электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2018 г.

 

Жалпы білім беретін мектеп тәжірибесіндегі дидактикалық мониторинг

№ 3 (174) март 2018г.

ЖҰМАҒҰЛОВА Г.Т., Қарағанды қ. «№27 жалпы білім беру орта мектебі» КММ, математика пәнінің мұғалімі


Мониторинг дегенiмiз латын тiлiнен аударғанда қоршаған ортаны адам қызметiмен байланысты бақылау, бағалау, болжамдау деген мағынаны бiлдiредi. Мониторинг – ұзақ уақыт белгiлi бiр мақсат негiзiнде жинақталған, сақталған ақпараттарды өңдеу, субъектiлердi ақпарат нәтижесiмен қамтамасыз ететiн керi байланыс. Жалпы мониторинг дегеніміз: белгілі бір саладағы маңызды мәселелер бойынша жүйелі және үздіксіз ақпарат жинақтау әрекеті. Белгілі бір жүйе, оның элементтері жайлы сараптама жасауға мүмкіндік беретін мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және тарату жүйесі. Нақтылау және түзету енгізу үшін жүзеге асырылатын процесс жағдайы, дамуы туралы ғылыми негізде үздіксіз қадағалау жүйесі.

Мониторингтiң атқаратын қызметi:
1. Мақсат.
2. Ұйымдастыу.
3. Ақпаратты өңдеу.
4. Сауатты түрде басқарушылық шешiмдерді қабылдау.
5. Болжам жасау.

Педагогикалық диагностика – оқыту процесінің жағдайын және оның нәтижелерін зерделеу, соның негізінде оқыту мен бағалау процестерінің сапасын арттыру мақсатында оларға түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін ерекше әрекет түрі. Диагностикалауға бақылау, тексеру, бағалау, мәліметтер жинақтау, оларды зерделеу жатады; оларға қол жеткізу әдістері арқылы нәтижелерді қарастырады, дидактикалық процестің үрдісі мен динамикасын анықтайды. Мұндай өлшемдердің жүйесі оқушының білімін анықтауға және бағалауға, яғни қандай да бір пән саласында оқушының меңгерген білімінің мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Алайда бұл өлшемдер жүйесі меңгерудің психологиялық жаратылысын, білімнің қалыптасу үдерісін ескермейді. Меңгеру тиімділігін бағалау және бақылау жүйесі білімді игеру барысында оқушы тарапынан жүзеге асырылатын ақыл-ой әрекеттерін анықтауға сүйенуі керек. Оқушының оқу материалын меңгеру барысында оның ойлау әрекетін бағалау білімін ғана емес, баланың ақыл-ойының деңгейін де анықтауға, осының негізінде болжам жасауға және оқушының дамуын түзетуге мүмкіндік береді. Оқушылардың блімін бағалау өлшемдері оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Оқушылардың білімін (дағдыларын) тексеру және бағалау мектептегі оқу-тәрбие үдерісінің маңызды буыны болып табылады. Негізінен білімді тексеру(бағалау) бақылау қызметін атқара отырып, оқыту үдерісін басқаруға, оның тиімділігін анықтауға да айтарлықтай ықпал етеді. Оқытудың түпкі мақсатын түсінбей, мұғалімнің, оқушының, жалпы оқытудың нәтижесін бағалау қиындық туғызады. Бүгінгі таңда дидактикалық және әдістемелік зерттеулерде меңгеру деңгейін бағалаудың түрлі кестелері әзірленді. Меңгерудің үш түрлі деңгейін айтуға болады: білімді жаңғырту, оны үлгі бойынша қолдану және білімді жаңа стандартты емес жағдаятта пайдалану. Білімді бақылау және бағалау мәселесін әзірлеуде үш негізгі бағытты анықтауға болады. Бірінші бағыт білім сапасын оқушылардың оқу бағдарламасының мазмұнын меңгерудегі кіріктірілген көрсеткіш ретінде анықтайды. Бұл бағытта білімді бағалаудың маңызды өлшемдері – бұл білімнің оқыту мазмұнына сәйкестігіне, атап айтқанда ғылымилығы, шынайылығы, жүйелілігі, білімнің нәтижесі. Оқушы тарапынан танымның нысаны неғұрлым тереңірек, дұрысырақ әрі нақтырақ болса, оның білімі де сапалы болады. Білімді осылай бағалауды пәндік-мазмұндық деп атауға болады. Ол оқытудың ақпараттық қызметін бақылайды (оқушы материалды біледі-білмейді, меңгерді-меңгермеді). Осыдан меңгерудің негізгі өлшемі туындайды, яғни берілген мазмұнда және көлемде материалды нақты әрі толық жаңғырту. Білімді меңгеру сапасы негізінен сандық мөлшерде анықталады: нәтижесі бойынша (бес ұпайлық жүйеде бағалардың басым бөлігін арттыру);өлшеу әдісі бойынша – дұрыс (бұрыс) жауаптардың жалпы санын санау есебімен, оларды топтарға жіктеу, өз қателерін анықтау бойынша; Білім, білік және дағды сапаларының өлшемін анықтауда екінші бағыт оқушының оқу іс-әрекетін ұйымдастыруды қажет етеді. Меңгерілген материалдың мазмұны мен көлемін ғана емес, оқушының түрлі логикалық операцияларды меңгеру деңгейін (талдау, синтездеу, жалпылау, салыстыру, жіктеу) сипаттайтын көрсеткіштер анықталады. Бұл бағыт бойынша білімді бағалау оқушының нені меңгергенін (ғылыми мазмұны қандай) және қалай меңгергенін, яғни оқу материалын өңдеуде қандай таным әдістерін қолданғаны (тиімді және тиімді емес) бойынша жүзеге асырылады. Оқу материалын меңгеру тиімділігінің өлшемі ретінде екі көрсеткіш беріледі: оқушы нені және қалай меңгерді. Мектептегі оқыту үдерісінің қорытынды мониторингісі екі деңгейде жүзеге асырылады:

