электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2017 г.

 

Бірінші сыныпта оқушылардың оқу жетістіктерін жаңаша бағалау қадамдары

№ 10 (171) декабрь 2017г.

МАЙБАСОВА Ү.А., «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты


Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде, жалпы қоғамда зор маңызға ие. Қазіргі таңда оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған.

Алайда, оқушылардың алдына қойылған мақсаттарға жету үшін бірінші сынып мұғалімі бұл критериалды бағалаудың мазмұнын білеміз бе? Жаңаша бағалауды дұрыс ұйымдастырып жүрміз бе? Дәстүрлі бағалаудың ағымынан шыға алмай жүрген жоқпыз ба? – деген ой келеді. Сол себепті білім мазмұнын жаңарту аясында өткен біліктілікті арттыру курстарында мұғалімдерге берілген білімді бекіту және іс-тәжірибелерінде тиімді жүзеге асыру үшін критериалды бағалаудың қадамдарына шолу жасап шығуды жөн көрдік. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қарағанды облысындағы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың институтындағы білім мазмұнын жаңарту аясындағы курстардың мазмұнында мұғалімдермен осы жаңаша бағалаудың қадамдарын қарастыруда.

Білім мазмұнын жаңарту аясындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарында тыңдаушылар критериалды бағалаудың анықтамаларын, қағидаттарын, критериалды бағалаудың мазмұнымен толық танысады. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартымен анықталады. Стандартта білім беру аясында оқушылардың дайындық деңгейлеріне қойылған талаптар Б. Блум таксономиясына негізделген күтілетін нәтижелермен белгіленген. Ол нәтижелерге жету үшін пән бойынша оқу бағдарламаларында әр бөлімнің оқу мақсаттары айқындалған.

Білім мазмұнын жаңарту аясындағы курстардың барысында критериалды бағалаудың екі түрінің мазмұнын толықтай қарастырамыз. Қалыптастырушы бағалауға келер болсақ, мұғалім тоқсан барысында жүйелі өткізіліп отыратынын, бағалау кезінде оқушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығын ескеру керек. Бұл оқушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттарын қамтуы тиіс. Мұғалімдер қалыптастырушы бағалаудың құралдарын оқу мақсатына сәйкес өз бетінше дайындап үйренді. Ол үшін жоспарлау кезеңінде мұғалім оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысып, оқу мақсаттарына талдау жасайды. Оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастырады. Тапсырма құрастыру кезінде саралау тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін, ойлау дағдыларының деңгейлерін анықтап, бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар, әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастырады. Сондай-ақ, мұғалімдерге көмек ретінде қалыптастырушы бағалау үдерісінің тиімділігін арттыру үшін қалыптастырушы бағалаудың тапсырмалар жинағы дайындалған, онда оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлері, дескрипторларымен бірге тапсырмалар үлгілері берілген. Күнделікті тәжірибеде оқушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдана алады. Мысалы, «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырма орындау, оқушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады.

Курстағы мұғалімдердің аса назарын аударатын бағалаудың келесі қадамы белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізілетін жиынтық бағалау үдерісі. Әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалаудың түрлері бойынша бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп, оқу жылына жиынтық бағалаудың жоспары құрастырылады. Жиынтық бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау бекітілген критериалды бағалауды өткізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Тәртіпке сәйкес жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген:
- жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша;
- әлеумет тік-г уманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;
- тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым мен айтылым, оқылым мен жазылым бойынша анықталады.

Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары өтілген бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім немесе ортақ тақырыптардағы бағалауға жататын оқу мақсаттарының саны пәндерге бай ланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мыса лы, 1-сыныптың сауат ашу пәні бойынша ұзақ мерзімді жоспарында 3-тоқсанда сөйлеу әрекетінің түрлері берілген: «Тыңдалым және айтылым» (әрі қарай ТА), «Оқылым» мен «Жазылым» (әрі қарай О, Ж). Оқу мақсаттарының саны сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша әр түрлі: ТА – 11, О – 8, Ж – 6. Сәйкесінше сауат ашудан жиынтық бағалау 3-тоқсанда ортақ тақырып бойынша сөйлеу әрекетінің төрт түрі екіден біріктіріліп, белгілі ортақ тақырыптың аясында білімді меңгеру аяқталған кезде екі рет өткізіледі. Осылайша мұғалім бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау кезінде оқу мақсаттарының негізгілерін көрсететін, ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес екенін белгілейтін бағалау критерийлерін анықтайды.

Алайда, мұғалім жиынтық бағалауға берілген негізгі оқу мақсаттарын алдыңғы екі тоқсанда бірнеше рет қарастырылатынын ескеріп, күнделікті сабақтардың барысында жетілдіруге тырысу керек. Нақты айтқанда, жиынтық бағалауға оқушы жыл бойындағы сабақтардың барысында дайындалуға мүмкіндік бар. Жиынтық бағалаудың негізгі мақсатын белгілеу бұл жиынтық бағалау процедурасының бір бөлігі ғана, әрі қарай Критериалды бағалау нұсқаулығы негізінде үрдістің жүйелі іске асуы мұғалімнің қабілетіне байланысты.

Біліктілікті арттыру курстарында мұғалімдер критериалды бағалау жүйесіндегі өзгерістерді түсініп, енгізуге дайынбыз деп өздерін бағамдағанымен, мазмұнды жаңарту аясындағы жаңа белестерді бағындыруда талай күш қажет екенін түйіндеп кетті. Ал тренерлер үшін бұл мәселемен мұғалімді оңаша қалдыруға болмайтыны анықталды. Сондықтан институт тренерлері білім беру жүйесіндегі реформаның оңтайлы нәтижесіне жетуде облыс мұғалімдеріне әрқашан әдістемелік, кәсіби, психолоиялық қолдау көрсетуге дайын боламыз деген шешім қабылдадық.

 

 
 

Теория и практика





 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no