электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2018 г.

 

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» – қазіргі біліммен тәрбиенің негізі

№ 6 (177) август 2018г.

САПАРОВ Ғ.Н., Алматы қаласының білім саласындағы бақылау Департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке – жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың алты бағытын белгілейді:
1. Бәсекеге қабілеттілік;
2. Прагматизм;
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
4. Білімнің салтанат құруы;
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
6. Сананың ашықтығы.

Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл – парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады.

Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек.

Ел Президенті аталмыш тұғырнамасында білім, ғылымға ерекше басымдық беріп отыр. «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі», – деген Н. Ә. Назарбаев «Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның ендігі жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген ақыл – ойы кемел тұлға болуына маңыз береді. Осы бағдарда ол бабалар ұлағатымен астасып жатқан зерделі ойы мен парасатты пайымын білдіреді: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдай алды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды. Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себептері бар». Осылайша мақалада айтылған әрбір ойдың астарында терең мазмұн мен зерделі пікір жатыр.

Қазіргі жаһандандыру заманында «ХХІ ғасырдың азаматтарының бойында қандай біліктілікті қалыптастыру керек?» деген сұрақ негізгі мәселеге айналып отыр. Әрине жастар тәрбиесінде ұстаздың атқаратын рөлі зор.

В.Г. Белинскийдің: «… ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр» – деген сөзі бар. Себебі, ұстаз болашақтың тұтқасы, жас ұрпақты тәрбиелеу және тереңде, жан – жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі.

Ұстаз! Осы сөзде қаншама құдіретті, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Ендеше осы қасиетті сөздің иесі болу – бақыт.

Қазіргі заман талабына сай педагог болу – ең жауапты, ең күрделі мамандық болып табылады. Педагог-шығармашылықпен өзін-өзі дамытушы зиялы тұлғамәдениет адамы.

Қандайда бір педагогикалық әдістер мен технологияны пайдаланбастан бұрын, баланың рухани жан дүниесіне әсерінен гөрі, мұғалімнің өз тұлғасына әсері ерекше. Оқушылардың ұстаз бойында ең бағалы деп есептейтін қасиеттері; баланы жақсы көруі, мейірімділік, сезімталдық, әділеттік, талап қойғыштық, келешекке сенімділік, іске шығармашылықпен әрі жауапкершілікпен қарау болып табылады. Ал мұндай қасиеттерге ие болу үшін мұғалім рухани бай, зиялы және шығармашыл болуы қажет.

Білімді ұстаз ғана өз оқушысының алдында беделге ие болады. Сондықтан, әр ұстаз шығармашылықпен жұмыс істеп, білім деңгейін үнемі жоғарылатып отыруы қажет. Сонда ғана оқушылар әрбір пәннің мазмұнын меңгеріп, олардың пәнге деген қызығушылығы арта түседі, өз бетінше оқып үйренуге дағдыланады. Дамыған елдерде ұстаздың бойында бала қызыға қарайтын, мен де осындай болсам екен деп еліктейтін қасиеттердің болғаны дүрыс деп есептеледі. Себебі баланың үстазына деген сүйіспеншілік сезімінің болуы, оның жаксы білім алуына оң ыкпал етеді.

Көрнекті педагог В.А. Сухомлинский: «Сабақ жасөспірімдердің интелектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесімен сақтаушысына, кітап-мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады» -деп айтқан екен.

Қазір мұғалімдердің сабақ берумен ғана шектелмей, білім және тәрбие жұмысын бірге жүзеге асыруы талап етіледі.

Нағыз ұстаз баланы жеке тұлға деп танып, оның пікірімен әрқашан санасады, оны белестен белеске, асудан асуға жетелейді, биік шыңдарды бағындыруға жігерлендіреді. Ұстаз – шәкіртін ынталандыра отырып, оның бойына жүректілікті, кішіпейілділікті, намысшылдықты, өз еліне адал қызмет етуді, еңбекқорлықты, жалпы айтқанда, адамгершілік пен патриоттық қасиеттерін дарытуда орасан еңбек етуші тұлға. Сондықтан да «Жастар-біздің басты капиталымыз» біздің бет-бейнеміз екені сөзсіз.

Ендеше, білім беру саласындағы басты міндет ұлттық ерекшеліктерді есепке ала отырып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін жетілдіру, жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. 2017 жылы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселені назардан тыс қалдырған жоқ. Ең алдымен білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға негіздей отырып құру қажет – деген жолдар соның дәлелі. Уақыт талабы, кезеңі де осыны талап етеді.

Қорыта айтқанда, қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналуда. Сондықтан табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Білім – рухани жаңғырудың басты алғы шарты. Өйткені, ой жүйесі терең, алыстан пайымдап, тереңнен тамырланған дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді деген ауқымды ұғымды білдіреді. Демек жарқын, бақытты өмір сүру үшін жастарымыз білімді, саналы азаматтар болып қалыптасуы керек. Ендеше, рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз Қазақстанды әлемнің 30 бәсекеге қабілетті елінің қатарына қосу үшін , ұлттық рухани-адамгершілік қасиеті мол, тәрбиелі, білімді ұрпақ өсіруіміз керек. Ұстаздан тәлім алған әрбір шәкірт елімізді жетістікке, табысқа жеткізетін азамат болсын.

 
 

Тема номера









 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10