1) жалпы мектепішілік деңгей – әкімшілік, ӘБ, педагогикалық кеңестің деңгейінде ұйымдастырылады, өткізіледі және талданады;

2) жекелеген сыныптың деңгейі – мұғалімнің тарапынан ұйымдастырылады, өткізіледі және талданады; Жалпы мектепішілік деңгей мониторингісі келесі рәсімдер арқылы жүзеге асырылады: оқушылардан үш мәрте жалпы мектептік білім үзігін алу (қалған білім үзігі, аралық үзік, қорытынды үзік), жалпы мектептің статистикасын әкімшілік жүргізеді; жалпы сыныптық бақылау кесте бойынша және проблемалық сыныптарда сабақты талдаудың бірыңғай сызбалары, ағымдағы тақырыптар үзігі қолданылады. Жеке сыныптың деңгейінде жүргізілетін мониторинг келесі рәсімдердің негізінде жүзеге асырылады: ББД, негізгі тақырыптарды бақылау (негізгі тақырыптар ӘБ белгіленеді және бекітіледі).

Сабақты бол жаудың және ұ йым дасты рудың ерекшеліктері. Тиімді сабақты өткізу үшін мұғалімге не қажет?

1. Мектеп қызметінің ерекшеліктерін, нақты сыныптың оқушылар құрамын, ата-ана лардың сұраныстарының ескеру есебімен құрылған білім беру бағдарламасы. Бағдарлама мектептің әдістемелік кеңесінің (МӘК) сараптамасы негізінде мектеп директорымен бекітіледі.

2. Берілген пәнді оқытуға, оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар белгіленген және бақылау жұмыстарының нұсқалары (қалған, аралық және қорытынды білімдерінің үзігі), оқу жылына «негізгі тақырыптар» бойына тексеру жұмыстарының нұсқалары ұсынылған білім беру стандарттары.

