электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Актуальная проблема:

Тема номера

   

Архив статей 2020 г.

 

Төтенше жағдай кезеңінде Қостанай педагогикалық колледжінде қашықтан оқыту тәжірибесінен

№ 5 (196) май 2020г.

КӨПЖАСАРОВА Ж., техника және технология магистрі, Қостанай педагогикалық колледжі директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары


 Адамның адамшылығы істі қалайша бастағанынан білінеді, қалайша аяқтағанынан емес.

Абай Кұнанбаев


Қостанай педагогикалық колледжінде қашықтан оқытуға көшу оқытушылар мен студенттердің АТ-құзыреттілігі деңгейінің жоғары болуы арқасында шұғыл жүзеге асырылды, себебі олар өз деңгейін жаңа АТ-технологияларды пайдалану және игеру бойынша жүргізілетін семинарлар мен шеберлік сабақтарында, жыл сайынғы колледж ішілік байқауларда, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны нығайту жөнінде басшылық тарапынан қабылданатын шаралар нәтижесінде көтере алды.

Колледж оқытушылары АКТ-ні пайдалану тәжірибесін облыстық және республикалық деңгейде таратып келеді. Айталық, шетел тілдері кафедрасы «Үздік ӘКШ – 2018» облыстық байқауында Trello.com.порталын пайдалану тәжірибесімен бөлісті. Хореография кафедрасының оқытушысы А.Ж. Дүкенова өз сабақтарында Quizlet.com порталын пайдаланады, ол «Үздік арнайы пәндер оқытушысы-2019» облыстық байқауында осы технологияны пайдалана отырып, шеберлік сыныбын өткізді. Колледж директорының АТ жөн.орынбасары Ж.И.Көпжасарова мен арнайы пәндер оқытушысы А.Н. Бөкенбаев 2019 жылы облыстық тамыз конференциясында «Арнайы пәндер сабақтарында АТ-технологиялардың көмегімен пәндік-тілдік кіріктіру ұстанымдарын қолдану» тақырыбына шеберлік сағатын өткізді.

Сондай-ақ колледждің маңызды көрсеткіштерінің бірі педагогтер біліктілігін арттыру болып табылады. Мысалы, 2019 жылғы сәуір айында біздің колледж базасында «Кәсіпқор» холдингі» ҰАҚ-ның және штаттан тыс жаттықтырушы Ж.И. Көпжасарованың ұйымдастыруымен «ТжКБ ұйымдарының білім беру процесіне АТ-технологияларды енгізу» тақырыбына курстар ұйымдастырылды, онда колледжіміздің 4 педагогі білім алып, бүгінде олар жаңа технологияларды өз сабақтарында белсенді пайдалануда.

2020 жылғы 16-28 нау рыз ара лығында, яғни қашықтықтан оқытудың алғашқы екі аптасында колледжде қашықтан білім беру технологияларын (ҚБТ) пайдалану – «бұлтты» Google-диск технологиясы және колледждің автоматтандырылған жұмыс орындарының (АЖО) (директордың, оның орынбасарларының, бөлім меңгерушілерінің АЖО және ғаламторға шығатын 38 оқу кабинеті, web-камералар және т.б. арқылы) мүмкіндіктері, «жырақта» режімінде жұмыс істейтін оқытушылардың АЖО-сы арқылы жүзеге асырылып отырды.

Сабақ кестесін, тапсырмаларды, журнал толтыруды орналастыру мүмкіндігіне ие, оқу процесін сүйемелдеуге арналған бәріне таныс «бұлтты» сервисті қолдану колледждің қашықтан оқыту технологияларын пайдаланушыларына, бірде-бір оқу күнін жіберместен, өздері үшін оқытуды жаңаша ұйымдастыру түріне қиындықсыз көшуіне мүмкіндік берді.

