электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2017 г.

 

Білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан бағдарламалардың ерекшеліктері

№ 6 (167) август 2017г.

ҚАЛДАРОВА Қ.И., «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалының аға менеджері ЖОШЫБАЕВ Қ.С., Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қорам орта мектебінің директоры


«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Пeдaгoгикaлық шeбeрлік oртaлығының Кeмбридж унивeрситeтінің Білім бeру фaкультeтімeн бірлecіп әзірлeгeн бaғдaрлaмaның мaқсaты – ХХІ ғaсырдa мeктeптeр жүйeсіндe жұмыc істeйтін мұғaлімдeрдің кәcіби біліктілігін aрттырып, бoлaшaқтa oқушылaр білімді жaй ғaнa иeлeніп қoймaй, oны өмірдe өз oрнымeн қoлдaнa білуіне бaғыттaу бoлып тaбылaды [1, б. 4]. Бaғдaрлaмaдaн күтілетін нәтижелер оқушылaрғa қaлaй оқу керектігін үйретіп, нәтижесінде еркін, өз ойлaрын нaнымды жеткізе aлaтын, ынтaлы, сенімді, сыни көзқaрaсы дaмығaн, сaндық технологиялaрдa кұзырлылық тaнытaтын оқушы ретінде қaлыптaсуын көздейді.

Бұл бaғдaрлaмa мұғaлімнен түрлі педaгогикaлық әдістер мен стрaтегиялaрды қaлaй және қaй жaғдaйдa қолдaну қaжеттігін білуді, бүкіл сыныпты оқытуғa көңіл бөле отырып, әрбір оқушымен болaтын жеке кері бaйлaнысты дa естен шығармaуды, өз әріптестерімен мектепте, желілік кәсіби қоғaмдастық шеңберінде, тәлімгерлік жүйесін көздейтін бaсқa дa ісшaрaлaр aясындa ынтымaқтaстық орнaтуды, aқпaрaттық-коммуникaциялық технологиялaр сaлaсындa мықты дaғдылaрды игеріп, оқытудың тиімді құрaлы ретінде олaрды қaлaй пaйдaлaну әдістемелерін меңгеруді, оқу ортaсын құру, жүргізу, бaсқaру және жоспaрлaуғa үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін бaрыншa жетілдіріп отыруды және өз тәжірибесіне қaтысты рефлексия жaсaуды тaлaп етеді.

Егер мұғалім оқушыларды дербес ойлауға, өз беттерімен ізденуге, шешім қабылдауға, өзіне сын көзбен қарауға баулуды мақсат етсе, онда оқушылардың білімге селқос қарауын өзгертіп, дайын білімді қайталап берумен ғана шектелетін іс-әрекеттен құтқарады. Яғни, дәстүрлі сабақтың бірсарындылығы, сындарлы кері байланыстың болмауы, мұғалім белсенділігінің басым болуы, оқушы үніне мән берілмеуі, сабақ жоспарының нақты, шынайы, өлшемді, қолжетімді болмауы – оқыту мен оқудағы күтілетін нәтиженің жеткілікті дәрежеде болмауына әкеліп соқтырады.

Мектепті дамыту үшін, балаға жағдай жасап, оқу мен оқуды дамытуда мұғалімдерге қолдау көрсетуде: бөлінген көшбасшылық, мұғалімнің кәсіби дамуы, желілік қоғамдастық – осы үш құндылықтың мектепке берері мол. Бағдарламаның құндылығы – білім саласында бөлінген көшбасшылықтың аясында, ұстаздардың ақылды ой, сезімтал жүрек, іскер қол бірлескенде ғана межелеген мақсатқа жетулеріне мүмкіндік беретіндігінде. Адамдардың бір идеяға бағытталған жұмысын ұйымдастыру, мектепті, мұғалімдер мен оқушыларды қоғамдасқан жұмысқа жұмылдыру – табысқа жететін жол.

Мектеп директорлары оқытудағы көшбасшы ретінде тиімді тәжірибе қоғамдастығын құрып, онда үздіксіз кәсіби дамудың жоғары деңгейіне көтеріліп, даму бағдарламаларының орындалуына ықпал ете алады [1, б. 11].

