электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2017 г.

 

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында биология сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану

№ 10 (171) декабрь 2017г.

ҚАЙЫРБАЕВА Ж.Х., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚБА институтының Б және БС кафедрасының аға оқытушысы, тренер


Биыл 2017 жылғы, 31 қаңтар айында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Ел басы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деп атап көрсетті.

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологиялар арқылы дамытудың қажеттілігін негізгі мақсат етіп қойып тұрғаны анық. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ барысында пайдалану – ХХІ ғасыр талабы болғандықтан, мұғалімнің мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай оқыту формалары мен модульдерін таңдауға мүмкіншілік берілген.

Білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі – оқыту үрдісін технологияландыра отырып, білімнің кепілдік нәтижелеріне қол жеткізу. Ол үшін оқыту үрдісін өзгерте отырып, мұғалім шығармашылықпен іс-әрекет жасауы керек. Өйткені бұрын оқушы білімді қабылдаушы, жинақтаушы, өзіне сіңіруші рөлдерін ғана атқарса, ал қазіргі жаңа талап бойынша өздігімен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаны осы рөлдерді атқаруға лайықтау үшін оның жаңа бейнесін заман талабына сай дайындауымыз қажет. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Инновациялық технологияны пайдалану – өмір талабы.

Қазіргі пән мұғалімдерінің негізгі міндеті – білім беруді нәтижеге бағыттау, яғни инновациялық жаңа технологияны меңгеру екенін білеміз. Оқу үдерісіне қоғамның жаңа қажеттіліктеріне сəйкес инновациялық тəсілдерді енгізу, оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісін талап етеді. Осыған орай кез-келген оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын заманауи инновациялық технологияны меңгеруге ұмтылу керек. Себебі мемлекеттік білім стандартына сəйкес оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды, білім алушылардың білімін қадағалаудың инновациялық бақылау-өлшеу құралдарын енгізуді жүктейді. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы – оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тəрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кəсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады. Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, дамыту міндеттерін көздейді. Оқытушының жеке тұлғаны зерттеуіне, оны толық танып, білуге жəне оқытудың мақсатына жетуге тиімді, əрі нақты жол ашады.

Жаңа нәтижеге бағытталған білім – инновациялық білім және іскерліктің жаңа түрі болады. Құзіреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс-тәжірибесінде пайдалана алатын білім. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану — біріншіден, оқытушыға жағымды, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушыға жағымды, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек.

Біліктілікті арттыру курс барысында шеберлік сабақтар арқылы биология сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын кеңінен орын алатынына көз жеткізе отырып, мұғалімдер өзіндік жұмыстарда ғылыми-жаратылыстану сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар түрлерін әзірлейді. Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығының мазмұны мән-мәтін, құзіреттілігі, білімі және қатынас арқылы құрастырылады. Ғылыми жаратылыстану білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті мәселелерді анықтау, қорытындылар жасауға бағытталған. Осы көріністі практика жүзінде мұғалімдер көре алады.

Биология пәнінде сыни тұрғыдан ойлауды дамыту стратегияларының оқушылардың танымдық белсенділігін арттырды, өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қабілеттерін қалыптастыруға ықпал етті . Балалар сабақтардың қызықты , жеңіл өтетіндігін, топта бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын сезінеді. Сонымен қатар, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, ұстаздың шыдамдылық, ұйымдастыру шеберлігі, төзімділік сияқты құндылықтарын көре отырып, оқушылардың басқаша қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігіне көз жеткіземіз. Биология сабағында тағы бір ерекше алатын орны ол деңгейлі тапсырмалар болып табылады. Осы тапсырмаларын құрудағы қиындықтарды шешу жолдары ретінде мына мәселелерді атап өткен жөн:

1. Оқушыларға тапсырмаларды 6 деңгейлі Блум таксономиясы негізінде құрып, ондағы білу, түсіну, қолданудан гөрі жинақтау, талдау, бағалауға мән беру.

