электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2017 г.

 

Шет тілдік білім беруде ақпараттық- коммуникациялық технологиялар

№ 4 (165) апрель 2017г.

ЖАЙТАПОВА А.А., Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы., АСХАТ Н., ХАЛЕЛХАНОВА Н.Х., Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және әлем тілдері Университетінің 2 курс магистранттары


Ел президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында ХХI ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті, яғни компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді қолдана білу талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы – жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат б олып ш ығуы керек деген еді. М ұндай м ақсатқа жету ү шін, а лдымен, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен оқу құралдарын заман талабына сай жетілдіру қызметін жүзеге асыруды қажет етеді.

Ақпараттық технология (Информационная технология; information technology) – ол объектінің, процестің немесе құбылыстың күш туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өндеу, жеткізу тәciлдepi мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс. Сонымен қатар ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның бiлiм беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.

Білім беру процесін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп заманауи талаптарға сай оқыту, әр студенттердің қабілетін жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу, оқу процесінің барлық деңгейлерінің тиiмдiлiгi мен сапасын жоғарлатуды көздeйдi.

Білімді ақпараттандырудағы мемлекеттік бағдарламалар еліміздің біртұтас дүниежүзілік білім кеңістігіне ену мүмкіндіктерімен байланысты білім беру саласын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа сатылық жүйесін жасауға бағдарланған. Білімді ақпараттандыру күрделі үдеріс болғандықтан, білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету əдістемесіне, ғылым мен тəжірибенің өзара байланысына да тəуелді.

Білім беруде ақпараттандыру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамытуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық пен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқушының шектеусіз қaбiлeтiн дамыта алатындай білім бepyдiң әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Қазіргі білім кеңістігінде мұғалімнің компьютерлік сауаты болуы аса маңызды, себебі жаһандану жағдайында ақпараттық коммуникациялық технологиялар қарым-қатынаста, өмірлік іс-әрекетте негізгі қ ұрал көзі. Шетел т ілін о қытуда с оңғы м ақсатты н əтиже – мәдениетаралық қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің ең негізгі тетігі – ақпараттық- коммуникациялық технологияларды оңтайлы пайдалану. Осы мақсатқа жету үшін біз зерттеу жұмысымызда төмендегі отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін қарастырдық, олар:

Кудрявцева Т.Ю. [1], Есжанов А. [2], Федотова Е.Л. [3], Осин А.В. [4], Чакликова А.Т. [5] – инновациялық технологияларды қолдану әдістемесі;

Zhanghongling [6] – мультимедиалық технологиялар әдістемелік тұрғыдан қоры бай ресурс ретінде қарастырған;

Holec [7] – мультимедиялық технологиялар жанжақты, көпсалалы әдіс;

Carol A. Chapelle [8] – шетел тілін оңтайлы үйрену – ақпараттық коммуникациялық технологияларды тиімді әдіс және құрал ретінде қолдана алу.

Зерттелген еңбектерден көретініміз, жаппай ақпараттандыру заманында шетел тілін үйретуде ақпараттық технологияларды пайдалану белсенді түрде қолданыста келе жатқанын және де тиімді нәтижеге қол жеткізетін бірден бір шешім. Оқытушы тіл үйренушілердің алдында жалғыз ақпарат көзі ғана емес, ол ақпарат алуға көмектесетін қосалқы тұлғаға айналады. Білім алушының міндеті қажетті ақпаратты іріктеп алу, жинақтау, өмірге бейімдеп өңдеу жəне тұтыну болып табылады. Сондықтан шетел тілін үйретуде қатысымдық құзыреттіліктің жоғары белсенді түрін дамыту ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолданғанда жүзеге асады.

Заманауи шетел тілін оқыту тәжірибесінде келесідей ақпараттық технологиялар қолданысқа ие: қашықтықтан оқыту технологиясы, веб-квест, e-learning және т.б. Осы ақпараттық коммуникациялық технологиялар шетел тілін үйретуде келесі дидактикалық міндеттерді шешеді:
- оқыту үдерісін жетілдіру, жеке тұлғаға бағыттылығын көтеру;
- педагогикалық тәжірибенің жетістігіне қол жеткізу және көбею;
- оқуға деген ынтаны арттыру;
- оқу процесін белсендендіру, студент терді зерт теу әрекетіне бейімдеу;
- оқу үдерісін икемді болуына қамтамасыз ету.

