электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2018 г.

 

Білім жолы – ізденіс, даму жолы – өзгеріс!

№ 2 (173) февраль 2018г.

ҚАСЕН Ғ., Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Өнер» пәні мұғалімі ИБРАГИМОВ Д.Қ., Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері Алматы қаласы.


Мектептің жүрегі мұғалім десек реформалардың сәтті жүзеге асуы мұғалімнің еңбегі мен біліктілігіне байланысты. Бұл жайлы Назарбаев Зияткерлік мектептері Дербес білім беру ұйымы Басқарма төрайымы К. Н. Шамшидинова «Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі білім беру жүйесі бойынша оқушы ұстазға тәуелді. Ал, жаңа білім беру стандартына сәйкес, осы олқылықтың орнын толтыруға тырысамыз. Балалар білімді қай жерден іздеу керек екенін, сыни ойлауға, ұжымда жұмыс істеуге үйренеді. Ұстаздар өз кезегінде олардың оқу процесіне деген қызығушылығын арттыруға машық тандырылады » – деп, Астана қаласында ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру мәселелері талқыланған отырыста мәлімдеген болатын . Бұл бүгінде жұмыс жасап жатқан, Назарбаев Зияткерлік мектептерінде айқын көрініс тапқан.


 Жалпы адамзат жаратылғалы бері тіршілік үшін күрес ең басты «шартсыз рефлекс» деп айтуға болады. Кім мықты, кім күшті сол ғана өмірден өз керегін алады. Бұл өмірдің заңдылығы адам баласын түрлі әдістер мен түрлі ізденістерге жетеледі десе артық болмас. Алғашқы тас дәуіріндегі қарулардан, бүгінгі замануи технологияларға дейінгі жетістік ізденіс арқылы, білімнің күшімен келген. Қазіргі Қазақстанның әлем елдері ішіндегі алар орны мен жарқын болашағы туралы сөз қозғасақ, айтпай, тоқтамай өтуге болмайтын саланың бірі де бірегейі – білім. Бұрынғы кеңестік жүйеден шыққан мемлекетке білім саласын реформалау – әлемдік білім стандарттарының озық үлгілерін қолданысқа енгізу, жаҺандық білім жүйесіне ену, Болон декларациясына қосылу арқылы еуропада қазақстандық білімнің мойындалуы – өмір қажеттілігі.

Әлеуметтік-экономикалық бәсекеге қабілетті ел болу үшін «Қазақстан-2030» стратегиясының да басты басымдығы білім саласына арналған. Дамыған мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, адами капиталға салынған инвестицияның қайтымы жоғары екендігін дәлдеген. Бұл туралы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсатында: «Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» деп көрсетілген. Сондықтан да білім саласы мемлекеттің тікелей және басты қамқорлығында болып келеді. «Мектеп-кеме, білім-теңіз» деп Қасым Аманжолов айтқандай білім саласының іргетасы мектеп екендігі даусыз. Адамзат үшін пайда әкелген жаңалықтар өз уақытында қарсылықпен қабылданып, өмірдің бұрыннан қалыптасқан сана мен дәстүрлі ойлауға сай келмейтіні заңдылық. Сол секілді біздің елдегі білім жүйесіндегі реформалар да жиі сынға ұшырайды. «Оқу инемен құдық қазғандай» деген халық мақалындай жаңа білім жүйесінің сынға ұшырап, түрлі көзқарастардың болуы заңдылық. Дегенмен, сынның сындарлы болып, оқушының функционалды сауаттылығының артуына ықпал ететіндігіне сеніміміз мол. Ата-аналармен, әріптестеріммен әңгіме барысында байқалатын жағдай, көпшілігі балаларының білімін өмірге бейімділігімен, қабілеттері мен дағдыларына қатысты болуын қалайтындығы, өлшейтіндігі. Мұның өзі қоғамда білімге деген көзқарастың өзгере бастағанын көрсетсе керек…