Сондықтан мұғалімдермен қатар мектеп басшыларын да оқыту уақыт талабы. «Мектепті басқару белгісіздікті, сенімсіздікті шектеп, алауыздықты а зайтатын, тұрақтылықты нығайтып, болашақты болжауға мүмкіндік беретін жүйе құру деген сөз» [1, б. 8]. Басшыларға арналған курстарда білімімді жетілдіре отырып, оқу мен оқыту, мектеп басқару ісінде жаңалықтарды енгізу арқылы үлкен жетістіктерге жететініме сенімім қалыптасты. Мектептің даму бағдарламасы туралы ойым мүлдем өзгерді. Мұғалімдердің, жалпы мектептің кәсіби проблемаларын шешуде курс барысында үйренген мектептің даму, оны іске асыру және эвалюациялау жоспарын құру атқарылар іс-шараларды жан-жақты талдауды маңызды деп білемін. Мұғалімдерден бөлек оқушы мен ата-ана пікірін ескеріп деректер жинап, зерттеу жүргізу мектептің даму бағыттарын дәл анықтауда бірден-бір септігін тигізді. Жоспар жасауда SMART – мақсатты, ал талдауда SWOT-ты басшылыққа алу іс-әрекетімде не маңызды деген сұраққа жауап берді. Сындарлы оқыту теориясын, бағдарламаның жеті модулі мектебімде белең алған мәселелерді шешуде оң ықпалын тигізді.

Мектеп оқушылары, ата-аналар, мектеп қызметкерлерінен құрылған топтарға арнап сауалнама жүргізу барысында көрсеткіштер педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы жоғары болғанымен, мұғалімдердің өз тәжірибесіне сыни рефлексия жүргізуінің жеткіліксіздігін, олардың оқыту тәжірибелерін дамытуға көмек қажет ететіндіктерін байқатты. Мектеп қызметкерлерінің көшбасшылық функциясын атқаруға сенімсіздіктерін, ішінара болса да мектептің қандай бағытта дамып жатқанын айқын түсінбеген қызметкерлердің бар екенін, бұдан мектепте педагогтардың көшбасшылығын дамыту қажеттігі айқындалған болатын.

Ал оқушыларға арналған сауалнамадан сабақ үдерісінің бірсарындылығы, кері байланыстың жеткіліксіздігін, мектеп мұғалімдерінің оқушылар пікірімен санасу деңгейінің төмендігін аңғаруға болады. Зерттеу қорытындысында мұғалімдердің шәкірттерімен ынтымақтастық қарым-қатынасын дамыту, сабақ беру үдерісіне сындарлы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін енгізу сұранысы көрінді. Жинақталған мәліметтерді саралай келе мектептің оқу-тәрбие үдерісіне өзгеріс енгізу қажеттігі айқындалды.

Бұл жолда, ең алдымен, мені деңгейлік курстар бойынша сертификатталған мұғалімдерден құралған өзгеріс енгізу тобы қолдады. Өзгеріс енгізу тобымен апта сайынғы отырыста атқарылған жұмыстарға кері байланыс жасап, алдағы іс-әрекеттерді егжей-тегжейлі жоспарлаудың нәтижесінде біртіндеп даму жоспарын іске асырдық.

Жоспар бойынша түрлі формадағы іс-шаралар: коучингтер, тәлімгерлік үдерісі, Іс-әрекеттегі зерттеу, сабақты зерттеулер, желілік қоғамдастықтар құру, оқушы пікірін ескеру мектептің оқытумен қатар, басқа салаларына да біртіндеп енуде. Нәтижесінде мұғалім мен оқушы, ата- ана арасындағы ынтымақтастық нығайып, ата-аналардың мектепке деген сенімі артты.

Ұжымда да әр уақытта ынтымақтастық атмосферасын орнатуды алдыңғы орынға қоюымның нәтижесінде мектебімде бастамашыл мұғалімдердің деңгейі өсті. Ол, әрине, дәстүрлі жиналыстарға мүлдем ұқсамайтын коучингтерде көрініс тапты. Бұрын пікірін сұраса ғана жауап беретін мұғалімдер бүгінде көкейіндегі ойларын еркін айтады, жеке көзқарасы да пайда болып, идеяларымен бөлісіп, көшбасшылық атқаруға деген сенімсіздіктері бірте-бірте жойыла бастады. Мұғалімдердің коучинг барысында меңгерілген жаңа дағдылары өз сабақтарында ептілікпен енгізіле бастады.

Кәсіби құзыреттілігі жоғары мұғалім ғана биік нәтижеге қол жеткізе алады. Ең бастысы, бүгінде жетістікке қол жеткізуімнің себебі алдымен өзімнің көзқарасымның өзгеруі деп ойлаймын.

Өзгеріс енгізуді жүзеге асыруда, ата-аналар мен педагогтар арасында дәстүрлі оқытуға деген көзқарастың орнықты қалыптасуы, ұжымның, оқушылардың өзгерістерге бейімделу жағдайында туындайтын қиыншылықтар кедергі болуы мүмкін деген алғашқы ойларым бетбұрыстардың басталуымен біртіндеп сейіле бастады.

