электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2018 г.

 

Жаңа бағдарламамен – жаңа көзқарас

№ 2 (173) февраль 2018г.

БАЙКАДАМОВА А.С., Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қостанай қаласындағы Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қостанай қ.


Тілші-әдебиетші болғандықтан 45 минут өзім сөйлеп сабақ бергенге әбден төселіп, мені ғана тыңдау керек деген ой қалыптасқан менде алғашында 7 модуль туралы тыңдағанда сұрақтар пайда болды. Бұларды бұрыннан білемін, пайдаланып жүрмін деген сияқты ойлар да келді. Бірақ әрбір модульді жеке-жеке, саралап қарастырған кезде ойым мүлде өзгерді. Ең бастысы жаңа бағдарлама негізі – сындарлы оқытуды көздейтінін түсіндім.

Мұғалім оқушыларда Чиксентмихай «өзіндік мақсат» деп атайтын және Райан «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауы тиіс (1.61) екенін ескеріп тізбектелген сабақтар топтамасының материалын қарап, ол оқушының санасында ұзақ уақыт есте қалатындай етіп жасау керек деген тоқтамға келдім. Білімнің 90% пайызын өзгелерді оқыту арқылы алатынын ескерсек, топпен оқыту тиімді екенін ескеру керек. Себебі, топпен оқыту барысында модульдердің түгелін қамтуға болады. Топтық жұмыс кезінде оқушы өз ойларын ашық айтуды, бір-бірін тыңдауды, бір-бірінің пікірімен санасуды үйренетіндіктен сын тұрғысынан ойлауға балаларды баулу өте қажет. Ең бірінші жоспарлаған сабақтарда енгізетін модуль осы болу керек. Әсіресе, Блум таксономиясы төменнен жоғарыға, яғни менің оқу тәжірибемдегі өзгерістердің бастауы болды. Блум таксономиясының талдау, жинақтау, бағалау кезеңдерінде талантты және дарынды балалармен кеңінен жұмыс істеу жүзеге асады деп ойлаймын. Себебі, пәндік олимпиада мен ғылыми жобаларға оқушы дайындауда көп уақыт кететін. Ал осы модульді үнемі ескеріп талантты, дарынды оқушыларымның жоғары мүмкіндіктерін бағалап, оларға арнайы тапсырма құруды әдетке айналдырсам оларға қосымша кететін уақытты үнемдеп, жұмыс сапасын сақтап қалатыныма көзім жетті. Сонымен қатар АКТ-ны сабақтарымда қолданудың да тиімді жақтары өте көп, әсіресе уақытты үнемдеу, қызығушылықтары артатыны анық.

Ал енді оқу үшін бағалау мен оқуды бағалау модулін сабаққа енгізу өз пәніңді қызықты етіп өткізудің бір тәсілі. Себебі, жоғары сыныпқа келгенде оқушыларға берілетін жүктемелер күрт көбейіп, уақыт жетпей қалатын сияқты, сол уақытта оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, оқушылардың қандай бағытта даму керектігін көрсетіп, қажетті деңгейге қалай жету керектігін анықтау үшін, ауық-ауық ынталандыру мақсатында оқу үшін бағалау өте тиімді. Ол үшін кері байланыс кезінде оқушы алынған ақпартқа сай жұмыс жасауы керек. Яғни, бағалауды оқушылардың оқуына ықпал ету мақсатында жұмсау міндетті.

Ол үшін берілген 4 сабаққа тізбектелген орта мерзімді жоспар жасау бірінші кезекте. Бұрын сабақ бергенде өзіме ыңғайлы етіп, мен қалайда мақсатқа жетемін деп жасайтынмын. Ал енді мына жоспарды жазу барысында ең алдымен оқушылардың даму деңгейін, жас ерекшелігін, «Қалай оқу керектігін үйренуін», сыни тұрғыда ойлауын, ескере отырып жаза бастадым. Күндегідей мақсат белгілеп қана қоймай, ол мақсатқа оқушының жеткендігін немен өлшеймін деген сұрақ толғандырды. Содан кейін ғана төмендегі аспектілерге назар аудардым: мен үшін сабақтан күтілетін оқу нәтижесі, оқушыдан күтілетін оқу нәтижесі, сабақтың маңыздылығы, бұрынғы білімді қалай пайдалана алады, өмірмен байланыстыра ала ма, болашақта оған пайдасы бар ма, қызығушылығын арттыру үшін қандай іс-әрекетті қалай қолдануым керек, өздерін бағалай ала ма деп ойландым. Бірақ Сын тұрғысынан ойлау модулін қарап шығып, басқа модульдерді ықпалдастыра отырып, сабақты жоспарласа тиімді шығады деп ойладым. Сондықтан тізбектелген сабақтар топтамасы сын тұрғысынан ойлау модуліне басқа модульдерді кіріктіріп қостым.

