электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2017 г.

 

Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту

№ 3 (164) март 2017г.

ОРЫНБАЕВА Ш.А. Қостанай облысы Лисаков қ., № 6 мектеп


Мектеп жасындағы балалардың ойлауын зерттеу нәтижелері олардың меңгерген теориялық жалпылауларының маңызды рөлін көрсетті. Дамыта оқытутехнологиясының негізін қалаған ғалымдардың бірі В.В. Давыдов былай деп жазады: «В настоящее время мож- но считать установленным, что при определенном содержании и методах обучения уже у младших школьников обнаруживаются такие познавательные возможности, которые позволяют детям успешно усваивать математические и лингвистические знания теоретического характера. Это в свою очередь закладывает у них фундамент теоретического мышления, теоретического отношения к действительности» [2]. Ал теориялық ойлау ақыл-ой әрекетінің өз еркімен өзін реттеуіне жағдайжасайды. Атақты ғалым Л.С. Выготский: өзінің психологиялық үрдістерінтүсіну және игеру «ғылыми ұғымдардың есігі арқылы келеді» деген еді [3]. Ойлау үрдістерін өз бетімен ұйымдастыру ең алдымен бірлескен оқу әрекетінде пайда болады. Оқушы әрекеттің мақсаттары, құралдары мен шарттарының арасындағы қатынасты біртіндеп түсіне бастайды. Қазіргі кезде балада ойлаудың ерекшеліктерін жоғары қарқынмен мақсатты қалыптастыру мүмкін екені дәлелденіп отыр. Ойлау – бұл оқуға, жазу іскерлігіне, сөйлеу мен тыңдауға ұқсас үрдіс.


Бүгінгі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Мемлекетіміздің елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген АҚШ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит, Чарльз Темпл. Бұл жоба атақты ғалым зерттеушілер Ж. Пиаже мен Л.С. Выготскийдің даму теорияларын басшылыққа алады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасының мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген құбылыс пен заттарға, әрекет пен мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, көптеген пікірдің ішінен біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

Қазақстанда сын тұрғысынан ой-лауды дамыту жобасы 90 жылдарда мұғалімдер үшін әйгілі бола бастады. Мазмұны жағынан бұл бағдарлама оқыту әдістері бағытының бірі болып табылады. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы – RWCT ағылшынша Readinq and Writinq for Critical Thinkinq, яғни орысша аударғанда «Развитие критического мышления через чтение и письмо». RWCT жобасында сабақ құрылымы анық көрсетілген және оқушылардың әрекеттері үшін нақты стратегиялар беріледі.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасымен жұмыс істеу үшін осы ұғымның сырын түсініп алуымыз керек. Көптеген зерттеуші ғалымдар «сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерт-теу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді. Сындарлы ойлау ой-дамытудың негізі әрбір тұлғаның терең білімділігі мен тәжірибесінде. Сын тұрғысынан ойлауды көптеген мұғалімдер мен зерттеушілер «сынау» деген ұғыммен шатастырады. Сондықтан да жұмыстарының нәтижесін көре алмайды. Сыни ойлауға ғалымдар әр түрлі анықтамалар береді. Солардың ішінде психолог ғалым В.Г. Крутецкийдің берген анықтамасы біздің көңілімізден шықты. Ол: «ойдың сыншылдығы – бұл адамның өзінің және басқалардың ойларын белсенді бағалау дағдысы, барлық ұсынылған ережелер мен қорытындыларды нақты және жан- жақты тексеру» дейді. Сыни тұрғыдан ойлау – шыңдалған ойлау. Бірақ бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Сыни ойлау және оқыту мұғалімдер идея мен тәжірибенің әртүрлілігін түсінгенде және қолданғанда пайда болады [4]. Сыни ойлауға оқыту – жеңіл міндет емес. Оны белгілі кезеңде орындап, кейін ұмытып кетуге болмайды. Сыни ойлауға апаратын қатаң реттелген қадамдар тізімі жоқ. Дегенмен сыни ойлауды дамытатын оқушарттары бар екенін естен шығармаукерек. Олар төмендегідей:
1. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
2. Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
3. Оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін мадақтау.
4. Оқушыларға мысқылсыз еркін атмосферада жұмыс істейтіндіктеріне кепілдік беру.
5. Сыни ойлау тәжірибесі үшін уақыт пен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
6. Кез-келген оқушының сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімдік білдіру.
7. Сыни ойлауды бағалау.
8. Тиімді сыни ойлауға қатысу үшін оқушылар өздеріне деген сенімдерін және өз пікірлері мен идеяларының құндылықтарын түсінуін арттыруға, оқытуүрдісіне белсенді қатысуға, басқалардың пікірлерін сыйлауға, пікірді қолдауға және құрастыруға дайын болулары керек.

