электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Теория и практика

 

   

Архив статей 2019 г.

 

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында бақылау тест сынағын (БТС)өткізу ерекшелігі

№ 9 (190) ноябрь 2019г.

А.С. БАЙЖҰМАНОВА, Павлодар қаласы «Дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясы» ММ-нің директор орынбасары,
Ж.К. ҚАБЫЛБЕКОВА, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі



ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ғасыр талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары азаматты қалыптастыру – мемлекетіміздің стратегиясы болып отыр. Президентіміз Н. Назарбаевтың «Мәңгілік ел», «Болашаққа 100 қадам» даму бағдарламасында білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпараттандыру, 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу арқылы жаңа талапқа сай функциялық сауаттылықты дамыту талабы қойылып отыр. Осы талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде жеке тұлғаны дамыту, дана және дара ойлай алатын, бірнеше тіл меңгерген дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау қажеттігі айқын.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.

Осы орайда Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясы» мемлекеттік мекемесінде оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізіледі. Қазіргі білім берудің мақсатына сай білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алуына, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған, білімді, өз ісін және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға гимназияда барлық жағдай жасалған.

Дарынды балалармен жұмыс жасауда келесі педагогикалық әрекеттердің принциптерін ескеру қажет:
- тұлғаның дамуы үшін ұсынылған мүмкіндіктердің максималды әртүрлілік принципі;
- оқытудың даралану және жіктелу принципі;
- мұғалімнің минималды қатысуымен өтетін оқушылардың үйлесімді жұмыстары үшін шарт жасау принципі;
- оқушылардың қосымша білім беру қызметін, көмегін, тәлімгерлігін еркін таңдау принципі.

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр. Соның бірі, әр сабақта оқушылардың оқу жетістіктерін, шығармашылық қабілеттерін арттыруда блум таксономиясын қолдану тиімді деп ойлаймыз.

Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс-әрекет етіп, алған білімдерін өмірмен байланыстырады.

Тіл пәндері ойлау мен ойлантудың пәні болғандықтан, Блум таксономиясының «талдау, жинақтау, бағалау» сынды ойлаудың жоғары деңгейлері оқушылардың пәннен алған білімін өмірде қолдана алуына жетектейді. Біздің мектеп дарынды балаларға арналған мектеп болғандықтан да, ойлау мен ойланту арқылы тілдік дағдыларды қалыптастыру үшін жылына үш рет осындай сынақтарды өткіземіз.

БТС сынақтың өткізу мақсаты: оқушылардың тілдік құзыреттілік деңгейін анықтау, тілдік дағдылары қалыптасудың әр кезеңінде оқушылардың ана тілі/ шет тілін меңгеру деңгейін анықтау.

Бақылау функциялары:
1. Бақылау – тілдік дағдылардың белгілі деңгейге жеткенін тексеру.
2. Оқыту – Оқушылар бақылау процессі барысында тапсырмаларды орындайды, жаттықтанады, икем мен дағдыларын жетілдіріп, жағымды және жағымсыз тәжірибе алады. Тілдік матеиалдармен жұмыс жасау барысында оқушылардың тілдері дамиды.
3. Басқару – бақылаудың ұраны «Оқыта тексер, тексеріп оқыт».
4. Диагностикалық – жаттыққандыққа диагностика өткізу мүмкіндігі.
5. Коррекциялық – оқыту әдістемесіне өзгертулер енгізуді көздейді.
6. Алдын алу – оқытудың кемшіліктерін анықтап, оларды уақытында жоюға мүмкіндік береді.
7. Ынталандыру – оқытуда жағымды себептерді туғызу.
8. Бағалау – іс-әрекет үдерісі бағаланады.
9. Жинақтау – тілдік икем мен дағдылырдың деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
10. Тәрбиелік, дамытушылық, тәртіптік.

БТС құрамы

5 пән бойынша 10 тест тапсырмалары (4 нұсқа): қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, биология ағылшын тілінде, информатика ағылшын тілінде.

БТС құрамы

Рейтинг көрсеткіштері

Қазақ тілінен БТС (үлгі)