Google-дискіде бөлімдер мен топтар бойынша каталогтер жасалды, оларда әр күнге арналған тапсырмалар, сабақтар мен қоңыраулар кестесі, оқытушылар мен студенттер үшін ҚБТ режімінде жұмыс істеуге қатысты хабарландырулар мен нұсқамалар сақталады.

Онлайн-сабақтар қалай өтеді?

Бұрынғыша… Кураторлар мен оқытушылар бастапқы 15 минут бойы Skype қосымшасы арқылы студенттердің сабаққа қатысуын тексеріп, тапсырмаларды өздігінен зерделеу және орындау жөнінде нұсқама береді. Сабақ бойы студенттер оқытушыға электронды поштаға орындаған тапсырмаларын жіберіп отырады. Қажетті реквизиттерді (күні, пән, оқытушының тегі, аты, әкесінің аты, E-mail, whatsapp және т.б.) қамтитын сабақтың бірыңғай нұсқамалық картасы әзірленді. Бір күннің ішінде оқытушылар тапсырмаларды тексеріп және электронды журналды толтырып үлгеруі қажет, олармен студенттер және олардың ата-аналары таныса алады.

Сондай-ақ онлайн-сабақтар, жеке сабақтар, оқу және өндірістік практикалары, куратор сағаттары да өткізіледі.

«Platonus College» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (ААЖ) кәсіптік және техникалық білім берудің бірыңғай тұғырнамасын енгізу жұмысы қатар жүргізілді: екі апта бойы білім беру тұғырнамасы игеріліп, толтырылды, оқытушылар мен студенттер үшін Platonus-де жұмыс істеуге үйрету роликтері әзірленді; директордың орынбасарлары мен бөлім меңгерушілері күнделікті оқу процесін қадағалап, «бұлтты» технологиялардың көмегімен Skype арқылы онлайн-сабақтарға қатысты, олардың қорытындылары бойынша сабаққа, студенттердің қатысуына талдау жасап, білім алушылардың өзіндік жұмыстары мен үй тапсырмаларын тексерді.

Оқытушыларға жаңа тұғырнамаға тезірек және тиімді көшуге көмектесу және оқу процесіне АТ- технологияларды енгізу үшін, бірқатар оқытушы- педагогтерге ZOOM бейнеконференциялары арқылы тұғырнаманы пайдалану үйретілді, сонан соң олардың әрқайсысы 10 оқытушыны оқытып, үйретуге жауапты болды. «Platonus College»ААЖ-ға көшу 2020 жылғы 30 наурыздан жүзеге асты.

Неліктен «Platonus College» ААЖ таңдап алынды?

«Platonus College» ААЖ-ның артықшылықтары көп,олардың ең маңыздыларын атап өтелік: Қазақстан Республикасының ақпараттық нарығында 10 жылдан астам қызмет көрсетіп келеді; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сай; бүкіл білім беру процесі – талапкерлерді оқуға қабылдаудан бастап диплом бергенге дейін- толық автоматтандырылған; студенттің, педагогтің, директордың орынбасарларының, кафедра меңгерушілерінің, оқу бөлімінің, кадрлар бөлімінің және өзгелердің жеке кабинеті бар; емтихандар мен сынақтар жүргізудің мұмкіндігі; ата-аналар бақылауы; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болмауы; мобильдік қосымшаның болуы.

Жеке кабинетінде әрбір білім алушы тапсырмаларды қарап, жүктейді, педагогтермен чатта сөйлесіп, сабақ кестесін, бағаларын және т.б. қарай алады. Оқытушы болса пәндер бойынша тапсырма, оқу-әдістемелік кешендерді орналастырып, жұмыстарды тексереді, электронды журналдар жүргізеді, тақырыптық жоспарлар құрып, білімдеріне бақылау жүргізеді.