«Шетелдің оқыту жүйесін қолдану, дәстүрлі педагогикадан ажырау мүмкін емес, оған көп уақыт керек» деген пікірлер жай ғана сылтау дер едім. Мемлекет қаншама қаражат бөліп педагогтерді курстарда оқытып, үстеме еңбекақы тағайындауда. Ал осы сертификатталған мұғалімдер өз дәрежесінде өздеріне қойылған міндеттерді атқаруда ма? Бұл орайда «мектептің материалдық жағдайының төмендігі, қазіргі білім беру жүйесі мен жаңаша оқытудың арасындағы қайшылықтар, қағазбастылық» деген мәселелер тағы айтылады. Сыныққа сылтау іздемей, елінің болашағына алаңдайтын, өз ісін сүйіспеншілікпен атқаратын ұстаз ғана ұлттық құндылығымыздан ажырамай, озық тәжірибелерді шебер ұштастыра алады. Бүгінде педагог мамандығын таңдайтын талапкерлерге де қойылып жатқан жаңаша талаптар қуана құптарлық жай. Сонымен қатар, өз тәжірибем барысында көз жеткізгенім, мектепке жаңаша өзгеріс енгізуде, деңгейлік курстар бойынша сертификатталған мұғалімдердің жұмысын тиімді ұйымдастыруда, алдымен мектеп басшыларын курстан өткізу зор нәтиже берері анық.

Қазіргі таңда әлем жылдам өзгеруде. АКТ-ны қолдануда шәкірттері ұстазынан озған заман. Мысалға келтірер болсам, кей мұғалімдеріміз тіпті компьютерді қосып өшіруді білмей жатқанда, оқушыларымыз мектеп табалдырығын аттамай жатып, компьютерді меңгерген, Ғаламторды қолдана отырып, өздеріне қажетті ақпараттар алуда.

ХХI ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Еліміз егемендігін алып, өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған осы кезеңде біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген адамдарды қажет етеді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, іздемпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.

Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттілікті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт- бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Ұлы ойшыл Плутарх кезінде: «Көптеген табиғи талант дарын- сыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Сондықтан әрбір ұстаз бұған жол бермеуі керек», – деген екен. Қaзіргі мұғaлім оқушылaрдың білім aлуын ұйымдaстырушы ғaнa емес, олaрдың тaнымдық-прaктикaлық әрекеттерін, өзaрa қaтынaсын реттеуші әрі олaрдың өмірлік кеңістікте кезкелген жaғдaйғa бейімделуіне қaжет негіздерді қaлaушы. Мұндaй жaңa міндеттерді мұғaлімнің кәсіби сaнaсының өзгеруінсіз, кәсіби құзыреттілігінің өсуінсіз ескі психологиямен, eскі әдістермен, ескі біліктілік aрттыру жүйесімен шешу мүмкін емес. Қоғaм – жaңaлыққa жaны құмaр, жaңaшa ойлaйтын, өзгермелі өмірге икемделіп қaнa қоймaй, оны жaғымды жaққa өзгертуге белсенді қaтысaтын ұстaздaрға мұқтaж. Болaшaқ aзaмaттың қaндaй болып шығуы оғaн білім мен тәрбие беруші бүгінгі мұғaлімнің біліктілігі мен іскерлігіне, тәжірибесіне бaйлaнысты. Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби құзыреттілігі жоғaры мұғaлім ғaнa жүзеге aсырмaқ.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп ұлтымыздың ұлы ойшылы Абай айтқандай, ұлы істі таңдап алған екенсің, заман ағымынан қалмай өз-өзіңді дамытып, жаңашыл, шығармашыл жан болу міндетің. «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтардың жеке кредосына айналуы тиіс» деп елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында айтылған сөзі еліміздің алдыңғы қатарлы дамыған елдердің қатарына қосылу үшін барша халықты атсалысуға шақырады. Бұл орайда ұстаздардың орны ерекше, себебі ғалымды да, ақынды да ұстаз тәрбиелері сөзсіз, өмір бойы білім алу дағдысын да оқушы бойына сіңіретін мұғалім болып табылады.

Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н . Ә . «Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты » атты Қазақстан халқына Жолдауы[Электрон.ресурс]http://adilet.zan.kz/ kaz/docs/K1200002050

2. Басшыға арналған нұсқаулық. 2-басылым. – Астана: « Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2013.

3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы № 487-ІV Заңы

4. Интернет материалы: (http://www.inform. kz) «Білім саласындағы бәсекелестік алдағы дамудың басымдығына айналуы шарт».

 

 
 

Тема номера









 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10