электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2017 г.

 

Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқыту үдерісінде ойын технологиясы арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту

№ 10 (171) декабрь 2017г.

ЖАНҰЗАКОВА Н.А., «БАҰО «Өрлеу» АҚ ШҚО ПҚ БАИ, ТТжӘ кафедра аға оқытушысы Өскемен қаласы


Қазақстан Республикасының президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады» – деп айтқан [1]. Ал біздің мемлекетіміздің әрбір азаматы ағылшын тілін жетік меңгеруі үшін, оны біз мектепте бастауыш сыныптан бастауымыз керек. Сондықтанда ағылшын тілін мектептерде жүйелі оқыту үдерісін қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Ағылшын тілін оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Бастауыш сыныптарда ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың ағылшын әліпбиін танып, ажырату, сөйлеу дағдысын дамыту, қарапайым қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, ағылшын тілін меңгертіп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда ағылшын тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру – үлкен істін бастамасы.

Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениетті еліміздің дамуына үлес қосқымыз келсе, көп тілді игерген азаматтарға қарап қуанатынымыз да белгілі.

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіл әлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігін көрсетеді. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшеліктері оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.

Сондай-ақ, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында орта мектепті бітірушінің негізгі құзыреттіліктерінің бірі: Коммуникативтік (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым- қатынас жасауға қабілеті) болып табылады [2]. Яғни, тілді үйретудегі негізгі мақсаты – ағылшын тілінің әлемдік тіл екенін ескере отырып оқушыларды осы тілде еркін ойлап-сөйлеуге үйрету; оқушылардың сөйлеу қабілетін жаңа технологияларды пайдалана отырып дамыту; оқушыларды өзге ұлттың мәдениетімен таныстыра отырып сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Демек, бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ағылшын тілін еркін меңгеруге ықпал ететін әдістердің, түрлі технологиялардың алатын орны ерекше.

Қазақстандықтардың лексикалық капиталының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі шет тілдері болып табылатындықтан, Қазақстан Республи- касында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі – шет тілдерін оқыту процесінің ауқымды білім беру кеңістігін сақтау көзделіп отыр[3].

Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Шет елдермен қарым-қатынас күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру – әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.

Қазіргі заманның оқушысы дүниетанымы кең, жан-жақты жетілген, өмірлік белсенді ұстанымы бар азамат болуы тиіс. Сондықтан оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеті мен белсенді ой еңбегін дамытуды ұйымдастыру оқу үдерісіне жаңа құралдар мен әдіс тәсілдерді енгізуді қажет етеді. Ағылшын тілі пәні сабағында оқушының тілді дұрыс меңгеруі үшін әртүрлі ойындарды қолдануға болады. Осы ойынның негізінде оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өзіндік пікірін қорғауға, сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету көзделеді. Шет тілінде сөйлеуді, қарым-қатынас жасауды коммуникацияға үйретуді ниет еткен әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығулардың бір түрі ретінде ойындарды қолданатыны сөзсіз. Осыны ескере отырып өзімнің іс-тәжірибемнен ойын түрлерін ұсынып отырмын. Мақалада ағылшын тілінде қолданатын ойындардың келесі түрлерін қарастырдым: фонетикалық, грамматикалық, лексикалық.

Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады.

Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Оқушының ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігінің артуы оның алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылысын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.

Фонетикалық ойындар:

The funny little clown

Өлеңде сөйлеу аппаратының қозғалысын дамытуға арналған жаттығулар қамтылған.

I am funny little clown.
I say, `Ah {a:) – oo (ou) – ee (i) – oo`
My mouth is open wide
When I say `Ah, ah, ah`.
I draw my lips far back.
When I say`Ee, ee, ee`
My lips are very round.
When I say `Oo, oo, oo`
`Ah – oo- ee-oo`
`Ah – oo- ee-oo`
I am a funny little clown.

Жұмыс екі кезеңнен тұрады:
А) өлеңді жаттау;
В) өлеңді сахыналау.