7 модуль ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарын жасап алғаным маған өте ыңғайлы болды, себебі алдын-ала мақсатымды, менің және оқушыларымның не істейтінін білдім, сонымен қатар оларды қалай бағалаймын, кері байланыс қалай орнатамын, маған керекті рессурстарды да саралап алғанмын. Тіпті, талантты, дарынды, үлгерімі төмен оқушыларды қалай жұмысқа тартуға болатынын біліп, ескердім.

1-тақырыбым «Аңыз әңгімелерге жалпы шолу» деп аталады. Жалпы мақсат айқын болғанымен, қосымша орташа, және үлгерімі үздік оқушыларға арналған мақсатты да қойдым. Геометриялық фигуралар арқылы сыныпты топқа бөлемін. Сыныпта атмосфералық ахуал орнату мақсатында «Жүректен жүрекке» тренингін өткіземін. Топ ережесін оқушылардың өздеріне құрғызып, флипчартқа жазғызып, іліп қоямын. Өздері құрған ережені өздері сақтайды деп ескертемін. Ұйымдастыру жұмыс біткеннен кейін Блум таксономиясына сүйене отырып сабақты өткіземін. Сын тұрғысынан ойлау модулі негізгі болып табылады. Білу бөлімінде «Егер мен» ойынын өткіземін. Бұнда АКТ көрсетілім сипатын пайдаланам. Фильм көрсетемін, оқушылар басты кейіпкердің орнына өздерін қойып, кейіпкер атынан нені білетіндері туралы айтады. Оқушылар жоғарғы сынып болғандықтан, берілетін сұрақ өмірмен байланысты болады. Түсіну бөлімінде «Суреттер сөйлейді» әдісін пайдаланам. Тақырыпқа қатысты суреттерді оқушылар сөйлетеді. 5-сыныпта өткен білімдері еске түседі. Сабақ бойы оқу үшін бағалау мақсатында пошта ойыны жүріп тұрады. Қолдану бөлімінде «Академиялық дау-дамай» әдісі қолданылады. Оқушылар аңыз тура- лы айтылған ойды түрлі нұсқада қарастырып көреді. Оқушылар берілген тапсырманы өздері талқылап, өз ой-пікірлерімен санаса біледі, топпен жұмыс жасайды. Талдау бөлімінде «Салыстырмалы карта» арқылы өтеді. Топтарға берілген мәтінді талдайды. Бұл жерде дарынды оқушылардың пікірі басым болады, себебі көлемі ұзақ мәтінді үлгерімі төмен оқушылар соңына дейін оқып отырмайды. Негізігі элементтерін талдай алады. Жинақтау бөлімінде АКТ-ны қолданам. «Кім жылдам» эстафетасы арқылы оқушылар сабақ бойы берілген ақпаратты жүйелейді. Бағалау бөлімінде «Жетістік ағашы» ойыны арқылы өткіземін. Әр оқушы «Жетістік ағашындағы» сұраққа жауап беріп, өзін сол сұрақ жазылған бұтаққа белгілейді. (сұрақтар төменнен жоғарыға қарай оңайдан қиынға қарай беріледі.)

Жалпы, сын тұрғысынан ойлау модуліне басқа модульдерді ықпалдастыра қолдануым сабақ үдерісін өзгертуге, менімен оқушылардың тығыз байланысына, сабақты ұйымдастыруда оқушылардың түгел тартылуына тиімді деп ойлаймын.

Жаңа бағдарламамен – жаңа көзқарас, яғни бүгінгі нарық пен технология заманында уақытты үнемдей отырып, сол үнемделген уақытта оқушыға қажеттіні ғана беруіміз керек екеніне көзім жетті.

 

 
 

Теория и практика



 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10