электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2018 г.

 

Жаңартылған бағдарлама – оқыту мен оқудағы оң өзгерістер

№ 5 (176) май 2018г.

НҰРҒОЖИНА Л.К., Алматы қ., №148 мектеп- гимназия бастауыш сынып мұғалімі


Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының шешуші бағыттары мен Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында алға қойған міндеттерді орындау мақсатында білім беру ұйымдарында жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру жағдайында педагогтардың кәсіби құзіреттілігін және бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында сол мектептегі мектеп тренерлерінің көмегімен мектепішілік біліктілікті арттыру жұмысы жүйелі жүргізіліп, жұмыс жандана түсуде. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен негізгі құзіреттілігін қалыптастыруды қамтамасыз ететін инновациялық оқыту әдістері жүйесі арқылы оқушылардың сөйлеу және ойлау әрекетін күнделікті өмірде қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға арналған жұмыстар білім беру ұйымдарында жаппай жүргізілуде. Оқу бағдарламасының мазмұны, педагогикалық тәсілдер, бағалау тәсілдері бір мақсатқа жұмылдырылып жатыр.

Мен өзімнің сабақтарымда бастауыш сынып пәндерін жүргізу барысында оқу бағдарламасының құрылымы бойынша бастапқы кезеңде оқудың біртіндеп тереңдеуін сақтай отырып, логикалық тұрғыдан байланысты және үйлесімді негізде үйренулеріне мүмкіндік бере отырып,оқушылардың оқу үлгерімдерінің жоғарылауына түрткі болдым. Проблемаларды шешу үшін адам бірінші кезекте ойлай білуі керек. Жаңартылған бағдарлама ойлай білетін адамның маңызы ерекше екенін көрсетеді. Қазіргі күні ғалымдар негізінен ойлаудың үш түрін ажыратады: 1. Сыни ойлау. 2. Проблема шешуде қолданатын ойлау. 3. Шығармашылық ойлау. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша берілген әсіресе сауат ашу, математика, дүниетану, жаратылыстану пәндеріндегі тапсырмалар легі шәкірттерді осындай ойлау түрлеріне жетелейтін, тапсырмаларды орындағанда жекелей және бірлесе отырып, жан-жақты қарастырып, ой елегінен өткізіп, туындаған ойлары мен түсініктерін ортаға салып, талқылап пікірлесуі үшін тамаша ресурс болып табылады. Ойлау дегеніміз мәселе жайында өзіңе сұрақтар қойып, соларға жауап іздену, жекелей және бірлесе ой қозғау. Ақыл-ой тек ойлану арқылы ғана дамитындығын ұмытпау керек! Ал ойланудың ең қиын түрі – жазу. Адамның миы жазған кезде ерекше белсенді дамиды. Осы орайда оқулықта берілген мәтіндердің соңында өз беттерімен ойлана отырып мәтінді аяқтау, сұрақтарға жазбаша жауап беру сияқты жазба жұмыстары оқушының сауаттылығын айқындай түседі.

