электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2017 г.

 

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢАРҒАН МАЗМҰНЫ, ҚАЗІРГІ ОҚЫТУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

№ 5 (166) май 2017г.

ОРЫНБАЕВА М.Ж., Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылы


Қазіргі кездегі қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын (мұғалімдер, мектеп оқушылары)және өзінің басқарушы ішкі жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады. Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, ол мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге , дағдыға, шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке тұлғаның дамуы. Демек, жаңалықтың ену қажеттілігі білім алуға деген коньюктураның мұқтаждығынан пайда болады. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдық жаңалық бір ғана мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет. Білім берудегі жаңарту туралы айту барлық мағынасы қандай да бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған жағдайға ғана байланысты. Қоғамдық қажеттіліктің деңгейі мен сипаты ғана жаңалықты енгізу бойынша істелген жұмыстың бағыты мен жемістігін анықтайды. Сондықтан, оларды негіздеуде тар шеңберде қолданылатын міндеттермен шектеліп қана қоймай, әлеуметтік-педагогикалық дамудың нақты бағыттары мен негізгі мақсаттарын ескеруіміз қажет. Бұл ұсақ ұстанымсыз өз-өзімен, сондай-ақ, қоғамдық міндеттер мен құндылықтармен де еш байланыссыз тәртіпсіз шашырап жатқан инновациядан аулақ болу үшін маңызды» дейді А. Найн. Бүгінгі таңда жинақтаған тәжірибеме сүйене отыра, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-әдістемелік жұмысыма бүгінгі күн талабынан шығатындай өзгерістер енгізу керектігі жолында ізденудемін.

Ақтөбе облысында мұғалімдерге арналған кембридж бағдарламасы аясында өткен «Тиімді оқыту мен оқу» тақырыбындағы білім жетілдіру курсы және «Бастауышта оқыту мазмұнын жаңарту жұмысын жаңа тұрғыда басқару жолдары» тақырыбындағы бастауыш класс мұғалімдерінің курсынан дәріс алдым. Бұл курстан мен:
1. Оқыту мазмұнын жаңарту жағдайларындағы мұғалімнің іс-әрекеті.
2. Білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру жолдары.
3. Мұғалімнің ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеруі. т.б. көкейтесті мәселелердің жауабын алып, өз іс-тәжірибемде әдіскерлер мен әріптестерімнің білім мазмұнын жаңартудағы іс-тәжірибелерін оқып-үйреніп, оны әдістемелік жұмысымда қолдану, оқу- тәрбиелік үрдісті басқарудың өзім қолданып жүрген түрлеріне тоқталғым келеді.

Сонымен, біз оқушылардың білім-білік дағдыларын дамы- ту үшін, оқыту мазмұнын жаңарту жұмысын жаңа тұрғыда ұйымдастыру үшін не істеуіміз керек ?

Білімді тұлға шығару сабақ сапасынан. Сабақ дегеніміз- оқытуды ұйымдастырудың басты формасы. Жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргенін меңгеріп, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді, оқушы рөл атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ұстайды. Белгісізді анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдері де әр түрлі болады. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады, бірлік одақта қызмет істейді. Сондықтан да, бастауыш класта оқушылардың оқу-әрекетін жедел басқаруды ұйымдастыру құралы ретінде, сабақта компьютерді пайдаланудың тиімділігі бар екендігіне тоқталғым келеді.

Оның артықшылықтары мынадай:
1. Әр оқушы өз қарқынымен жұмыс істеуге үйренеді.
2. Уақытты үнемдейді.
3. Мұғалім бақылаушыдан кеңесшіге ауысады.

Ана тілі, Қазак тілі, математика сабақтарында тарау- ды бекіту, қайталау, білімді тиянақтауда, оқушылардың компьютерді пайдалана отыра, өзіндік жұмысын тез және қарқынды ұйымдастыруға болады. Мысалы: Қазақ тілінен көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой, керекті сөздерді қолданып сөйлем құра, өлеңді, әңгімені жалғастыр тапсырмаларын өз бетінше, бір-біріне бөгет жасамай орындауға тырысады. Мұндағы мұғалімнің негізгі мақсаты – оқушылардың қатесіз, сауатты жазуын қадағалау. Ана тілі сабақтарында мәтін бөліктеріне ат қойғызу, сурет салғызуға, логикалық сипаттағы ойындарды пайдалану тиімді. Компьютерді пайдаланып сабақ өткізу мектепте мынадай міндеттерді жүктейді:
1. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу.
2. Оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық алмасу сипатын анықтау.
3. Дайын бағдарламаларды қолдана білу шеберлігін арттыру.
4. Ойлау қабілетін дамыту.

Компьютерді сабақта қолдану нәтижесінде оның ұтымды тұстарын айтпай кетуге болмайды:
- Сабаққа деген құлшыныс пайда болады.

