электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2019 г.

 

Шеттілідк білім беруде студенттердің білім, іскерлік және дағдыларын қалыптастырудағы жеделдете оқыту технологиясының қолдану ерекшеліктері

№ 4 (185) апрель 2019г.

А.А.ЖАЙТАПОВА, педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
А.Ә.МҮТӘЛІП, А.Қ.ЖАҚЫПОВА, II курс магистранттары, «6М011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, Алматы қ.


Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек» деп айтып өткені баршамызға мәлім. Қазіргі білім беру жүйесінде көптілділікті оқыту мен дамыту барысында Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасы, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы басшылыққа алынды. [1]

Сондықтан, бүгінгі таңда елімізде «көптілділік» білім беру саласындағы көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Бірнеше тілді меңгерген тұлға әуелі өз тілінде ой қорытып, туған халқына өнеге болып, әлемдік деңгейде өзге жұртпен бәсекеде жетекші орынды иеленіп, түрлі мәдениетті санасына салып сараптай алатын, өзін-өзі әлеуметтік және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті болмақ. [2]

Сонымен қатар, еліміздегі тіл саласындағы белгілі ғалым С.С. Құнанбаеваның «Қазіргі шеттілдік білім беру әдіснамасы мен теориясы» еңбегінде көрсетілгендей, заманауи шет тілі оқытушыларының құзіреттіліктерін қалыптастырып дамыту білім беру жүйесінің өзекті тақырыбы болып отыр.

Ғалымның пайымдауы бойынша, шетел тілін болашақ мамандарға үйретуде қазіргі шеттілдік білім беру теориясындағы «шеттілдік білім беру мазмұнының» (білім, іскерлік, дағды) әдістемелік тұрғыдан айқындалуы мен оның құрамдас бөліктерін атамай өту мүмкін емес. Себебі кез келген білім беру жүйесінің бірізді және кешендік сипаттамасы ең алдымен оның дидактикалық бірлігі мен жүйелілігін (мақсаттары, мазмұны, ұстанымдары, әдістері, технологиясы, құралдары және т.б.) бейнелейтін категориялар құрамдас бөліктерінің концептуалдық тұрғыдан ерекшеленуі мен өзара байланысын көрсетеді. Теориялық әдістердің қазіргі типологиясында мазмұнның жаңаша мәнін жобалауда бірнеше мазмұндық үлгілердің түрлері ажыратылады. Соның бірі екі блокты тип мазмұны бар білімдік теория мазмұнының типі (пәндік білімдер, іскерліктер мен дағдылар, яғни білім, іскерлік, дағды) [3].

Ресейлік ғалымдардың да пікірінше, компетенттік әдіс білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу әдісі болып табылады. Д.А. Иванов, В.К. Загвоздкин, И.А. Зимняя, А.Г. Каспржак жәнс т.б. ғалымдардың пайымдауынша, компетенттік әдіс білім беру үрдісі бағытының өзгерісін, артықшылығын, даму мазмұнының ресурсын анықтайды. Бұл кездейсоқтық емес, әңгіме адам баласы білімінің жаңа өлшемі туралы болып отыр.

Жоғарыдағы аталған ғалымдардың зерттеулерін талдау бойынша, келесідей ойға келуге болады: мәдениетаралық катысым субъектісінің құрылымдық-функционалдық компетенттік үлгісінің мазмұнын құрастырушы білім, іскерлік, дағды болып табылады.

Компетенттік білім берудің өзектілігі, оның білім алуға бағдарланған оқытудан айырмашылығы:
- «компетенттілік» деп аталатын білім берудің нәтижесі көп жағдайда білім берудің жалпы мақсаттарына сәйкес келеді – әлеуметтік өзгеріске, өз бетінше тандау жасауға, еңбек жолын бастауға, кәсіби тұрғыдан қызмет етуге, өзін-өзі оқытып, өзін-өзі жетілдіруге бейім, белсенді азаматты дайындау;
- онда білім беру мазмұны туралы біздің пікірімізге жауап беретін білім берудің интеллектуалды және эмоционалды-құндлықтары жинақталады;
- білім берудің мазмұны, стандарттар білім, іскерлік, дағды шеңберінен шығатын нәтижелілік критерийлері бойынша құрастырылады;
- білім беру стандарттарында көрсетілғен бітірушінің «компетенттілігі» білім беру мазмұнына ғана емес, оны меңгеру қабілетіне, яғни білім беру үрдісін ұйымдастыруға өзгерістер енгізеді;
- бұл әдіс қойылған мақсатқа жету үшін білім, іскерлік, дағдыны тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін жеке ерекшеліктерді, іскерліктер мен дағдыны біртұтаска біріктіреді.