Жүйе ҚБТ бойынша студенттер мен оқытушылардың қатысуы, бірегей кіру саны, өткізілген онлайн-сабақтарың, берілген тапсырмалардың, қойылған бағалардың, сынақтар мен емтихан ведомостарының саны туралы есептің ААЖ-дағы бүкіл жұмыс кезеңіндегісін де, күнделіктісін де шапшаң береді. «Platonus College» ААЖ- да біз күнделікті жұмыс істейміз.

Өндірістік практикадағы студенттер сабақ, оның ішінде бейнесабақ және сынып сағаттары әзірлемелерін дайындайды, онлайн-сабақтарға талдау жасап, онлайн- күнделіктер жүргізеді, әдіскерлермен толыққанды жұмыс істейді.

«Platonus College»ААЖ-мен қатар, колледждің қашықтан оқыту технологиясын пайдаланушылар Skype (әр топтың өз чаты бар), ZOOM, Sabak.kz, Classroom. google.com, YouTube, WhatsApp сервистерін пайдаланып, олардың көмегімен колледж жоспарына сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады.

ҚОД режімінде тәжірибе алмасу және әкімшілік тарапынан бақылау жүргізу мақсатында, Skype (әр топтың өз сілтемесі бар) қосымшасын пайдалана отырып, өзара сабақтарға, жеке сабақтарға, практикаға, куратор сағаттарына, үйірмелерге қатысады.

Колледждің жоспар-кестесіне сәйкес ZOOM қосымшасы арқылы барлық жоспарланған ісшаралар(кеңестер, әдістемелік және педагогикалық кеңес отырыстары) өтеді, колледжішілік ата-аналар жиналысы,топтар бойынша ата-аналар жиналысы өткізіліп, олар студенттердің аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізілуі жөнінде ақпарат алады.

Әрине, қашықтан оқыту түріне көшу мәжбүрліктен туындағаны және оның жоспарланбағандығы да мәлім, әйтсе де педагогтер біліктілігінің жоғары деңгейі, олардың бірлігі, ұйымшылдығы, студенттердің оқу жұмысын ұйымдастыра білу шеберлігі осы ауыр кезеңді мейлінше оңтайлы, тиімді де үнемді өткеруге мүмкіндік берді.

Колледж студенттері білім ордасын, куртас достарын, ұстаздарын, кәдімгі кәсіби сабақтарды сағынатыны белгілі. Осының айғағы ретінде олар өздерінің және желілердегі танымал бейне-флэшмобтарды көрсетіп, әрқайсысының қазіргі төтенше жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығына және қажеттілігіне түсіністікпен қарайтынын аңғару қиын емес.

3 курс студенті Иржанова Алсу, колледж сайты жаңалықтар блогының тілшісі былай деп жазады: «Карантин кезінде оқудың қалай жүретінін уайымдаған жалғыз мен ғана емес шығармын... Әйтсе де бәрі біз ойлағандай қиын емес екен, әрбір қиындықтан шығудың бір амалы болады ғой. Қазір біз оқуды жалғастырып жатырмыз, бірақ өзге форматта – онлайн режімінде. Бұл ретте бізге көмекке келетін амалдар жетерлік.

Мұғалім жан-жақты болуы тиіс. Білесіздер ме, екінші жағынан, бұның да жақсы жағы бар сияқты-қандай да бір жаңалықты түйсініп, қолға алған да дұрыс деп санаймын! Мәселен, мен қазір ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері жөнінде көбірек біліп жатырмын! Қашықта секілді, алайда жаныңа жақынның бәрі қасыңда... Ұстаздарымызға мың алғыс, олар біздің күйімізді түсініп, көмек қолын созды, әсіресе, абдырап қалған алғашқы кездері үлкен демеу бола білді... Сонда да тезірек колледжге оралғымыз келеді...».

Қашықтан оқыту технлогиялары пайдаланылатын ашық білім беру процесі ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу машығын және қашықтан білім алудың көмегімен өмір бойы үзіліссіз білім алудың алғышартын қалыптастырады.

 
 

Тема номера







 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola7@mail.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10