Қай дыбысты жасырдым? (жұмбақ-ойын)

Мұғалім бір дыбыстың бірнеше сөзде кездесетін сөздерді атайды. Тапқан оқушы, өзінің жұмбағын жасыруға мүмкіндік алады. Мысалы: mother, father, daughter, teacher немесе fat, map, cap, sat, dad.

Сөзді ата (заттармен ойын)

Жүргізуші оқушыларға кезекпен сөзде сол дыбыс бар сөзді атап допты лақтырады, егер ол дыбыс жоқ болса допты қағып алмайды. Мысалы: fat, map, cap, sat, dad немесе mother, father, teacher.

Грамматикалық ойындар:

Conditional clauses. Chains of events

Use of conditional (any type) to describe results of actions; transformations and some free composition; oral or written.

Procedure: Give the class if clause: If I had a little sister. . . .
One student suggests a possible result:
A: If I had a little sister, I would take her to the Zoo.
The next student takes the result, reforms it into a condition and suggests a further result and so on.
B: If I took a little sister to the Zoo, I would show her all animals.
C: If I showed her all animals, I would enjoy myself, etc. The same can be done using other types of conditional:
A: If I am free tomorrow, I shall go to the library.
B: If I go to the library, I shall take a book.
C: If I take a book, I shall prepare for my report, etc.

Variations: The same can be done in small groups. In writing it is best done as a class activity: each student gets a sheet of paper, at the top of which he or she writes down his or her own condition. The student fills in a possible result and passes the paper to a neighbor. The next student thinks of and writes down the next event in the chain, (according to the example given for oral work above), and passes it on. After some time (10-12 minutes) the chain will be ready to read aloud or put it up on the wall.

Future tenses. Horoscopes

Use of going to or will to express non-real future events; mainly in writing. Procedure: Ask your students to compose a horoscope for an unknown paper on a sheet of paper: it should be interesting and not too serious. It may relate to a limited future time (next week/ month/ year) or to the person's future life. The papers are folded, collected, and placed in a hat, bag or other container. Each member of the class takes a piece of paper and reads' his or her horoscope' and reads it.

Variations: Ask your students to compose very optimistic and desirable horoscopes. Instead of distributing them personally, the horoscopes are put up on the wall round the class. You and all students go round reading them and correcting the English, if necessary. Each student of the class chooses one future he or she would like and writes his or her name at the bottom. Then students read aloud the futures they have chosen for themselves.

Interrogatives. Find someone with the answer

'WH' questions; reading and identifying spoken answers.

Materials: Slips of paper with 'WH' questions on them; separate slips with corresponding answers. There should be one copy of each question and one of each answer; in total rather more pairs of slips than there are students in the class. For example, you should have about 30 questions and 30 corresponding answers for a class of 20 students.

Procedure: Each student gets one question slip and one answer slip. In 'fluid pairs', students ask each other 'their' questions, at the same time giving their answers in response. When a question gets a correct answer, the two students put their slips together and come to the teacher. You check they are right, and take in the slips. These students get fresh slips from your reserve pile, until there are none left.

Лексикалық ойындар:

Ambiguous picture

Describing and vocabulary practice.

Procedure: Draw a small part of a picture. Ask the students what it is going to be. Encourage different opinions. Do not confirm or reject their ideas. Add a little more to the drawing and ask the question again. Build your picture up in about four stages.

Abstract picture

Describing and vocabulary practice.

Procedure: Draw a big rectangle on the board. Draw in the rectangle a variety of squiggles, doodles, shapes (and colours if you have them). Ask the class what they think the picture represents. Assure the students that there is no right or wrong answer and encourage them to use their imaginations.

Cutting down texts

Forming new grammatical sentences by eliminating words or phrases from the original.

Procedure: Take a short text of up to about 30 words (it can be from your coursebook), and write it up on the board. Students suggest any section of one, two or three words that can be cut out, while still leaving a grammatically acceptable – though possibly ridiculous – text. Sections are eliminated for as long as it is possible to do so.

For example:

The princess was awakened by the kiss of a handsome prince.
The princess was awakened by the kiss of a prince.
"The princess was awakened by a prince.
The princess was awakened.
The princess!
Princess!