Ғалымдардың білім беру саласындағы компетенттілікке бағдарланган әдісі (В.И. Байденко, И.А. Зимняя, В.А. Кальнсй, А.Г. Каспржак, А.А. Пинский, М.В. Рыжаков, Ю.Г. Татур, А.В. Хуторский, М.А. Чошанов, С.Е. Шишов, Б.Д. Эльконин) туралы пікірлері төмендегідей: компетентгі маманның білікті маманнан айырмашылығы сол, біріншісі білім, іскерлік, дағдыны меңгеріп қана қоймай, оларды өз жұмысында тиімді пайдалана алады.

Компетенттілік деп жиынтықтардың көлемі емес, жеке тұлғаның саналы түрде меңгерген білімді, іскерліктерді, дағдыларды атайды. Осыларды дамыту негізінде б олашақта б елгілі бір ә рекетті о рындаудағы компетенттілік білім беру мазмұнының әрекетке ене алу мүмкіндігі болып табылады.

Соңғы жылдары құзыреттілік білім беру тәжірибесінде шет тілдерін жеделдете оқыту арқылы тиімді нәтижелерге қол жеткізілді. Жеделдете оқыту әдістері жалпы педагогика мен психологиядағы кейбір прогрессивті үрдістерді оңтайлы жүзеге асыру ретінде түсіндіріледі. Жеделдете оқыту әдістемесіне шынайы және дәйекті амал бір жағынан, әлеуметтік-психологиялық мәселе ретінде және екінші жағынан басқарылатын сөйлеу іс-әрекеті ретінде шет тілін меңгеруге ұсынылған. [4]

Бұл тәсіл оқытудың жаңартылған мақсаттарын айқындаған жаһандық әлемнің қоғамдық-тарихи заңдылықтарына негізделген. Бұрын шет тілін оқытуы жүйе ретінде қалыптастырылса, заманауи оқытудың жаңартылған мақсаты студенттердің коммуникация барысында еркін пайдалану үшін шет тілін жеделдетілген, сапалы меңгерілуі болып табылады. Сондықтан бүгінгі күнде коммуникативтік лингвистика әдістемеден жаңа міндеттерді орындауға талап етеді, олардың бірі – тілдің коммуникация құралы ретінде меңгерілуі. Ал бұған байланысты білім алушылар тілді интегралды түрде меңгеруі тиісті болғандықтан жеделдете оқыту тиімді тәсіл болып келеді. Іс – тәжірибеде жеделдете оқыту бұрыннан қалыптасқан және педагогтардың көпшілігімен дәстүрлі түрде қолданылатын шет тілдерін үйрену әдістерінің бірқатар параметрлері бойынша оқытылатын ерекше әдістемелік жүйесі ретінде қабылданған.

Бүгінгі күні жеделдете оқыту әдістеменің даму барысындағы жаңашыл тәжірибелік үлгісі болып қалыптасты. Мұндай оқытудың маңыздылығы көп жағдайда шет тілдерін оқытудың бұқаралық тәжірибесінде байқалады, яғни коммуникативті-ахуалдық (ситуативтік) амалды қолдануда, және коммуникативтік оқулықтарды дайындау барысында. Жалпы айтқанда жеделдете оқыту шет тілдерін үйренудің бірқатар өзекті мәселелерінің шешімін тауып, жалпы әдістеменің жаңа аспектілеріне назар аударуды қамтамасыз етеді.

Жеделдете оқытудың мазмұны – нақты салада әрекеттену үшін жеткілікті және қажетті іскерлік және дағдыларды меңгере отырып, осыларды дамытуды және пайдалануды қамтамасыз ететін тілдік материалдарды білу. Осымен қоса жеделдете оқыту толыққанды әдістемелік жүйе ретінде, өзінің тәрбиелік функциясын да орындайды. Жеделдете оқытудың маңызды ерекшелігі осы екі функцияның бірлігінде: тәрбие жағы оқыту функциясын, ал оқыту – тәрбиелеу функциясын қамтиды. Шын мәнінде, барлық кез- келген әдістемелік жүйелерге қойылатын талаптар осы тәрізді, алайда зерттеушілердің дәлелімен қазіргі уақытта осындай бірліктер барынша дәйекті түрде жеделдете оқыту арқылы жүзеге асырылады.

Жеделдете оқыту қатал уақыт шегіндегі динамикалы, тығыз, мол тілдік материал арқылы жүргізіледі. Жеделдете оқытудың мәні аз уақыт аралығында, шоғырландырылып ұсынылған мол тілдік материалды барлық психикалық резервтерді іске қоса отырып, толық меңгеру және оларды белсенді сөйлесім әрекетінде қолдану мүмкіндігіне ие болу үшін оқу үдерісіне қарқынды тәсілдерді енгізу ұғымдары арқылы ашыла түседі. [5]

Жеделдете оқыту технологиясының ең басты критерилеріне тиімділік (эффективность), ұтымдылық (рационализация) және оңтайландыру (оптимизация) жатады.