Джон Дьюи дәстүрлі мектеп жайында, оның басты кемшіліктері деп : «ересектердің қазіргі кезде тек өсіп жетіліп келе жатқан балалар үшін құрастырған,жоғарғы жақтан және сырттан күштеп берілетін пән мазмұндарының стандарттары мен әдістерін атайды да, бұл ойын былай жалғастырады: «Ұрпақтар арасының алшақтығы орасан үлкен болғандықтан, оқудың бекітілген мазмұны, әдістер және тәртібі балалардың мүдделеріне тіпті де сәйкес келмей, оларға таныс тәжірибенің аумағынан тыс шығып кетеді.». Сол себепті мұндай талаптар күшпен жүзеге асырылады, бұған қоса оқушылар педагогикалық процеске терезесі тең түрде қатыса алмайды, өйткені бұл жоспарлар олардан тек орындау мен жаттығуды талап етеді. Бұл жағдайда оқу кітаптар мен жасы үлкендердің басында орналасқан нәрселерді иемдену болып табылатыны қарастырылды. Демек дәстүрлі білім беруде осыған дейінгі білім мазмұны (репрадуктивтік білім) оқушының тұлғасына бағытталмай оқу жоспарын оқытудың негізі болғаны анық. Оқушыларым бұл білімді алу барысында ешқандай ізденуші немесе зерттеу жұмысын атқармай , оның қажеттілігі туралы ойланбай, тек сырттан берілген ақпаратты тек механикалық түрле ғана есте сақтауға тырысты. Күнделікті өмірмен байланыспағандықтан олар оны өз өмірінде қалай қолданатындарын білмеді. Әрине біреуді мақтар алдында екінші біреуді жамандаудан аулақпын. Тек жеке тұлғаның дамуы үшін, функционалды сауаттылықтарын жетілдіру үшін конструктивті оқытуға бағытталған жаңартылған оқу бағдарламасының оқу мен оқытуда оң өзгерістер беріп жатқанын дәлелді түрде нақты ашып айта аламын. Биылғы 2017-2018 оқу жылынан бастап 1-сыныптармен жүйелі жұмыс жүргізіп келемін. Жаңартылған оқу бағдарламасының өн бойы тұнып тұрған білімді іздену, тану, ойлау, толғану арқылы игеруге бағытталған. Оқулықтағы тапсырмалар дайын күйінде берілмеген. 1-сыныптың оқушыларына әрекеттер арқылы, ойлану арқылы, жеке басында пайда болған ойлары арқылы, идеялары, түсініктері, көзқарастары, дүниетанымы, пікірі, сұрақтары мен жауаптары, дәлелдері, ұстанымдары, уәждері мен құндылықтары арқылы жаңа білімді құрастырып жасап шығаруына мүмкіншілік туындады. Менің «Білім беруші», «Білім тасымалдаушы» рөлінен «Менеджер», «Бағыт беруші», «Жол сілтеуші» қызметіне ауысуыма бірден бір айқын бағыт болды. Яғни шәкірттерім тарапы- нан білімді өздіктерінен игере білулеріне жағдай жасалды. Өздері құрастырған білім ұзақ уақыт бойы естерінде сақталып, өмірде қолдана білулеріне жол ашты. Себебі оқушыларының өз мүдделері мен қызығушылықтарынан туындап отырды. Сондай –ақ осы конструктивтік білім шәкірттерімді рефлексия арқылы өзін-өзі түрлендіруге, өз тұлғасын өзгертуге ынталандырды. Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі-конструктивті білім. Себебі мен басты назарды тұлғаның жеке бас қасиеттері мен белсенді әрекеттеріне, саралап оқыту арқылы жеке оқушының қолынан келетін істеріне аудардым.

Суырылып алға шығып спикер болғанмен қатар, тыңдай білу де қиынырақ шығар. Міне сондықтан топтық та лқ ы лау кезін де барлық оқ у шы лар өз пікірлерін айтып қана қоймай, өзгелердің пікірін сыйлап, онымен санасатын жағдай жасап отыру жолында әрекет етуге жаттыға бастады. Бұл менің көңіліме жылылық ұялатты. Жаңа бағдарламаның ұтымды жерлерінің бірі де о сы б олмақ.

Үйренудің басты мақсаты – тұлғаның дамуы, әсіресе шығармашылық қабілеттері мен сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің өркендеуі. Сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгеруге дағдылана бастады. Жазу – ойлаудың ең шарықтау биігі болып табылады. Сондықтан күнделікті сабақта қаншалықты дәрежеде білім алғандықтары жайлы жазбаша эссе, т.б. жұмыстар біліп отыруыма нағыз дәлелді мысал болды. Эссе – оқушының сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілдері болып табылады. Оқушыларға сабақ соңында тақырып бойынша туындаған ойларын 5-10 минут уақыт аралығында жазып берулерін тапсыру арқылы ойлау деңгейлері мен сабақта қалай жұмыс жасағандарын бағалай алдым. Алайда көлемді эсселерді де үйге тапсырма ретінде бердім. Бұл зерттеу жұмысына да айналған сәттері болды. Әрине 1-сыныптарда жеңілдетілген түрде. Егер біз өз жұмысымызда елеулі табыстарға қол жеткізгіміз келсе, онда өткен уақыттағы және қазіргі нәтижемізді анықтауымыз керек. Яғни жұмыстың оң жақтары мен кемшіліктерін айқындап бағалай алу керек екені белгілі. Осы мақсатта қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру бойынша бағалаудың әдістерін, оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырма орындау, білім алушыға кері байланыс беру, кезінде кеңінен қолдандым. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде кеңінен қолдануыма мүмкіндік болды. М: «Сарапшылар», «Қорғаушылар», «Сыншылар» топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде әділ баға беруге, бірін-бірі бағалай алуға тамаша әдіс болды. Жеке жұмыс кезінде оқушылардың жеке әрекеттерін өздері бірін-бірі жіті қадағалауға мүмкіндік зор болды.

Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады. Мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. Жаңартылған бағдарламаның тағы бір ерекше тұстарының бірі сабақта оқушының жақсы жақтарын ескеріп, жұмысын жетілдіріп, кемшілік тұстарын жөндеп, кері әсер ететін сөздерді қолданбай «Мен оқудың қай сатысындамын?», «Нәтижеге қалай қол жеткіземін?», «Кемшіліктерді жою үшін не істеуім керек?» осындай сұрақтарға толық жауап беру арқылы кері байланыстың тиімді жақтары көп екеніне көз жеткіздім. Оқыту тәжірибеме оң өзгерістер беріп жатқанына 100% сенімдімін десем қателеспеген болар едім.