Мектептің жүрегі мұғалім десек реформалардың сәтті жүзеге асуы мұғалімнің еңбегі мен біліктілігіне байланысты. Бұл жайлы Назарбаев Зияткерлік мектептері Дербес білім беру ұйымы Басқарма төрайымы К. Н. Шамшидинова «Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі білім беру жүйесі бойынша оқушы ұстазға тәуелді. Ал, жаңа білім беру стандартына сәйкес, осы олқылықтың орнын толтыруға тырысамыз. Балалар білімді қай жерден іздеу керек екенін, сыни ойлауға, ұжымда жұмыс істеуге үйренеді. Ұстаздар өз кезегінде олардың оқу процесіне деген қызығушылығын арттыруға машықтандырылады» – деп, Астана қаласында ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру мәселелері талқыланған отырыста мәлімдеген болатын. Бұл бүгінде жұмыс жасап жатқан, Назарбаев Зияткерлік мектептерінде айқын көрініс тапқан.

Қазіргі таңда мұғалімдер, біздер, оқушыларға еркіндік және таңдау бердік, сарамандық жұмысқа баса ден қойдық. Бұл оқушылар үшін «Өнер» пәнін ерекше қызығушылықпен қабылдауына әсер етті. Алдыңа келген оқушы үшін жауапкершілікті сезінуін жетілдіру керек екендігін, оған білім беру мен қандай да дағды қалыптастыру үшін теориялық біліммен қатар әдіс-тәсілдер керектігін, сабақтың эмоционалдық-аффектілік, танымдық, әлеуметтік салаларына баса назар аудару қажеттігін түсіндім. Бұл ойымды Педагогикалық шеберлік орталығында мұғалімдерге арналған «Тиімді оқу мен оқыту» бағдарламасына келгенде жүйелі дамыта түстім. Аталған бағдарламада күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін ойлы, өзіндік пікірі бар, кез-келген нәрсеге сыни көзқараспен қарайтын құзіретті оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Яғни, бұл жердегі оқушы мен мектеп жетістігін өрістетуші негізгі тұлға – мұғалім (Мұғалімге арналған нұсқаулық, бұдан әрі МАН).

Дәстүрлі білім берудегі оқушы білімі теориялық тұрғыда мықты болғанымен көбіне жаттанды, үстірт түрде болғандықтан, өмірде қолданысқа аз түседі. Барлық материалдар тек емтихан өткенше, не мектепті аяқтағанша ғана қызмет атқаратындықтан, қазіргі білім беру саласына оқушыны тұлға ретінде дамытып, болашақта өміріне қажет болатын дағдыларды бойына сіңіру басты мақсат болып саналды. Орта білім беру жүйесінде әлемде танымал оқыту әдістемелері арасында Хэттидің сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсілі кең тараған (МАН). Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсініп, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Бұл үшін Шульман айтқандай «үш көмекші» (МАН) деп атаған қасиеттер мұғалім бойынан табылған жағдайда, оқыту табысқа жетпек. Осы бағдарламадан алған білімдерім бойынша жеті модульді өзімнің сабағымда тиімді қолданатындығыма сенімдімін. Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік (МАН) болып табылады. Сонымен қатар басты басымдықты Оқу үшін бағалау және оқуды бағалауға беріп отырмын, өйткені сабақтарда оқушыларға тиімді кері байланыс беру өте маңызды. Яғни тиімді кері байланыс беруге дағдыландыру оқушылар үшін ғана емес, мұғалім үшін де жетістіктер мен даму, түсіну, дағды және білім туралы хабар беру болып табылады. Бұл сонымен қатар балаларда диалог арқылы СТО-ды дамытады. Диалогтік оқуды қолдану – балалар мен балалар, балалар мен мұғалімдердің жаңалық ашу мен оқуда өзара қарымқатынас орнатуы (МАН).

Бұл, әрине, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсатында көрсетілгендей «сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету» жолдары деп қарастырсақ болады.

 

 

 
 

Теория и практика



 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10