3. Әр оқытылатын тақырыпқа арналған дидактикалық жоба, ол келесі бөліктерден тұрады:
1) мерзімі (берілген тақырыпты оқуға арналған күнтізбелік мерзім);
2) тақырыптың мақсаты мен міндеттері, онда білім беру, тәрбие және дамыту мақсаттары анық белгілену керек;
3) тақырыптың циклограммасы (тақырып бойынша сабақтың нөмірі, сабақ түрлері белгіленеді);
4) тақырыптың мазмұны және қолданылатын тапсырмалар жүйесінің ерекшеліктері;
5) тақырып бойынша оқытудың жоспарланған нәтижелері;
6) кері байланысты жүзеге асыруға қажетті тексеру жұмыстарының түрлері;
7) берілген тақырыптың тиімді оқытылуың әдістемелік тұрғыдан қамтамсыз ету (сабақ түрлері, оқыт удың әдістері мен технологи ялары, оқыт у құралдары және т.б.).

Тақырыптың дидактикалық жобасы – бұл мұғалім мен оқушының болашақтағы іс-әрекетін, оның қорытындысын анықтайтын сабақтар жүйесінің сұлбасы. Мақсаттардың тұжырымдамасына төмендегілер енеді: іс-әрекеттің болжанатын қорытындысы (неге қол жеткіу керек?), қажеттілігін көрсету (себебі) және не үшін қол жеткізуіміз керек?

ТДЖ (тақырыптық дидактикалық жоба) құрудың мақсаттарын қоюда мұғалімге бірқатар талаптарды ескеру қажет:

1. Оқытылатын тақырыпты мұқият талдау керек.

2. Оқушыларға аталмыш сабақта қандай нақты материалмен танысуы, қайсысы жақсы меңгерілуі керек, қандай материалдың негізінде білім мен дағдылар қалыптасуы керек – осылар ұсынылуы керек.

3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізетін оқу материалының ерекшеліктерін анықтау.

4. Мониторингтiң негiзгi объектiсi – бiлiмдiлiк және тәрбиелiлiк. Мониторингтiң педагогикалық нәтижесi болып, бiлiм құрылымындағы, оқу дағдысындағы, тәртiбiндегi, қатынас жүйесiндегi тұлғаның бағытталуы болып табылады.

Педагогикалық мониторинг объектiсi ретiнде жетiстiктерге жеткiзетiн оқу-тәрбие үрдiсiнiң нәтижесi, құралы, технологиясы қабылданады. Педагогикалық мониторингтiң негiзгi қасиеттерiнiң бiрi оқу-тәрбие үрдiсiнде үздiксiз бақылау жүргiзу. Сондықтанда педагогикалық диагностика педагогикалық мониторингтiң негiзгi компонентi болып табылады. Педагогика лық мониторинг – педагогикалық жүйе қызметiнiң нақты нәтижесi мен мақсаты арасындағы нормадан ауытқуды ғана бақылаушы емес, мақсатта, нормада, стандартта кеткен кемшiлiктердi анықтаушы, жетiстiктерге жету жолдарын түзетушi мәлiметтермен қамтамасыз ететiн керi байланыс. Мониторинг жүйесi оқу жылы басталмай тұрып жасалып қоюға тиiстi. Мониторинг пен бағалау ұқсастығы мақсатында, жұмыс жоспарына, штат кестесiне қатысты. Айырмашылығы орындау уақытында, кiм орындайтындығын-да, сонымен бiрге жиналған ақпараттың алуан түрлiлiгi мен нақтылығында. Мониторинг – жіберілген кемшіліктерге түзетулер енгізуге және білім сапасын көтеруге септігін тигізеді, оқушының денсаулығы мен жеке тұлға ретінде дамуына талпынады. Мектепте басқару жүйесінің қаншалықты дұрыс бағытта екенін білу үшін мониторинг жүргізіледі. Мектеп – білім мекемесі болғандықтан, негізігі мақсаты – сапалы білім беру. Мектеп мониторингісі – білім сапасы. Оқу мониторингісін жасау – мектеп үдерісіндегі шарттарды және білім сапасын өсу (кему) динамикасын жүйелі түрде бақылау, сараптау, бағалау болып табылады. Білім сапасы туралы мәліметтерді жинау арқылы қор сақталады, оларды өңдеп сақтау арқылы, кез келген уақытта білім сапасының деңгейін көруге және кемшіліктерді жою жолдарын айқындауға болады.

 

 
 

Теория и практика



 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10