электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2017 г.

 

«Музыка» пәні бойынша білім беру мазмұнын жаңарту – инновациялық дамудың негізгі көзі

№ 2 (163) февраль 2017г.

СЕКСЕНБАЕВА С.К., «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы, Орал қ.


Заман талабына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған мұғалім болу – уақыт талабы. «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», – деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету – мұғалімнің басты міндеті. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», – деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Міне, қазіргі таңдағы аяқ басқан «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Музыка» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы» осы жоғарыда айтылған ұстанымды ұстайды. Яғни, мұндағы бала өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Осы бағдарламаның мақсаты ««Музыка» пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру». Жаңа бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру және критериалды бағалау жүйесін енгізді [3].

Музыкант, жоғары оқу орнының оқытушысы Горан Фолкестад «Музыка мұғалімі – музыкадан хабарсыз, музыкаға қызықпайтын және музыкаға бейімі жоқ бала кездестірмейді», – деген екен. Әр оқушының бойында өзіндік музыкалық каталог бар десе болады. Бұны зерттеп табу, білу тек мұғалімнің шеберлігі, құзіреттілігі [1].

«Музыка» пәні адам өмірінің бөлігі ретінде оқушыларда музыкаға деген құндылықтық қарым-қатынастың қалыптасуына, музыканың базалық білімі, біліктіліктері және музыкалық қызметінің түрлерін меңгеруге, музыкалық қызмет процесінде шығармашылық өз ойын білдіру және коммуникация біліктіліктерін қалыптастыруға, ұлттық және адамзаттық мәдениет құндылықтарына деген көркемдік-эстетикалық қарым-қатынасты тәрбиелеуге, музыкалық және шығармашылық дағдыларды дамытуға бағытталған.

Оқу пәнінің мазмұны: «Музыка» пәнінің мазмұнын анықтау үшін музыканы оқыту мақсаттарының үш бөлімнен, алты бөлімшеден тұратын жүйесі жасалған. Музыкалық білім берудің мазмұндық бағыты оқыту мақсаттары жүйесінің үш бөліміне бағынған. Бұл бөлімдер оқушылардың музыкалық сауатын, орындаушылық және шығармашылық қызметін қалыптастыруға бағытталған. Бөлімдер мен бөлімшелер құрылымының логикасы оқушылардың музыкалық шығарма мәнін түсінудің негізі ретінде ақпараттарды қабылдауға негізделген.

Оқу жоспарында «Музыка» пәнінің басқа пәндермен, атап айтсақ, «Бейнелеу өнері», «Дүниетану», «Жаратылыстану», сонымен қатар тілдік пәндермен пәнаралық байланысы қамтылған. Барлық бөлімдер бойынша дыбыстың жоғарылығын естіп қабылдау және ырғақты сезіну дағдыларына баса назар аударылады. Барлық іс-әрекет түрлері шынайы өмірмен байланысты және дағдылардың бірі тікелей практикада қолданылады, ал басқалары шығармашылық ойлау потенциалын дамытады. Әсіресе, үнемі ырғақты сезінудің сақталуына, мысалы бірдей бастау мен аяқтауға баса назар аударылады. Мұғалім оқушылардың музыкалық дағдылары даму деңгейін қалай бағалайтынын бақылайды. Мұғалім тоқсанның /жартыжылдықтың/ оқу жылының соңында музыкалық жоба ретінде келесі іс-әрекеттерді: жеке, ансамбльмен ән салу және аспапта ойнау, оны концерттік, музыкалық қойылым және тағы басқа да формасында ұйымдастырып қолдануына болады. Тиісті терминология мен ескертулер білімді қолдау үшін үнемі пайдаланылуы тиіс. Мұғалім тапсырманы модельдеу үлгісін өзі көрсетуі маңызды. Мұғалімнің үдерістер мен әдістерді көрсетуі оқушылардың пән мазмұнын түсінуіне және ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Кезеңдерге бөліп түсіндіру, оқушыларға барынша тәуелсіз болуға және зерттеу мен маңызды шешім қабылдауға қолдау көрсетеді[1].

Шығармашылық процесс шексіз болып келеді. Музыкалық идеяларды ұйымдастыру, материалдарды жинақтау, жазу және импровизация, жұмыстың көрсетілімі, талдау және бағалау шығармашылық үдерістің кез-келген кезеңінде, бөлім бойынша, жеке сабақ уақытында да жүзеге аса алады. Жекелеген оқушылардың ойлары мен пікірлерін талқылау барысында мұғалім кері байланыс үшін жазып алуы мүмкін. Мұғалім, мысалы, барлық бейресми концерттер мен іс-шараларда жүргізілген жұмыстарға шолу жасау және таныстыру үшін оқушыларға қосымша уақыт бөле алады. Оқушылар өздері жасаған аспаптарында, дыбыстармен қарапайым тәжірибелер жасайтын болады. Оқушыларға шығармашылық жұмыстарының қағазбен басып шығарылған немесе электронды портфолиосын жинақтау ұсынылады. Ұсынылып отырған оқу жоспарында әр бөлімге сілтемелер келтірілген. Оқушылардың нәтижелерін жақсарту, белгілі бір әдістерді қолдану, тәжірибелер жүргізу немесе жаңа идеяларды дамытуүшін материалдардың ұсынылуы тиімді болуы қажет. Оқушылардың өткен бөлімдерде жасаған жұмыстарына шолу жасауға мүмкіндігі бар. Олар өз жұмыстарын іске асыру үшін игерілген процестерді, әдістер мен материалдарды пайдалана алады. Мұғалім әр сабақтың жұмыс үдерісі кезінде, оқушыларға музыкалық аспаптарды қолдану мен сақтау ережелерін, көрермен алдында өзін қалай ұстау мәдениетін түсіндіріп, қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалайды[1].

Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізуге, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығы баяндалады. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді, сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.

Жаңартылған білім беру мазмұнының тиімділігі бастауыш сыныптарының барлық пәндері бірдей тақырып негізінде өрби отыра беріледі. Оқытудың небір жаңа әдістәсілдері құндылыққа, тұлғаға, іс-әрекетке бағытталған. Осы білімнің ортақ қорытындысы «Музыка» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Әдебиеттер:

1. ҚР орта білім мазмұнының жаңарту аясында «Музыка» пәні бойынша бастуыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курс бағдарламалары. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 – [Электрон.ресурс] Источник доступа: http://zkoipk.kz

2. Жумагалиева Д.Ш. Направления совместной деятельности филиала АО «НЦПК «Өрлеу» со школами по апробации обновленного содержания начального образования.– [Электрон.ресурс] Источник доступа:http:// zkoipk.kz/kz/2015k1/

3. Ғаббасова Б.Б. ҚР жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсының мазмұны. Орал қаласы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚ БАИ», 2016–[Электрон. ресурс] Источник доступа:http://zkoipk.kz/2016-01-3003- 2/2216-conf.html

 

 
 

Теория и практика





 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no