Variation: The students then try to reconstruct the original text.

Ойындарды тиімді қолдана білсек, оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруге, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға жол ашамыз.

Ұлттық педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйренеді. Бұл оқушылар бойына бір-бірімен қарым-қатынас кезінде өзара кішіпейілдікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады және соның нәтижесінде балалардың тіл мәдениеті жетіледі, басқа ұлттардың мәдениетін құрметтеуге жетелейміз.

Қорыта келгенде, ойын әрекетінсіз ағылшын тілі лексикасын оқушының есінде қалдыру тиімділігі аз және ақыл ой күшін көп қажет етеді. Оқу үрдісіне енгізілген ойын ағылшын тілі сабағында оқытудың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу үрдісін жеңілдететінін ескеру қажет. Оқытушының сабаққа қойған мақсатына, міндетіне, шартына байланысты ойын түрі өзгертіліп отырылуы қажет.

Оқушылардың шет тілінде сөйлеуге деген ынтасын арттырып, қызығушылығын оятатын – ойын. Әр сабақ үстінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес дұрыс таңдау қажет.

Ойын оқушыларды бірлікке баулиды. Баланы оқыту, балаға берілетін білімнің сапасын арттыру, сабақтың жаңа заманға сай жаңаша сипатын күшейте түсу, оқушының шет тіліне қызығушылығын дамыту әр мүғалімнің біліміне, шеберлігіне байланысты. Ойын арқылы баланың өтіп жатқан тақырыпты қай деңгейде меңгергенін байқауға болады. Ойын балалар үшін әр уақытта ойын болғандықтан, ойын элементтері бар сабақ оқушыларды қызықтырады, белсенділігін арттырып, мұғалім мен оқушының арасындағы психологиялық кедергіні бұзып, теңдік сезіледі. Ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, сонымен қатар оның таным – түсінігін де арттырады. Балалар бір-бірімен тез тіл табысып, тапқырлықты үйренеді.

Ойын шет тілін оқытудың басты тірегі. Осы орайда оқушылардың іс-әрекетіндегі өзгерістер:

1. Топтасып жүмыс істеуге, білгендерін ортаға салуга үйренеді.

2. Грамматиканы жақсы меңгереді.

3. Бала бойында тілді үйренуге деген талпыныс пайда болады.

4. Басқа елдің мәдениетіне, өміріне деген қызығушылығы туады.

5. Пікір алмасып өз ойын дәлелдей алады.

6. Сөздерді дұрыс айтуға ұмтылады.

7. Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастырады.

8. Өзіне деген сенімділігін арттырады.

Шетел тілі сабақтарында дұрыс ұйымдастырылған ойындар оқушылардың таным-түйсігіне жағымды әсер етіп, алған білімдерін қолдана алуына ықпал етеді.

Осы ойынның негізінде оқушылардың ой-орісін кеңейту, өзіндік пікірін корғауға, сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету мақсаты көзделеді. Шетел тілінде сөйлеуді, қарым-катынас жасауды, коммуникацияға үйретуді ниет еткен әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығулардың бір түрі ретінде ойындарды қолданатыны сөзсіз. Көбінесе ойынды жаңа тілдік материалдарды бекітуде, сабақты қызықты өткізу үшін, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруда, білім деңгейін тексеру құралы ретінде колдануға болады.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының президенті – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолда- уы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. – Астана. Ақорда, 2012

2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған 2012-2016 жж.ұлттық іс-қимыл жоспары: Үкімет қаулысы.-25.06.2012, №832

3. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2011 жыл 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген

4. Debra Wise, Great big book of children’s games. – printed in the USA, 2003. – 318 p.

5. Penny McKay and Jenny Guse, Five – minute activities for young learners. – printed in the UK at the University Press, Camridge, 2011. – 155 p.

6. James Kealey and Donna Inness, Grammar-Focused Interactive ESL/EFL activities and games. – printed in the USA, 2002. – 152 p.

 

 
 

Теория и практика



 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10