Мұғалімдер қолданатын оқыту әдіс-тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Олар алдында қол жеткізген жетістіктерден кейін мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі оқушылардың алға жылжуына айтарлықтай септігін тигізетінін дәйекті түрде көрсетті. Мұғалімдер қолданатын әдістер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістемелерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктерін және нәтижелілігін төмендетеді. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Сондай-ақ, «Бастауыш сынып пәндері бойынша критериалды бағалау және оқытуды жоспарлау» тарауында бағалау және жоспарлау әдіс-тәсілдері анағұрлым толық қарастырылатын болады. Сонымен қатар педагогиканың түрлі аспектілері қарастырылады: қарым-қатынас жасау дағдылары (мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, дәлелдеу), белсенді оқу, зерттеуге негізделген оқу болып табылады. Педагогиканың барлық осы аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы алған білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделеді. Бұл жерде ең маңыздысы оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек. Оқушылардың алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындауға мүмкіндіктері болуы аса маңызды болып табылады. Бастауыш сынып пәндерінің аясындағы педагогикалық тәсіл белсенді оқуды көздейтін сындарлы оқуға негізделеді. Бұл тәсіл аясында оқушылар оқу үдерісіне белсенді атсалысады, сол арқылы өздері үшін оқудың маңызын өздері анықтайды. Бұл мұғалім селқос қана тыңдап отырған оқушыларға өтіліп жатқан тақырыпты хабарлағанға қарағанда, анағұрлым қуатты құрал болып табылады. Бастауыш сыныпта сабақ жүргізуде қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдердің басым бөлігі зерттеуге негізделген оқу әдіс-тәсілдерінен тұрады. Мұғалімдер өз оқушыларының қызығушылықтары туралы білімдері мен бүкіл білім беру бағдарламасын ескере отырып, орындалатын жаттығуларды өзі таңдауға ерікті. Жаттығуларды оқушылардың мүдделері негізінде жоспарлау «оқушылар туралы хабардарлықтың негізінде оқытуға» түрткі болады, ал бұл өз алдында саралауды қолдануға жол ашады. Мұғалім оқушылардың оқу үлгерімін бақылап, оларға мақсаттарына жетуге қолдау көрсетеді. Ынтымақтастық сапалы ұйымдастырылған біліктілікті арттыру шарасының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Сол себепті, біліктілікті арттыру курсында жоспарланған көптеген жаттығулар тыңдаушылардың бір-бірімен ынтымақтасып жұмыс істеуін көздейді. Мұғалімдер үшін білім берудегі жаңа идеяларды талқылап, ол идеялар туралы ақпарат алмасуға мол мүмкіндік берудің маңызы зор. Осы жаңа оқу бағдарламасы мұғалімдерге белсенді оқу жаттығуларына қатысып, бастауыш сыныптарды оқытуды тиімді жүргізуге ненің көмегі бар деген мәселе тұрғысынан кәсіби әңгімеге қатысуға мүмкіндік береді. Осы тәсілді қолдана отырып, мұғалімдердің дағдылары мен білімін арттыруға қол жеткізуге болады Оқытуда осы қарым-қатынас тәсілін қолдану арқылы мұғалімдер барлық оқушылардың оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларында көрініс тапқан оқу мақсаттарына жетуге ынталандыратын жаттығуларды қалай жоспарлауға болатынын көре алады. Топта бірлескен мұғалімдер бір-бірінің білімімен және түсінігімен бөлісе отырып, бірлесіп жұмыс істейді. Олар түсініктеме беріп, өз болжамдарын ұсынады, осылайша әсіресе бірлескен сұрақ-жауап кезінде өз түсінігін кеңейтеді. Біліктілікті арттыру курсы барысындағы кері байланыс ұсынып, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беретін топтық жұмыс пен бірлескен тәсіл мұғалімдерге кәсіби құзыреттіліктің және/ немесе жетілдірудің кез келген саласын түсінуге көмектеседі. Бастауыш сыныпта мұғалімнің рөлі оқушылардың үлгерімін қадағалап және есепке ала отырып, олар үшін «белсенділендіргіш» рөлін орындауға негізделеді. Оқу үдерісін жандандыру үшін мұғалімдер ынталандырғыш материал ұсынып, оқу үдерісіне таңдамалы түрде араласады, осылайша оқушылардың бойында танымдық өзгерістердің орын алуына ықпал етеді. Сыныптан сыныпқа ауысқан сайын оқушылар анағұрлым жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін өз бетінше әрекет етуге үйрену керек. Оқушыларға оқу жоспарындағы жаттығулар аясында көзделген оқу мақсаттарына қол жеткізуге көмектесетін бірқатар педагогикалық тәсілдерді пайдалануда мұғалімдерге біліктілікті арттыру курстары арқылы қолдау көрсетіледі. Критериалды бағалау моделі оқушылардың оқу мақсаттарына жетудегі ілгерілеуін анықтау үшін қосымша тәсілдерді пайдаланады. Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс, ойын «баламалары» және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді . Бастауыш сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады. Домино және карта сияқты дәстүрлі ойындар математика сабақтарындағы кездейсоқтық пен ықтималдық мәселесін қарастыруда оңтайлы болмақ. Шарада, тақтада сөздерді біріктіру немесе сөздерді жіктеу сияқты ойындар – тіл үйренуді қамтамасыз етудің және оны көрсетудің бірден-бір қызықты әрі тартымды тәсілдерінің бірі. Көптеген стратегиялық ойындарды (мысалы, «Алға» («Go») деп аталатын ежелгі қытай ойыны) тұрғындар мен қоғамның өсуін модельдеу үшін пайдалануға болады. Бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы аясында қолданылатын тағы да бірқатар тәсілдер:
- Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым мен жазылым;
- Қарым-қатынас жаттығуларын пайдалану;
- Проблема шешу мақсатында жеке және топта жұмыс істеу;
- Орындау арқылы білім алу (әрекет ету арқылы);
- Ашық сұрақтарды пайдалану;
- Дәлел ұсынуға ынталандыру;
- Зерттеу барысында бірлесіп жұмыс істеу;
- Зерттеуге негізделген оқу, оның барысында оқушылар мәселені жеке өздері зерделейді.

