электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2018 г.

 

Білім берудегі басты идея – жаңартылған бағдарлама көңілімізден шықты

№ 5 (176) май 2018г.

ТАСБОЛАТОВ С., ТАСБОЛАТОВА Г., «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» КММ-сінің ата-анасы, Алматы қ.


Ең бастысы, біз ХХІ ғасыр балаларына заманға сай білім беруге бет алдық. Әр адам заманға сай табысты да білімді болу үшін қандай дағдыларды меңгеруі керек? Әрине, әр халық ең бірінші өз тілін жетік білуі керек, еліміздегі халықтар достығын нығайтатын орыс тілін және халықаралық ағылшын тілін білу маңызды. Қазіргі таңда жаңарған білім беру бағдарламасында осы үш тіл де жаңа жолға қойылғандығын ата- аналар мен ұстаздар жақсы қабылдады.

Әр маман өзіндік ерекшелігі бар шешім қабылдауды меңгере білсе, оған ұжымы да, отбасы мүшелері де түсіністік танытса, еліміздегі білім деңгейімен бірге экономикалық көрсеткішіміздің де жоғарылай түсетіні белгілі.

Мұғалімдердің сабақтағы әдістемесін өзгерту, оқулықтарды қайта шығару оңай емесе кені түсінікті. Әр қолға алынған істің б астапқы к езеңінде қиыншылықтар, қателіктер болуы заңдылық. Тек дер шағында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шы- ғарып, болашаққа сеніммен қарап, заманға сай болу үшін бірлесе еңбектенгенде ғана үлкен нәтижелерге қол жеткізетініміз анық. Әрине, бар білгенін балалардың бойына сіңіріп, білім нәрін егіп жүрген ұстаз жұмысының жеңіл емесі белгілі.

Соған қарамастан ел болашағы үшін бар ынтасымен жаңалық атаулыны жылдам қабылдап үлгеретін балала- рымыз оқитын гимназияның ұстаздар қауымы – қоғамды алға сүйреуге атсалысып отырған үлкен күш.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша енгізіліп жатқан оқу-құрал әдістемелері ұстаздардың өздеріне де, оқушыларға да өте қолайлы екені айты- лып жүр. Еңбегінің жемісті болуы үшін жан-тәнімен құлшына жұмыс істейтін маманның кімді де болса қуантатыны анық. Әсіресе, мұғалімдік мамандықта мұндай қасиеттің бірден байқалып, ата-аналар тарапынан да, балалар тарапынан да разылыққа бөленетіні рас. Жаңа бағдарламаға түсінбестік танытқан ата-аналар да кездесетінін жасырмаймыз.Оларға семинар, жиналыс және жеке дидарласу арқылы жаңабағдарламаның артықшылықтарын мектеп әкімішілігі түсіндіруде.

Жаңартылған оқу бағдарламасы мұғалім шығармашылығына еркіндік бере отырып, шынайы өмірмен байланыстытүзілгенін атап өту керек. Оқу барысында ұстаз да, оқушы да басты рөл атқарып, ұстаз оқушыны өз бетінше көп ізденіп, көбірек мәлімет жинауға ынта- ландыратыны қуантады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда да үлкен ерекшелік бар. Жасырары жоқ,бастапқы кезде критерийбойынша бағалау және жиынтық бағалауда қамту ісінде біраз түсінбеушілікке тап болғанымыз рас.

Оқушы үшін әр сабақ білім әлеміне саяхатқа шыққандай әсер қалдыруы тиіс екенін түсіне білген мұғалім жұмысының нәтижесі жаман болмайтыны анық. «Бес саусақ бірдей болмайды» демекші, бағдарламаны толық меңгере алмайтын оқушылармен қосымша жұмыс істеу де жаңа бағдарламада қарастырылған екен.

Адам ертеңіне сенімді болуы үшін, заманына сай адамын тәрбиелеу қажет екенін біз жақсы түсінеміз. Өрелі жолда ұрпақ өнегесі, адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани а дамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Өзін-өзі тану» пәні бойынша өткен баламыздың сабағына қатысқандағы ойымызбен бөліссек.

Сабақтың өне бойында оқушыны өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге,қоғамда және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарын анықтауына,өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейтін тұстарын қатты байқадық.

Сабақтың тақырыбына сай ұстаздың оқу мақсатын нақты қоя білуі, әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.

«Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық әлеуетінің дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-кұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған екен. Мұғалімнің жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қолданған әдіс-тәсілдері оқушылардың көңілінен шығып, қызығушылықтарын туғызды.

Сабақ барысында баланың білім деңгейін бағалап, әрі жетілдіруіне мүмкіндік беретін қалыптастырушы мен жиынтық бағалау түрлері қолданылды. Сабақтың соңында тиімді тандап алынған кері байланыс пен рефлексия баланың әрі қарай жұмыс істеуіне ықпал етеді екен.

Біз ұстаз болмасақ та, біз оқыған кездегі сабақтар мен қазіргі сабақтардың айырмашылығы жер мен көктей екенін байқадық. Мүмкін заман талабы болғасын шығар. Баламыздың басқа пәндер бойынша өткізілген сабақтарына да қатысқанда, байқағанымыз-оқушының тәуелсіздігі. Оқушының өз ойын еркін айта алуы, өз бетінше шешім қабылдай алуы, өз қатесін түзей отырып, қиын мен күрделі жерлерден ешкімнің көмегінсіз өзінің шыға алуы бізге ұнады. Бұл баланы үлкен жауапкершілікке тәрбиелейді деп есептейміз

 

 

 
 

Теория и практика



 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
 
 

 

E-mail: o.shkola@rambler.ru      

050035, г.Алматы, 8 м-н, д.4, кв.82, тел. 8(727)249-84-38, 8(727)290-92-10