Жаңартылған бағдарламадағы ұтымды, нақты, әділ баға қою мүмкіндігі жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолдануы. Мұндай кезде маған әр бөлім бойынша да, тоқсан бойынша да дискриптор арқылы, балл қою кестелері арқылы дұрыс шешім қабылдап, оқушының білім деңгейінің қаншалықты дәрежеде екенін нақты анықтауыма зор мүмкіндік туды.

Тоқсандық жиынтық бағалауда бақылау-тексеру жұмыстарын әр түрлі өткізуді қарастырдым. Жиынтық баға лау ж ұ мыстарын қ ұ расты ру кезінде ой лау дағдыларының деңгейлерін, жетістігін көрсетуін, ойлау деңгейлерінің талдау, синтез, және бағалау сияқты жоғарыдағы сатылармен қоса әр түрлі тапсырмалардан тұруын есепке алып отырдым. Үлгіге сәйкес максималды ұпай санына сәйкес тапсырмаларды түрлендірдім. Бұл бағалаудың нақты, жинақы, жүйелі болатыны маған және осы бағдарламамен жұмыс жүргізіп жатқан барша әріптестерімнің көңілдеріне үлкен сенімділік ұялатып, болашаққа деген нық қадам болды. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша бастауыш сынып пәндерінің оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары оқушылардан тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қолдануды талап етеді. Бұның барлығы сындарлы оқумен үлестірілген. Сонымен қатар педагогиканың түрлі аспектілері, атап айтқанда: қарым-қатынас жасау дағдылары оқылым, жазылым, дәлелдеу , белсенді оқу, зерттеуге негізделген оқу қарастырылады. Әрбір сабаққа дайындалып, қысқа мерзімді жоспар құрастырар алдында оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын басшылыққа ала отырып, сабақтың мақсатын анық тұжырымдап , нақты, қолжетімді мақсаттар қоюға тырыстым. Орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді ескеріп, ресурстарды қарап, мұқият зерделеп алдым. Өзімнің қажеттілігіме қарай жоспарға толықтырулар енгіздім. Әр сабақты жоспарлау кезінде оқушының немен айналысатынына басты назар аудардым. Белсенді оқу тәсілдерін қолдандым. Бұл оқушылардың оқу үлгеріміне, белсенді болуына оң әсерін тигізді. Бір сабақта бірнеше жаттығу түрлерін жоспарладым. Жұмыстың бір түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып, сабақ мақсатын үнемі естеріне салып отырдым. Сабақта жеке, жұптық, топтық және бүкіл сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін араластырып отырдым. Әсіресе логикалық тапсырмалар, жаттығулар оқушылардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Сабақта оқушыларымды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы кері байланысты үнемі қамтамасыз еттім. Оқушылардың білімді меңгеру деңгейі туралы ақпарат алу, оқу үрдісін түзету, оқушыларға кері байланыс ұсыну және оқушыларды ынталандыру үшін әр сабақ сайын қалыптастырушы бағалауды жүргіздім.

Оқытудың белсенді формалары немесе оқыта үйрету ойындары: «Қарлы кесек» оқыта үйрету ойындары, «Шынжырлы үзбелер», «Өрмекші», «Рөльдік», «Тірек белгілер», «Фишбоун», «Алгоритм», «Эстафета», «Өзара оқыту сабағы», «Білім биржасы», «Галереяны шарлау», «Кір жайғыш» тағы басқа оқыта үйрету ойындары арқылы белсенділіктерін арттырып, жаңа білімді жадыда өз іс-әрекеттері арқылы сақтауға жағдай жасап, бағыт бердім. Әр сабаққа жаңалық енгізу, жұмыстың тиімділігін арттырады. Сондықтан әрбір сабаққа үнемі жаңалық енгізуге тырыстым. Әрбір тапсырмалардың астына оқу мақсаттарына және бағалау критерилеріне қарап, дискрипторын белгілеу арқылы әрбір оқушының нақты, әділ бағалануына түрткі болып отырдым.

Жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына 21 ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбек етулері керек. Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеуіміз керек. Жаңартылған білім-болашақтың кепілі.

Қорытындылай келе, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында алдымыздағы шәкірттердің жүрегіне жол тауып, іс-әрекет жасай білу шеберлігін арттырсақ, егеменді еліміздің ұл-қыздары білімді де, білікті болып, еліміздің жарқын болашағын өз қолдарымен жасайтын жеке тұлға болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізсем, бұл ғаламда бұдан асқан бақыт жоқ деп ойлаймын.

 

 

 
 

Теория и практика



 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10