Ұялы телефонды пайдалану ережелері

________ ұялы телефонды да дұрыс қолдануының қағидалары бар! Қазіргі уақытта еңбектеген балаға дейін бұл құрылғының қалай жұмыс істейтінің біледі. Қазіргі заманға сай керекті заттардың бірі, бұған ешкімнің таласы жоқ деп ойлаймын. Ал, онда қағидаларды қарастырып көрелік. Қоңырауға 4 секундсыз жауап бермеу. Неліктен? Өйткені бұл уақыт аралығында электромагниттік толқындар әсері өте күшті болады және адам ағзасына тез тарайтын көрінеді. Сөйлесіп болған соң телефонды құлақтың түбінде ұстап тұрып өшірмеу. Себебі өшірген кезде толқындар лезде құлаққа тарайды. Бұл құлақтың түрлі ауруларына әкеп соқтырады. Найзағай соғу қаупі жоғары болғандықтан, мүмкін болса, жаңбырлы күні ұялы телефонды қоспау, магниттік күші көбейеді. Телефонмен ең ұзақ дегенде 15 минуттай сөйлесу. 2-ші пункте айтып өткендей құлаққа зияны көп. Ұйықтаған кезде 1,5 не 2 м алыс жерге қою керек. Электромагниттік толқындарының әсер күшті болғандықтан, ұйқының бұзылуы мүмкін. Қалтадан бөлек, сөмкеде ұстау немесе қалтаңыздан тастамайтын болсаңыз, қорғаныс қапшығына салып жүріңіз. Қазіргі уақытта жаңалықтардан талай жағдайларды көріп жатырмыз. Алдыңғы қатардағы, сәнді деген телефондарымыз адамға зиянын тигізуде. Сөйлесер кезде, құлаққаппен сөйлесу. Бұл телефонмен тікелей сөйлескенге қарағанда электромагниттік толқындардың аз таралуына бірден бір көмекші. Бірақта құлаққапты көп қолдануда зиян. Телефон төсегіңізде жатпауы керек. Жүйке жүйесіне зиянды әсер етіп, ұйқыны бұзады. Таңертең бастың ауыратыны және белдің ауыратыны сондықтан, толқындардың әсер етуі. Телефонды белде, кеудеге ұстауға әсіресе, шалбардың және пиджактың қалталарында салып жүруге болмайды. Толқындар ағзаның ішкі мүшелеріне зиянды. Мүмкіндігінше балаларға телефонды қолдандырмаған жөн.

Тапсырмаларды орындаңыздар:

А деңгейі

1. Бос орында қай сөзді қолдануға болады?
A) әрине
B) біріншіден
C) мүмкін
D) екіншіден
E) алайда

2. Мәтіннің мақсатын анықтаңыз.
А) Ұялы телефондардың пайдасы мен зияны туралы.
B) Ұялы телефонды қолдану нұсқаулығы.
C) Ұялы телефондарды сипаттау.
D) Ұялы телефон сатып алуда кеңес беру.
E) Ұялы телефонның денсаулыққа әсері туралы.

3. Мәтінге сай ойды табыңыз.
A) Сөйлесер кезде, құлаққаппен сөйлеспеу.
B) Бұл құлақтың түрлі ауруларына әкеп соқтырмайды.
C) Бірақта құлаққапты көп қолдануда зиян емес.
D) Телефон төсегіңізде жату керек.
E) Телефонды белде, кеудеге ұстауға болмайды.

4. Мәтінге сай тірек сөздерді табыңыз.
A) құлаққап, ауру, телефонды қоспау.
B) теледидар, ұйқыны бұзады, толқындар.
C) электромагниттік толқындар, зиян, қағидалар.
D) ережелер, қазіргі уақытта, магниттік күші.
E) нұсқаулық, қоңырау, ұялы телефон.

В деңгейі

5. Мәтіннен сөздер мен сөз тіркестерді теріп жазыңыз.

6. «Ұялы телефон» сөз тіркесінің лексикалық мағынасын түсіндіріңіз _______________________________

7. Ұялы телефонды қолдану нұсқаулығына қандай ұсыныстар қосар едіңіз (1-2 ұсыныс жазыңыз) _________________________________________

8. Мәтінде берілген ережелерді неге сақтау керек? ____________________________________________

С деңгейі

9. Мәтінде берілген ақпаратты негізінде ұялы телефондарды дұрыс қолдану жарнамасын дайындаңыз __________________________________

10. Мәтінде берілген ережелерді сақтайсыз ба? Өз өміріңізден мысал келтіріп, дәлелдеңіз ______________________________________________________

Сөз етіліп отырған деңгейлерге сәйкес танымдық үрдістің мақсаттары бірте-бірте күрделенетіндігі заңдылық. Әр қадам сайын сол деңгейде орындалған әрекетке баға беруді жүзеге асыру арқылы оқушының білім деңгейі артып, шығармашылығы шыңдалады. Шығармашылық жұмыстарды орындағанда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап, жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Бұл жаңалықты бала шығармашылығын дамытуда пайда болған қайталанбайтын өнім деп қарауға болады. Оқушы білімін шығармашылық деңгейге жетелеу өнімді тәсілдермен жүзеге асады.

Өнімді шығармашылық деңгей – анализ талдау, синтез жинақтау, баға.

Блум таксономиясының ұтымдылығы да сол, ол оқушыны шығармашылық деңгейге жетелеуімен ерекшеленеді.

 

 
 

Теория и практика





 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.coma> yr.no