Мұғалімдер пайдалана алатын аса бір тиімді әдістердің бірі «Дауыстап ойлану» деп аталады. Мұғалім мәтінді оқиды және «дауыстап ойлайды», сол арқылы оқушыларға мәтінді түсінуге көмектеседі. Дәлелдеу Жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалыптастыру және оларды қолдану – бастауыш сыныптың білім беру бағдарламасының өзекті аспектісі болып табылады. Осы ойлау дағдыларын қалыптастырудың ең басты тәсілдерінің бірі – дәлелдеу. Дәлелдеу бастауыш сыныптарда кез келген пікірталас бастау, жүргізу және оны бағамдау үшін маңызды, әсіресе, математика үшін оның маңызы өте зор, себебі онда бір есептің бір ғана шешімі болғанымен, оған жетудің тәсілдері толып жатыр. Бұл сондай-ақ Қазақстандағы жаңартылған білім беру бағдарламасында басым болып табылатын бірнеше құндылықтар мен дағдыларды, мысалы, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытудың негізгі тәсілі болып табылады. Бастауыш сыныптарда кеңінен қолданылатын, өзара әрекеттесудің түрлі жағдайларында қалыптасатын және жүретін оқудың екі саласы бар; бұл монологтік және диалогтік Монологтік көзқарас заттарды абсолюттік материя ретінде түсінеді және де бұған дейін алынған білімнің негізінде қалыптасады, ал диалогтік көзқарас болса білімді оқу барысында жүретін үдеріс ретінде, дәлелдеу барысында, яғни пікірталас пен келіссөз барысында қалыптасатын білім ретінде қарастырады. Осындай сабақтарда оқушылар басқа оқушыларға тұжырымдаманы өз сөзімен түсіндіру үшін бірқатар сұрақтар мен топтық талқылауды пайдалана отырып, проблемаларды шешу үшін бірлесіп жұмыс істейді. Мұғалімдер оқушылардың берген түсініктемелеріне құрметпен қарайды және оның құнды екенін түсінеді, проблеманы шешудің осындай ерекше тәсілдері басқа оқушыларға мәселені түсінуге көмектесе алатындығын мойындайды. Оқушыларға бастауыш сыныптарда проблеманы шешуді ұсыну арқылы мұғалім оқушылар Пиаже сипаттаған танымдық даму сатыларының нақты бір операциялық кезеңінде екенін есте сақтау керек. Белгілі бір жастағы балаларға проблема ұсынғанда мұғалімдер абстрактілі, ойдан шығарылған нәрселермен жұмыс істегенше, қарапайым бірақ нақты мысалдарды пайдаланғаны абзал. Физикалық материалдар мен шынайы өмірден алынған мысалдарды жиі пайдалану оқу үдерісін тиімді етеді . Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сыныпқа арналған білім беру бағдарламасы оқушыларға ХХІ ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және ынталандырады. Қазіргі заманның талабы-көптілділік. адам баласының рухани байлығы тәрбиесі, білім бәрі де тіл арқылы жетіледі. «Тілменен түйілген, тіспенен шешілмес» демекші әр адамның сөздік қоры бай болуы үшін тілін, ой-өрісін, жан-жақты дамыту керек. Сол себепті болашақ ұрпағымызға үштілділікті қажетті деп ұғындыру ұстаздың ең басты міндеті болып саналады. Қазіргі уақытта еліміздің басқа мемлекеттерімен қарым-қатынасы артып отырған шақта үштілділікті еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің қазіргі кездегі ең басты міндетіміз. Халқымыз ежелден тіл абыройын биікке көтеріп, «Өнер алды – қызыл тіл» деп, сөз өнерін бар өнердің алдына қойып, жоғары бағалаған. Әдетте тіл жөнінде, тіл – адамдар ара қарым-қатынас жасау құралы деп таныған. Көптілді білім беру дегеніміз – оқу үрдісі барысында екі еcе одан да көп тілде білім беру. Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Әр адамның рухани – адамгершілігін арттыру үшін бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп еңбек ету үшін жан-жақты болу қажет деп есептеймін.

Әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Президентінің «Қазақстан 2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы http://www.akorda.kz

2. Бастауыш мектеп журналы 2015/1

 

 

 
 

Теория и практика





 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no