2. Стандарт талаптарына сай берілген тапсырмаларды орындаумен қатар оқушының өмірде қолдана алатындай тапсырмалар құрастыруға көңіл бөлу.

3. Оқушының логикалық ойлауын, сыни тұрғыдан ойын жеткізуді жүзеге асыру үшін, білім беруде сабақтың құрылымын өзгерту, яғни оқытудың белсенді стратегияларын қолдану, оқушының сабаққа деген ынтасын арттыру үшін әр10 мин сайын жағдаятты өзгертіп отыру.

4. Оқушыға тапсырма берген кезде оның алгоритмдерін алдын-ала ескерту.

5. Тапсырманы зейін қойып, орындауға және эксперименттік есептер, зертханалық шағын зерттеу жұмыстарын орындата отырып, өзінің орындаған жұмысының дұрыстығына көз жеткізу, өзін-өзі бағалауға үйрету.

Осы іс-әрекеттерді орындаған жағдайда оқушыға жоғары деңгейде білімін қалыптастыруға жол ашылады. Ол үшін мұ ға лімдердің жан-жақтылығы, шығармашылығы, білімі жоғары деңгейде болуы керек.

Соңғы үш жыл ішінде БА курстарына келген биология пән мұғалімдеріне тәжірибелі сабақтарда аймақты кеңейту мәселесі бойынша Қарағанды қаласы химия- биология бағытындағы НЗМ-ң іс-тәжірибесімен алмасу барысында сабақтарға қатысу арқылы оқушылардың топтық жұмыстағы өзара іс-әрекеттерін талдау, болжау және салыстыру бағыттарын көре отырып, оқушыларға қоршаған ортаның көп түрлілігі мен эволюциясы туралы білімі, тірі ағзалардың даму заңы мен заңдылықтарын қарастырады, сонымен қатар әлемнің таңғажайып құбылыстарын оқып-тануға және зерттеуге мүмкіндік береді.

Әр сабақтарда сын тұрғысынан ойлауға дамыту үшін әсіресе биология сабақтарына моделдеу, жобалау, эксперименттік сабақтар оқушының қиялын дамытуға бағыттайды.

Курсқа келген мұғалімдер сол ортада болғандарын ерекше бір сезіммен айта отырып, қаншалықты баланың дамуына, сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдетғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру – әрбір ұстаздың абыройлы борышы деп санайды.

Ал курсаралық кезеңдерде аудандық және қалалық мектептерге мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде «Әдістемелік десант» ұйымдастырылады, бұнда оқушыларды бақылау және даму траекториясын көруге, іс-әрекетті қадағалауға болады. Ал оқыту семинарлары мен вебинарлар нақты тақырыптарға бағытталған, мұғалімдердің сұраныстарына байланысты іс-шаралар өткізіледі. Мұғалімдер өзіндік бағалау сезімдерін арттыру барысында өздерінің қандай жетістіктерге жеткендерін, кемшіліктерді жоюға, кез келген жағдаяттарды шешуде талдау жасау, сын тұрғысынан ойлау арқылы дамиды.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Бұдан шығатын негізгі түйін, баланы білуге өз еркімен, шын махаббатпен жетелей білсек, өзіндік ұстанымы, көзқарасы бар шәкірт тәрбиелесек, көздеген мақсатқа жете білгеніміз. Яғни, баланың ынтасын жетелеу қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету, көрнекілікпен көрсету, оны өз беттерінше практикада қолдана білуі қажет деген сөз.

Ұстаз мақсаты – оқушыларға ұлттық тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сөзімнің соңында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. . . Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 31.01.2017ж.

2. Ізденіс және даму перспективалары. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2016 жыл

3. Қазақстан Республикасы БжәнеҒМ Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптарына арналған «Биология» пәнінен оқу бағдарламасы

 

 
 

Теория и практика



 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10