Тиімділік (эффективность) – жаңа педагогикалық технологиялардың ажырамас бөлігі болып келетін технологиялардың тиімділігі, әдістердің ұтымдылығы (рационализация) және тиімді оқыту тәсілдері болып келеді.

Тиімділік (эффективность) (лат.т.ауд effectivus – белгілі бір нәтиже беру) «жеткен нәтиженің қатысын» немесе алдын – ала жоспарланған нәтижені білдіреді. [6]

Ұтымдылық (рационализация) – оқытушы қызметінің орындылығын (целесообразность), яғни студенттерің өзін-өзі жетілдіру мақсатында тиімділікті (нәтижелілікті) дамытуды білдіреді. [7]

Оңтайландыру (оптимизация) – қандайда бір ең үлкен немесе ең кіші мәнінің функциясына (міндетіне) немесе ең үздік нұсқасын таңдауға көптеген ықтималды көздейді [8], мақсатты функциясы бойынша ең жақсы, ымыралы келісімді табу жолымен жүйенің сипаттамаларын жақсарту мысалы, мүмкін болатын әдістеменің нақты жағдайларға, сонда м ұндай шаралар мүмкіндік беретін жүйе ең жоғары білім алуға, оқытушылар, топтар, Жоғары Оқу Орындарының нәтижелері үшін нормативтік немесе ең аз қажетті уақытты көздейді.

Жеделдете оқыту технологиясын коммуникативтік құзіреттілікті ынталандыратын (стимулирующий) негізгі 3 жүйелілік принциптер бар:

1. Белсенділік;
2. Шығармашылық;
3. Өзіндік (самостоятельности).

Студенттің өзіндік және белсенді түрде өзінің шығармашылығын жетілдіру үшін берілген технологиялардың өзіндік болуы мүмкін екендігін ескерген жөн. Өзіндік деңгейді танымдық дербестік технологияларды орындаушының алдына қойылатын міндетті түрдегі 4 талабын ажыратып айтуға болады:

1. Мақсат қою және жоспарланған жұмыс оқытушымен орындалуы;
2. Мақсатты оқытушы қойып көмектеседі, бірақ жұмыс жоспарын студенттер өзіндік құрастырады;
3. Оқытушы берген тапсырмаға байланысты студенттер өздері жұмыс барысының мақсатын және жоспарын құрайды;

4. Жұмыс барысында студент өз бастамасы бойынша мақсат, мазмұн, жоспарын өзі анықтап және оны жүзеге асырады. [8]

Жеделдете оқыту осы принциптерді ескере отырып шешілетін мәселесінің, яғни студенттердің барынша қысқа мерзімде тілдік қарым-қатынас құрал жүйесін игеруге ынталандыру. Бұл тұжырымды, шет тілін жоғары деңгейде меңгерілуін – аз уақыт аралығында ана тілінен шет тіліне ауысуының автоматтандырылған үрдісінің жақындалуы деп түсінуге болады.

Әдіскерлер жеделдетуді жылдамдық пен білім беру үрдісінің сапалығы деп анықтады, [9] берілген уақыт аралығында орындалатын жұмыс көлемі ретінде тұжырымдалады [10].

Жеделдете оқытудың басты құндылығы – топ ішінде студенттер арасында өзара қарым-қатынас қалыптасуы, олардың бірлесіп жұмыс істеуі кезінде коммуникативтік құзіреттілігі дамығаның нәтижесін көруге болады.

Біздің 3 курс студенттеріне жүргізілген іс-тәжірибеде жеделдете оқыту технологиясында қолданылатын ең тиімді әдістері бойынша «бірлесіп немесе ынтымақтастық оқыту» «обучение в сотрудничестве» және «батыру әдісі» «метод погружения» формалары арқылы жүргізілген. Жоғары оқу орнында «Кәсіби бағытталған шет тілінен» жеделдете оқыту технологиясы арқылы аптасына 3 рет 50 минуттан сабақ жүргізілді. «Кәсіби бағытталған шет тілі» 3 курс студенттерінің берілген уақыт аралығында коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін 4 ТЛК (танымдық-лингвокультурологиялық кешендер) пәндік-процессуалдық мазмұнын игеру арқылы әлеуметтік-мәдени мақсатқа сай кәсіптік бағдарланған мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға дайындықты дамытуға бағытталған, сондықтан біздің тәжірибемізде бұл әдіс оң нәтижесін көрсетті.