Осы дидактикалық міндеттермен қосаАҚТ құралдарымен жұмыс істеу жеке тұлғаның қабілеттерін дамытуға ықпалын тигізеді. Атап айтатын болсақ студенттердің:
- ізденім паздығымен шығармашылық белсенділігін арттырады;
- ақыл ойын дамытып, еркін ойлауына мүмкіндік туғызады;
- ұжымдықіс - әрекетке тәрбиелейді және тіл байлығын жетілдіреді;
- ұқыптылыққа, нақтылыққа, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды;
- тұлғаның жеке іс – әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Әдістемелік т ұ рғыдан мамандар ақпарат тық коммуникациялық технологиялар құралдарының түрлі функцияларын тиімді пайдаланады, олар: білімді жеткізу; білім, білік, дағдыны қалыптастыру; ақпаратты хабарлап, түрлі нысандарды, үдерістерді визуалдайды; қашықтықтан зертханалық жұмыс жүргізіп, үдерісті үлгілеуге мүмкіндік береді; түрлі есептер негізінде ескішілік операцияларды автоматизациялайды; оқу жағдайларын ойын арқылы түрлендіреді. Ал ресейлік ғалымдар АКТ құралдарын әдістемелік тұрғыдан төмендегідей жүйелейді (Сурет 1) [9]:

Мамандардың айтуы бойынша АКТ оқу үдерісінде пайдалану әдістемесі ол [10]:
- заңдылықтар (заңдар, үстанымдар, ережелер), белгілі бір жағдайларда (ситуацияларда) АКТ немесе олардың компененттерін (құралдары) талдауды нормаға келтіреді;
- АКТ-ны белгілі бір психология – педагогикалық ерекшеліктеріне, жағдайларына, нақты пәндік сала бойынша жобалау, үлгілеу немесе бейімдеу әрекеті;
- Білім беруде белгілі бір психология-педагогикалық ситуацияларда, нақты пәндік мазмұны негізінде, мақсатқа жету үшін оқыту үдерісінде технологияны жүзеге асыру;
– туралы ғылым.

Білім беру жүйесінде АКТ ны тиімді қолдану үшін оны пайдаланудың ұстанымдарын, әдістерін, формаларын және құралдарын тәжірибеде оңтайлы қолдана білу қажет. (Сурет 2)

Қорыта келе, XXI-ғасырда ақпараттық коммуникациялық технологиялар инновациялық әдіс ретінде өзінің ерекше орнын алып отырғанын зерттеу жұмысымыздың нәтижесі көрсетті. Бүгінгі білім парадигмасына сəйкес оқытудың басты мақсаты өздігінен білім алып, дами алатын жеке тұлға қалыптастыру болғандықтан, шетел тілін оқытуды ақпараттық білімдік ортада жоғары деңгейде ұйымдастыру арқылы тіл үйренушілердің шетел тілінен қатысымдық дағдыларын өздігінен жетілдіріп отыруды өмірлік дағдыға айналдыруларына ықпал жасау көзделеді. Ғалымдардың пайымдауы бойынша шетел тілін оқытқанда инновациялық әдістер мақсаттық бағытта тиімді қолданыста болса, алға қойылған дидактикалық міндеттерді кәсіби тұрғыда шешу оңай болатыны анық.

Шетел тілін оқыту əдістемесін əлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне көтерудің тиімді жолы – білім беруді ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданысқа үздіксіз және жүйелі түрде енгізу.

Жаһандану заманындағы болашақ маманның біліктілігіне қойылатын талап, яғни шет тілдік білім беруде мәдениетаралық қатысым құзіреттілігін және тұлғаның жан-жақты қасиеттерін қалыптастырып, дамытуда ақпараттық коммуникациялық технологиялардың орыны ерекше.

Сонымен, ақпараттық коммуникациялық тех- нологиялар әдістемесінің әрекет тік компоненті оңтайлы іске асу үшін әдістемені пайдалана білу білімі б елгілі бір жағдаяттарда, (яғни пәндік әрекеттегі мақсаттық бағыт, білім беру үдерісіне қатысушылардың психология-педагогикалық ерекшеліктері) сауатты түрде қолданылғаны тиімді нәтиже алудың жолы.

Әдебиеттер:

1. Кудрявцева Т.Ю. Использование мультимедииных технологий как средство формирования информационной компетентности // «Дистанционное и виртуальное обучение» – 2008. – № 2. – с. 63-68

2. Есжанов А. Электрондық мультимедия: ресустары мен құралдары. // «Қазақстан мұғалімі» – 2008 ж. – № 3-4.

3. Федотова Е.Л. Информационные технологии в профессиональной деятельности: Учебное пособие. – Москва.: ИНФРА-М, 2008 г.

4. Осин А.В. мультимедия в образовании: контекст информатизации. – М.: Агентство «Издательский сервис», 2004 г.

5. Чакликова А.Т. Методология и технология информатизации иноязычного образования. – Алматы: Киік, 2008.

6. Zhanghongling (The development tendency of the modern foreign language teaching and the computer assisted instruction. Computer – Assisted Foreign Language Education 3.

7. Holec H. (1981). Autonomy and Foreign language learning. Oxford: Pergamon.

8. Carol A. Chapelle. Technology and second language learning: expanding methods and agendas. // Department of English, Iowa State University, Ames, IA 50011-1201, USA Available online 17 November 2004.

9. physics.herzen.spb.ru/teaching/materials/gosexam/b25. htm

10. Слепухин А.В. Методика использования информационно-коммуникационных технологий в учебном процессе как компонент современного методологического знания педагога. // «Педагогическое образование в России» – 2012.– №5 – 111-117 бет.

 

 

 
 

Теория и практика


 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10