электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2018 г.

 

Жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабы

№ 5 (176) май 2018г.

БИДАЙБЕКОВА Э.И., «Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназия» КММ-сінің директоры, Алматы қ.


Енді, жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктеріне тоқтала кетсем, ол 10 бөлімнен тұратын құрылым болып табылады:
- Пәннің маңыздылығы;
- Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
- Үштілділік саясатты іске асыру;
- Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
- Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
- Қоғамдағы түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
- Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
- Оқушылардың коммуникативт к дағдыларын дамыту;
- Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
- Оқудың мазмұны , ұйымдастырылуы мен бірізділігі.


Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 2016-2017 оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру мазмұнына көшу сатысы басталып, оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастады.

Енгізіліп жатқан жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа сай құрылған.

Ал бағдарламаның міндеттеріне жататыны: пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру; пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету; пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету және мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Бағдарламаны тікелей білім беретін мектептерде жүзеге асыратын тұлға ол–мұғалімдер, олар жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын білуімен қатар терең түсінуі қажет. Сонымен бірге, әр мұғалім өз пәні бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана білуі керек.

Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін мұғалімдер түсініп, сабақта оны еркін қолдана алуы қажет.

Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдыларының дұрыс қалыптасуы қажет. Ол үшін пән мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан өз дәрежесінде өтіп алғаны дұрыс.

Енді мен өз мектебімдегі ж аңартылған білім б еру б ағдарламасы б ойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, сол бағдарламаны бүге-шүгесіне дейін меңгеріп келген бастауыш сынып мұғалімдерінің іс-әрекеттеріне тоқтала кетсем деймін.

Білімнің бастауы, қайнар көзі – мектеп болса, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы – бастауыш білім беру саласы екені баршамызға аян. Осы тұста Мұхтар Шаханов ағамыздың мына бір сөзі ойға оралады. «Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында үнемі сол кілт жүруі керек» дегендей, бастауыш сынып мұғалімдері үнемі ізденісте болуы керек. Ал білім негізі – бастауышта.

Бағдарламаны меңгерген бастауыш сынып ұстаздарының сабақтарына қатыса жүріп, өзіме түйгенім мынау болды: бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуін талап етеді екен.

Бастауыш сыныптарда жаңа оқулықтарда берілген тапсырмалар мәтінді оқу, оның мазмұнын айтумен ғана шектелмей, мәтінге қатысты оқушының өзі сұрақтар құрастыруына, себебін анықтауына, болжам жасау мен өзіндік бағалауына, сұраққа жауап болатын ақпаратты дереккөздерден табу ретін білуіне, жаман мен жақсыны айыра білуіне жетелейтін ұтымды жағын баса айтқым келеді.

Бір ұстаздың сабағында маған қатты ұнағаны– ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің көңіл-күйін анықтау, рөлге бөліп оқу оқушылардың қатты қызығушылығын тудырды. Таңқаларлығы, коммуникативтік тәсілдеме негізінде 1-сынып оқушыларының тіл ғылымына деген қызығушылығы артып, сөйлеу туралы, сөйлемнің сөзден, сөздің буыннан, буынның дыбыстан құралатынын, сөзге дыбыстық- буындық талдау жасауды жеңіл игеріп алуы ерекше болды. Жаңартылған білім беру бағдарламасы қазіргі заманға, білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманына сай деп санаймын.

Бүгінгі күні әлемдегі барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесіне ұмтылуда. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі экономикасының дамуына қатысты болса, ал оның дамуы мемлекет азаматтарының білімділігі мен біліктілігіне байланысты. Сондықтан білім беру жүйесін болашақтың талабына сәйкес дамыту тиіс.

Қай кезде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін өзінің ұстаздық ғұмырын арнайтын мамандар ғана сапалы да, жемісті еңбек ете алады деп ойлаймын.

 

 

 
 

Теория и практика





 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no