электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2017 г.

 

Заман талабын баса айтқан Жолдау

№ 2 (163) февраль 2017г.

ӘШІМОВА Ү., ҚР МОМ Бас қор сақтаушысы, Алматы қ.


Елбасының таяуда жасаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауымен кез келген қазақстандық танысып, әр мекемеде қызу талқылауға түсіп жатқаны анық. Жылдағы дәстүрден таймай Алматыдағы Орталық музей ұжымы да ел Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын қызу қолдап, қабыл алды.

Бұл жолғы Жолдауда 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылу жолындағы «Нұрлы жол» экономикалық саясаты мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының тиімділігін баса айтқан елбасы Қазақстанның жеткен жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау, халықты əлеуметтік қорғау жəне баспанамен қамтамасыз ету сияқты маңызды салалар қашанда басты назарда қала бермек екендігін де қадап айтты.

Жолдаудағы бес басымдықты жүзеге асыру барысындағы «цифрлық техноло- гияны қолдану, цифрлық қызмет көрсету» мәселелеріне тоқталған Елбасы алдағы цифрлық дәуір талабы жаңашыл шешімдерді, оларды тиімді іске асыра алатын жетекшілерді қажет ететінін негізге алды. Осы орайда, мәселе экономика саласы- на тікелей қатысты болғанымен, денсаулық сақтау, білім беру ісі және мәдениет саласына да тікелей қатыстылығы айдан анық.

Аталған мәселелерге қолдау әрі нақты тапсырманы орындау барысында Орталық музей қызметкерлері 2012 жылдан бастап кіріскен фотоқұжаттардың санды көшірмесін жасау, «Музеолог» электронды бағдарламасын енгізу туралы бастамасының дұрыс бағыт екендігіне көз жеткізе түсті. « Museolog » – музей коллекцияларының ақпараттық каталогын құруға арналған компьютерлік бағдарлама, яғни виртуалды түгендеу карточкалары бар электронды каталог. Электронды каталог арқылы төмендегі міндеттерді жүзеге асыруға б олады:
– музей коллекцияларын есепке алу және басқару;
– музей коллекцияларын сақтау және ақпаратты толықтырып, ж аңартып о тыру;
– жекелеген музейлік заттар туралы мәлімет алу үшін коллекцияларды жете зерттеу;
– Қазақстан музейлері коллекцияларының бірыңғай а қпараттық а лаңын қ алыптастыру;
– коллекциялар туралы мәлімет алуға қолжетімділік.

Сонымен қатар электронды каталог жарияланған немесе жарияланбаған артефактілердің, қалпына келтіруді немесе тұмшалауды (консервация) қажет ететін музейлік заттардың, олардың фотосуреттерінің мәліметтер базасын құруға, яғни олардың қозғалысына бақылау жүргізуге кең мүмкіндіктер береді.

Қазіргі уақытта әлемдегі және көршілес Ресейдегі жетекші музейлердің тәжірибесіне көз салар болсақ, олар музей қорларындағы құжаттардың барлығын сандық форматқа көшіру жұмыстарын осыдан он шақты жыл бұрын бастап кеткен. Құжаттарды жаппай сандық форматқа көшіру не үшін қажет? Құжаттарды сандық форматқа көшірудің маңызы музей үшін өте зор. Оған екі-үш жолмен қысқаша тоқталайық, біріншіден, құжаттардың сақталу жағдайын қамтамасыз етеді, яғни көшірме қ ұжаттарды көрме жұмыстарына, экспозицияға, электронды бағдарламаларға («Музеолог» электронды бағдарламасы), ғылыми каталогтарға және т.б. мақсаттарға пайдалануға болады. Құжаттарды бірнеше мәрте қолмен ұстап қарау, оның бұзылу процесін жеделдететіні белгілі. Екіншіден, музейлік ғылыми-білім жұмыс бағытында ізденген ғылыми қызметкерлер, зерттеушілер үшін қордағы қажетті мәліметті жедел түрде табуға жол ашады, яғни ақпаратқа қол жетімділік және оны ұқсата білу (пайдаға асыру) тиімділігі. Үшіншіден, музейдің фото және құжаттық деректерден тұратын құндылықтарының толық сандық мұрағатын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тарихи фотоқұжаттар, аудио-видеоматериалдар, қолжазбалар және негативтерді (шыныға я үлдірге түсірілген сурет), жалпы музейлік құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету үшін сандық көшірме жасау заман талабы. Өйткені жаңа технологиялар мен коммуникациялар саласында қарқынды дамуымен ерекшеленетін XXI ғасыр ғылыми, мәдени мекемелердің алдына бірыңғай акпараттық және білім беру кеңістігіне ену міндетін қойып отыр. Сондықтан кез келген салада бәсекелестікке сай болған жағдайда ғанажа һан дан удың көші не і лесе аламыз. Бұл дегеніміз, Елбасы – Ұлт Көшбасшысының сөзімен айтқанда «Бізде уақыт талабын лайықты қабыл алып, елімізді одан әрі жаңғырту жөніндегі міндеттерді орындаудан басқа жол жоқ», – деген қисынға саяды.

 

 
 

Тема номера







 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no