электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2017 г.

 

ҚР Президенті Архивінде Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауы талқыланды

№ 2 (163) февраль 2017г.

БАЙҚАШ Ж., ҚР Президенті Архивінің Құжаттарды ғылыми жариялау басқармасының бас сарапшысы


2017 ж. 31 қаңтарында мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауы БАҚ-да жарияланды [1]. 3 ақпанда ҚР Президентінің Архивінде Елбасы Қазақстан халқына жолдауын талқылау мақсатында арнайы отырыс өтті. Жиында Архив директорының орынбасары Ж.Ү. Әбдіқадырова кіріспе сөз сөйлеп, жолдаудың мазмұны бойынша қысқаша шолу жасады.

ҚР Президенті халыққа өз жолдауын екі түрлі әдіспен жолдай алады. Оның бірі ауызша болса, екіншісі жазбаша. Жыл сайын Елбасы халыққа жолдауын ауызша жолдап келді. Биылғы жолдауын жазбаша беруді ұйғарды. Мемлекет басшысы өз жолдауында: «Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды», − деп атап көрсетті [1].

Елбасы жолдауымен қатар, 26 қаңтарда «Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мəселелері жөніндегі» үндеуін жариялады [2]. Сол күні ҚР Президентінің Архиві ұжымы Елбасының Қазақстан халқына үндеуін талқылау мақсатында арнайы жиын өткізді. Жиында ҚР Президенті Архивінің директоры Б.Ә. Жапаров үндеудің маңыздылығына тоқтала келе: «Үндеуде бүгінгі күннің талабына сәйкес мемлекетті басқарудың жаңа моделі ұсынылып отыр. Сол өкілеттілікпен бірге жауапкершілік те ҚР Үкіметі мен Парламентіне жүктелетін болады. 40-қа жуық өкілеттілік осы екі мемлекеттік органға өткізіледі. Ол дегеніміз, ҚР Үкіметі, облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық әкімшіліктердің өкілеттілігі ұлғайып, халық алдындағы жауапкершілігі де артатын болады. Бұл елімізде демократияның одан ары орнығып, дамуына үлкен ықпал етеді», − деп атап өтті.

Жолдауда Елбасы тәуелсіздік алғаннан бергі мемлекетіміздің тарихына тоқталып, үш кезеңді сипаттап берді. Бірінші кезең 1991–1996 жж. Бұл кезеңде кеңестік жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Екінші кезең 1997 ж. басталады. Сол жылдың 11 қазанында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы» Стратегиясын қабылдады және Қазақстанның жаңа астанасы Астана қаласына көшірілу жұмысы басталды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.

Қазіргі таңда Қазақстан үшінші жаңғыру кезеңіне келді. Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, 2012 ж. 12 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол 2015 ж. 20 мамырында қабылданған Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» негізінде жүзеге асырылады. 30 озық елдің қатарына кіру үшін жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру мақсаты тұр. Осы мақсатқа жету үшін жолдауда бес басымдық көрсетілген.

Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы.

Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту.

Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету.

Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық. Мұндағы басты міндет – ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту.

Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту.

Бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты [1].

Жолдаудың бірінші басымдығы архив ісіне, соның ішінде ҚР Президенті Архивіне алдағы уақытта архив ісінде цифрлық технологияны қолдану, электрондық архив құру мәселелерінде көптеген міндеттерді жүктейді.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын және 2014 ж. 17 қаңтарындағы ҚР Президентінің «Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы» №732 Жарлығын [3] орындау мақсатында автоматтандыру мен заманауи технологияларды енгізу арқылы ҚР Президентінің Архиві архив ісін әлемдік деңгейге көтеру міндеттерін алға қойып отыр.

ҚР Президентінің Архиві 2014–2016 жж. арналған «Архивті ақпараттандыру» концепциясына сәйкес архивтік технологияларды заманауи нысандар мен әдістерге ауыстыру жұмыстары қарқынды жүргізіле бастады. 2015 ж. бастап Архивте құжаттарды сандық жүйеге көшіру жаңа жүйесі енгізілді. Сандық жүйеге көшірудің станциясы алты жылдам сканерлеу құрал-жабдықтармен қамтылып, бұл құжаттарды айлық сандық жүйеге көшіруді 411 істен 775 іске жоғарылатуға мүмкіндік берді [4].

ҚР Президенті Архиві 2016 ж. соңында Архивтің Бірыңғай ақпараттық-іздеу жүйесінің «Оқырман залы» қосымшасын пайдалануға ұсынды. Қосымша Архив оқырман залының зерттеушілермен жүргізетін жұмысын автоматтандыруға бағытталған: зерттеушілерді электрондық тіркеу, қор бойынша жолкөрсеткіштерге жедел қолжетімділік алу, тізімдемелер мен істердің тізімі, қашықтықтан тапсырысты әзірлеу, зерттеушілер тапсырмаларына келісім беру, тапсырыс берген істерді алу және электрондық хабарлан- дыру, автоматты есепті қалыптастыру. Жүйенің жұмысы тапсырыстарды орындау уақытын қысқартып, қағаздық негіздегі архив құжаттарын сақтауды қамтамасыз етеді. Ыңғайлы және түсінікті жүйе қолданушылардың жылдам әрі жеңіл жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Бұл жүйе тізімдемелерге, істерге тапсырыс беруді, басқа да электрондық каталогтармен жұмыс жасауды жеңілдетеді. Зерттеушілер Архивке келмей-ақ, Архив құжаттарының құрамымен таныса алады. Келешекте зерттеушілер электрондық құжаттармен жұмыс істеу мүмкіншілігіне ие болады. Бұл ҚР Президенті Архивінің Жолдауды жүзеге асыру барысындағы жұмыстардың көрінісі. Қоғамды ретроспективті ақпаратпен қамтамасыз етуі, ҚР Ұлттық Архив қорының құжаттарын мемлекеттік сақтауы, есепке алуы – осының барлығы − құжаттандыру мен құжаттаманы басқару жолындағы мемлекеттік саясаттыҚР Президенті Архивінің жүзеге асыруын білдіреді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан – 2017. – 31 қаңтар − №20 – 1−3 б.

2. Н.Ә. Назарбаевтың «Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мəселелері жөніндегі үндеуі // Егемен Қазақстан – 2017. – 26 қаңтар − №17 – 1 б.

3. Первый Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев. Хроника деятельности 2014 год. – Астана: «Деловой Мир Астана», 2015 – С. 328.

4. Б.А. Джапаров «Архивная отрасль Казахстана и участие Архива Президента РК в ее реформировании» // ҚР Президенті Архивінің ақпаратты-әдістемелік бюллетені − №19 – 2015 – 5 б.

 

 
 

Тема номера







 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no