Осыған дейінгі жарық көрген мақалада «Сыни ойлауды дамыту» жобасын жүзеге асыру бағдарламасының құрылымы үш фазадан тұратындығын айтқанбыз. Олар өздерінің қызметтеріне байланысты аталады: қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ойтолғаныс. Бұл сатыларды басқаша сабақтың құрылымдық кезеңдері деп те атауға болады. Өйткені СТО жобасымен жұмыс істейтін мұғалімдер өздерінің сабақ жоспарларын осы үш саты бойынша құрады. Әр кезең «стратегиялар» арқылы жүзеге асады. СТО жобасында 80 ге жуық «стратегиялар» бар. Оларды мақсатты, тиімді қолдана білумұғалімнің шеберлігіне байланысты. Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне тоқ-талып өтейік.

Бірінші кезең – қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» тағы басқа деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, то-бында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы аршылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады.

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында «V» – «білемін», «–» – «білмеймін», «+» – «мен үшін жаңа ақпарат», «?» – «мені таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылақ етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды еске сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жо-ғарыдағыдай ұйымдастыру аталған ке-мшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құрауға дағдыландырады.

Тақырып туралы ой толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалім үйрену процесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады. Яғни, мұғалім бүкіл қайнаған істің ортасында білім алу (үйрену) ісін ұйымдастырушы деуге болады.

Жоғарыда стратегиялар (әдіс) туралы сөз қозғадық. Мысалы, көптеген СТО жобасымен жұмыс істейтін мұғалімдер «еркін жазу», «Венн диаграммасы», «дөңгелек үстел», «эссе жазу», «қос жазба күнделігі», «ЖИГ СО», «Көп деңгейлі сұрақ» т.б. Түсініктірек болу үшін солардың біразына сипаттама берейік.

Еркін жазу стратегиясы. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайда- лану тиімді. Мұғалім сабақ бойын қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерден екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

«Көп деңгейлі сұрақ» стратегиясы. Тура сұрақтар (Litera l level). Мұндай сұрақтар қандайда бір фразаны немесе түрлерін еске түсіру үшін қойылады. Сұрақтардың жауаптары мәтіннің ішінде кездеседі, оқушыдан оны жаттап алып, айтып беру талап етіледі. Өзгертуді талап ететін сұрақтар (translation questions) жауап берушіден мағлұматты басқа формада жеткізуді күтеді. Мұндай сұрақ қою кезінде оқушы ойша болатын жағдайды елестетіп көріністі суреттеп берулері керек. Яғни, оқушылар ойша елестеткен кейіптер мен дыбыстарды талқылайды. Олар ең алдымен елестету тәжірибесін жинайды, содан кейін сөйлеу арқылы басқаларды өз қабылдауымен таныстырады. Интерпретациялау-сұрақ-тары (interpretation) оқушыларды идеялар мен фактілер, анықтамалар мен құндылықтар арасындағы байланыстарды табуға үйретеді. Сұрақ-тіркеме (application questions) оқушыларға мәселені шешуге немесе келесі мәселенің логикасы мен себептерін зерттеуге мүмкіндік береді. Сұрақ – баға (Evaluation questions) оқушыларды жақсы, жаман деген сиқяты қорытынды шешім қабылдатады.

ЖИГ СО – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл «жанұя» топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4-өз алдына «жұмыс» тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 – нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.

ЖИГ СО – стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарымқатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ олар мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.

«Қос жазба күнделігі» стратегиясы. Қандай да бір мәтін, әңгіме оқыған кезде оқушылар дәптерлерінің ортасынан вертикаль сызық жүргізеді. Мәтінді оқу барысында олар сызықтың бір жағына әсер еткен тұстар мен үзінділерін жазса, екінші жағына пікірін, яғни, нені еске түсіретінін, себеп салдарын жазады. Барлық оқушы тапсырманы орындап болған соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады.

Осылайша сыни ойлауды дамытуда қолданылатын стратегиялар оқушыларға мынандай мүмкіндіктер береді:
– айқын мақсат қоя білу;
– белсенді қатысуды қолдау;
– жақсы дискуссияның болуына себеп тудыру;
– өзінің жеке сұрақтарын құрастырумен қоюға деген ынталарын жандандыру;
– өзінің жеке пікірі мен ойын білдіруге көмектесу;
– оқуға деген оқушылардың мотивацияларын қолдау;
– басқалардың пікірлерін де сыйлаукерек деген атмосфера құру;
– кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттерін дамыту;
– өзгеруге стимул болады;
– сыни ойлауды дамытуды жоғары деңгейде қамтамасыз етеді.

Қорыта айтқанда, ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы - оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту екендігіне көзіміз жетті. Өйткені, белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ойтолғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны да жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады.

ӘДЕБИЕТЕР

1. Отарова Н. Сын тұрғысынан ойлау // Биология және салауаттылық негізі. – 2006. – № 1. – 21-23 б.

2. Давыдов В.В. О понятии развивающего обучения. – Томск, 1995, 144 с.

3. Выготский Л.С. Психология. – М., 2000.

4. Менчинская Н.А. Проблемы учения и умственное развитие школьника. – М., 1989, 218 с.

5. Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту // Білім-Образование – 2006. – № 6. 3-4 б.

 

 
 

Теория и практика


 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10