Болашақ мамандардың кәсіби-коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру негізінде 3 курс студенттерінің келесі іскерліктері мен қабілеттері меңгерілді:
- болашақ мамандығының белгілі бір контекстінде қарымқатынас объектісінің түсінігінің жүйесін түсіне білу;
- болашақта кәсіби маңызды міндеттер мен мәселелерді шешу үшін келіп түскен ақпаратты талдау – мағыналық, бағалау-критериалды түрде өңдеуді жүргізу;
- өз полемика-аргументациялық дискурстар құра білу;
- пікірталас кәсіби қарым-қатынас, сұхбат, әңгіме жүргізе алу.

Оқу құралы ретінде Norris. R «Ready for CAE» OUP: MacMillian кітабы қолданылды. Әрбір сабақ 4-5 кезеңнен тұратын жоспармен, студенттердің шет тіліне батыра (погружение) әдісі арқылы және бірлесіп жұмыс істеуімен жүргізілді:

- «Motivation – oriented stage» – бұл кезеңде оқытушы студенттермен жаңа тақырыптың мәнін ашатындай кішігірім дискурсия жүргізеді. Білім алушылар өз ойларын және сыни тұрғыдан бір-біріне жеткізіп отырады;

- «Information – accumulating/ cognitive conceptual / pragmaticsactivating stages» – негізгі бөлім, бұл жерде студенттердің грамматикалық тұрғыдан білімдерін жеткізіп, тапсырмалар орындау. Сонымен қатар лексикалық және сыни тұрғыдан өз ойларын еркін және тілдік барьерсіз жеткізу үшін оларды кішігірім 3 немесе 4 топқа бөліп жұмыс жасау. (мысалы, өтілетін тақырыпқа «Kazakhstan’s education», «New Technologies in Education» mind map – құрау, оның мағынасын ашып және басқа да студенттермен өз жұмыстарын салыстырып айтып беру) оқытылатын матриалды еркіндікті және шығармашылықпен білім алушылардың қолданылуы;

- «Modeling of the intercultural communication in the learning environment» – студенттер бөлінген топтар бойынша оқытушымен ұсынылатын тақырыптар немесе проблемалық сұрақтаға өз ойларын жеткізу дискурсия немесе дебат жүргізу өздерінің ойларымен еркін бөлісіп коммуникациялық құзіреттілікті дамытады;

- Қорытынды – сабақ барысын қорытындылап, бағалау.

Қорыта айтқанда жүргізілген іс – тәжірибе бойынша студенттерге ең алдымен сабақ алдында оларды шет тілін оқуға ынталаныдыру, білім беру үрдісінде өз ойларын еркін, нақты және жетік жеткізе білу, алған білімдерін өмірде және іс тәжірибеде қолдана алатындай нәтижеге жеткізу. Сонымен қоса, тілдік ортаға үңілу дәстүрлі оқытудан толықтай бас тартуды талап етеді, студенттердің өздерін еркін сезінуі үшін дұрыс атмосфераның құрылуы жеделдете оқыту технологиясын қолдануының нәтижесін көрсетуге болады.

Шет тілін оқытудың негізгі мақсаты мәдениетаралық қарым-қатынасқа түсе білетін субъекті қалыптстыру болғандықтан о лардың болашақ кәсіби әрекеттері ү шін білім, іскерлік, дағдыларын тиімді дамыту үшін өзіміздің зерттеу жұмысымызда негізгі тәсіл ретінде жеделдете оқыту технологиясын енгізіп нәтижелерін көрсетуге тырстық.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. https://www.metod-kopilka.ru/sh-tildi-megeru-zharinbolashatin- kepili-79460.html

2. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 жалығы / http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1100000110

3. Құнанбаева С.С. Қазіргі шеттілдікт білім берудің теориясы мен практикасы. – Алматы: ҚазХҚжӘТУ, 2010. – 324 б.

4. Тарасов Е.Ф. Межкультурное общение – новая онтология анализа язык. Сознания. Этнокультурная специфика языкового сознания. – Москва. 1996. – 37- 42 с.

5. Привалова И.В. Разнообразие подходов в развитии теоретических основ межкультурного общения. Вестник. МГУ. Сер.19. Лингвистика и межкультурная коммуникация 2004. №3- С.98

6. Китайгородская Г.А. Интенсивное обучение иностранным языкам. Теория и практика 2009. – С .115 – 118.

7. Психология: Словарь/ под общ.ред. А.В. Петровского, М.Г. Ярошевского. – М.: Политиздат, 1990. –494с.

8. Ожегов, С.И. Словарь русского языка [Текст] – М.: Русский язык, 1988. – 750 с.

9. Пидкасистый, П.И. Организация деятельности ученика на уроке[Текст] / П.И. Пидкасистый, Б.И. Коротяев – М.: Знание, 1985. –80с.

10. Дудников А.В. Об основных проблемах научных исследований в области методики преподования русского языка как иностранного. – РЯЗР, 1978, №5. – С. 77-78

 

 
 

Теория и практика





 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no