электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2017 г.

 

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі

№ 7 (168) сентябрь 2017г.

БАХТИЯРОВА Р.Ж., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының меңгерушісі


Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек...», – деген мақсат белгіленсе, бүгінгі күні шын мәнінде ұйымдастырушылық құрылымы, мазмұны мен әдістемесі жағынан әлемдік тәжірибеге сәйкес келетін мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесі құрылды. Қазіргі таңда нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтердің кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу, яғни біліктіліктерін арттыру қолға алынып отыр.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтердің оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс-әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасуда. Біліктілікті жетілдіру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» қызметкерлерінен оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін терең зерттеуді, заманауи талаптарына қарай білім беру технологиялары мен әдістерін, дүниетанымның ұстанымдарын қайта қарастыруды, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасауды талап етеді. Демек, жаңаша білім беру – жаңа білім мен дағдыны меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары, дербес ізденіс нәтижесінде елеулі мәселелердің шешіміне қол жеткізетін, ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздейді.

Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты қазіргі таңда жан–жақты, т ерең білімді, и нтеллектуалдық деңгейі жоғары өз бетімен ізденуге қабілетті е тіп қ алыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны ш ығармашылыққа жетелеу және мектеп қабырғасындағы әр шәкірттің функционалдық сауаттылығына зор көңіл бөлу. Жеткіншектердің ең басты функциялық сапаларының қалыптасуына назар аудару – бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады. Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды.

Мұғалімнің кәсіби біліктілігі оның іс-әрекетінің тиімді болуының теориялық және жалпы әдіснамалық негізі болып табылады. Мұғалімнің кәсіби білігі оның практикалық қызметінде іске асырылады, сондықтан ол, оның жалпы педагогикалық, әдістемелік біліктілігімен, дағдысымен тығыз байланысты. Біліктілікті арттыру курстары арқылы мұғалімдерді оқытуда оқытушы-тренер жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді атқаруы керек. Оқытушының осындай әрекетіне білім алушы мұғалімнің өзі де бойындағы бар білімін көрсете байланыс жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге болады.

Мұғалімдердің өз білім дерін жүйелі көтеріп от ы рулары – олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі фактор. Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі де осы мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады.

Жеке тұлғаға бағдарланған білім мәселесі 12 жылдық білім беруге көшу мен жаңа тұрпатты педагог қалыптастыру міндетін қойып отыр. 12 жылдық білім беру жағдайында мұғалім тек білім беруші ғана болып қалмауы тиіс. Жаңа мектеп мұғалімі ізденуші, зерттеуші, басқарушы, ұйымдастырушы, кеңесші, үйлестіруші тұлғаға айналуы керек.

Қазіргі таңда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курстары жүргізілуде, мектеп педагогтері жаңа жобаның тиімді әдіс-тәсілдерін үйренуде, сондай-ақ біліктілікті арттыру бағдарламасынан өткен ұстаздар 1-сыныптарда өз іс-тәжірибелерін жүзеге асыруда.

Бүгінгі күннің талабы мазмұнға бағытталған бағдарламадан дағдыға бағытталған бағдарламаға ауысу, білім беруде жаңашыл, тың идеялар мен тәжірибелер енгізу, соны іске асыру болып отыр.

Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үдерістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады.

Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша қазақ тілін оқыту

Біліктілікті арттыруға келген курс тыңдаушылары оқыту бағдарламадасында:
- Білім беру бағдарламасына өзгерістер не үшін қажет?
- Білім беру бағдарламаларын жаңартудың басымдықтары;
- Рухани құндылықтар мен дағдылар;
- Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің оқу бағдарламасын жаңартудың мақсаты;
- Спиральді оқу бағдарламасы;
- Қазақ тілін оқытуда қолданылатын оқыту тәсілдері;
- Белсенді оқу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі;
- Қазақ тіліндегі тілдік дағдылар;
- Критериалды бағалау қағидаттары тақырыптарында бірлескен білім ортасында жаңа бағдарламаны талдап, талқылап, тәжірибемен бөліседі, олардың кәсіби тұрғыда шыңдалуы енгізіліп отырған бағдарламаны игеруге көп ықпалын тигізді.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір – бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.

Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой- өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оқушы бойындағы тілдік дағдыларды дамытудың маңыздылығы да міне, осында.

Заман өзгерген сайын қоғамның сұранысы да арта түседі. Сондықтан дәстүрлі оқыту жүйесіне жаңалықтың енгізілуі педагог қызметкерлерді ерекше қуантты.

Бүгінгі таңдағы кіріктірілген оқу бағдарламасының алға қойған мақсаты айқын, бағдары жүйелі. Бұл бағдарлама оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады. Кіріктірілу – бұл білім мазмұнының жан –жақты салада тоғысуы. Қазақ тілі бағдарламасына «Биоалуантүрлілік және құрып кету», «Ғарыш», «Жаһандану» тақырыптарының лексико-грамматикамен байланыстырыла оқытылуы осыған мысал бола алады.

Тәуелсіз қазақ еліндегі білім мен ғылымның стратегиясы, білім беру мен ұ лт тық тәрбиедегі құндылықтарын сақтай отырып, Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуінде шетелдік үздік үлгіні зерделеу мен озық білімдік тәжірибені енгізудің де маңызы зор деп білемін.

Бүгінде білім кеңістігінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін жүзеге асырылатын шаралар кешені осы салада бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етеді деп ойлаймын.

 

 
 

Тема номера







 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no