электронная версия
ISSN 1829-5351
Республика Казахстан

Образование не имеет точки насыщения


 Классика и современность

 

   

Архив статей 2015г.

 

Педагог-журналист, аудармашы, қоғам қайраткері

№ 7 (148) сентябрь 2015г.

Дайындаған: С. МУТАЛАФХАНҚЫЗЫ, «Білім тарихы» мұражайының меңгерушісі., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

Манаев Нұғман Сәрсенұлы 1894 жылы 17 қыркүйекте бұрынғы ішкі Бөкей ордасына қарасты Екінші Теңіз бойы округінде (қазіргі Құрманғазы ауданы Атырау облысы) орыс селосы Жанбай деп аталатын жерде (кей мәліметтерде Үшшеркеш селосы) дүниеге келді.

Білім беру саласын басқарған жылдары: 1929 ж. шілде – 1930 ж. маусым.

Қазақ Республикасының халық ағарту комиссары болып 1929 жылы тағайындалды. Ол кезде халық ағарту комиссариатының жұмысы сан арналы болатын. Тек қана мектеп пен оқу орындары мәселесімен айналысып қойған жоқ, сонымен қатар мәдениет, өнер, әдебиет, театр, баспа ісімен айналысты. Әсіресе, 1930 жылдардың бас кезінде ерекше мән берілген мәселе Қазақстанда жалпыға бірдей бастауыш білім беру туралы заңды орындау, мектептер ашу, ауыл мектептері үшін мұғалім кадрларын даярлау, сол мақсатта жоғарғы оқу орындарын ашу жұмыстарымен шұғылданады.

Жиырмасыншы жылдардың аяғы мен отызыншы жылдардың бас кезінде Нұғыман Манаев Қазақ республикасының Ағарту комиссары қызметін атқара жүріп, сол кездегі халық ағарту ісінің, мәдени құрылыс, мұғалім кадрларын даярлау, ағарту майданының көкейкесті мәселелерімен қатар қала мен ауыл балалары арасындағы оқу, тәрбие, тұрмыстық алшақтық туралы, жаңа әліпті екі жыл ішінде жүзеге асырудың шаралары мен әдістері, кеңсе ісін жаңа әліпке көшіру, оқулықтар мен оқу құралдарын шығару туралы проблемаларды қозғап, ұстаздар қауымының жанашыр серігі, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік ой-пікірдің насихатшысы болған «Жаңа мектеп» журналының бетіне бірнеше мақалалар жариялады. Журналдың белсенді ағартушыларының бірі болды.

Мәселен, 1929 жылы «Жаңа мектеп» журналының №6 санында Нұғыман Манаевтың «Мәдениет аттанысында шабандық бар», «Ағарту жұмысында төңкеріс жасау керек», «Ағарту жұмыстарымыз жайында бірнеше сөз», «Бесжылдық жоспар туралы ағарту жұмыстарымыз» (Жаңа мектеп, №8, 1929 ж), «Кешегі екпін бүгінгіге жарамайды» (жаңа мектеп, №2, 1930 ж) мақалалары жарияланды.

Нұғыман Манаев Қазақстан жоғарғы оқу орындарын ашуда еңбек етті. Әсіресе, Халық ағарту комиссары қызметін атқарған кезінде жоғары мектептің өзекті проблемаларына ерекше мән берді. Жоғары мектептің аяғынан тік тұрып қалыптасуына, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға, оның материалдық-техникалық базасын жақсартуға үлкен үлес қосты. Сондықтан да біз Нұғыман Манаевты Қазақстанда жоғарғы педагогикалық білім берудің қалыптасу және даму тарихында өзіндік орны бар, кезінде заңсыздықпен жеке адамға табынудың құрбаны болған, өзінен кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған белгілі мемлекет қайраткері, ағартушы-педагог, ғалым–аудармашы, журналист-жазушы ретінде қастерлейміз.

Өмірінің соңғы жылдары таза ғылыми-шығармашылық және аудармашылық жұмыспен айналысты. Ол бұрынғы марксизм-ленинизм институтының Алматы бөлімшесінде (бұрынғы партия тарихы институты) Ленин шығармаларын қазақ тіліне аударуда елеулі еңбек етті. Осы институттың директорының орынбасары және классиктердің еңбегін аудару бөлімінің жетекшісі болды.

Н. Манаев дарынды да білікті ғалым ретінде жақсы танылған. Оның сақталған екі кітабының («Иман ислам», «Тіл жайында») бүгінгі таңда мәні орасан зор. Көрнекті ақын Т. Жароковпен бірігіп «Ұлан дауысы» кітабын жазды. «Қазақтың халық өлеңдері» деген үлкен жинақ қалдырған.

ҚР-ның халық жазушысы, ақын Әбу Сәрсенбаев: «Мен 1919-1922 жылдары Нұғыман аға салдыртқан «Талап» мектебінде оқыдым. Ол шаруа жастар мектебі (ШЖМ) болатын. Директоры – Нұғыман Манаев. Содан кейін мен 1929-1933 жылға дейін Алматыда Нұғыман ағаның үйінде жатып оқыдым. Мен ғана емес, ағайын-туыстардың бес-алты баласы Нұғыман ағаның аядай кабинетінде ұйықтайтынбыз. Ол кісі түні бойы жұмыс істейді. Жарықтық бір қабақ шытып көрсеші», - деп жазған.

Қазақ АКСР-ның Халық ағарту комиссары қызметін атқарған кезде жасалған маңызды іс-шаралар:

1929 жылы Қазақстанда «Әйелдерге білім беру және оның болашағы мәселелері» бойынша кеңес өтті.

1929 жылы ВКП(б) Қазақ өлкелік комитеті Алматыда мал дәрігерлік институтын ашуға шешім қабылдады.

1930 жылғы 25 маусымда ВКП(б) Орталық Комитеті «Жаппай міндетті бастауыш оқу туралы» қаулы қабылдады.

1930 жылы 27 тамызда Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру туралы» Декреті жарияланды.

«Еңбекші қазақ» газетінде «Оқу жұмысының бес жылдығы» атты мақаласы жарияланып, онда оқушыларға жалпы біліммен белгілі мамандық беру мәселесін мәдени мақсаттармен тығыз байланыстыра қарастырған.

Ғылыми еңбектері: «Иман ислам» (1915), «Тіл жайында» (1931), «Ленин әліппесі» – «Азбука ленинизма» (1927), және көрнекті ақын Т. Жароковпен бірігіп «Ұлан дауысы» (1934) кітабы және VІІ сыныптарға арнап оқулықтары шықты. «Қазақтың халық өлеңдері» деген үлкен жинақ қалдырған.

Қуғындалған. Репрессия құрбаны. 1938 жылы 8 наурызда ату жазасына кесілген. 1958 жылы 10 мамырда ақталды.

Нұғман Сәрсенұлы Манаевтың өміріндегі маңызды оқиғалар:

 

 

Классики и современность






 

 
 

Журнал выходит 1 раз в месяц и распространяется по подписке в школах, лицеях и гимназиях
 
 
Копирование материалов
без ссылки на сайт
запрещено
 
Погодный информер
YoWindow.com yr.no