиялылығымен (қағазды қажет етпейді) қатар, ғалымдар оның кемшіліктерін: мәтін көрінісінің нашар сапасы мен оқуға арналған құралдардың салыстырмалы қымбат құнын, суреттердің нашар сапасын да белгілейді.

Ғаламторда оқыған кезде ақпараттың көлемі өте үлкен болады да, ол өз құндылығының айтарлықтай бөлігін жоғалтады. Тар кәсіби қауымдастықтардың өзінде-ақ күн сайын бірнеше мақала шығады – оларды оқу және түсіну мүмкін бола бермейді. Бұл үшін үстірт оқу – басты сөздер бойынша сканерлеу, диагональ бойынша оқу, бұны оқу керек пе екенін түсіну керек болады. Желіні пайдаланушылар мәтінді оқымайды, оларды сканерлейді: дәлелдерді іздейді, деректердің бытыраңқы бөліктерін оқиды, ақпараттың әлеуетті маңыздылығын бағалауға тырысады, гиперсілтемелерге және қоса берілетін материалдарға – қазіргі кезде өте керекті фильтрлер жүйесіне оңайлықпен өтеді.

Электронды мұрағаттар, кітапханалар, журналдар, телеконференциялар баспасөз басылымдарын бұдан әрі ығыстыратын болады. Бүгінгі таңда сирек кездесетін басылымдар, жалғыз данасы ғана бар, бұрын тек тар мамандарға ғана қолжетімді болған мәдениет ескерткіштері цифрлі технологиялар арқылы кеңінен қолжетімді бола бастады, бұл жалпы мәдени ағартуға ықпал етеді. Балалар анағұрлым аз оқиды деп бірауыздан айтуға бола ма? Мектептердің кітапханашылары оқушылардың іскерлік және бос уақыттағы оқуын бөле отырып, дәлелдерді келтіреді: классиканы оқу көп жағдайда іскерлік болып табылады, негізінен оқу тапсырмаларын (реферат, баяндама, хабарлама жазу) орындау үшін іске асады, анағұрлым ашық тәжірибелік тәсіл танылады [2].

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша бірқатар ұтымды іс-шараларды жасау керек. Оқуды насихаттауға бағдарланған белсенді ақпараттық PR-саясат керек. Біз балаларымыздың өз смартфондарынан ақылды болуын қаласақ, бізге анағұрлым саналы, анағұрлым заманауи, анағұрлым ілгерілетілген педагогика керек.

Біз цифрлі мәдениет ғасырында өмір сүріп жатырмыз. Біз қырағы, талғампаз, шыңдалған болуымыз керек. Бұл кезекте таңғалуды, шаттану мен ләззаттануды, өз-өзімізді жақсы көруді де ұмытпағанымыз маңызды. Сонда цифрлі оқу адамның онсыз да кең ішкі дүниесін кеңейтуге көмектеседі. Мүмкін, оқудың жаңа форматы өзгерген ақпараттық қоғам үшін ұтымды болып табылатын да шығар және барлық теріс факторларды ескергеннің өзінде де зияннан гөрі, бізге көбірек пайда әкелетін шығар?!


1 ЮНЕСКО: Московская декларация о медиа- и информационной грамотности – 2012.

2 Вершицкая О.Н. Информационно-коммуникационные технологии и общество. – М.: Наука, 2007. – 203 с.

 

 

 

 
 

Тема номера





 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10