электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2017 г.

 

Критериалды бағалаудың тиімділігі

№ 9 (170) ноябрь 2017г.

ОРЫНБАЕВА Ш.А., Лисаковск қаласы № 6 мектеп


Білім беру – оқушыларға тек қана үйрету емес, сол оқыту мен оқу барысындағы белсенді әрекетті үйлестіре білу. Белсенді әрекетке құрылған ортада ғана оқушы білімі жүйеленіп, қалыптасады. Әр бала өзінің білім алуы жолында өзін-өзі бағалай алуы керек. Осыған байла- нысты оқушылардың өз білімінің деңгейіне көз жеткізіп, мүмкіндігін анықтаудағы тиімді жол критериалды бағалау.

Критериалды бағалау – бұл білімінің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім прцесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі өлшемдермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Критериалды бағалаудың маңызы

Оқушы үшін:
1. Өз білімінің қай деңгейде екенін анықтай алады;
2. Бағалау критерийлері арқылы дамудың мүмкіндіктеріне жол ашады;
3. Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсе алады;
4. Сыни тұрғыдан ойлана алады, ойын еркін айтады;

Мұғалім үшін:
1. Білім сапасын арттыруға негізделген критерий құрастыра алады;
2. ӨЗ іс-әрекетін саралап, болашағына жоспар құрады;
3. Оқушы деңгейіне қарай оқытудың мүмкіндігін анықтай алады;
4. Жеке оқушыны бағалап, ата- анасына рубрика жасай алады;
5. Сабақтың сапасын арттыра алады;
6. Қалыптастырушы бағалау арқылы өсу динамикасын анықтап, білім сапасын арттыруға ықпал етеді.

Ата-ана үшін:
1. Ба ласының білім сапасының қандай деңгейде екенін біліп отырады;
2. Оқуындағы табысты әрекеттерді бақылап, кедергілерді жойып, оқуына қолдау көрсету үшін не істеу керек екенін біліп отырады;

Критериалды бағалау құрылымы

1. Қалыптастырушы бағалау Қалыптастырушы бағалау – мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістіктерінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырма орындау, кері байланыс беру кезінде жеке, жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы қолдануға болады.

2. Жиынтық бағалау Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұның меңгерту деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша) және тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі.

Бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмаларын құрастыру алгоритмі

Рубрика әр бөлім\ ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау рәсімдеріне құрастырылып, әр критерий аясындағы оқу жетістігінің деңгейі көрсетіледі.

Бөлім/ ортақ тақырып бойынша оқу жетістігі деңгейлеріне сәйкес балдың пайыздық мазмұны

Тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы оқу барысының ілгерілеуін өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, онда тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.

Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлауда тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы қолданылады. Онда тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша нұсқаулық, тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары, тапсырмалардың балл қою кестесі болады. ТЖБ өткізу кезінде тоқсан басында білімалушылар мен ата- аналарын хабардар ететін ТЖБ-ң кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп құрылады. ТЖБ бір параллельде бірдей жағдайда өткізіледі. Қайта орындауға (көшіру) рұқсат етілмейді. ТЖБ өткізілетін кабинет білімалушыларға таныс, күнделікті сабақ өтіп жүрген кабинет болуы тиіс.

Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін талдау

ТЖБ балл қою кестесіне сәйкес құрастырылады, кестеге сәйкес мұғалім балдарын қояды.

Мұғалім әр жауапқа қойылған балдардың, нәтижелердің дұрыс жазылғанына көз жеткізуі тиіс. ТЖБ нәтижелерінен мұғалім білім алушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын қаншылықты тиімді меңгергенін, қандай дағдыларды игергенін, келешекте қалыптастырушы бағалау кезінде оқу үдерісін қалай жоспарлау қажеттігін анықтайды.

Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау

Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың ТЖБ жұмыстарының нәтижесін талқылау үшін модерация белгіленген. Модерация өткізу үшін комиссия құрылады. Модерация өте жоғары, өте төмен нәтиже көрсеткен және дау тудыратын оқушылар жұмыстарын қарайды. Модерацияны ескерте отырып, білімалушылардың жұмыстарын қайта қарап, жоғарлату немесе төмендету жағына қарай балдар өзгертілуі мүмкін.

Баға қою механизмі

Бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері электрондық нәтижелерді тіркеу журналына тіркеледі. Барлық балдар, бағалардың есебі электрондық журналда автоматты түрде жүзеге асырылады.

Тоқсандық бағаны есептеу үшін бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы балдың пайыздық мазмұны жинақталады.

Жылдық баға есебі үшін білім алушының бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы жалпы саны есептеледі. Оқу жылындағы балдың пайыздық мазмұны (50 : 50) пайыздық қатынаста есептеледі.

 

 

 

 
 

Теория и практика



 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10